И. В. Савельев жалпы физика курсы I том Алматы 2004


§ 97. Т ем пература



жүктеу 28,35 Mb.
Pdf просмотр
бет193/251
Дата25.05.2022
өлшемі28,35 Mb.
#38762
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   251
313


§ 97. Т ем пература
Температура ұғымыныц анықтамасына төмендегідей 
пікірлер арқылы келуге болады. Егер бір-біріне жанас- 
қан бірнеше дене жылулық тепе-тең күйде тұрған болса, 
яғни жылу беру арқылы энергиямен алмаспаса, онда 
мұндай денелердің температурасы бірдей болады деп 
есептейміз. Денелер арасындағы жылу контактісін ор- 
натқан кезде, олардың біреуі жылу берілу арқылы, 
екінійісіне энергиясын берсе, онда бірінші дененің 
температурасы екіншісінен жоғары болып есептеледі. 
Денелердің көлемі, электр кедергісі және т. с. с. бірқа- 
тар қасиеттері температураға тәуелді болады. Осы қа- 
сиеттердің кез келгенін температураның сандық анықта- 
масын жасауға пайдалануға болады.
Температураны өлшеуге арналған денені (термометр- 
лік денені) ери бастаған мұзбен жылулық тепе-теңдікке 
келтіріп, осы жағдайдағы оның температурасын 0° 
деп алайық та, дененің температурасын өлшеу үшін 
пайдаланғымыз келіп отырған дене қасиетін (темпера- 
туралық белгісін) санмен сипаттайық. Дененің осындай 
белгісі ретінде оньщ көлемі таңдап алынсын дейік. Онын 
0°-тағы мәні 
Vo
болсын. Бұдан кейін осы денені атмосфе- 
ралық қысымда қайнап жатқаң сумен жылулық тепе- 
теңдікке келтіріп, оның осы күйдегі температурасын 
100°-қа теңестіріп, осыған сәйкес оның Уюо көлемін 
анықтайық. Біздің таңдап алған температуралық белгі- 
міз (қарастырылып отырған мысалда — көлем) темпе- 
ратурамен сызықты түрде өзгереді де термометриялық 
дененін, көлемі 
V
болатын осы күйдің температурасын
/ « =
.100° 
(97.1)
V
х КХ) — V 0
деп жазуымызға болады.
Осылайша анықталған 
тсмпературалық Цельсий 
шкаласы деп аталатыны белгілі. (97.1)-ге үқсас қатыс- 
ты, температураны өлшеуге көлем емес, қандай да бір 
басқа температуралық белгі алынатын жағдай үшін жа- 
зуға болады.
Термометрді осы айтылған тәсілмен градуирлеп, оны 
температураны өлшеугс пайдалануга болады, ол үшін 
термометрді температурасын өлшегіміз келіп отырған
314


денсмсн жылулық тепе-теңдікке келтіріп, көлемнің өзге- 
рісіне ессптеу жүргіземіз.
Табиғаты түрліше гермометриялық денелерді (мәсе- 
лен, сынап пен спирт) немесе әр түрлі темгіературалық 
белгілерді (мәселен, көлем мен элсктр кедергісі) пайда- 
ланатын термометрлерді салыстырган кездс, осы термо- 
мстрлердің көрсетулері, 0° жоне 100° болғанда градуир- 
легсндіктен, осы темпсратураларда бірдей болып, ал 
баска тсмпсратуралардағы көрсетулері бірдсй болмай- 
тындығы байқалды. Осыдан, температура шкаласын бір 
мәнді анықтау үшін, градуирлеу тәсілімен катар, термо- 
метриялық дене мен температуралық белгіні де тац- 
дап алу жайында келісіп алу кажет. Келесі параг- 
рафта|температураның эмпириялық шкаласы деп ата- 
латын шкаланы тағайындаған кезде осы айтылгандарды 
калай таңдау керек екендігі жайлы сөз боЛады. Термо- 
дпнамиканың екінші бастамасының негізінде термомет- 
риялық дененің қасиетіне тәуелсіз болатын температура- 
лык шкаланы тағайындауға болатындығы жайлы алда 
сөз болатындығын айта кетёйік (130-параграфты қара- 
ңыз). Бүл шкала т е м п е р а т у р а н ы ц а б с о л ю т
ш к а л а с ы деп аталады.

жүктеу 28,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   251




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау