Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет64/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

екінші­ сатыға
– 1458 жылдың көктем айларынан – 
1461/62 жылға дейінгі, яғни Есенбұға хан қайтыс болғанға дейінгі аралық 
жатады.
Осы аралықта Әбілқайыр ханға наразы немесе оған қарсы шыққандар 
бірте-бірте Керей мен Жәнібек хандарға келіп, қосыла бастайды.
Екінші маңызды оқиға – Жүніс ханға қатысты оқиғалар жатады. 1457 жыл - 
дың қазан айында Әбу Сайд мырзаның қолдауымен Моғолстанның іргесіне 
келген Жүніс ханның бірінші болып Ыстықкөл маңындағы құнжы, бекжак 
тайпаларының әмірі Керімберді, әмір Қажы Пір, әмір Ибрагим секілді бас-
шылары мойындайды. Жүніс хан тайпа әмірлерімен жақындасу үшін осы 
жылдың соңында Әмір Қажы Пірдің қызы Исан Даулет бегімге үйленеді. 
1458 жылдың күзіне дейін Жүніс ханның маңайына біршама моғол тай-
палары жиналады. Ыстықкөл тайпаларын өзіне қаратқаннан кейін Жүніс 
ханның алдында екі бағыт тұрды, бірі – Жетісу аймағындағы тайпаларға 
билігін орнату арқылы бүкіл Моғолстан тағы үшін күресу болса, екіншісіне 
– бірден Моғол ханы Есенбұға ханға қарсы аттанып, тақты күрес арқылы 
тартып алу жатты. Бірақ Жетісудағы тайпаларды өзіне қарату үшін оған 
Жетісудың батыс өңіріндегі Қазақ хандығы тосқауыл жасап тұрғандықтан, 
Жүніс хан бірінші жолдан бас тартып, екінші жолды таңдайды. 
Қазақ хандығымен күресуден бас тартқан Жүніс хан 1458 жылдың жаз 
айының соңы – күз айларының басында Моғолстанның Шығыс Түркістан 
жағындағы Қашқарға көзін тігеді. Бұл кезде Есенбұға хан Моғолстанның 
шығыс жағындағы Жұлдыз жайлауында болатын. Жүніс ханның Қашқарға 
аттанғанын естіген Есенбұға хан тез арада Қашқар маңына келеді. Ағасы 
мен інісі арасындағы шайқас Қашқардың Ақсу жанындағы Хансалар де-
ген жерде өтіп, өте қиындықпен Есенбұға хан мен әмір Сайд Әлі жеңіске 
жетеді (Мұхаммед Хайдар Дулатидың үшінші атасы – Б.К). Жүніс хан 
қашуға мәжбүр болады, бірақ әйелі жаңа туған үлкен қызы Михр Нигар 
ханым және қызыметшілері тұтқынға түседі.
Жүніс ханның Исан Дәулет бегімге 1457 жылдың соңында үйленгенін, 
олардың тұңғыштары Михр Нигар ханымның емшекте болғанын ескеріп, 
Хансалар ұрысы 1458 жылдың тамыз-қыркүйек айларында өтті дейміз. 


І тарау. Қазақ хандығының деректік негіздері және қалыптасу кезеңдері
175
Осы шайқасқа қатысқан Дулатидың арғы атасы әмір Сайд Әлі 862 (1457 ж.
қараша – 1458 ж. қараша) жылы, яғни 1458 жылдың қазан-қараша айлары-
ның бірінде қайтыс болады.
Сөйтіп, Жүніс ханның Моғолстан тағын иеленуге бағытталған алғашқы 
әрекеті сәтсіздікке ұшырайды. Есенбұға ханның өз тағын сақтап қалуына Қа - 
зақ хандығы да өз септігін тигізеді. Қазақ хандығы Махмуд бен Уәлидің жаз-
ғанындай «Есенбұға ханның иелігі мен Жүніс ханның иктасы аралығында орна-
ласып», Жүніс ханға бүкіл Жетісу тайпаларының қосылуына кедергі жасайды.
Әбу Сайд мырза өзіне қашып келген Жүніс ханға екінші рет қолдау 
көрсетеді. Бұл жолы оған Андижан аймағының Жетікент деген жерін бас-
қаруға береді. 
Дулатидың көрсетуі бойынша Жүніс хан Әбу Сайд мырзаға екінші 
рет қайтып келгенде моғол әмірлері оның маңына қайта топтаса бастайды. 
Ол Жетікентте тұрақтап қалады. «Бірақ Есенбұға ханға тиеселі иеліктерге 
кіруге батылы бармайды».
«Тарихи-Рашиди» авторының осы мәліметі Жетісудың батыс жағында 
құрылған Қазақ хандығының елеулі саяси күшке айналғанын көрсетеді. 
Сөйтіп, Қазақ хандығы сол жылдары Моғолстанның ішкі саяси өміріндегі 
оқиғаларға тікелей араласпаса да, саяси күш ретінде ондағы билік үшін 
күресуші топтар арасында танылады, Қазақ хандығын олар мойындауға 
мәжбүр болады. Бұл – біздің ойымызша, Қазақ хандығының құрылуы 
барысының екінші сатысындағы ең басты жетістігі болып табылады.
Қазақ хандығының құрылуы кезіндегі үшінші сатыға 1461-1462-1469-
1470 жылдар аралығы жатады. 1461-1462 жылы моғол ханы Есенбұғаның 
қайтыс болуымен және оның мұрагері Досмұхаммедтің хан тағына келуі-
мен Мо ғолстанның ішкі саяси өмірінде күрделі өзгерістер жүреді де, ол 
өзгерістер Қазақ хандығына да ықпал етеді. 
«Есенбұға хан ажалы жетіп дүниеден озған соң, орнына ұлы Дос Мұ-
хаммед хан патша тағына отырады. Оның жасы он жетіде болатын. Ол пара-
сатты адамдар қатарына жатпайтын, көптеген істері ақылға қонбайтын еді, 
оның үстіне бір сәт болса да мастықтан есін жинаған емес. 
Жүретұғын жері лас, отыратын тағы лас,
Ақылды жан аулақ жүр, жынды бүгін тағы мас!» – 
деп Мұхаммед Хайдар Дулати оның жеке басына осындай сипаттама 
сөздерді қосып жазады. Мемлекетті басқару ісіндегі негізгі принциптердің 
еленбеуі, жас ханның ішкі саясатында белгілі бір мақсаттың, жүйеліліктің 
болмауы Моғолстанның Шығыс Түркістан жақ бөлігіндегі әмірлер ара-
сында жіктер мен алауыздықтарды туғызады. Ханның саясатына нара-
зы әмірлердің бір тобы Жүніс хан жағына шығады. «Тарих-и Рашиди» 
авторының атасы да осы кезде Жүніс ханды қолдай бастайды. Осылайша, 
Моғолстанның Ыстықкөл жанындағы Жүніс ханның күші молая түседі. 
Моғолстанның ішкі саяси өміріндегі шиеленіскен қатынастарда қазақ 
билеушілері қарсыласушы жақтардың ешқайсысын қолдамай, дербестік 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
176
саясат ұстайды. Жүніс ханның жақтастары көбейіп, күші одан сайын арта 
түседі. Соған қарамастан, Жүніс хан билік үшін ашық күреске шықпай, 
Шығыс Түркістандағы саяси дамулар барысын бақылап, оның ақырын 
күтеді.
Жетісудағы Қазақ хандығы үшін осы жылдар бір жағынан саяси күш 
ретінде күшею, көршілерге танылу жылдары болса, екінші жағынан алғанда, 
алғашқы тарихи сындарға төтеп беру жылдары болып саналады. Әбілқайыр 
ханға наразы болған жекеленген ру-тайпалардың Қазақ хандығына келіп 
қосылуы осы жылдары да жалғаса береді. 
Осыған байланысты Әбілқайыр хан өзінің соңғы жорығын Моғол-
станның батысындағы Қазақ хандығына бағыттайды. 
1469 жылдың бірінші жартысында моғол билеушісі Досмұхаммед 
хан ауырып қайтыс болса, Темірлік билеуші Әбу Сайд мырза Аққойлы 
мемлекетінің сұлтаны Ұзын Хасанмен болған соғыста қаза табады. 
Темірлік мырзаның өлімі Хорасан мен Мәуереннахрдағы саяси тұрақ-
тылықты саяси бытыраңқылыққа айналдырады. Хорасанда темірлік әулет-
тің өкілі – Хұсайын Байқара, ал Әбу Сайдтың ұлдарының үлкені Ахмед 
мырза Самарқан мен Бұқарада, үшінші ұлы – Махмуд мырза – Бадахшан-
да, төртінші ұлы – Омаршейх мырза – Ферғанада билікке келеді. Сөйтіп, 
Әбілқайыр ханның соңғы жорығы қарсаңында Темір әулеті мемлекетіндегі 
саяси жағдай күрт өзгеріп, империя бірнеше дербес иеліктерге бөлініп 
кетеді. Бұл өз кезегінде Әбілқайыр ханның Моғолстан жаққа жорық жасау-
ына жол ашады. 
Әбілқайыр ханның Моғолстан жаққа жорықты бастауына түрткі болған 
оқиғаға – 1469 жылы моғол ханы Дос Мұхаммедтің кенеттен қайтыс бо-
луы жатты. Дос Мұхаммед ханның қайтыс болуы Моғолстанның Шығыс 
Түркістан жағындағы ішкі саяси өмірді біршама шиеленістіреді. 
Сөйтіп, 1469 жылдың басынан бергі Мәуереннахр мен Моғолстандағы 
саяси жағдайлар Әбілқайыр ханға 1457 жылға дейінгі мемлекетінің қуаты 
мен өзінің беделін қалпына келтіруіне қолайлы жағдайлар қалыптастырады. 
Әбілқайыр ханның жорығы 1469 жылдың жазының соңы мен күзінің ба-
сында басталады. Махмуд бен Уәли Әбілқайр ханның жорыққа дайындығы 
туралы былай деп баяндайды: «... Кенеттен ол (Әбілқайыр хан – Б.К.) моғол 
сұлтандарының билігіндегі Моғолстанның қалған жерлерін бағындыруды 
ойластырып, әскер жинауға жарлық береді. Хан жорығына сәйкес барлық 
ел мен ұлыстардағы басшылар айтылған уақытта өздерінің ондықтарымен, 
жүздіктерімен және мыңдықтарымен Еділ бойындағы хан ордасына келуі 
тиіс болды». Махмуд бен Уәли Әбілқайырдың жорыққа аттанған, әскерінің 
жиналған жері деп Еділ өзенінің бойын өз дерегінде атап өтеді. Одан ары 
жорықтың жүрген бағытына үңілсек, Әбілқайыр хан Еділ өзені бойынан 
аттанып, Ала-Так маңынан өтеді де, Қызыл Надыр жайлауының жолымен 
жүре отырып, бірнеше асулардан асады. Одан ары Жеті Құдық деген жерге 
келіп тоқтайды. Қызыл Надыр жайлауы Талас өзенінің төменгі ағысында, 
қазіргі әкімшілік жүйе бойынша Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыс-
тарының шекаралары түйіскен жерде. Аталған географиялық атаулар бой-


І тарау. Қазақ хандығының деректік негіздері және қалыптасу кезеңдері
177
ынша Әбілқайыр ханның жорық бағыттары: Еділ-Алатау-Қызыл Надыр – 
Жетіқұдық арқылы жүрген болып шығады. Енді осы жорық бағытына кар-
та бойынша көз салсақ, Әбілқайыр хан мол әскерімен Еділ өзені бойынан 
аттанып, Алатау маңына жеткен, одан ары кейін оралып, Қызыл Надырға 
барған да, қайтадан 180 градусқа бұрылып, Жетіқұдық деген жерге келіп 
тыныстаған. Әрине, талай жорықтарды басынан өткерген және Шығыс 
Дешті Қыпшақты бес саусағындай жақсы білетін «көшпелі өзбектер» ханы 
қалың қолымен бұлайша жүрмеген. 
Әбілқайыр хан әскерінің бас қосып, жиналған жері – Шығыс Дешті 
Қыпшақ аумағындағы Тобыл өзенінің жоғарғы және орта ағысы бойы 
болған. Біріншіден, Тобыл өңірі – XІІІ ғасырдың 20-жылдарынан бері
Шибан әулетінің иелігіндегі жер және осы өңірде 1428 жылы 17 жасар 
Әбілқайыр хан тағына отырғызылған. Екінші, жорыққа дайындық жаз ай - 
ла рында басталып, хан әскер жию туралы жарлығын Шығыс Дешті Қып-
шақтың солтүстігіндегі жайлаулардың бірінді жинаған. Жайлаудың негізі-
нен өзендерге жақын, өзендер маңында болатынын ескерсек, онда Шибан 
Ұлысы аумағындағы үлкен өзеннің бірі – Тобыл өзені болғандықтан, хан 
әскерінің бас қосар жері осы өзен бойы деп белгіленген. Үшінші, Тобыл 
сөзі араб әріпімен – деп жазылады. Осы сөзді көшіру барысында оның Еділ 
(Итыл, Атил) сөзіне ауысу мүмкіндігі өте көп. Итыл сөзі – араб әліппесі
бойынша, – деп жазылғандықтан, екі сөздің, яғни Тобыл мен Итыл сөздері-
нінң дауысты дыбыстарсыз әріптік құрылымы бірдей болып, олардың ауы-
суы әбден мүмкін. 
Осылайша, Әбілқайыр хан 1469 жылы жаз айында өзінің ежелден бергі 
ата-баба иелігіндегі жайлауда болып, жорық жасау туралы шешімді осында 
қабылдаған. Сондай-ақ осы өңірдегі Тобыл өзеніннің бойы әскерлердің бас 
қосатын жері боп белгіленген. Сөйтіп, жорықтың бағытындағы алғашқы 
географиялық нүкте – Тобыл өзені болған.
Тобыл өзені бойынан Моғолстан бағытына қарай баратын жолдағы 
екінші географиялық атау – Ала-Таг деп аталады. Біз бұл атауды Алатау 
емес, Орталық Қазқастандағы Ұлытау деп қабылдаймыз. Араб әріптеріндегі 
дауысты а, ә, ұ, ү дыбыстары бір ғана әріп, алифпен берілгендіктен «ала» 
сөзін «ұлы» деп оқимыз. Ал «таг», «так» сөзінің көне түрік тілінде «тау» де-
ген мағанасын білдіретіні көпке мәлім. Сонда дерек мәліметіндегі Ала-Так 
сөзі Ұлытау сөзі болып шығады. Шынында да, Тобыл бойынан Моғолстан 
жаққа апарар ең қысқа және түзу жол Ұлытау арқылы өтеді. Алдыңғы бет-
те Қызыл Надырдың қай жерде екендігін айтып өттік. Осы анықталған үш 
географиялық нүкте арқылы: Тобыл-Ұлытау-Қызыл Надыр бағыттарымен 
түзу сызық жүргізсек, онда Әбілқайыр ханның жорығы Моғолстанның 
Жетісу аймағының батыс жағындағы Қазақ хандығына қарсы бағыттал-
ғанын байқаймыз.
Әбілқайыр ханның әскер жию туралы жарлығынан кейін, әскердің жиы-
луы, оларды тексеру және соншама мол әскермен Тобыл-Ұлытау-Қызыл 
Надыр арқылы жүру біршама уақытқа созылады. Хан әскерлері Қызыл 
На дырдан Жетісуға қарай бірнеше асу жер жүріп, Жетіқұдық деген жер-


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
178
ге жеткенде күн суыта бастайды. Соған қарағанда Әбілқайырдың жорық 
жасау жөніндегі шешімі мен жарлығы жаздың соңында шығып әскердің 
жиылуы мен аттаныс күз айларында болған. Махмуд бен Уәлидің: «... осы 
мезгілде қалың қар түсіп, құйындата жаңбыр жауды және күшті жел соғып, 
суық ең жоғарғы белгіге жетті», – деген дерегі күздің соңы немесе қыс 
айының басталғанын көрсетеді. Одан әрі ол биылғы қыстың басқа жылдар-
мен салыстырғанда өте суық және қар аралас жаңбырлы болғанын айтып
өтеді. 
Суыққа қарамай Әбілқайыр хан жорықты жалғастырып, ұлдарының бірі 
Көшкінші сұлтанды, әмір Жұлдыз тархан, Хасанбек ойрат, Жәлел оғлан, 
Сатылмас найман, Сейітбек қоңырат, Темір маджар, Тошбек Қыпшақ және 
тағы да басқа әмірлермен бірге әскердің авангарды ретінде алға жібереді. 
Аққышлақ деген жерге жеткен кезде суықтың күшейгені соншалық, хан
әскерін сақтау үшін жорықты тоқтатуға мәжбүр болады. Осы кезде Әбіл-
қайыр ханның өзі де суықтан қатты ауырып, емшілердің қолданған еміне 
қарамастан Аққышлақ деген жерде қайтыс болады. Махмуд бен Уәли оның 
өлген жылын «елу жеті жасында 874 (1469 шілде – 1470 маусым) жылы, 
тышқан жылында», – деп көрсетеді. Осылайша, Әбілқайыр ханның соңғы 
жорығы өз мақсатына жетпей, ханның қайтыс болуымен аяқталады.
Сөйтіп, Қазақ хандығына төнген қауіп, өзінен-өзі сейіледі. 
Өзіміз шарты түрде бөліп отырған 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау