51
2.4 Siemens Simatic S7 ортасында программалау және интерфейсін
тұрғызу
2.6 сурет – Simatic Manager бағдарламасының негізгі терезесі
Simatic Manager & ProTool бағдарламалары арқылы сақтау, жоба құру,
бағдарлама жазу, үрдісті визуалдау әрекеттері оңай іске асырылады. Осы
бағдарламалық ортада жобалау өте ыңғайлы, себебі жобалауға қажетті құрал
жабдықтардың барлығы бір терезеде орналастырылған және осы жағдай
жобалаудың жылдамдығын арттырады.
Simatic S7 ерекшеліктері мен артықшылықтары:
Step 7 прораммасында SIMATIC және халықаралық мнемоникасында
программалау
мүмкіндіктері
қарастырылған.
Халықаралық
мнемоникамен программалаған кезде, ол бізге программаны басқа да
программалық жабдықтамалар мен контроллерларда іске асыруға
мүмкіндігін береді;
Step 7 проектісінде көптеген арнаулы функциялар орнатылған: адам-
машина интерфейс жүйесі қосылған, операторлық панелі(Siemens
ұсынған ProTool, WinCC Flexible және WinCC орнатылған дербес
компьютер арқылы пішіндеу мүмкіндігі) ;
проекттің адам-машина интерфейсіне кірігуі проекттің контроллерға
және
операторлық
интерфейсқа
байланысуын
жеңілдетеді,
жылдамдығын арттырады, қателіктердың болдырмауын қадағалайды;
52
Step 7 проектісі автоматтандырылған өлшеу және орындау
құрылғыларын басқаруға және олармен жұмыс істеуге ыңғайлы;
Step 7 проектісі бұрыннан бері зерттеліп, қазіргі таңда көптеген
жаңадан пайда болған контроллерлардың түбірі десек те болады.
Электр энергиямен қамту жүйесінің басқару жүйесін жүзеге асыру
бағдарламаның көрінісі 2.7 суретте көрсетілген. Бағдарлама жоғарыда аталып
өткен Simatic ProTool бағдарламасында жасалған. 2.8 суретте бағдарламада
құрылған символдар кестесі келтірілген. 2.9; 2.10; 2.11 суреттерінде ҚЭЖ
жүйесінің жұмыс істеуінің режимдері көрсетілген.
2.7сурет – ҚЭЖ жүйесін басқару бағдарламасының негізгі көрінісі
53
2.8 сурет – ҚЭЖ жүйесін басқарудағы символдар кестесі
2.9 сурет – SB және VG енгізілген 2000-нан аз қуат өндірген жағдай
54
2.10 сурет – SB және VG енгізілген 2000-ға тең немесе одан көп қуат өндірген
жағдай
2.11 сурет – Дизель генераторының қозғалтқышы стартерден оталмаған
жағдай
55
2.5 Құрастырма электр жабдықтау жүйесі үшін есептеулер жүргізу
Электр
энергиясымен
қамтудың
қиыстырылған
жүйесі үшін
құрылғыларды таңдау бағдарламасын жасау барысында істелген қажетті іс-
әрекеттер:
электр энергиясымен қамтамасыз ететін қиыстырылған жүйесінің
құраушыларының параметрлерін есептеу керек;
құрылғылар
орналастырылатын
аймақтың
жел
және
күн
потенциалдарын есептеу керек;
тұрғын үйдің қажет ететін электр энергиясының мөлшерін есептеп алу
керек.
Электр энергиясымен қамтитын қиыстырылған жүйе үшін құрылғылар
таңдау үшін ең алдымен қарастырылып отырған тұрғын үйдің немесе
өнеркәсіптік ғимараттың бір күнде шығындайтын электр энергиясының
көлемін анықтап алу керек. Ол үшін пайдаланушы мынадай ақпараттарды
білуі керек: тұрғын үйдегі немесе өнеркәсіптік ғимараттағы электр энергиясын
тұтынатын құрылғылардың атауын, бір сағатта шығындайтын электр
энергиясының мөлшерін және бір күнде неше сағат жұмыс жасайтындығын,
құрылғылардың саны. Құрылғылардың айнымалы немесе тұрақты токты
пайдаланатынын да көрсету керек, өйткені алдағы құрылғы таңдау барысында
инвертордың қуаты азырақ болып, шығындалатын электр энергиясының
көлемі көп болуы ықтимал.
Тұрғын үйде тұтынылатын электр энергиясының мөлшері төмендегі
формула бойынша есептеледі:
N
t
Р
Р
устр
(2.1).
мұнда Р[Вт] – тұтынылатын электр энергиясының мөлшері,
Р
устр
[Вт] – құрылғының тұтынатын қуаты,
t [сағ] - құрылғының бір күнде жұмыс істеу уақыты,
N – құрылғының саны.
Белгілі бір елді мекен үшін күн және жел потенциалдарын есептеуді
жүргізу үшін елді мекеннің ендігін және ғимараттың түрін, жыл мезгілін
таңдап алу керек. Көрсетілген мәліметтерді ескере отырып, тұрғын үйде бір
күнде тұтынылатын электр энергиясының жүктемесінің таратылымы
анықталады. Ол таратылым Будзко И.А. және Лещинская Т.Б. кітаптарында
көрсетілген коэффициенттерге түзету енгізу арқылы есептелінді [4].
Күн потенциалын есептеу формулалары төменде келтірілген [3]:
15
))
tan(
)
(
arccos(tan
2
b
shirota
c
T
(2.2)