Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет47/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Берке­ханның­монеталары­
(теңгелер)


VI тарау. XIII-XV ғасырлардағы рухани және материалдық мәдениет
117
болған буддалық лама Бажир Тоқ Бұға деген ұйғыр есімі белгілі еді. Ол 
өзінің жақтастарымен Өзбек ханды өлтіруге әрекет жасамақшы болады 
(хан ажалдан әрең құтылды). Өзбек хан бұған нағыз Шыңғыс ұрпақтарына 
тән қатыгездікпен қарсы жауап берді. Өзбектің қыпшақ әскері ұйғырлардан 
шыққан ламалар мен бахшиларды (бақсыларды) қырып салады. Алтын Орда 
билеушісі бұл әрекеті туралы Мысыр сұлтанына өзі хабар жеткізген бола-
тын. «Мысыр сұлтанына жазған хаттарында Өзбек мемлекетінде мұсылман 
еместер жоқтығын жазады. Осылайша, оның кезінде бүкіл Алтын Орда 
мұсылмандалып болды». 
Өзінің діни саясатында Өзбек хан қатаңдық пен бір беткейлік таныт - 
қаны рас. Алайда, «Өзбек ханн бүкіл ұлысын ислам дініне қаратып, пұт-
тардың барлығын қиратып, көптеген мешіттер мен медреселерді сал-
дыртты». Діни процестердің өркениеттік негізі байқалғанымен, шынайы 
сая си және әлеуметтік-экономикалық қызығушылықтарының рөлі кем
емес еді. Жалпы, исламды қабылдау саяси интеграцияның күшті идеоло-
гиялық негізін жасап, ру-тайпалық сепаратизмге шектеу қойып, қалалардың 
гүлденуіне, сауданың дамуына, мемлекеттің халықаралық абыройының
артуына алып келуі керек еді.
Араб­әрпімен­жазуы­бар­Алтын­Орданың­Өзбек­хан­тұсындағы­күміс­
монеталары­(«дәнгі»)­–­мемлекеттегі­ислам­үстемдігінің­белгісі
Орыс тарихшысы Н. Веселовский Өзбек хан туралы «бұл тамаша хан 
еді, ол Ордаға тәртіп орнатты... Оның билігі тұсында мемлекет өзінің да-
муы мен күш қуатының ең жоғарғы шегіне жетті» деп жазған болатын. 
Ханның басқа дін өкілдеріне қатысты жекелеген акцияларын жалпы ереже 
ретінде, яғни ұстанған басым саяси бағыты деп түсінбеу керек. Р. Груссе 
атап өткендей «Өзбек ханның магометандық мақсаттары христиандыққа 
қатысты өзін либералды ұстауына кедергі болмады». XXII Папа Иоанн 1338 ж.
13 шілдеде Өзбекке жолдаған хатында ханның католиктік миссияларға толе-
рантты қатынасы үшін өзінің алғысын білдірді. Жалпы Алтын Орда Өзбек 
пен Жәнібек кезінде Шығыс пен Батыс мемлекеттерімен өзара тиімді қарым-
қатынас орнатып, халықаралық сахнада үлкен беделге ие болды. Исламды 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
118
нығайту саясатын Дешті Қыпшақта Өзбектің ұлы Жәнібек жалғастырды 
(1342-1357 ж.). 
Исламның ықпалымен жерлеу дәстүрінің түбегейлі өзгерісі орын ала 
бастады, мұсылмандық некрополдер пайда болды. Қазақстанның осы ба-
ғыттағы архитектуралық ескерткіштерінің көпшілігі ХІV-ХVІ ғасырларға 
жатады, соның ішінде Маңғыстаудың әйгілі үңгір мешіттері бар. Кейбір 
мамандардың пікірі бойынша Маңғыстаудағы Шақпақ Ата мешіті Хо резм-
дегі Өзбек ханның өкілі Тоғылық Темірдің қолдауымен салынды (немесе са-
лынып бітуі, жаңарту ісіне қатысты). Археологтардың пікірінше Маңғыстау 
жер асты мешіттерін салу инженерлік білімді, көп көлемде жұмыс күшін 
қажет етті, сондықтан Алтын Орда хандарының қаржылық көмегінсіз бұл 
жалғыз сопылардың қолынан келмейтін іс болды. 
Бұл кезеңде Шығыс Дешті Қыпшақта ислам дінінің таралуының негізгі 
ерекшелігі (мысалы, Қарахандар дәуірінде Оңтүстік Қазақстанда болған 
ұқсас процестерден айырмашылығы) көшпелі-әскери қауымның арасын-
да кең түрде таралуында болды; алғаш рет қазақтарға мұра болып қалған 
далалық ислам дәстүрі кең түрде танылып, нығая бастады. Оның дәлелі 
ретінде мыналарды келтіруге болады: Берке мен Өзбектің намаз ғибадатын 
әскери жарғыға енгізуі; киіз үйлерді қозғалмалы мешіттер мен медреселер 
ретінде пайдалану; жоғарыда аталған жерасты мешіттердің жартастарда 
және мемлекеттің орталық қалалары мен оазистерінен алшақ орналасқан 
жерлерінде салу тәжірибесінің болуы; исламға дейінгі мифтік сюжеттер мен 
мұсылмандық идеалдарының синтезінің пайда болуы (эпоста, фольклорда, 
дәстүрде және т.б.), көшпелі ақсүйектер арасында жекелеген мұсылман 
есімдерінің кең таралуы және т.б. 
Осылайша, XIV ғасыр ішінде моңғол шапқыншылығымен тоқтатылған 
исламның таралуы үдерісі қайта жанданып, даму шегіне жетті. Нәтижесінде 
моңғолдар мен ұйғырлар түрік-мұсылман халқымен түбегейлі мәдени 
сіңісіп, бұл синтездің екі өзара байланысты аспектісі байқалды: исламда-
ну мен түркілену. Сонымен қатар мемлекеттің конфессиялық саясатының 
әлсіреуі кезеңінде діни уағыз негізінен өздерінің шын ықыласымен, күш-
қуаты мен қасиеті (харизма) арқасында зор беделге ие болған сопылық 
шейхтар күшімен жүзеге асырылды.
Алтын Орда мемлекеттілігінің құлдырауы мен Еділ өңіріндегі мұсыл-
мандық урбанистік өркениеттің дағдарысқа ұшыраған кезеңде Жошы ұлы-
сында көшпелі бұқара арасындағы сопылық қауымдастықтардың қызметі 
XIV ғ. соңы-XV ғ. аса кең көлемге жүргізіле бастайды. Сопылықтың ресми 
емес сипаты көшпелі далада XIV ғасырдың 60-80 жылдары орталық биліктің 
әлсіреуі кезінде ғана емес, сонымен қатар алтынордалық қалалардың 1395 ж.
қиратылуынан кейін де, одан соң Жошы ұлысының ыдырауы дәуірінде де 
исламның әрі қарай сәтті дамуына ықпал етіп келді. Көптеген ғалымдар Ал-
тын Ордада Едіге әмірлігі кезінде жаңа діни өрлеу болғанын атап өтеді.
Нумизматикалық материалдарды қарайтын болсақ, XIV ғасырдың соңы-
на қарай және XV ғасырдың басында Тоқтамыс, Темір-Құтлұқ, Бек-Кибал, 
Шәдібек пен Болат кезіндегі дирхемдерде дін символы қайта пайда болды. 


VI тарау. XIII-XV ғасырлардағы рухани және материалдық мәдениет
119
Тоқтамыс билігінен кейін (мемлекет тұрғындарының менталитетінде көш-
пелі түркілік компонент күшейгені көрінеді) және Әмір Темір әскері мұсыл-
ман мәдениетінің орталығы болған ірі қалаларды қиратқан соң тұрғындардың 
белгілі бөлігі бұрынғы діни-наным сенімдеріне қайта оралуы немесе басқа 
дінді қабылдауы ықтимал деп есептейміз. Сондықтан таралған монеталар 
тұрғындарды, әсіресе қала тұрғындарын Аллаға бет бұруларына шақырады. 
Сол себепті Испан елшісі Руи Гонсалес де-Клавихо 1406 ж. әмір Едіге сол-
түстік мемлекет тұрғындарын мұсылмандарға айналдырып жатқанын жаза-
ды. Қазақстанда исламның таралуының хронологиясы мен кезеңдері – дис-
куссиялық мәселе, алайда XIV ғасырдан соң «исламдану» мәселесі емес, 
Қазақстандағы исламның кейінгі тағдыры, яғни оның дағдарысы, құлдырауы 
немесе белсенділіктің жаңа толқындары сөз болу керек сияқты.
Бірқатар авторлар исламға дейінгі шамандық жерлеу рәсімдерін 
XVI-XVII ғасырларда ғана апаратынына қарамастан негізінде Қазақстан 
даласының толық исламдануын көптеген археологиялық мәліметтер дә-
лел дей түседі. XІV ғасырдан бастап Алтын Орда территориясында мұсыл-
мандық жерлеу дәстүрі ерекше басымдыққа ие болғанын көреміз. XІV ға-
сырдың бірінші жартысының өзінде-ақ көшпелілердің жерлеу дәстүрінде 
айқын фундаменталды инновациялар көрініс тапты, бұл жаңа дінді әскери-
феодалдық ақсүйектердің белгілі тобы ғана емес империяның әлеуметі жап-
пай қабылдағанын дәлелдейді. 
Культтік архитектура, көркем өнер дәстүрі аспектісінде XIV ғ.-XV ғ. 
басындағы Қазақстан мен онымен шекаралас аймақтар мәдени мұрасы ерек-
ше маңызға ие. Мәселен, XIV ғасырдың соңында Әмір Темір бұйрығымен 
салынған Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі аймақтық 
ислам символына, ортаазиялық архитектура шедевріне айналып, түркі-
мұсылмандардың рухани-діни белсенділігін арттыруда маңызы зор болды.
Ұлы даланың түбегейлі исламдануы мен ұлттық дәстүрде осы дін-
нің беделінің бекуі Шәкәрім Құдайбердіұлы шежіресінде бейнеленген: 
«Өзбек хан мұсылман болды және бүкіл халқын мұсылмандыққа бет бұр-
ғызды. Осыдан бері халқымыз дінін өзгерткен емес». Ханның белсенді 
конфессиялық саясатын қазақ фольклоры дәлелдей түседі, өзіндік діни ре-
нессанс уақыты болған Өзбек ханның билік құрған кезі бейнеленген ма-
қал-мәтелдер, ән-жырлар сақталған (мысалы, қазақтар мен ноғайларда кез - 
де сетін «Дін Өзбектен қалған» деген мақал). XIV ғасырдағы діни рефор-
малар нәтижесінде «Қыпшақ даласында ислам халықтық дінге айналды».
Көшпелілерге тән діни плюрализм мен шаманизм қалдықтарының сақталуы 
XIV ғ. соңында-XV ғасырда Орталық Азия ханафи-сүннилік түркі-мұсыл - 
мандарының этноконфессионалдық қауымдастығы бірегейлігінің қалыпта-
суына бөгет бола алмады.
Исламданудың рухани-мәдени және интеллектуалды салдары қатарын-
да Алтын Орда кезеңінің мәдени өрлеуін атап өтуге болады. Бұл мемлекеттің 
мәдениеті ислам мен түркі (қыпшақ) тілі негізінде үздіксіз дамыды және ол 
полиэтникалық евразиялық мемлекеттің мәдениетінің іргетасын қалады. 
Қалыптасу орталығы түркі тілді Хорезм болған Алтын Орданың әдеби 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
120
тілі түркі әдеби тілінің дамуының (қарлұқ-қарахан ренессансынан кейінгі 
кезең) жаңа фазасы еді. Діни-мистикалық мазмұндағы шығармалар ерек-
ше мәшһүр болды, олардың ішінде ең маңыздыларының бірі XІV ғасырда 
жазылған «Қисса әл-әнбийа» Рабғузи. 
Түркі-мұсылман ақындар қатарында Құтб, Мұхаммад Хорезми, Сайф Са-
раи, Дұрбек болды. Ал беделді мәдени қайраткерлер ретінде Құтб әд-дин Рази, 
Садад әд-дин ат-Тафтазани, Жәлел әд-дин, Хафиз әд-дин ал-Баззави, Ахмад 
әл-Ханджари есімдері белгілі еді. Қазіргі таңда Алтын Орданың рухани-діни 
тарихы әлі толық жазылып болған жоқ, алайда теологиялық білімнің матури-
лік ақидасы (самарқандық ғұлама Әбу Мансұр Матуриди негізін қалаған 
теориялық ілім) және ханафиттік фикх (Әбу Ханифа мектебі) аймақтарына 
қазақстандық жолмен, исламның басты орталықтарына Хорезм, Алтын Орда, 
Қажы-Тархан, Қырым, Кіші Азия жерлері арқылы тарағаны белгілі. 
Өзбек хан мен Жәнібек хан тұсында Дешті Қыпшақта дін мәселесі ерек-
ше маңызға ие болып ислам тақырыбындағы поэмалар (қисса-дастандар) 
қыпшақ даласында кең таралды. Фольклор мен фольклордың төңірегіндегі 
(околофольклорный) әдебиетке Құраннан енген сюжеттер, аңыз-әфсаналар, 
хадистер ене бастады. Алтын Орда дәуіріндегі рухани ренессанс ислам мен 
көшпелі мәдениеттің синтезі ретінде батырлық эпоста көрініс тапқан, оның 
белгілі үлгілері ішінде «Қырымның қырық батыры» жырлар циклі және 
т.б. көптеген шығармалар ғалымдардың пікірінше қыпшақ-ноғай кезеңінде 
(ХІV-ХVІ ғ.) қалыптасып болған.
Дегенмен дін мен руханият – аса нәзік материя, сондықтан қоғам мен
мемлекетте орныққаннан кейін ислам үнемі өзінің бастапқы жоғарғы стату-
сын және ықпалын сақтап тұрады деп ойламау керек. Сондықтан Қазақстан 
тарихының келесі ғасырларында деисламизация (діннің әлсіреуі, шегінуі) 
орын алған болатын. Алайда қарама-қайшы құбылыстарда ылғи да өзгеріс-
сіз қалып отыратын өркениеттік индикатор – ол халықтың исламға байла-
нысты сана-сезімі мен өзін-өзі идентификациялауы.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау