12
жаңартылмайтындардың қатарына жатқызады. Вашингтондағы Әлемдік
табиғи қорлар институтының эксперттік комиссиясының мәліметтеріне сай
мұнайдың қоры 2007 жылдан бастап күрт төмендеп келеді. Кейбір шет елдік
мамандардың мәліметтері бойынша әлемдік мұнайдың қоры 1800-2300
млрд.баррелді құрайды. Дәстүрлі емес энергия көздеріне төмендегілер
жатады:
күн энергиясы;
жел энергиясы;
геотермалды энергия;
биомассаның энергиясы;
су энергетикасы.
Қазақстанда осы аталған дәстүрлі емес энергия көздерінің қоры өте көп.
Дегенмен су энергетикасынан басқа энергия қорлары қазіргі таңға дейін өз
қолданысын тапқан жоқ. Қазақстандағы жанармайдың негізгі тұтынушысы
болып жылу және электр энергетикасы саналады. Осы секторлар жылына
шамамен 30 млн. тонна жанармайды тұтынады. Электр станцияларда
пайдаланылатын көмірдің үлесі 75%-ды, ал газдың үлесі 23%-ды және
мазуттың үлесі 2%-ды құрайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда электр энергиясының жетіспеушілігі
байқалады. Электр станциялардың жалпы орнатылған қуаты 18,7 мың МВт
құрайды. Энергияны өндіру саласында жылу электр станцияларының үлесі
87%-ды құрайды, ал су электр станцияларының үлесі 12%-ды және басқа
электр энергиясының көздері 1%-ды құрайды.
Негізгі энергия қорларының ескірушілігіне байланысты, жаңа электр
станциялардың құрылысы өте үлкен көлемде инвестицияны қажет етеді.
Қазақстан үкіметі 2007 жылы энергетикалық саланың 2015 жылға дейінгі даму
жоспары қабылданды. Осы жоспарға сай 2015 жылға дейін 5598 МВт қуатты
қосу жоспарлануда. Соның ішінде көмірден электр энергиясын өндіруді 4250
МВт көбейту жоспарлануда. Қазіргі таңда Қазақстанда электр энергиясының
жетіспеушілігі орын алып отыр. 1-кестеде Қазақстанда өндірілетін энергия
мен оның жетіспеушілігі көрсетілген [2].
1 кесте – Электр энергиясының Қазақстандағы өндірілу мөлшері
Жыл
Өндірілетін электрэнергия
көлемі
(млрд. кВ/сағ)
Пайдаланылатын
электрэнергиясының
көлемі
(млрд. кВ/сағ)
2003
60,03
62,10
2004
62,50
63,95
2005
67,50
67,50
2010
82,40
83,00
13
Қазақстанда күн энергиясының потенциалы да өте жоғары. Сондықтан
күн энергиясын шаруашылықта және тұрмыста пайдалану да қолға алынуда.
Күн Республикада бір жылда күн шуақты сағаттар саны 2200-3000 арасында
жатыр, ал жылдық күн энергиясының деңгейі 1300-1800 ват/кв.м жетеді.
Атақты қазақстандық энергетик Александр Трофимовтын мәліметтеріне
қарағанда Қазақстан әлем бойынша адам басына шаққандағы жел ресурсының
мөлшерінен
бірінші
орынды
иеленген.
ООН
бағдарламасының
мамандарының бірі Питер Диксонның мәліметтері бойынша энергетикалық
баланста дәстүрлі энергия көздерінің (мұнай, газ және көмір) қоры 74%
құрайды. Осы дәстүрлі ресурстарды пайдалану шамамен мұнай 40 жылға, газ
56 жылға, ал көмір 197 жылға ғана жетеді. Дәстүрлі емес энергия көздерін
пайдаланатын елдердің қатарында АҚШ, Қытай және Индия. Қазіргі таңда
дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану жылдан жылға өсіп келеді.
Мамандардың есептеуінше осы ғасырдың ортасына қарай дәстүрлі емес
энергия көздерін пайдалану 35% жетеді деп күтілуде. Дәстүрлі емес энергия
көздерін пайдалануға деген қызығушылық осы энергия ресурстарының
таусылмайтындығы, бағасының әлемдік рынокқа тәуелді еместігі және
экологиялық тазалығына негізделген.
Қазіргі таңда Қазақстанда атмосфераға зиянды қалдықтарды бөлуден
энергетикалық сала бірінші орынды алады. Олар жыл сайын атмосфераға
миллион тоннадан асатын зиянды заттарды және 70 млн тонна көмірқышқыл
газын бөледі. Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметтері бойынша
Қазақстан парниктік газды бөлуден әлемде үшінші орынды иеленген.
Қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды бөлуден келетін шығын шамамен көмір
үшін жылына 3,4 млрд. долларды құрайды. Дәстүрлі емес энергия көздерін
пайдаланудың
негіздерінің
бірі
орталықтан
энергиямен
қамтамасыздандырудың
тиімсіздігі
және
халықтың
орналасуының
тығыздығының төмендігі есептеледі. Өйткені энергияны алыс қашықтықта
орналасқан тұтынушыларға тасымалдау кезінде энергияның көп мөлшерін
жоғалтады.
Жел энергиясы мен күн энергиясын электр энергияға түрлендіру арқылы
пайдалануды
шаруашылықта
пайдалануды
енгізу
Қазақстанның
индустриалды-инновациялық дамуына үлкен әсерін тигізеді. Дәстүрлі емес
энергия көздерінен энергия өндіруді дамыту екі бағытта жүргізілуде – саяси
және экономикалық. Саяси технологияға халықаралық деңгейде өткізілетін іс-
шаралар жатады. Мұндай іс-шаралар мынадай халықаралық келісім
шарттардың жасалуымен аяқталады: климаттың өзгеруі бойынша конвенция,
Киоттык протокол және т.б. Экономикалық технологияға ұлттық деңгейде
жүзеге асырылатын іс-шаралар жатады. Ол ғылыми және өндірістік
ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай жасауымен аяқталады. Дәстүрлі емес
электр энергия көздерін электр желілеріндегі шығын 25-30% құрайтын
жерлерде пайдаланған тиімді. Осындай жағдайда орталықтандырылмаған