Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет77/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. Қазақ хандығының саяси ахуалына қатысты деректердегі мәліметтерді 
талдаңыз.
2. Қазақ хандарының әдеттегі құқықты заңдастыру әрекеттері.
3. Қазақ мемлекеттілігінің құқықтық негізі «Жеті Жарғының» қабылдануы.
4. «Жеті Жарғының» нұсқалары және оның мазмұнын талдау.
5. Қазақтың әдеттегі құқық негіздеріне шариғаттың әсері.
§8.­Тәуке­хан­тұсындағы­сыртқы­саяси­байланыстардың­дамуы­
Тәуке хан билік құрған тұста қазақ-орыс байланыстары мен қарым-
қатынастарын қайта жаңғырту үшін барлық мүмкіндікті қарастырып бақты. 
Өйткені, осы кезде қазақтар тарапынан Ресейдің бекіністеріне шабуыл жа-
сау секілді арандатушылық әрекеттер болып тұратын. Бұл мәселені өзара 
түсіністікпен шешу мақсатында 1687 жылы Тобыл қаласына Тәшім ба-
тыр бастаған елші жібереді. Бұл елшіліктің негізгі мақсаты бұрынғы сауда 
байланысын қалпына келтіру еді. Өйткені Тәуке қазақ жері арқылы өтетін 
Ресей, Бұқар, Хиуа Үндістанға өтетін керуендерінің Қазақ хандығының 
экономикалық дамуына әсері зор екендігін көрегендікпен болжай білді.
1686-1693 жылдар аралығында Тәуке орыс жеріне бес рет елші жіберді, 
бірақ олардың ішінде кейбіреуі нәтижесіз оралады. Мұның басты себебі 
қазақ-орыс шекарасындағы тонаушылық қақтығыстардың әсерінен болған. 
Әсіресе, Ресей керуенінің тоналуына қарсы 1690 жылы Павел Шарйгинге 
келген: Сары мен Келдей мырзалар елшілердің тұтқынға алынуына басты 
себеп болады. Осы оқиғадан кейін 1691 жылы: Қабай бастаған елшілер ба-
рып, Келдей мен Сары мырзаларды босатуды талап етеді. Бірақ шекарадағы 
тынышсыздық әлі басылмаған болатын. Тәукеге қарсы топтар Ресейдің 
ішнара аудандарында шабуылды күшейтіп, екі ел арасындағы қақтығысты 
одан әрі шиеленістіріп жіберді. Осының салдарынан Қабай би бастаған 
елшілерге Тобыл әкімшілігі жылы қабақ танытпады. Тәуке Ресейге Тұманшы 
мен Қабай бастаған елшілерді тағы аттандырады. Тұманшы батыр мен Қабай 


ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
233
би бастаған елшілер тұтқындағы қазақ мырзаларын босата алмайды. Екі ел 
арасындағы осындай саяси сенімсіздік пен жауласу позициясы бірнеше жылға 
созылады. Бірақ, бұл уақытша сәтсіздікке мойымаған Тәуке хан Ресеймен 
байланысты үзбеу мақсатын көздеп, 1694 жылы Тайқоңыр Құлтабай бастаған 
елшілерді Ресейге тағы аттандырады. Тайқоңыр батырдың Сібірге келуінің 
басты мақсаты – көрші екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынасты 
сақтау мен Келдей мен Сары мырзаны босатуды талап еткен Тәуке ханның 
хатын тапсыру болды. Онда ол: «Адам атадан осы уақытқа дейін ұрылар 
үшін елшілерді тұтқынға алу дегенді құлақ естіп, көз көрмеген», – деп жаза-
ды. Ертеден қазақ жерінде елшілерге арналған өзіндік дәстүр қалыптасқан. 
Ол бойынша елшіге тіл тигізуге, оны балағаттауға болмайды. Елшілер қазақ 
жерінде қарусыз еркін жүретін болған. Сары, Келдей мырзалармен болған 
оқиға Тәуке ханның орыс жеріне атақты адамдарды жіберуден қауіптеніп, 
Тайқоңыр батырды жіберіп отырғандығын Мәскеу мемлекетінің елшілері ха-
барлайды. Осы жылы (1694) Тобыл әкімшілігі Келдейге сый-сияпат көрсетіп 
босатады. Сөйтіп, мырзалар бастаған елшілік 1694 жылы 7-8 жылдан кейін 
ғана еліне қайту мүмкіндігіне ие болады. Бұл аралықта тұтқынға алынған 
жылда Сары мырза ауырып қайтыс болып кеткен еді. Ал Келдей бастаған 
елшілерге орыс елшілері Матвей Трошин мен Федор Скибин қосылып, 
Түркістанға жөнелтіледі. Олар Тобылдан шығып, Ертіс арқылы Есілді одан 
соң Ұлытауды бойлай жүріп, Сарысу мен Шу өзендері арқылы Түркістанға 
келеді. Келдей орыс елшілерін жолда қалмақ тұтқынынан құтқарып қалды. 
Түркістанға келген бұл елшілердің сапары сәтті аяқталмады. 1692 жылы қазақ 
жеріне аттанған А. Неприпасов пен В. Кобяков бастаған елшілер кепілдікте 
ұсталынған болатын. Тәуке орыс елшілерін еркінен тыс қамауға алып 
отыр ғанын, болашақта ешбір елшілерге жамандық жасалмайтынына уәде 
береді. Бірақ Грошин мен Ф. Скибин бастаған елшілердің әр түрлі кезеңде 
тұтқынға түскен орыс адамдарын босату жөніндегі келіссөзі де сәт сіздікке 
ұшырады, нәтижесінде олар да тұтқынға алынды. Кейін олар Бұқар тұрғыны 
Сұлтантаевтың көмегімен қашып Хиуада ноғаймыз деп алдаусыратып үш 
айдай тұрады. Мұның өзі олардың тілді жетік біліп, тұрмыс-салтты жақсы 
меңгергендігін байқатады. Бұл елшілер 1697 жылы Тобылға қайтып орала-
ды. Қазақ-орыс қатынастарының шиеленісі XVII ғасырдың соңы XVIII ға - 
сырдың басында Ресейді Жоңғар мемлекетімен жақындастыруға себепші бо-
лады. Өз кезегінде Тәуке хан қазақ-орыс байланыстарының на шарлауының 
басты себептерінің бірі Тобыл әкімшілігінің шекара тәртібіне ие бола алмай 
отыруынан деп білген. Хан ордасында орыс елшілері Ф. Скибин, М. Трошин 
қабылданған кезде Тәуке хан елшілерге: «Түркі сұлтаны немесе Қызылбас 
шаһарының ханы менен Тәуке ханнан несі артық? Олар да мен сияқты ғой» – 
депті. Тәуке Ресей тарапынан тең дәрежелі саяси қатынасты талап етті. Оның 
басты мақсаты сауда қатынасы және әскери одақты құру болды. Бұл кезде 
қазақ билеушілерінің арасында Ресейдің ішкерілеп енуінен қауіптенген. Сон-
дықтан болар Тәуке сарайында қарсы іс-шаралар ұйымдастырылып отырды. 
Сібірді, Кавказды иеленген Ресей империясы қазақ даласын өз құрамына 
қосуда жаңа одақтас іздеді және оны жоңғар билеушілерінен тапты. Тәуке 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
234
хан Ресей мемлекетімен бейбіт қарым-қатынас орнатқысы келген болатын. 
Бірақ Ресей мен Қазақ хандығының арасындағы шекаралық шиеленістерге 
қарақалпақтар тарапынан жасалынып тұрған жорықтардың да әсері болғанын 
айта кеткен жөн. Оған мынадай мысал келтіруге болады: «Тәуке хан сөзімізді 
тыңдап болған соң, бізге былай деді: бұған дейін Тобыл уезі маңындағы 
қыстақтар мен деревняларда қарақалпақтармен соғыстар болып өткен...». 
Қарақалпақтардың орыс шекараларына жасаған шабуылдарын 1693 жылы 
Түркістанға келген орыс елшісі В. Кобяков та атап өтеді. Бұл жағдай Тәуке 
хан мен Ресей елі арасындағы қарым-қатынастардың нашарлауының тағы бір 
себебі болды. Рас, екі мемлекеттің де көздеген өзіндік мақсаты болды. Мы-
салы, Ресей мемлекеті өз тарапынан қазақ жеріне жоңғарларды қолдай оты-
рып, империялық саяси бағытты ұстанса, ал Тәуке хан сауда жолын дамыту 
арқылы керек кезде әскери көмек алу жолын көздеді. 
XVII ғасырдың соңы – XVIII ғасырдың басындағы бүкіл Орталық 
Азия мемлекеттерінде саяси тұрақсыздықтың өршіген кезеңі болды. Бұл 
әр түрлі топтардың мемлекет ішінде жеке билікке ұмтылған уақыты еді. 
Нәтижесінде Орталық Азияда оншақты жекеленген тәуелсіз ұлыстар пай-
да болды. Соның ішіндегі ірілері – Бұхар және Хиуа хандықтары. Тәуке 
хан Бұхар, Хиуа хандықтарымен бейбіт қарым-қатынасты сақтауды көздеді. 
1678 жылы Бұхар ханы Субханқұлы Қазақ хандығына Хошин би басқарған 
елші жібереді. Субханқұлы ханның дәл осы жылы елші жіберуінің саяси 
мәмілегерлікте зор мәні бар еді. Бұхар ханы қазақтардың қалмақ тарапы-
нан басталған соғысқа кірісіп жатқан кезінде қысым көрсетіп, өз шарт-
тарына көндіре аламын деген есепті ішіне бүкті. Оның жіберген елшісі 
Сыр бойындағы Ташкент, Сығанақ, Сауран сияқты бірнеше қалаларды 
және соғыс тұтқындарын қайтаруды, Бұқар көпестерінің Қазақ хандығына 
ішкерілей кіріп, сауда жасау құқықтарын беруді талап етеді. Сонымен бірге, 
Қазақ хандығынан Бұқар, Самарқан базарларынан әкелінетін мал санын 
келіспек болады. Сөйтіп, екі жақ тұтқын алмасу мен сауда айырбас жасау 
жұмыстарын жандандыру жөнінде келісімге келеді. 
Тәуке хан өз тарапынан шамамен 1687-1688 жылдары Бұхар ханы 
Субханқұлы мен Ташкент жөнінде келіссөз жүргізген. Сөйтіп, XVII ғасырдың 
соңы – XVIII ғасырдың басындағы Қазақ пен Бұхар хандығының арасындағы 
бейбіт қарым-қатынас сауданың едәуір дамуына өз ықпалын тигізді.
Тәуке қарақалпақтармен, қырғыздармен саяси одақ құру арқылы ой-
раттардың шабуылына тосқауыл қойды. Сонымен бірге Тәуке қырғыздар-
мен әскери одақ құрған деректерге сүйенсек, ол қырғыздардың біраз 
бөлігін өзіне толығымен бағындырған. Бұл туралы көптеген халықтардың 
ауыз әдебиетінде мәліметтер кездеседі. Тәукенің мұндағы билігі Қоқым би 
Қорашорин басқаруы арқылы жүзеге асты. 
Қазақ билеушілері Тәуке хан тұсында елдің шекарасын сақтап қалуды 
көздеді. Қалдан-Бошақту қонтайшының кезінде (1670-1697 ж.) ойрат-
қазақ қарым-қатынастарының өршуі нағыз шегіне жетті. Қалдан-Бошақту 
қонтайшы Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларды басып алуға әрекет 
жасады, бірақ 1684 жылы Сайрам қаласын алғанымен, Қытай мемлекеті 


ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
235
тарапынан басталған соғыс (1691-1697 ж.) оларды кейін шегіндірді.
1697 жылы Қалдан-Бошақтудың өлімінен кейін Жоңғар мемлекетінің 
тұтқасын оның өте айлакер інісі саясат
шы Цеван-Рабдан (1697-1727 ж.)
алды. Ол Қытай елімен өте жақсы қарым-қатынаста бола
отырып, ба ты-
сындағы қазақ жеріне бар назарын аударды. Цеван-Рабдан кезінде Жоңғар 
мем ле кеті өркендеп, дами түсті. XVII ғасырдың соңы-XVIII ғасырдың 
басын да Жоңғария жерінде темір және түсті металдарды балқытатын 
зауыт тардың болғанын Ресейдің артиллерия капитаны И. Унковский атап 
көр сеткен. Сонымен қатар Жоңғар елінде болған орыс елшісінің келтірген 
мағлұматында, қалмақ әскерлері отты қарумен қамтамасыз етілді деп жа-
зады. Цеван-Рабдан әрқашан да өзінің жүргізген саясатында Қытай елімен 
санасып отыруға тәуелді болды. Ол 1698 жылы Цин императоры Кансиге 
қазақ жеріне басып кіруінің себептерін былай көрсеткен: «Цебан-Абудан 
(Рабдан) жазады: (сіздің сенімді) қызметшіңіз қазақтармен соғысты әлі 
аяқтай алмай жатыр. Осыған дейін қолдап қазақтардағы Тәукенің бала-
сын тұтқынға алып, оны Далай ламаға жіберген болатын. Тәуке өз адам-
дарын жіберіп өтінгендіктен, мен сіздің қызметкеріңіз барлық реніштерді 
жою үшін, елшілерді Далай ламаға ертіп келіп, Тәукенің баласын жіберуді 
сұрандым, күзетке 500 адам қосып жібердім. Тәуке керісінше менің
500 адамымды өлтіріп, сіздің қол астыңыздағы Уәрхуде батыр тайшыны 
да өлтіріп, менің 100 шақты уранхайлықтарымды иеліктерімен бірге жау-
лап алды». Қазақ жеріне ез әскерінің тарапынан басып кіру әрекеттерінің 
тағы бір себебіне байланысты былай деп жазады: «Менің қайын атам 
Аюке (Сіздің) қызметшіңізге өзінің қызын жіберген болатын, менің қа-
лыңдығымның қауіпсіздігін қам тамасыз ету мақсатында оның үлкен ағасы 
Саньци Чтабуға шығарып салу тапсырылған еді. Қазақтар оларға да жолда 
қарулы шабуыл жасады».
Әрине, мұнда Цеван-Рабдан қазақтарды айыптау арқылы өзінің іс-
әрекеттерін Цин мемлекетінің алдында ақтап алуы үшін жазды. Осыған 
орай, Тәуке де өз тарапынан жоңғар шапқыншылығына қарсы бірнеше 
себептерді көлденең тартқан. Сондықтан да жоңғарлардың еш ақталуының 
мәні жоқ сияқты. Жоңғарлардың шапқыншылығына қарсы қазақ жасақтары 
1698 жылы және 1702 жылы жорық жасады. Тәуке хан тұсында жоңғарлар 
1711, 1712, 1714 жылдары қазақ жеріне бірнеше дуркін басып кірді. Жоң-
ғарлардың үздіксіз шабуылы да өз әсерін тигізбей қойған жоқ.
Тәуке хан ойрат жасақтарының үздіксіз шабуылын тыю мақсатында 
Жоңғар ордасымен бейбіт қарым-қатынас орнату үшін ұдайы елшілер жі-
беріп тұрды. Соның бірі 1703 жылы 25 сәуірде Цеван-Рабданның Текестегі 
ордасына қазақ елшілігі бейбіт қарым-қатынас орнатуға келгендігін сол 
кезде жоңғар еліндегі орыс мемлекетінің елшісі П. Гордеевке тілмашына 
хабарлайды. Елшілік қандай нәтижеге жеткендігін білдіретін мәліметтер 
ешқандай құжаттарда кездеспейді.
1709 жылдары басталған ойраттардың жаңа шабуылы, Тәуке ханның 
қазақ билеушілерінің басын қосып 1710 жылы Қарақұм маңында үш жүздің 
өкілдерінен құрылтайын өткізуге итермеледі. Ал құрылтайда үдей түскен 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
236
жоңғар шапқыншылығына қарсы өтеп береміз бе, әлде келісім жасаймыз ба 
деген мәселелер әңгіме болды. Құрылтайға қатысушылардың бір тобы тағдыр 
талқысына көніп барып жан сауғалағысы келді. Ал енді біреулері қоян секілді 
жан-жаққа бытырап кетпекші болды. Талайы толқып жүрді, бірақ сол кезде 
ерлігімен әйгілі болған ру басы Бөгенбай мұндай әрекеттердің бәрін тыйды. 
Қарақұм кеңесі елшілік жолын ұсынды. Батыста Ресей, Шығыста Қы-
тай, оңтүстікте Бұқар хандығы барлығына да елші жіберіп бейбіт бәтуаға 
келу керек. Біз осы кезден бері қарай қазақ елшіліктері туралы мәліметтерді 
әр елдің мұрағаттарынан кездестіретініміз де осыдан.
Екінші мәселе қазақтың өз ішіндегі ымырасын, тәртібін бекіту, ол үшін 
алдымен ұсақ руларды үлкен рулардың жем қылуына жол бермеу. Қазақ 
халқының жаңа генеологиялық құрылымы осы кеңесте шешілді деп айтуға 
болады. Туыстық жүйе одан әрі беки түсті.
Үшінші мәселесе қазақтың орда тіккен қаласы Түркістан – өзінің саяси, ру-
хани қызметін одан ары жалғастыратын қасиетті орын. Қазақ шежіресі бұдан ары 
қазақтың өз жолымен қатар шариғат ережелерін қатар қолданатын келісімге келді.
Қарақұм кеңесінің төртінші нәтижесі «Жеті Жар ғы» қызметін ма құл-
дады. Хан кеңесіне одақтас елдер, көрші қырғыз, қарақалпақ, ішкі сарт, қожа, 
қатағаннан өкіл қосу, олардың да пікірін жоғары 
кеңесте ескеру құпталды. «Жеті жарғы» кеңесіне 
сыртқы және ішкі елдермен тығыз қарым-қатынасқа 
түсуді, тек қана билікпен шектелмей мәмілегерлікке 
көңіл бөліну талап етілді.
Бесінші нәтиже мемлекеттің дұрыс өмір сүруіне 
қажетті, әсіресе елші салуға, елші қабылдауға же тер-
лік алым-салық жинау, бұл патша сарайының мұқ-
тажын көтеруге де, мәмілегерлік шығынды жабуға 
да жетерлік болуы керек. Ол үшін тек отырықшы ел 
ғана емес, мал баққан көшпелі ел де 1/20 табысын 
мемлекет қазынасына өткізуіп отыруы керек.
Алтыншы мәселе жаугершілік заманға сай жабдығы дайын, қайратты 
әскер ұстау. Қазақ қиындыққа төзімді, жаугершілікке бейім, ер мінезді, мәрт 
болғанымен нар тәуекелге келгенде басын қосып, бір ұран, бір тудың асты-
на жинала қоймайтын халық. Осы себептерге бола Әз Тәуке ұсынысымен 
кеңес Әбілқайыр сұлтанды «әскер басы», Бөгенбай батырды «бас сардар» 
деген лауазыммен тұрақты түрде әскер ісіне жауапты қылды.
«Қарақұм кеңесінде» талқыға түскен мәселелердің ауқымы өте кең 
болғандығы жоғарыдағы шешімдер өзі де көрсетеді. Сонымен бірге ке-
ңестің елдің билігіне, заңына «Жеті Жарғыны» жауапты қылуы да ақылға 
сиымды. Ел жақсылары түгел қатысқан кеңесті күнде жинай беру оңай 
емес. Қарақұмда өткен құрылтай жоңғарларға қарсы жұмыла қарсы тұру 
жөніндегі шешім Тәуке хан жасақтарының жеңістерінің табысты болуына 
әсер етті. Халық жасағы айырылып қалған қоныстарды қайтарып алып қана 
қоймай, жоңғар билеушілерінің жерлеріне басып кіріп, көптеген жоңғар 
әскерлерін тұтқындап, алып келді...


ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
237
Тәуке хан тұтқиыл шабуылдан жерін қорғау үшін Түркістан қаласының 
маңына 80 мың атты жасақ ұстап тұрды. Жау келер жерлерге, асуларға, 
жол тораптарына күшті күзет қойылды. Жоңғарлардың әскери үстемділігін 
байқаған Теуке батыстағы шекаралық шептерін нығайтуда орыс елімен бай-
ланысын күшейте түсті.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау