Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы


ЖЫРАУЛАР ПОЭТИКАСЫ ЖӘНЕ ҚАЛНИЯЗДЫҢ АҚЫНДЫҒЫ



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет180/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   361
file20200121044531 (1)

ЖЫРАУЛАР ПОЭТИКАСЫ ЖӘНЕ ҚАЛНИЯЗДЫҢ АҚЫНДЫҒЫ 
 
Аңдатпа 
М.Әуезов жыраулық өнердің синкретті сипатын айтқанда оның өзгермелі табаиғатын да ескерген болуы 
керек: «Бүгінгі қазақ сахнасында Иса әлденеше ғасырларды жинағандай, мәдениет тарихының әлденеше 
дәуірлерін бітімдестіргендей. 
Мұның арты баяғы кәрі заманнан, саналы толғау иесі жыраудан, ру бәсекесінде ат жарыстырғандай , сөз 
жарыстыратын айтыс ақындарынан келе жатқан суырыпсалма. Бүгінгі тұрған орны – сахна. Айтылып қалған 
сөздері – әдебиет туындысы. Иса сахнадан үгіт айтады, сын айтады. Өзі түсінген мөлшерде сұлулықты, 
жарастықты жырлайды». 
Ел ішіндегі қақтығыстар мен дауларды шешуде әділдігімен халыққа жаққан, жұртқа айрықша қымбатты 
болған жыраулар тарихта аз емес. Солардың бірі –Қалнияз жырау. Оның тіршілігі ғана емес, шығармашылығы да 
Махамбетпен ұқсас. Ол – дүмділер тарпынан қуғын көріп, қысымға шыдамай елін тастан көшкен көптің бірі емес, 
Махамбет сынды «аламанға жел берген аса жұртты меңгерген жырау», романтикалық мінезде қалыптасқан тұлға. 
Қалнияз шығармашылығы туған жерінен қуғын көріп, жат елдерге қоныс аударған қазақ жырауының рухани 
тірлігін, қайғы-қасіретке толы болмысын, шығармашылық ізденістерін анық көрсетеді. 
Түйін сөздер:
жыраулар поэзиясы, позтикасы, мәдениет тарихы, толғау, Қалнияз жырау, суырыпсалма 
ақын, қуғын көру, Ата жұрт, қаһарман құрбылар, жырға қосты, мадақтау 
Жыраулар поэзиясына пәрменді әсер еткен әдеби үрдіс – тарихи жырлар мен тарихи шығармалар 
дәстұрі. Көрнекті тұлғаларға: хандар мен билерге, батырлар мен ел басқарған ақылды тұлғаларға арнал-
ған толғаулар мен арнаулар қазақ жырларының көркемдік өрнектеріне кәдімгідей ықпал еткен. Мұнда 
әдеби дәстүр үлгілері де, қанат жайып өркен сала бастаған бастаған жаңа өскіндер де бар[1, 262-280]. 
Бұл тақырыптар кешенді түрде зерттелуге тиіс. Эстетикалық объектінің сыртқы дүние, әлеммен 
байланысы алуан түрлі әсерлерден құралады. Әдеби дәстүрге жаңалық әкелетін бұл ықпалдың 
қуаттылығы уақыт және кеңістік өлшемдерінде белең бере сала күш ала бастайды. Оның жеке 
жыраулар шығармашылығында көрініс табуы эстетикалық сезімдер шарпысуына тәуелді. Төңірегін 
өзгерте бастаған үлкенді-кішілі уақиғалар жыраудың қабылдауында бірте-бірте үдепкүрделі сезімдер 
бейнесін туғызады. Енді ол жыраудың көркемдік әлеміне ғана тәуелді. ойлануы, тарихи уақиғалар 
туғызған алуан-алуан сезімдерді қорытуы, мақсатына орай қиюластыруы бәрі – ақын-жырлаудың әр 
ортада өзгеріп тұратын шабытына, көңіл-күйіне байланысты. Сондықтан жыраулар шығармалары 
нұсқаларының көп болуы осы заңдылықтарға негізделеді. 
Ал аңыз, хикаяттар, әпсаналар туралы шығармашылық үдеріс мұлде басқа жағдайда өтеді. Мұнда 
уақыт та басқа. 
Дәстүрге жаңалықтың қажетін жараулық әдебиет өкілдері тегістей ұқты деп айту қиын. Тыңдаушы 
көпшілік, сұранысы бұрыннан таныс жырларды ғана емес, жаңа шығармаларды жайната, жаңғырта 
орындауды талап етеді. Әрине мұнда тосын жайлар да бейтаныс әуендер, өрнектер де кездеседі. 
Талантты ақынның дара танымы мен қабылдауының әуендері осында бірден аңғарылады. Жырға 
негіз болған шындық пен оны өзінше талдап, бейнелеуші ақын танымы осы орындауда шендеседі. 
Әрине, өмір шындығының сұлбасы сақталады.
 
Бізге аты-жөні, шығармалары (ауызша, жазбаша) жеткен ақындардың көбі мұсылманша әжептәуір 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
155
сауатты болған

Абыл Өтембет, Қалнияз Шопықұлы, Ақтан Керейұлы, Нұрым Шаршығұлұлы, 
Қашаған Күржіманұлы Аралбай Оңғарбекұлы, Өмір Қараұлы, т.б. 
Олар жыраулық мектептің дәстүрінде тәрбиеленіп, тәжірибе жинақтаған. Шығармаларында 
әлеуметтік, саяси тақырыптар ел бірлігі, мемлекет тұтастығы туралы ойлар бейнеленеді. Әсіресе, ХІХ 
ғасырдағы зар заман бағытының ақындарында ел бірлігі мен елдік сана Ресейдің отарлық саясатымен 
қабаттастырыла суреттеледі. Қазақстанға күн санап еніп жатқан сан түрлі жағалықтардың ұлттық 
дәстүр мен салт-сананы бұзып жатқанына, мұның ел бүлдіргіштік сипаты әшкерелене айтылады [2, 70]. 
Жыраулар поэзиясындағы эстетикалақ қуаты айрықшалардың бастысы өмірдің түрлі кезеңдері 
жасық шақ пен есею, кемелдену және кәрілік т.б. толғаныстардың табиғат және қоғамдық 
құбылыстарымен егізделе жырлануында.
Бұл негізгі жанрлардың бәрінде ұшырасады. Философиялық толғамы айқын толғаулар мен тарихи 
уақиғаларды баяндайтын жырларды, өлеңдер мен термелерді атауға болады [3, 238-239]. Жыраулық 
өнерде осы жанрлар мен бейнелеу құралдарының поэтикалық, мазмұндық және тілдік, өрнектері 
үздіксіз дамып ұштала түсті. 
Бірақ бір өкініштісі шығармалардың жазба нұсқалары жоқ. Тіпті,сауатты, жыраулардың өздері де 
туындыларын жазып қалдырмаған. Мұның түрлі себептер болуға тиіс. Мәселен, қолжазбалардың 
сақталмауы, жоғалуы тіпті болмауы да мүмкін. Жыраулық поэзия, дәстүр туралы жан-жақты 
зерттеулер жасаған ғалымдар аз жазған жоқ. 
Сондықтан оларды қайталап жатпай-ақ, тақырыпқа қатысты бірер мәселені ғана шола кетейік. 
Жыраулық поэзия дәуірлеп тұрған замандарда толғау, жырларды жазып алуға – қоғамда 
қажеттілік болмағандай. Қағазға түсіру дәстүрі оңай тәрізді көрінгенмен болмысы басқа – тынымсыз 
еңбекті, ойды қажетсінеді. Суырып салмаға әбден төселген сауатты – ақын-жыраулар сәтті 
шығармаларын елге таратуда шәкірттеріне сенген. Бірақ олардың жырлауында ғана емес, өз 
орындауларында да мазмұндық, көркемдік өзгешеліктерді байқаған. Бұл жаңарулар қағазға түскенге 
дейін тоқталмаған. Қағазға көшкен туындының көркемдігін жоғалтатыны шындық. Оны бүгінгі 
ақындар поэтикасын зерттеушілер де мойындайды. Ендеше, бір шығарманың әлденеше үлгілерін 
салыстыруда сол заман ахуалына, стиліне жақындарын таңдап қолданған жөн. Бұл Қалнияз 
шығармашылығын зерттеушілер үшін есте болуға тиіс. 
М.Әуезов жыраулық өнердің синкретті сипатын айтқанда оның өзгермелі табаиғатын да ескерген 
болуы керек: «Бүгінгі қазақ сахнасында Иса әлденеше ғасырларда жинағандай, мәдениет тарихының 
әлденеше дәуірлерін бітімдестіргендей. 
Мұның арты баяғы кәрі заманнан, саналы толғау иесі жыраудан, ру бәсекесінде ат 
жарыстырғандай, сөз жарыстыратын айтыс ақындарынан келе жатқан суырыпсалма. Бүгінгі тұрған 
орны – сахна. Айтылып қалған сөздері – әдебиет туындысы. Иса сахнадан үгіт айтады, сын айтады. 
Өзі түсінген мөлшерде сұлулықты, жарастықты жырлайды. Өлеңмен күлдіргі қалжың айтады. 
Жақсының сарынындай құбылып, бүктетіліп толқын желдірменің әніне қосқанда шалқыған ақындық 
сөзін ту ғып ұстап заманды қазып келе жатқан өнер желмаясыны шабысы елестегендей болады. 
Бірақ, суырыпсалма өлең көп алдындаақынның өз аузынан сол арада ғана шығып, арнаулы сарын-
ға түсіп, домбырамен бірге қанат қағып алып ұшып келе жатса, ең әуелі өте әсерлі жарастық, үлкен 
әсерлілік сол шабыстың өзінде деп санау керек. Әдебиет, музыка, сахна бәрінің бірдей бас қосатын 
жері осы. Адамдағы салтанатты, сымбатты өнердің өзгеге жат, біізге таныс бір алуан түрі, үлгісі осы. 
Қолдан жасалмайтын, оңайшылықпен қайта тумайтын сирек өнерді біз, бүгінгі заманның 
адамдары, мәдениетті елше қадірлей, бағалай білуіміз керек» [4]. ХҮ ғасырдағы қазақ әдебиеті 
туралы біршама деректі мәліметтерді халық әдебиетінің табыстарынан аңғауға болады. Бүкіл 
қыпшаққа даңқы жайылған Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет, 
Шалкиіз, Марғасқа, Жиембет, Ақтамберді т.б.кім білмейді. Әсіресе, ауыз әдебиетінде көркемдік 
дәрежесі ойдағыдай, тіпті аса жоғары деп те айтуға болады, талай тарихи шығармалар, эпостық 
жырлар, толғаулар дүниеге келді. Әдеби тілдің даму да жоғары деңгейге жетті. Бұл табыстарда 
жыраулық әдебиеттің үлесі орасан мол. Орны да бөлек. 
Жыраулық әдебиеттен көрінетін басты тақырыптарға тоқталсақ: Алдымен ел алдындағы 
әлеуметтік қайшылықтардың сөз болуы. Әр әлеуметтік топ өз идеологиясы үшін күресті. Байлар мен 
билер, батырлар мен шешендер т.б. Оларға арналған қошаметшіл, мадақ поэзиясы бірден көзге 
түседі. Жыраулық поэзияда бұл аз емес. 
Түрлі деңгейдегі қоғамдық тартыстарда жеңіске жеткендердің озбырлық әрекеттері, жеңілгендер-
дің өкініші мен қасіреті – жыраулық поэзияның мақты арқауы. Осы қарама қарсы құбылыстардың 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау