Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет65/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

үшінші­саты
маңызды болып сана-
лады. Біріншіден, осы жылдары Қазақ хандығына Әбілқайыр хандығынан 
бөлінген ру-тайпалардың келіп қосылуы үзілмей жалғаса береді. Бұл про-
цесс хандықтағы адам санының арта түсуіне алып келді.
Екіншіден, Есенбұға ханның мұрагері Дос Мұхаммед ханның билік 
құрған жеті жылы ішінде 866 (1461-1462) – 873 (1468-1469) Моғолстанның 
ішкі саяси жағдайы өте нашарлап кетеді. Ханның жүргізген саясатында 
нақты бір принциптердің болмауы әмірлердің арасында жікті ұлғайтып 
жібереді. Ал ол қайтыс болғаннан кейін әмірлер қарам-қарсы екі топқа 
бөлінеді де, бірі – Ыстықкөл жақтағы Жүніс ханды қолдаса, екінші біреулері 
– Дос Мұхаммед ханның жас ұлы арқылы өз үстемдігін сақтап қалуды 
мақсат етеді. Мұндай жағдайда Моғолстанның Жетісу жағындағы Қазақ 
хандығы бірте-бірте дербестене бастайды.
Үшіншіден, осы саты ішіндегі ең ірі оқиғаға – Әбілқайыр ханның Қа-
зақ хандығына қарсы бағытталған жорығы жатып, жорықтың мақсаты – 
Моғолстандағы саяси жағдайды пайдалана отырып, Жетісудағы Қазақ хан-
дығын жою болғаны анықталды. Мәуереннахрдағы саяси бытыраңқылық та 
Әбілқайыр ханның жорық ұйымдастыруына қолайлы жағдайлар жасайды.
Төртіншіден, жорық барысына талдау жасау барысында кейбір түсі-
ніксіз жәйттерге көңіл аударылып, оларға ғылыми түсіндірулер берілді. 
Әбілқайыр ханның жорығы барысында ауырып қайтыс болуы – жорықты 
аяғына дейін жеткізбейді.
Сөйтіп, осы үшінші сатыда Қазақ хандығына басты қарсыласынан 
төнген қауіп оның қайтыс болуына байланысты сейіліп, өзінің қалыптасуы 
барысындағы соңғы сатыға аяқ басты.


І тарау. Қазақ хандығының деректік негіздері және қалыптасу кезеңдері
179
Біз Қазақ хандығының құрылу кезеңіндегі соңғы, 
төртінші­ сатыға
Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан қазақ билеушілерінің Шығыс Дешті Қып-
шақ аумағында билігі толық орныққанға дейінгі аралықты жатқызамыз.
1469-1470 жылдан бастап Қазақ хандығы дербес, толыққанды мемле-
кет атануға мүмікіндік алады. Шығыс Дешті Қыпшақ, Мәуереннахр ау мақ - 
тарында және Моғолстанның Шығыс Түркістан аймағындағы саяси жағдай-
лар оған өте қолайлы алғышарттар әзірлейді. Дос-Мұхаммед ханның қайтыс 
болуынан кейін моғол тағына ешбір қиындықсыз Жүніс хан отырады. 
Бірақта оған алғашқы кездерде моғол әскерлерімен тіл табысу қиындықтар 
туғызады. Ол туралы «Тарих-и Рашиди» авторы былай деп баяндайды: 
«Сол күндері Жүніс хан бірнеше рет Қашқарға барды, алайда Моғолстан 
әмірлерінің ешқайсысы Қашқарда тұрақтай алмады. Хан шарасыздықтан 
қайта оралған болатын... Ол жөніде қысқаша мынаны айтуға болады. Жүніс 
хан Қашқарда шаһарда тұруды армандайтын. Бірақ моғолдың әскері мен 
әмірлері қаладан қашқақтаған-ды. Сол себепті де хан Моғолстанда тұруға 
мәжбүр болды. Сансыз мырза өлген соң Мұхаммед Хайдар мырза Жүніс 
ханмен жақындасты. Осы екі арада Дос Мұхаммед хан да өлді. Жүніс хан 
Ақсуға барып, Дос Мұхаммед ханның халқын өзіне қаратады...
Алайда Жүніс хан Ақсуда қалғысы келетін еді, себебі Ақсу Моғолстанға 
қарағанда қалаға ұқсайтынды. Бірақ моғолдардың жүріс-тұрысынан бұлар 
егер біршама уақыт тұратын болса, елдің көңілінің Сұлтан Кебек оғланға 
(Дос Мұхаммедтің ұлы – Б.К.) ауатынын байқайды. Сондықтан хан амал-
сыздан бар елін Моғолстанға әкетуге мәжбүр болды». Осылайша, 1470 жыл - 
дардың басында Жүніс хан Моғолстан ханы боп мойындалса да, ол моғол 
әмірлері арасындағы алауыздықтарды тоқтата алмайды.
Мәуереннахр аймағында да Әбу Сайд мырзаның өлімінен кейін саяси 
тұрақтылық саяси бытыраңқылыққа ауысып, мырзаның үш ұлы ондағы өз 
иеліктерінде жеке-дара билік жүргізеді.
Ал Әбілқайыр ханның қайтыс болуынан кейін «көшпелі өзбектер» 
еліндегі этносаяси ахуал мүлде шиеленісіп кетеді. Бұл туралы жазба дерек-
терде мынадай мәліметтер кездеседі. «Тарих-и Рашидидің» бірінші кіта - 
бында «Әбілқайыр хан қайтыс болған соң өзбек ұлысы бір-бірімен шайқасып, 
араларында үлкен келіспеушілік туды», – делінсе, екінші кітабында «Әбіл-
қайыр хан дүние салғаннан кейін өзбектердің ұлысында алауыздық пайда 
болды», – деп сипатталады. Әбілғазы болса, «Оның (Әбілқайырды айтып 
отыр – Б.К.) ұлдары мен немерелері көп еді, көп дұшпан оларға да қол 
сұқты, балаларының бірнешеуін өлтірді, қалғандары төрт жаққа қашты. 
Көп елінің барлығын тоз-тоз қылды», – деп жазады.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Өзбек ұлысы бір-бірімен шайқасып, 
араларында үлкен келіспеушілік туды» деген мәліметі Әбілқайыр хан 
өлгеннен кейін билеуші әулет өкілдері арасында хан тағын иеленуге байла-
нысты бірнеше топтың болып, олар арасында күрестер мен қақтығыстардың 
жүргенін білдіреді. «Тауарих-и гузида-йи нусрат-наме», «Фатх-наме», 
«Шайбани-наме», «Тарих-и Кипчаки», «Фирдаус ал-икбал», «Бахр ал-асрар 
фи манакиб ал-ахиар», «Түрік шежіресі» секілді деректердің мәліметтерінен 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
180
біз Әбілқайыр ханнан кейін таққа Әбілқайырдың ұлдарының бірі Шайх 
Хайдар мен шибанилық әулеттің өкілі, Арабшахтың шөбересі – Иадгардың 
таласқанын жазады. Билікке таласушылардың шығу тегіне қарап мұрагерлік 
мәселесіндегі екі дәстүрдің – моңғолдық және түркілік дәстүрлердің 
күресін көруге болады. Әбілқайыр ханның он бір ұлы болғаны белгілі. Олар 
ханның төрт әйелінен және күңінен дүниеге келеді. Бүркіт тайпасынан 
алған әйелінен – Шах Бұтақ-сұлтан мен Қожа Мұхаммед, Маңғыт әйелінен 
– Мұхаммед сұлтан мен Ахмед, қоңыраттан алған әйелінен- Шайх Хайдар, 
Санжар, Шайх Ибрагим, 1451 жылы алған Ұлығбектің қызы Рабиға сұлтан 
бегімнен – Көшкінші мен Сүйініш қожа, ал Ақ Бурук пен Сайд Баба аты 
ұлдар – күңнен туылады. Үлкен ұлы Шах-Бұтақтың әкесінің тірі кезінде 
қаза тапқаны белгілі, ал Қожа Мұхаммед Әбілғазы жазғандай «ақылы кем 
кісі болатын». Оқас бидің қайтыс болуынан кейін шибанилық әулеттің 
маңғыт билемен қарым-қатынасы нашарлап кетуіне байланысты маңғыт 
әйелден туған Мұхаммед пен Ахмед Сұлтандардың әулет өкілдерінің 
қолдамайтыны белгілі.
Рабиға Сұлтан Бегімнен дүниеге келген Көшкінші мен Сүйініш қожа 
сұлтандар 16-17 жаста болатын. Ал қоңырат әйелден туылған үш ұлдың 
үлкені, Әбілқайыр ханның бесінші ұлы – Шайх Хайдарды шибанилық 
Болаттың (Пулад) Ибрагимінен өсіп-өнген жиырмадай сұлтан қолдайды. Ал 
шибанилық Болаттың (Пулад) Арабшахынан тарайтын Иадгар сол кезде Бо-
лат әулетіндегі ең жасы үлкені болғандықтан хандық билікті иеленуге ол да 
үміт артады. Бұған дейінгі келтірілген «өзбек ұлысы бір-бірімен шайқасты» 
деген Дулати мәліметі осы екі үміткер арасында болған қақтығыстарды айт-
са керек.
Арабшах ұрпағы Иадгар 1457 жылғы Сығанақ түбіндегі Әбілқайыр 
ханның қалмақтардан жеңілісінен кейін өз ұлысында хан болып сайланған 
еді. Оны билікке үлкен ұлы Буреке сұлтан мен маңғыт биі Мұса отырғызады. 
Сырдың төменгі ағысының бойындағы өз ұлысында билік құрған Иадгар 
хан енді Әбілқайыр ханнан кейін түркілік дәстүр бойынша Шығыс Дешті 
Қыпшақтағы шибанилық әулеттің ең үлкені ретінде «көшпелі өзбектер» 
тағына отырмақ болады.
Бірақта Шайх Хайдар хан мен Иадгар хан арасындағы таластар ұзаққа 
созылмайды. Иадгар ханның қандай жағдайда қайтыс болғанын деректер 
айтпайды, бірден оның қайтыс болғандығын және оның орнын Шайх Хай-
дар ханның иеленгенін баян етеді. Дәл осыдан кейін Иадгар ханның ұлы 
Буреке сұлтан бұған дейін Әбілқайыр хан мен ұлдарына, шибан әулетіне 
адал қызмет етіп келсе, енді билеуші шибан әулетіне ашық күреске шығады. 
Мұхаммед Хайдар Дулати Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейінгі 
оның еліндегі алауыздықтарды баяндай келе, былай деп жалғастырады: 
«Жұрттың көпшілігі Керей мен Жәнібек ханның жанына кетіп қалды. 
Олардың саны екі жүз мың адамға жетті, оларды өзбек-қазақ деп айта бас-
тайды». «Тарих-и Рашидидың» тағы бір жерінде ол «әркім мүмкіндіктеріне 
қарай қауіпсіз һәм дұрыс өмір сүру үшін Керей хан мен Жәнібек ханды 
паналады. Олар осылай күшін нығайтты», – деп сипаттайды. Бұл дерек 


І тарау. Қазақ хандығының деректік негіздері және қалыптасу кезеңдері
181
мәліметтері Әбілқайыр ханның өлімінен кейін «көшпелі өзбектер» елінде 
таққа таласушы екі топтың арасында кәдімгідей күрестердің жүргендігін 
көрсетеді. Кезінде Керей мен Жәнібек хандарға әр түрлі себептерге байла-
нысты ілесе алмаған ру-тайпалар енді жаппай түрде көше бастаған секілді. 
Жаңадан қосылушылар есебінен Қазақ хандығының күші де өсе бастайды. 
Біздің ойымызша, олар ордаежендік және шибандық ру-тайпалар болған. 
Иадгар ханның қайтыс болуынан кейін оның ұлысындағы биліктің 
Буреке сұлтанға тимей, Шайх Хайдар ханның қолына өтуі үміткердің 
қарсылығын туғызды. Сөйтіп, Болат әулетінің ішінде де жік пайда болады. 
Осындай жағдайды пайдаланып, Қазақ хандығы тарапынан Шығыс Дешті 
Қыпшақтағы шибан әулетінің билігін жою үшін алғашқы күрестер баста-
лады. «Тарих-и Кипчаки» авторы ол туралы былай деп мәлдімет береді. 
«Бузург-хан [қайтыс] болғаннан кейін мемлекеттің басты адамдары ханза-
даларымен ұйғарыса келе Шайх Хайдарды билікке алып келді. Ол жуас-
тау және әлсіз адам болатын, басқару ісінде [өз бетінше қадамдар] жасауға 
дәрменсіз еді. Сол себепті де Жәнібек ханның ұрпақтарының бірі Бұрындық 
хан өз ұлысын біріктіріп, Әбілқайыр ханның ұлдарына бас салды. Олар-
да қарсылық [көрсететіндей] күш болмады, сол себепті жан-жаққа қашып 
кетті, олар кейін қайтқаннан соң [бұлар] қайта жиналды».
Бұл мәліметте автор Бұрындықты Жәнібектің ұрпағы және оны хан 
деп қате жазғанына қарамастан, негізінен дерек Қазақ хандығының шибан 
әулетіне қарсы күресінің басталғанын көрсетеді. Сөйтіп, Қазақ хандығы он 
жылдан астам уақыт бойы Моғолстанның Жетісу аймағында болып, енді 
қайтып оралу үшін шабуылға шыға бастайды.
Шығыс Дешті Қыпшақтағы шибан әулетіне қарсы күресті Қазақ хан- 
дығымен қатар басқа да қарсыластар жүргізеді. Олар – Батыс Сібір аума-
ғындағы шибанилық әулет бұтағының өкілдері Сайдек хан, оның неме-
ре інісі Абак (Ибак) хан, Сырдың төменгі ағысы бойындағы шибанилық 
әулет өкілі, Иадгар ханның ұлы – Буреке сұлтан, маңғыт билері – Едігенің 
ұрпақтары – Аббас, Мұса және Жаңбыршы билер. «Тауарих-и гузида-йи нус-
рат-наме» мәліметінде Шейх-Хайдар ханға қарсы күрескен Қазақ хандығы 
жағынан Барақ ханның ұлдары – Жәнібек пен Керейдің есімдері аталса, 
қалған шығармалардың мәліметтерінде тек Жәнібек ханның есімі ғана ата-
лып, Керей есімі кездеспейді. Соған қарап біз. Қазақ хандығының алғашқы 
ханы болған Керей – 1470 жылға таман дүниеде болмаған деп санаймыз. 
Бұған дейінгі келтірілген мәліметтердің бірінде қазақ билеушілерінің Шейх 
Хайдар ханға қарсы жасаған алғашқы жорығында Бұрындықтың «хан» ти-
туылымен аталуы да біздің осы ойымызды негіздей түседі. 
Т.И. Сұлтановтың көрсетуі бойынша Шайх Хайдар ханның билігі өте 
қысқа болып, ол ұрыстардың бірінде қаза табады. 
«Тауарих-и гузида-йи нусрат-наме», «Фатх-наме», «Шайбани-наме», 
«Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахиар», «Түрік шежіресі» секілді деректерде 
Шайх Хайдар ханға Сібір ханы Ибақ пен Үлкен Орда ханы Кіші Мұхаммед 
ханның ұлы Ахмед хан бірігіп жорық жасайды, олар жеңіске жетіп, ханды 
өлтіреді деп айтылады.


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
182
Осылайша, Шайх Хайдар ханның өлтірілуімен Шығыс Дешті Қыпшақ 
аумағындағы шибани әулетінің билігі де күйрейді. Көптеген әмірлер мен 
бектер жан-жаққа тарап кетсе, әулетке адал бір топ адам әулет өкілдерін 
Астрахань хандығына апарып паналатады. Бірақ ол жақта да ұзақ тұра ал-
май, қарсыластардың тықсыруымен қашып-пысып жүріп, арқыры Сырдың 
орта ағысы бойындағы Түркістан аймағына келеді. Сөйтіп, Шығыс Дешті 
Қыпшақ аумағындағы жалғыз саяси күш – Қазақ хандығы болып санала ба-
стайды. Белгілі зерттеуші Т.И. Сұлтанов бұл жөнінде былай деп тұжырымын 
береді: «Өзбек Ұлысының көп бөлігі билік Керей мен Жәнібектің және 
олардың жақтастарының қолына өтті. Жазба дерек мәліметтерін терең тал-
дау бұл тарихи оқиғаның 875 (1470-1471) жылы болғандығын көрсетеді».
Қорыта келгенде, біріншіден, Қазақ хандығының құрылуы бір ғана 
оқиғамен жүзеге асқан процесс емес, он шақты жылға созылған тарихи 
дамудың жемісі болып саналады. 
Екіншіден, Керей мен Жәнібек хандардың бөлініп кетуі кездейсоқ бол-
ған емес, ол Әбілқайыр хандығындағы ішкі саяси жағдайларға байланыс-
ты туындайды. Бөлініп кетудің алғышарттары мен себептері толық пісіп 
жетілгеннен кейін, түрткі болған оқиғаға – 1457 жылдың жазының соңы 
немесе күзінің басында «көшпелі өзбек» елі билеушісінің қалмақ билеушісі 
Үз Темір тайшыдан жеңілісі мен одан кейінгі Әбілқайыр ханның өзін қол-
дамағандарға қарсы жүргізген жазалау барысындағы әрекеттері жатады.
Үшіншіден, Қазақ хандығының құрылу кезеңіндегі екінші сатыда
жаңадан қалыптаса бастаған хандық өзінің өміршеңдігін көрсетеді. Әбіл-
қайыр ханға наразылар одан қашып Керей мен Жәнібекті пана тұтса, Жүніс 
ханның бүкіл Жетісуды иеленуіне жаңа хандық жол бермейді.
Төртіншіден, Дос Мұхаммед ханның принципсіз жүргізген ішкі саясаты 
нәтижесінде Шығыс Түркістан жақтағы моғол әскерлерінің арасында жік 
пайда болса, Жетісу жақтағы Қазақ хандығы формалды түрде Моғолстан 
құрамында болып есептелгенімен іс жүзінде толығымен дербестене бастай-
ды. Керей мен Жәнібек хандарға көшіп келу – одан ары жалғаса береді. 
Бесіншіден, Әбілқайыр ханның қайтыс болуы мен «көшпелі өзбектер» 
еліндегі алауыздықтардың күшеюі ондағы ру-тайпалардың көбінің қазақ 
хандығына қосылуына алып келді. Біршама күшейіп алған Қазақ хандығы 
Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси билік үшін күреске белсене 
араласады. Шамамен, 1470-1471 жылы Шайх Хайдар ханның өлтірілуімен 
Шығыс Дешті Қыпшақ аумағының басым бөлігі Қазақ хандығының құ-
рамына қосылып, Қазақ хандығы толыққанды, дербес, жеке мемлекетке 
айналады. Сөйтіп, Қазақ хандығының құрылуы толығымен және түпкілікті 
түрде жүзеге асады. 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау