Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет91/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Күпі­ көрпе­
– ішіне түтілген түйе жүнін салып, шүберекпен қаптап, 
сырмақталған жылы жамылғы.
Ерлер­мен­әйелдердің­киімі.­
XV-XVIII ғ. қазақтарда күнделікті тұр-
мыста киетін киімдермен қатар той-томалаққа, жиынға киетін киімдер болды. 
Ерлердің­киімі
– ішік, тон, шапан, шалбар (сым) және өте көне заман-
нан XIX ғасыр мен XX ғасырдың басына дейін келіп жеткен түрі – кебенек, 
күпі, жарғақ (тайжақы).
Қазақтың сырт киімінің көпшілігінде түйме, ілгек болмаған, көбі не - 
се қайыстан, матадан жасалған белдікпен қаусырылған. Қайыс, былғары 
белдікті кісе деп атаған. Кісе оқ-дәрі салатын оқшантай, пышақтың қыны,
насыбай шақша салатын дорбасы бар, күміс, темір шытыралармен әшек-
ейленіп жасалады.
Ерлер бас киімі – тымақ, бөрік, тақия, қалпақ, жалбағай. Ерлердің аяқ 
киімі – мәсі, етік, саптама, кебіс, шақай (шоқай, шәрке) болып бөлінеді. 
Әйелдер киіміне – көйлек, қамзол, белдемше, шапан, кестелі тон жата-
ды. Күнделікті өмірде мақта матасынан тігілген көйлек кисе, тойға жібек, ат-
лас, барқыт, парша, пүліш көйлектер киетін. Атқа мінгенде, сыртқа шыққанда 
әйелдер қалың мақта матасынан, мәуітіден тігілген шалбар киген.
Ұзатылар қыздың сәукелесі – қазақ әйелдері киімінің ішіндегі ең бір 
салтанаттысы. Әдетте, сәукеле ұзынша болып келеді. Сәукелені түрлі асыл 
моншақтармен, теңгелермен, алтын, күміс зерлермен әшекейлеп, төбесіне 
үкі таққан. Ұзатылар қыз үстінен сәукеленің иығына түсіре жібек матадан 
шетін шашақтап тіккен желең жамылған. Сәукелені қалыңдық бір балалы 
болғанша, әдетте, бір жылға дейін ойын-тойларда киетін болған.
Қазақ әйелдерінің бас киіміне – жаулық, кимешек, күндік жатады. Қазақ 
әйелдерінің аяқ киіміне – мәсі, етік, кебіс жатады. 
Тағамдары.­
Қазақ халқының ортағасырлардағы тағамы оның шаруа-
шылығымен, күнкөріс тіршілігімен тығыз байланысты. Негізгі күнкөрісі 
мал шаруашылығы болғандықтан оның дәстүрлі тағамдары еттен, сүттен 
жасалады.
Қазақ қысқа қарай соғым сояды. Соғымға ауқатты адамдар бірнеше 
жылқы, он шақты қой, бір-екі сиыр, кейде бір түйе соятын, етін тұздап 
тошалаға іліп сақтайтын. Жылқы етінен ішекке салып қазы, шұжық, ішек 
майын ішекке тығып қарта жасайды. Жылқының жалындағы майынан жал 
деген сыйлы тағам жасалады.
Сиыр етін мүшелеп бұзып тоңазытып іліп қояды да, қой етін көбіне 
сүрлейтін. Еттің әр мүшесінің қонаққа тартылуында өзіндік рәсім бар.
Мысалы, ең сыйлы қонаққа бас және жамбас тартады. Мәні жағынан одан 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
284
кейін мына мүшелер жүреді: асықты жілік, ортан жілік, жауырын, кәрі жілік 
және тоқпан жілік.
Көшпелі қазақтардың сүт тағамдары да өте көп. Олар, әсіресе көктем, 
жаз кезінде көп пайдаланылады. Сүт тағамдарына құрт, ірімшік, сары май, 
қымыз, қатық, шұбат, айран, іркіт, сүзбе, жент жатады.
Қазақтың дәстүрлі тағамдарының ішінде дәннен жасалған тағамдар да
бар. Қазақтар бидай, қара бидай, тарыны тамаққа көбірек пайдаланған. Қазан-
ға қарма, қатырма нан пісірген. Кей өңірлерде оларды төңкерме, қазан жаппа
нан деп атайды. Бидайды қуырып та жеген. Қазақ тарыдан тары көже, была-
мық, майсөк жасаған. Тарыны, бидайды келіге түйіп талқан да жасаған. Тары, 
талқан, май, қант, балды қосып-қоспа немесе жент деген тәтті тағам жасаған.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау