Кодексі 3 Көрсетілген жұмыс аймақтарындағы Ericsson қызметкерлеріне арналған басқа мәліметтер



жүктеу 152,34 Kb.
Pdf просмотр
Дата07.12.2017
өлшемі152,34 Kb.
#3427
түріКодекс


ІСКЕРЛІК 

ЭТИКА 


КОДЕКСІ


3

Көрсетілген жұмыс аймақтарындағы Ericsson қызметкерлеріне арналған басқа мәліметтер 

мен қосымша ережелерді Топ саясаттары, Топ директивалары және Топ нұсқаулары 

бөлімдерінен, сонымен қатар жергілікті директивалар мен нұсқаулардан табуға болады. 

Ericsson Топ саясаттары, Топ директивалары және Топ нұсқаулары бөлімдеріне сілтемелерді 

осы жерден табуға болады. (http://internal.ericsson.com/book/7982/egms-ericsson-ericsson-

group-management-system?unit=GLOB)

Бір-бірімізбен және акционерлерімізбен қатынастарымызды реттейтін негізгі 

Топ саясаттары мен директиваларына

ШОЛУ


.


3

МАЗМҰНЫ


СЕНІМДІ СЕРІКТЕС БОЛУ

Басшылық принциптеріміз 

5

Талаптарға сәйкестік үшін жауапкершілігіміз 



Сәйкестік мәселелері бойынша есеп

БИЗНЕСТІ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ЖҮРГІЗУ 



Жауапты корпоративтік азаматтар ретіндегі міндеттемелеріміз  8

Коммерциялық іс-әрекеттеріміздің барлығында адам 

құқықтарын құрметтеу

9

Денсаулық және қауіпсіздік



10 

Тұрақты дамуға мүдделілік

10 

Ұжымдық этика кодексі



11 

ӘРБІР ӘРЕКЕТ ЕСКЕРІЛЕДІ

Заңдарға, ережелерге және нормативтік талаптарға сәйкестік 12

Коммуникация және қаржы туралы ақпарат

13

Мүдделер қайшылығын шешу



14

Коррупция мен қаржылық бұзушылық

15

Компания активтерін қорғау және тиісті түрде пайдалану



16

Ақпаратты қорғау

17



4

5

Құрметті әріптестер,

Ericsson компаниясы қызық инновациялар мен ұлы адамдардың арқасында құрылған. Біз жақсы 

пайда түсіретін тұтас индустрияны қалыптастырып, технологиялар әзірлеумен айналыстық.

Алайда, әңгіме тек біздің жасағанымыз ісіміз туралы ғана емес, ісімізді қалай жауапкершілікпен 

жүргізетініміз де туралы. Іскерлік этика кодексі біздің ісімізді жүргізу мен қалай жұмыс істейтініміз 

бойынша құрылымымызға бағыт береді.

Мен жай ғана Іскерлік этика кодексіне қол қойыңыз демеймін, мен сізден тек оны 

қабылдауыңызды, қолдауыңызды және біздің бизнесті жауапкершілікпен жүргізетінімізге сенімді 

бола отырып, оның біздің күнделікті әрекетімізге қалай әсер ететінін және бізге қалай бағыт 

беретінін түсінуіңізді сұраймын.

Іскерлік этика кодексін орындай отырып, біз тұтынушыларымызбен, серіктестерімізбен және 

акционерлерімізбен сенімді және жауапты қарым-қатынас құрдық. 

Мен айналамыздағы әлемге қамқор болып, түбегейлі әсер ете алатын компанияны алға 

жетектеуге қатаң түрде міндеттеймін. 

Мен Іскерлік этика кодексін мұқият оқып шығып, растауға қол қоюыңызды сұраймын. Бұл сіздің 

Іскерлік этика кодексінде айтылған принциптерді түсінгеніңізді және жауапкершілікпен іске 

кірісетініңізді білдіреді және күнде ісімізге жауапты қарайтынымызды қамтамасыз етеді.

Рақмет.

ПРЕЗИДЕНТТЕН ЖӘНЕ 



БАС ДИРЕКТОРДАН ХАТ

Бёрье Экхольм

Президент және Бас директор

Наурыз, 2017 жыл




5

СЕНІМДІ СЕРІКТЕС 

БОЛУ

Біздің бизнес жүргізу жолымыз адалдықпен, 



ашықтықпен және жауапкершілікпен 

ерекшеленеді. Жұмысты адал істеу 

тұтынушыларымызбен, серіктестерімізбен, 

жұмысшыларымызбен, акционерлерімізбен, 

қоғаммен және басқа да мүдделі 

тұлғаларымызбен арада сенім мен 

шынайылықты қамтамасыз етуде аса маңызды 

болып табылады. Мұндай сенім мен шынайылық 

бизнес жүргізу жолымызда ашықтықты 

және бизнес активтері мен тұлғалардың 

құпиялығын қорғау үшін бизнесті жүргізгенде 

құпиялықты талап етеді.

Іс жүргізу кезінде ашықтық ортасын жасаудың 

басымдығы барлығымыз үшін жоғары. Біздің 

Іскерлік этика кодексіміз келісім-шарттарымыз 

бен нарыққа шығару кезінде ісімізді ашық және 

сенімді түрде атқаруға тиіс міндеттерімізді 

көрсетеді. Компания осы Кодексте белгіленген 

принциптерге сай жұмыс істейді деп күтеміз. 

Директорлар кеңесі мен Атқарушы басшылық 

мүшелерінен бастап Ericsson компаниясына 

жұмыс істейтін жеке тұлғаға дейінгі барлық адам 

осы стандарттарға сай болуға міндетті болады.

Іскерлік этика кодексі компаниямыздың бизнесті 

жауапкершілікпен жүргізу мүддемізді, соның 

ішінде мыналарды көрсетеді:

Әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін 

компания болу

Коммерциялық іс-әрекеттеріміздің 

барлығында адам құқықтарын құрметтеу

Денсаулық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Тұрақты дамуды қолдау

Ұжымдық этика кодексінде белгіленген 

БҰҰ Жаһандық келісімшартының 

принциптерін қолдау

Сондай-ақ, Кодекс Ericsson компаниясына 

Ericsson компаниясының кадрлар 

басқармасында немесе Ericsson қызметкері 

немесе мердігері ретінде, не болмаса жеке 

мердігер ретінде жұмыс істейтін барлық тұлғалар 

үшін ережелерді қамтиды, соның ішінде:

Барлық уақытта қолданыстағы заңдар

ережелер мен нормативтік талаптарға 

сәйкестікті қамтамасыз ету

Қаржы есептері мен басқа да халыққа 

жолдауларда толық, әділ, тура, уақтылы 

және түсінікті ақпарат берілуін қолдау

Мүдделер қайшылығын тиісті түрде шешу

Компания активтерін қорғау және 

дұрыс пайдалану

Жеке ақпаратты қорғау 

Басшылық принциптеріміз



6

7

Ericsson компаниясына жұмыс істейтін барлық 



адам Кодексті компанияның осында көрсетілген 

мүдделіліктерін қолдау және олармен қатар 

жұмыс істеу мақсатында қарап шығуы және 

Кодекстегі бізге арналған ережелерге, сонымен 

қатар қолданыстағы заңдарға сай жұмыс істеуі 

тиіс. Оған қоса, біз Ericsson компаниясының Топ 

саясаттарын, директивалары мен нұсқауларын, 

сонымен қатар жергілікті директивалар мен 

нұсқауларды орындауымыз керек; олай 

істемеу тәртіптік шара қолданылуына, соның 

ішінде жұмыстың тоқтауына және/немесе 

азаматтық және қылмыстық жауапкершілікке 

тартылуымызға себеп болуы мүмкін.

Талаптарға сәйкестік үшін жауапкершілігіміз

Біз лидерлерімізге қосымша міндеттер жүктейміз. 

Өз әрекеттері арқылы олар сәйкестіктің 

маңыздылығын көрсетеді. Үлгі болудың, 

кодекске қатысты сұрақтары бар немесе осы 

кодексті ықтимал бұзулар туралы хабарлағысы 

келетіндер үшін ашық болу сияқты маңызы зор.

Лидерлер осы кодекстің орындалуын және өз 

ұйымдарында қолданылуын қамтамасыз етуі 

тиіс. Лидерлер этикаға сай келмейтін әрекетке 

көз жұма қарамауы тиіс.



7

Ericsson компаниясына жұмыс істейтін 

жеке тұлғалар – Ericsson компаниясының 

қызметкерлер басқармасында жұмыс істейтін 

жеке тұлғалардан заңдардың немесе Іскерлік 

этика кодексінің бұзылғанына сенімді болған 

жағдайда басқарушыларына немесе жергілікті 

белгіленген тәртіп бойынша хабарлау сұралады. 

Егер басшының өзі оқиғаға араласқан болса 

немесе мәселелерді жеткілікті түрде шеше 

алмаса, жұмысшылардың жоғарырақ лауазымды 

басшыға немесе жергілікті белгіленген тәртіп 

бойынша хабарлауына кеңес беріледі.

Жабдықтаушылар, тұтынушылар мен 

басқалар –- Жұмысшылар, тұтынушылар және 

Ericsson компаниясымен қарым-қатынастағы 

басқа серіктестер заңдардың немесе Іскерлік 

этика кодексінің бұзылғаны туралы күдіктерін 

жергілікті басқарушыға немесе жергілікті 

белгіленген тәртіп бойынша хабарлай алады.



Ericsson компаниясының сәйкестік желісі – 

Хабарлау үшін жоғарыдағы арналар қолжетімді 

немесе лайық болмаса және мәлімденген 

ереже бұзушылық 

топ немесе жергілікті басқару тарапынан 

орын алса және 

коррупцияға, күмәнді есеп жүргізуге, 

есеп жүргізудің ішкі деректеріндегі 

жетіспеушілікке немесе аудит мәселелеріне 

қатысты болса немесе Ericsson 

компаниясының маңызды мүдделеріне 

немесе жеке денсаулық пен қауіпсіздікке 

басқаша жолмен айтарлықтай әсер етсе,

ереже бұзушылық туралы топтың сыртқы 

саналы қызметкерінің процесінде хабарлануы: 

Ericsson сәйкестік желісі. Қатысты адамдарға 

қолданылатын жергілікті заңнамаға сәйкес 

болған жағдайда, хабарлар осы процесс 

арқылы өңделуі мүмкін. Сәйкестік желісі туралы 

ақпаратты Ericsson интранет желісінен

1

 және 


Ericsson веб-сайтынан

2

 алуға болады.



Лидерлерден хабарланған мәселені байыппен 

қарастыру және Ericsson компаниясының 

этикасына, құндылықтары мен процедураларына 

және кез келген жергілікті заңдық немесе 

нормативтік міндеттемелерге сәйкес 

қанағаттанарлық шешімін табуын қамтамасыз 

ету үшін жұмыс істеуі талап етіледі. Ericsson 

ізгі ниетпен хабарланған ереже бұзушылықтар 

үшін жекелеген ереже бұзушылыққа қатысты 

ешқандай алалаушылықты немесе кек 

қайтаруды құптамайды.

Сәйкестік мәселелері бойынша есеп

1

 https://www.speakupfeedback.eu/web/stuhe5



2

 http://www.ericsson.com/reporting-compliance-concerns




8

9

БИЗНЕСТІ 



ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН 

ЖҮРГІЗУ


Ұжымдық жауапкершілік мәселелерін, соның 

ішінде адам құқықтарын, денсаулық пен 

қауіпсіздікті және қоршаған орта мәселелерін 

кәсіби жолмен қарау және компанияның күнделікті 

жұмысында бизнесті жауапкершілікпен жүргізу 

арқылы қоғамда жағымды өзгерістердің маңызды 

және жауапты тұлға болуға мүдделілігін ескеру 

Ericsson компаниясына жұмыс істейтін барлық 

адамның жауапкершілігі болып табылады.

Біз байланыстың экономикалық гүлденуге және 

әлеуметтік активке үлес қосатын және көптеген 

қоғамның тұрақты даму тапсырмаларына 

шешімдерді беретін негізгі адам қажеттілігі 

екеніне сенеміз. Біз технологиямыздың әлемдегі 

жақсылық күші болуын қамтамасыз етуге 

және барлық болымсыз әсерлерді азайтуға 

ат салысамыз. Біз ақпарат пен байланыс 

технологиясы (ICT) ашықтықты арттыратынына 

және денсаулық, оқу, жинау еркіндігі мен 

ой білдіру еркіндігіне құқық сияқты көптеген 

негізгі адам құқықтарын жақсартатынына 

қалтқысыз сенеміз. 

Әлеуметтік және этикалық тұрғыда 

жауапкершілікпен әрекет ету маңызды болып 

табылады және біз бизнес жүргізген қоғамдарда 

жауапты азамат болуға ат салысамыз. Бұл дүние 

жүзі бойынша өнімдеріміз бен қызметтерімізді 

өндіруге және қолдауға ат салысатын 

адамдардың және АБТ пайдаланушыларының 

қамын кеңінен ойлаймыз. Ericsson компаниясы 

адам құқықтарын, еңбек стандарттарын, 

қоршаған ортаны басқаруды және коррупцияға 

қарсы шараны қамтитын БҰҰ Жаһандық 

келісімшартының 10 принципін ұстануға мүдделі. 

Бұл принциптер бизнесті жауапкершілікпен 

жүргізу әдісіміздің негізін құрайды.

Ericsson брендінің әрдайым адам құқықтарын 

құрметтеумен, әділ және қауіпсіз жұмыс 

істеу жағдайларымен және этикаға сай 

және экологияға зиянсыз іс жүргізумен 

байланыстырылғаны маңызды.

– компанияның мүддесі

Жауапты корпоративтік азаматтар 

ретіндегі міндеттемеміз 



9

Ericsson компаниясы бірігу еркіндігіне және 

ұжымдық талқылауға, мәжбүрленген еңбекке, 

балалар еңбегіне және кемсітпеуге арналған 

барлық халықаралық түрде танылған адам 

құқықтарын, соның ішінде адам құқықтары 

туралы халықаралық билльді және жұмыстағы 

негізгі принциптер мен құқықтар туралы Еңбек 

ұйымының декларациясын құрметтейді. 

Біз Коммерциялық іс-әрекеттерімізде бизнес 

пен адам құқықтары жөніндегі БҰҰ басшылық 

принциптерін қолдануға мүдделіміз. Біз 

басқалардың құқықтарына шек қойылмауына 

және Ericsson қатыстырылған адам 

құқықтарының әсеріне жағымсыз қарамауына 

тырысамыз. Барлық жағдайларда, қайшылықты 

талаптарға тап болсақ та, халықаралық түрде 

анықталған адам құқықтарының принциптерін 

ұстану жолдарын қарастырамыз.

Біз Байланысқан қоғамда пікір білдіру еркіндігі 

және құпиялық құқығы сияқты белгілі бір 

адам құқықтары мәселелеріндегі нақты 

тапсырмалардан және технологияны дұрыс 

пайдаланбаудан туындаған басқа құқықтар 

әсерінен хабардармыз және мұндай қатерлер 

мен тапсырмаларды азайтуға белсенді түрде 

жұмыс істейміз. 

Құпиялық пен қауіпсіздік Ericsson жеткізетін 

өнімдер мен қызметтердегі маңызды элементтер 

болып табылады және бизнес жұмыстарында 

құпиялықтың адам құқықтары аспектілері мен 

пікір білдіру еркіндігінің сақталуын қамтамасыз 

ету үшін біз өніміміз бен бизнес процестерімізді 

реттейміз.



Коммерциялық іс-әрекеттеріміздің барлығында 

адам құқықтарын құрметтеу


10

11

Ericsson компаниясында біз қызметкерлеріміздің, 



серіктестеріміздің қызметкерлерінің, 

жабдықтаушыларымыздың қызметкерлерінің 

және жұмысымызға тартылуы мүмкін қоғам 

мүшелерінің денсаулығы мен қауіпсіздігіне 

аса мән береміз. Біздің мүддеміз саналы 

түрде денсаулық пен қауіпсіздік бойынша 

ықтимал жағымсыз әсерді қарастыру, осындай 

әсерлердің алдын алуға қажетті әрекеттерді 

жоспарлау және барлық деңгейде көшбасшылық 

мүдденің болуы арқылы көрінеді. Ericsson 

компаниясында ешқандай қауіпті оқиғаларды 

болдырмауды мақсат әрі міндет тұтамыз, барлық 

қызметкерлерге қолданылатын жүйелер мен 

процедуралар бар және компанияға ешқандай 

оқиға болмауына көмектесеміз.

Денсаулық аспектісінен Ericsson компаниясы 

қызметкерлерінің жағымды жұмыс істеу-өмір 

сүру балансын сақтауды қолдайды.

Ericsson компаниясы қоғамның тұрақты 

дамуына мүдделі, яғни келешек ұрпақтың өз 

қажеттіліктеріне сай жұмыс істеу мүмкіндігін 

кемітпестен қазіргі уақыттағы қажеттіліктерге 

сай даму. Біз тұрақты дамуды ұзақ мерзімді 

әлеуметтік активпен, экономикалық 

гүлденумен және жақсартылған қоршаған 

орта жұмысымен анықтаймыз. Тұрақты 

даму мақсаттары біздің әлеуметтегі өз 

үлесімізді сипаттау әдісінің құрылымын 

қамтамасыз етеді. Біз мақсаттарымызға жетуге 

көмектесу үшін технологиямыз бен білімімізді 

пайдалануға мүдделіміз.

Ericsson өнімдер мен қызметтерді және 

шешімдерді үздік тұрақты даму жұмысымен 

әзірлеуге, шығаруға және ұсынуға ат салысады.

Жұмыстарымыздың болымсыз әсерлерін азайту 

және қоғамның тұрақты дамуына мүмкіндік беру 

үшін технологиямыздың болымды әсерлерін 

көбейту мақсатында үздіксіз жұмыс істейміз.

Біз қызметкерлер арасында тұрақтылық туралы 

білімді мен хабардар болуды арттырамыз 

және адамдарға, бизнес пен қоғамға оң 

әлеуметтік, қоршаған орта және экономикалық 

әсерлері бар әрекеттерде акционерлермен 

проактивті түрде жұмыс істейміз. Сондай-ақ, 

біз жабдықтаушыларымызды жеткізу тізбегімізде 

жеткілікті тұрақты даму стандарттарын 

қамтамасыз етуге шақырамыз.

Денсаулық және қауіпсіздік

Тұрақты дамуға мүдделілік



11

Бірдей жұмыс жағдайларында бірдей жұмыс 

істелуіне қатысты тәжірибелері, еңбек 

көрсеткіштері және біліктіліктері бірдей 

тұлғалардың бірдей жұмыс үшін бірдей 

еңбекақы алулары керек.

Жұмысшылардың денсаулығы мен жұмыс 

орнының қауіпсіздігіне әрдайым басымдық 

берілуге тиіс. Бұл жұмыс жағдайларының 

барлық аспектілеріне, соның ішінде психо-

әлеуметтік факторларға қатысты.

Ұжымдық этика кодексін құрметтеу және қолдау 

әрбір Ericsson қызметкерінің міндеті және 

Ericsson қызметкерлерінің Ұжымдық этика 

кодексіне сай қаралуы әрбір Ericsson бөлімі 

мен компаниясының, сонымен қатар әрбір 

басқарушының міндеті болып табылады.

Жабдықтаушылар мен олардың қосалқы 

мердігерлерінен Мінез-құлық кодексіне бағыну 

және сәйкестіктерін растау талап етіледі.

Адам құқықтарын құрметтеу және жұмысқа 

алудың әділ жағдайларын, қауіпсіз еңбек 

жағдайларын, экологиялық мәселелердің 

жауаптылықпен қаралуын және жоғары этикалық 

стандарттарды қамтамасыз ету мақсатында, 

біздің Ұжымдық этика кодексіміз БҰҰ Жаһандық 

келісімшартының принциптеріне негізделеді. 

Ол компанияның жұмысына, оның ішінде 

басқарма, даму,өнім, жеткізу, сату және Ericsson 

шешімдерін, өнімдерін және қызметтерін 

дүние жүзінде қолдау арқылы қолданылады. 

Ұжымдық этика кодексі келісім-шарттың 

шарттары мен талаптары арқылы барлық 

Ericsson жабдықтаушыларымызды үшін де 

жарамды болады.

Ұжымдық этика кодексі мыналарды 

қамтамасыз етеді:

Барлық адамдар жеке таңдауы бойынша 

бейбіт және заңды түрде жұмысшылар 

ұйымын құруға және оған қосылуға немесе 

қосылмауға ерікті және ұжымдық түрде 

талқылауға қатысу құқығына ие.

Қазіргі кездегі құлдық, оның ішінде 

күштеп, байлап немесе мәжбүрлеп жұмыс 

жасату мен құлдық саудаға қатаң түрде 

тыйым салынған, Ericsson бала еңбегін 

пайдалануға қарсы.

Ешқандай тұлға, мысалы, нәсілі, түсі, 

жынысы, жыныстық ориентациясы, 

гендерлік сәйкестігі, отбасылық жағдайы, 

жүктілігі, ата-аналық жағдайы, діні, саяси 

ұстанымы, азаматтығы, ұлты, әлеуметтік 

шығу тегі, әлеуметтік жағдайы, жергілікті 

жағдайы, мүгедектігі, жасы, бір одаққа 

мүшелігі немесе кәсіподаққа мүшелігі, 

не болмаса қолданыстағы жергілікті заң 

бойынша қорғалған кез келген басқа сипаты 

үшін кемсітілмеуі тиіс.

Барлық тұлғалар өздерінің негізгі еңбек 

шарттары мен жағдайларын білуі тиіс.



Ұжымдық этика кодексі


12

13

ӘРБІР ӘРЕКЕТ ЕСКЕРІЛЕДІ 



– Ericsson компаниясына Ericsson компаниясының 

қызметкерлер басқармасында немесе Ericsson қызметкері 

немесе мердігері ретінде, не болмаса жеке мердігер ретінде 

жұмыс істейтін барлық адамдар үшін ережелер

бар. Бұл заңдарда компаниялардың өз 

бәсекелестерімен, тұтынушыларымен және 

жабдықтаушыларымен жұмыс істеу жолы 

қарастырылған және олар, мысалы, бағаны 

белгілеуге, нарық пен тұтынушы тағайындауға 

және бәсекелестерімен саудада алаяқтық 

жасауға, сондай-ақ нарықта басымдық жасауға 

тыйым салады. Ericsson компаниясына жұмыс 

істейтін барлы адам ашық нарықта мүмкіндігінше 

табанды және сындарлы түрде бәсекелесе 

отырып, Ericsson жұмыс атқаратын әрбір елдегі 

бәсекелестік заң талаптарына сай болуы тиіс.

Бухгалтерлік және қаржылық есеп – Ericsson 

компаниясынан бухгалтерлік принциптері мен 

стандарттарын қатаң ұстану, қаржы туралы 

ақпаратты тура және толық хабарлау, сондай-

ақ бухгалтерлік және қаржылық есептің 

қолданыстағы заңға, ережелерге және тізімдеу 

талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету 

үшін тиісті ішкі бақылаулар мен процестер 

жүргізуі талап етіледі. Компанияның осы 

саладағы күш-жігерлерін қолдауыңыз керек.



Инсайдерлік ережелер мен саудаға тыйым 

салу – Ericsson компаниясына жұмыс істейтін 

барлық адам барлық қолданыстағы инсайдерлік 

ережелерге сәйкес әрекет етуі тиіс. «Инсайд 

ақпараты» — құпия ақпарат, егер ол жария 

болса, қаржы активінің бағасына біраз әсер 

етуі мүмкін. Инсайд ақпаратын иеленуші 

тұлғаларға осы ақпарат қатысты болатын қаржы 

активімен сауда жасау туралы инсайд ақпаратын 

пайдалануға тыйым салынады. Сонымен бірге, 

осындай ақпарат оның міндетін орындауға 

қажетті емес адамдарға (отбасы мүшелеріне, 

достарға, әріптестерге немесе басқаларға) 

инсайд ақпаратын жария етуге тыйым салынады.

Жабық кезең – Telefonaktiebolaget LM Ericsson 

директорлар кеңесінің және Ericsson тобы 

басқармасының мүшелеріне қаржылық есеп 

Ericsson өзінің бизнесіне қатысты барлық заңдар, 

ережелер мен нормативтік талаптарды сақтайды. 

Ericsson компаниясының істерін жүргізгенде, 

алуан түрлі құқықтық мәселелерге кезігуіңіз 

мүмкін. Кез келген қолданыстағы заңның, тәртіптің 

немесе ереженің бұзылуы Ericsson компаниясына 

және қамтылған жеке тұлғаларға қатерлі зардап 

әкелуі мүмкін. Сондықтан, сіздің міндетіңіз тиісті 

заңдармен, ережелермен және нормативтік 

талаптармен, соның ішінде төмендегі тізімде 

берілген салаларда танысу және оларға сай 

әрекет ету болып табылады.

Сауда принциптері – көпұлтты компаниялар 

тобы ретінде, әсіресе өнімдер мен қызметтерді 

экспорттағанда және импорттағанда бізге 

қолданылатын нақты заңдар, ережелер мен 

нормативтік талаптар. Ericsson қызметкерлері 

қолданыстағы жергілікті және сыртқы экспорттау 

және импорттау ережелеріне, бойкотқа қарсы 

нұсқауларға, сауда тыйымдарына және күші бар 

санкцияларға қатысты заңдармен, ережелермен 

және нормативтік талаптармен таныс болуы 

және оларға жүгінуі тиіс. Осы заңдар, ережелер 

мен нормативтік талаптарға сәйкес, жеке 

тұлғалардың кейбір коммерциялық қызметке 

қатысуына шектеу қойылады, мысалы, «Америка 

Құрама Штаттарының тұлғаларына» (АҚШ 

азаматтары, жасыл карта иелері мен АҚШ-та 

жүрген адамдар) үшін осындай шектеулер 

қойылуы мүмкін. Сауда принциптеріне қатысты 

сұрақтар бойынша қызметкерлерге Топтың заң 

бөлімі қолдау көрсетеді.



Әділ бәсекелестік – Ericsson әділ бәсекелестікті 

қолдауға мүдделі. Әділ бәсекелестік бизнес 

тиімділігі үшін ең жақсы материалдық 

стимуляцияны қамтамасыз етеді. Ол бизнесті 

дамыту және инновацияны қолдайды және 

тұтынушылар үшін кеңірек таңдау жасайды. 

Көптеген елдерде әділ бәсекелестікке кедергі 

келтіретін бизнестерге тыйым салатын заңдар 



Заңдарға, ережелерге және нормативтік 

талаптарға сәйкестік


13

Ericsson компаниясының қызметкерлері 

жұмыстарды жақсартуда қатысуды арттыру 

үшін құрылғыларының жұмыстық және 

қаржылық өнімділігін жақсы түсінуі маңызды 

болып табылады. Бұл Ericsson компаниясының 

қаржылық ақпаратты жариялау саясаты мен 

инсайдерлік ережелер және қор биржалары 

мен бағалы қағаздар нарығын қадағалау 

органдарының тізімдеу және хабарлау 

ережелері сияқты шектерде көрсетілген заңдық 

талаптармен теңестірілуі керек. Ericsson 

компаниясының бұл талаптарды орындау 

міндеттемесі Ericsson компаниясына жұмыс 

істейтін тұлғалардың компания акциясының 

бағасына ықпал етуі мүмкін материалдық 

жаңалықтарды басқару жолын анықтайды. 

Сыртқы тараптарға қаржы көрсеткіштері мен 

перспективалар туралы түсініктемелерді тек 

өкілдер туралы нұсқаулық бойынша құқық 

берілген ресми компания өкілдері Топтың 

бұқарамен қарым-қатынас бөлімі қолдайтын іс-

әрекеттерімен бірге бере алады.

Қаржы есебін берумен айналысатын барлық 

адамдар әрқашан Ericsson мемлекеттік 

мекемелерге немесе органдарға тапсыратын 

немесе басқа да қоғамдық байланыс 

орындарына жасайтын есептер мен құжаттарда 

толық, әділ, тура, уақтылы және түсінікті 

ақпаратты көрсетуі тиіс.

Өкілетті өкілдерге компанияны сыртта 

таныстыру тапсырылады және тақырыптардың 

кең ауқымын қамтуы мүмкін. Барлық адамдар 

компания туралы ортақ ақпаратты бөлісу арқылы 

Ericsson компаниясы туралы әлемге жариялауға 

шақырылады, бірақ қаржылық көрсеткіштер, 

стратегияға қатысты мәселелер немесе жеке 

тұтынушыға қатысты ақпарат туралы тек өкілетті 

өкілдер түсініктеме беруі тиіс. Топтық қызмет 

байланыстары күмәнді кезде қызметкерлерді 

қолдауға дайын.

Коммуникация және қаржы туралы ақпарат

жарияланардан бұрынғы 30 күндік жабық 

кезең ішінде Ericsson компаниясының қаржы 

активтерімен қандай да бір транзакция жүргізуге 

заңмен тыйым салынады.  Барлық Ericsson 

компаниясының қызметкерлеріне қолында 

инсайд ақпараты болмаса да осы кезең 

аралығында Ericsson қаржы активтерімен сауда 

жасамауға кеңес беріледі.

Құпиялық – Ericsson компаниясы 

қызметкерлерге, серіктестерге, сыртқы 

жұмыс күшіне, тұтынушыларға және соңғы 

пайдаланушыларға қатысты жеке ақпаратты 

қоса, жеке ақпараттың құпиялығын қорғауға 

мүдделі. Жеке ақпарат құпия сақталады және 

қауіпсіз жолмен өңделеді. Сіз тек жұмыс 

тапсырмаларын орындау үшін қажет жеке 

деректерді өңдейсіз.



14

15

Біз іскерлік шешімдерді жеке ойларымыз 



бен қатынастарымыздан гөрі, Топтың ең ізгі 

мүдделерін негізге ала отырып қабылдаймыз. 

Ericsson компаниясының ең ізгі мүддесі үшін өз 

бетімізше шешім қабылдауға бір нәрсе кедергі 

келтіргенде немесе ықпал еткенде мүдделер 

қайшылығы туындайды. Біз жеке мүдделеріміз 

Топтың мүдделеріне қайшы келуі немесе қайшы 

келетін болып көрінуі мүмкін жағдайларды 

болдырмауымыз керек.

Төменде қаперге алынуы тиіс жағдайлардың 

мысалдары берілген:

Коммерциялық мүмкіндіктер – Ericsson 

мүдделеріне қайшы болуы мүмкін болған 

жағдайда, Ericsson үшін жұмыс бағытында 

анықталған коммерциялық мүмкіндіктерді 

өзіңіз, отбасыңыз немесе достарыңыз 

үшін пайдалануға болмайды. Сондай-ақ, 

Ericsson компаниясының мүддесін немесе 

ақпаратын немесе Ericsson компаниясындағы 

лауазымыңызды жеке бас пайдаңыз, 

отбасыңыздың немесе достарыңыздың пайдасы 

үшін басқаша жолмен пайдалануға болмайды.

Басқа жұмыс немесе тапсырма – Ericsson 

компаниясынан тыс, компенсациямен немесе 

компенсациясыз, Ericsson компаниясындағы 

жұмыс өнімділігіне зиян келтіретін немесе 

зиян келтіруі мүмкін, не болмаса мүдде 

қайшылығын жасауы мүмкін ешқандай жұмысты 

немесе тапсырманы қабылдамауыңыз керек. 

Ericsson қызметкерлері уақыт пен назарды 

Ericsson компаниясындағы міндеттерді 

орындаудан басқа нәрсеге бұратын немесе 

Ericsson компаниясындағы жұмыс уақытында 

жұмыс істеуді қажет ететін сыртқы іскерлік 

мүдделерге араластырмауы тиіс. Ericsson 

қызметкерлері жұмыс Ericsson атынан 

немесе сұрауымен болмаса, ICT ұйымынан 

немесе жабдықтаушылардан, клиенттерден, 

агенттерден, тұтынушылардан не болмаса 

Ericsson компаниясының бәсекелестерінен 

қызметті немесе жұмысты қабылдамай мүддеге 

ықтимал қайшылықтың алдын алу тиіс.



Ericsson компаниясынан тыс Директорлар 

кеңесін тағайындау – егер компания мүддесіне 

қайшылықтар болса немесе қызметкерлердің 

міндетіне не болмаса Ericsson компаниясының 

жұмысына елеулі әсер ететін болса, Ericsson 

қызметкерлері нысанның немесе ассоциацияның 

(коммерциялық емес ұйымның) директор 

орнына тағайындалмауы тиіс. Мысалы, Ericsson 

компаниясы бәсекелесінің, тұтынушысының, 

жабдықтаушысының немесе стратегиялық 

серіктесінің директор болуына рұқсат берілмейді. 

Ericsson компаниясының маңызды емес 

жабдықтаушысының директоры болуға болады 

(шектеулі жағдайларда), бірақ міндетті түрде 

компанияның бас заңгері мақұлдауы тиіс.

Компания мүддесіне қайшы келмесе, 

қызметкерлер мақұлдаусыз сыртқы нысанның 

директорларының бірі болуына болады. 

Қосымша директор орнына тек қызметкердің 

менеджері немесе менеджердің менеджері 

алдын ала мақұлдағанда рұқсат етіледі. Топ 

басқармасы үшін арнайы мақұлдау процесі 

қабылданады. Мүдделер қайшылығы пайда 

болу мүмкіндігі болмаса, коммерциялық емес 

ұйымдардағы кеңестерде қызмет атқаруға алдын 

ала мақұлдау қажет емес.

Саяси белсенділік – Ericsson саяси 

партияларға немесе комитеттерге, не болмаса 

жеке саясаткерлерге

3

 тікелей немесе жанама 



жолмен жарналар немесе төлемдер төлемейді 

немесе басқа түрлі қолдау көрсетпейді. Ericsson 

компаниясының атынан немесе корпоративтік 

қаражаттарды немесе ресурстарды пайдалану 

арқылы қандай да бір саяси үлестер 

қосуға болмайды.



Мүдделер қайшылығы туралы хабарлау – 

Ericsson компаниясы сізден мүдделер 

қайшылығын тудырады деп орынды түрде 

күтілетін жағдайларды немесе транзакцияларды 

хабарлауын талап етеді. Егер мүдделер 

қайшылығын тудыратын бір транзакция немесе 

кез келген басқа келісімге, не болмаса орынды 

түрде мүдделер қайшылығы деп қабылдануы 

мүмкін басқа нәрсеге қатысып жүргеніңізден 

күмәндансаңыз, басшыңызға және Топтың 

заң бөліміне хабарлауыңыз керек. Басшыңыз 

бен Топтың заң бөлімі мүдделер қайшылығы 

бар-жоғын анықтау және, бар болған жағдайда, 

оны қалай шешу керектігін анықтау үшін сізбен 

жұмыс істейді.

Мүдделер қайшылығын шешу

3

 Бұл бөлімдегі ешнәрсе Ericsson компаниясының белгілі бір құқылы қызметкерлерінен ерікті жарна жинау 



және Америка Құрама Штаттарындағы сайланған саяси лауазым кандидаттарына үлес қосу үшін Америка 

Құрама Штаттарының заңы (нақты айтқанда 2 U.S.C. § 441b(b)(4)(B)) бойынша рұқсат етілген түрде бөлек қор 

құруға және оны жүргізуге тыйым салмайды.



15

Толеранттық емес – Ericsson компаниясы 

коррупцияның және қаржы бұзушылықтың, оның 

ішінде пара алу, пара беру, айыппұлды азайту 

үшін сыйақы, алаяқтық, ақшаны жеп қою және 

ақшаның ізін жасыру, бойынша толеранттық 

емес саясаты бар.



Пара алу және пара беру – Ericsson 

компаниясының өкілдеріне тікелей немесе 

жанама түрде, қызметкерлерге немесе бизнес 

серіктестердің басқа өкілдеріне (тұтынушылары, 

жабдықтаушылары және арна серіктестері 

сияқты) не болмаса басқа үшінші тараптарға 

пара беруге, пара алуға немесе басқа заңсыз, 

не болмаса этикаға жатпайтын пайда талап 

етуге немесе қабылдауға, не болмаса ұсынуға 

немесе беруге болмайды.



Сыйлықтар мен ойын-сауық – Ericsson 

компаниясының өкілдеріне бизнес 

серіктестерінен немесе басқа үшінші 

тараптардан сыйлықтар, жәрдемақылар, 

төлемдер не болмаса заңды бұзушылық 

болып қарастырылатын немесе мүдделерге 

қайшы келетін, екіге бөлінген бейілділікті 

не болмаса бизнес шешімдерге дұрыс 

әсер етпейді деп немесе қабылдаушының 

жұмысына немесе міндеттеріне басқа әсер 

етеді деп саналғанда ойын-сауықты ұсынуға 

немесе қабылдауға болмайды. Ericsson 

компаниясының қызметкерлері аз құндылықпен 

промо-акция ретінде берілгеннен басқа кезде 

бизнес серіктестерден немесе басқа үшінші 

тараптардан сыйлықты қабылдамауы тиіс. 

Барлық сыйлықтар немесе ойын-сайық:

• 

бизнеске қатысты



• 

қабылдаушының қызметкеріне ашық түрде 

қалыпты айту

  орынды құндылық



  ешқандай міндетсіз немесе шартсыз және

  үздіксіз келісім барысында



Кейбір сыйлықтар мен төлемақыларды 

ешқашанұсынуға немесе қабылдауға, оның 

ішінде ақшалай, қарызға, сыйлық, купон, 

пара, жеке мақсаттарға жұмыс істеу, этикаға 

жатпайтын төлемдер, демалыстар немесе жеке 

адамға арналған төлемдерге рұсат етілмейді.

Толығырақ нұсқаулар Ericsson компаниясының 

жұмыс бағдарламалары мен электронды 

құжаттарында бар.

Мемлекеттік қызметкерлер – мемлекеттік 

органдармен және оның қызметкерлерімен 

немесе өкілдерімен байланысқанда қатаң 

ережелер қолданылады. Бұның мемлекеттік 

компанияларға, мысалы, көптеген мобильді 

операторларды да қамтитынын ескеріңіз. 

Қалыпты жағдайда мемлекеттік қызметкерге 

тікелей немесе жанама ешқандай құнды нәрсе 

уәде етпеген, ұсынбаған немесе бермеген жөн. 

Айыппұлды азайтқаны үшін сыйақы – 

қалыпты мемлекеттік әрекеттерді (виза жасау, 

рұқсаттар немесе лицензия беру) жылдамдату 

немесе бітіріп беру үшін мемлекеттік қызметкер 

талап еткен ресми емес төлемдерге Ericsson 

компаниясы рұқсат етпейді. Мұндай сыйақылар 

көптеген елдерде заңсыз болып табылады және 

бұл үшін беруші заңмен қудалануы және жазаға 

тартылуы мүмкін.

Алаяқтық және ақшаны жеу – Ericsson 

компаниясы алаяқтық немесе ақшаны жеу 

әрекеттерінің ешқандай түрін қабылдамайды.

Ақшаның ізін жасыру – Ericsson компаниясы 

халықаралық күштердің ақшаның ізін 

жасырумен және террористер мен қылмыстық 

істермен күресуін қолдайды. Біз қалыптан 

тыс төлемдер жасау әдістерімен немесе 

Ericsson саясаттары мен нұсқауларына 

қайшы келетін байланысты емес тараптардың 

төлемдерімен айналыспаймыз.



Қолдау және есеп беру – не нәрсеге рұқсат 

етілгеніне әлі де күмәніңіз болса, кеңес алу 

үшін Топтың заң бөлімімен хабарласыңыз. 

Кез келген мұндай ұсыныс немесе ұсынуға 

ыңғайлану Топтың заң бөліміне дереу 

хабарлануы керек. Ericsson сәйкестік желісін 

де пайдалануға болады.

Коррупция мен қаржылық бұзушылық



16

17

Ericsson компаниясында алуан түрлі активтер



соның ішінде материалдық активтер, меншікті 

ақпарат пен зияткерлік меншік бар. Сіз өзіңізге 

сеніп тапсырылған Ericsson мүлкін қорғау және 

жалпы Ericsson компаниясының активтерін 

қорғауға көмектесу үшін жауаптысыз. Бұл үшін 

Ericsson компаниясының қауіпсіздік нұсқауларын 

білуіңіз және түсінуіңіз керек. Назарыңызға іліне 

салысымен, Ericsson мүліктерінің жоғалғаны 

немесе жоғалу қаупі туралы басқарушыңызға 

немесе Ericsson қауіпсіздік бөліміне дабыл 

қағып, хабарлауыңыз керек.

Төменнен ақпаратты іште және сыртта өңдеу, 

коммуникация жүйелері мен зияткерлік меншік 

бойынша кейбір нұсқауларды табасыз.



Зияткерлік меншік – Зияткерлік меншікке 

компьютер бағдарламалары, техникалық 

құжаттама мен өнертабыстар сияқты алуан түрлі 

мүліктер жатады. Белгілі бір зияткерлік меншік 

авторлық құқық, патенттік құқық, сауда белгісіне 

құқық және т.б. арқылы арнайы қорғалады және 

қорғалуы мүмкін.

Зияткерлік меншік Ericsson үшін ең жоғарғы құнға 

ие және оған тиісті түрде мұқияттықпен қарау 

керек. Бұл құнды активті қорғау үшін қалай әрекет 

ету керектігі туралы нұсқауларды ұстануыңыз 

және, күмәніңіз болса, сұрауыңыз керек. 

Мысалы, бастапқы коды ашық бағдарламалық 

құралды тек Ericsson компаниясының бастапқы 

коды ашық бағдарламалық құрал бойынша 

ережелерге сәйкес қолданып, тарату маңызды 

болып табылады.

Жұмыс бабымен Ericsson қызметкерлері 

жасаған зияткерлік меншік, халықаралық 

конвенцияларда, қолданыстағы заңдарда 

және Ericsson компаниясымен келісімде 

көрсетілгеннен басқа жағдайларда заң және/

немесе еңбек келісім-шарты немесе басқа 

келісім бойынша Ericsson компаниясының 

меншігіне өтеді.

Ericsson компаниясының АТ ресурстарын 

пайдалану – Ericsson компаниясының АТ 

ресурстары, соның ішінде байланыс жүйелері 

мен Интернетке қосылу Ericsson ісін жүргізу 

немесе басшылығыңыз тарапынан немесе 

қолданыстағы Топтың басшылық құжаттары 

бойынша рұқсат етілген басқа да қосымша 

мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін. Ericsson 

компаниясының АТ ресурстарына Ericsson 

компаниясы бермеген құрылғылармен және 

сақтау құралымен кіру үшін сізге басқарма 

немесе қолданыстағы Топтың басқарушы 

құжаттары рұқсат беруі тиіс.

Қолданыстағы заңмен рұқсат етілген ауқымда 

Ericsson компаниясының АТ ортасына қандай 

да бір құрылғыдан немесе сақтау құралынан 

кіру (Ericsson берген не бермеген) орнатылған 

бағдарламалық жасақтама, USB сақтау 

құрылғысы, қорғау жүйелері, әкімші ақпараты, 

қосымша желі қосылымдары, шифрлану, вирусқа 

қарсы немесе зиянды бағдарламалық жасақтама 

мен компоненттер, т.б. үшін тексеріледі. 

Ericsson бизнесін қорғау және Ericsson 

компаниясының АТ ресурстарын рұқсатсыз 

пайдалануды анықтау мақсатында Ericsson 

компаниясының АТ ресурстарына кіру немесе 

Ericsson компаниясының ақпаратын сақтау үшін 

пайдаланылатын барлық құрылғылар мен сақтау 

құралына кіру рұқсатын беруіңіз сұралуы мүмкін. 

Мұндай сұрауды тек өкілетті қауіпсіздік функциясы 

және қолданыстағы процестерге сай жасауы тиіс.

Ericsson компаниясының АТ ресурстарын жол 

бергісіз пайдалануға алаяқтық, қажытатын, 

қорқытатын, заңсыз, нәсілдікке немесе 

жыныстыққа бағытталған, анайы, бопсалайтын, 

беделге нұқсан келтіретін немесе кәсіби ортаға 

басқаша жараспайтын материал мен ақпаратты 

өңдеу, жіберу, алу, қарау, көрсету, сақтау, басып 

шығару немесе басқа жолмен тарату жатады.



Ericsson компаниясынан шыққанда – барлық 

Ericsson активтерін, соның ішінде Ericsson 

компаниясының меншікті ақпараты бар кез 

келген ақпарат тасығышты қайтарып беруіңіз 

керек. Ericsson компаниясынан шыққаннан кейін, 

сіз Ericsson меншікті ақпаратын пайдалану мен 

жариялауға қойылатын шектеулерге бағынышты 

болып қала бересіз.



Компания активтерін қорғау және тиісті 

түрде пайдалану


17

Ericsson компаниясының және 

тұтынушыларымыздың, серіктестеріміз 

бен жабдықтаушыларымыздың құпия 

және меншікті ақпаратын қорғау

Ericsson компаниясына жұмыс істейтін 

адамдарда Ericsson компаниясының меншігіндегі 

ақпаратқа және кейде үшінші тараптардың 

да ақпаратына кіруге рұқсаты бар. Мұндай 

ақпарат қаржы туралы ақпарат, бизнес 

жоспары, техникалық ақпарат, жұмысшылар 

мен тұтынушылар туралы ақпарат және басқа 

да ақпарат түрлері болуы мүмкін. Рұқсатсыз 

ену, пайдалану және жариялау Ericsson 

компаниясына немесе үшінші тарапқа зиян 

келтіруі мүмкін, сондықтан сізге тиісті түрде 

рұқсат берілмеген жағдайда ақпаратқа енуге, 

пайдалануға немесе жариялауға рұқсат 

етілмейді. Рұқсатсыз ену, пайдалану және 

жариялау, сондай-ақ, заңдарды, соның 

ішінде құпиялық туралы ережелерді бұзуы 

мүмкін. Рұқсатыңызға күдіктенген кезде, 

басқарушыңыздан немесе Ericsson қауіпсіздік 

бөлімінен нұсқауларды сұрауыңыз керек.



Ericsson компаниясының және оның 

тұтынушыларының, серіктестерінің және 

жабдықтаушыларының жеке ақпаратын 

қорғауға көмектесетін кейбір ережелер 

төменде берілген:

1.

 



Ericsson жарияламаған 

ақпаратты төмендегілерден басқа 

ешкімге жарияламаңыз:

(i) жұмыстарында ақпаратқа қол жеткізу 

рұқсатын қажет ететін және ақпаратты 

алуға орынды себебі бар Ericsson 

компаниясына жұмыс істейтін адамдар,

(ii) Ericsson тарапынан мұндай ақпаратты 

алушы ретінде өкілет берілген кез келген 

адам немесе

(iii) жұмыстағы міндеттеріңізге сәйкес мұндай 

ақпаратты беруіңіз тиіс адамдар.

2.  Міндеттеріңізді орындау мен Ericsson үшін 

жұмыс істеуден басқа жағдайларда жеке 

ақпаратқа тікелей және жанама түрде 

қол жеткізуші, көшіруші, қайта жасаушы 

немесе пайдаланушы болмаңыз. Ericsson 

компаниясынан шыққанда, жеке ақпаратқа 

қол жеткізуге немесе пайдалануға берілген 

кез келген рұқсат жарамсыз болады және 

қолыңыздағы барлық ақпарат қайтарылуы 

немесе тасталуы тиіс.

3.  Жеке ақпараттың теріс пайдаланылғанын 

немесе өңделгенін білгеннен кейін, 

бірден басшыңызға хабарласыңыз және 

мұндай ақпаратты қорғау үшін Ericsson 

компаниясымен толық ынтымақтастықта 

жұмыс істеңіз.

4.  Жеке ақпаратты Ericsson тарапынан рұқсат 

етілмеген жеке компьютерлерде, сақтау 

құралында немесе басқа құрылғыларда 

сақтамаңыз. Үшінші тарап бұлт қызметтері 

немесе басқа желіде орналастыру 

қызметтері тек Ericsson топ қауіпсіздігі бөлімі 

тарапынан мақұлданған жағдайда жеке 

ақпаратты сақтау үшін пайдаланылуы тиіс.

5.  Ericsson компаниясына жұмыс істейтін 

адамдарға берілген рұқсаттар тек олар 

арналған жолмен пайдаланылуы тиіс. Құпия 

сөздер мен PIN кодтары және сол сияқты 

ақпарат ешқашан рұқсатсыз адамдармен 

ортақ пайдаланылмауы немесе оларға 

пайдалануға берілмеуі тиіс.

Ақпаратты қорғау



18

18

Ericsson



SE-164 83 Stockholm, Sweden

Телефон: +46 10 719 0000

www.ericsson.com

© Telefonaktiebolaget LM Ericsson



жүктеу 152,34 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау