Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не
материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті қылмыс жасау
—
жеңілдететін мән
-
жай ретінде
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық,
қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті қылмыстық құқық бұзушылық
жасау (1
-6. «8»
т.) бұрыныраққа қарағанда қазірде жаңаша, басқаша
бағаланады. Бұл мән
-
жайлардың жеңілдететін мән
-
маңызы қылмыстық
құқық бұзушылық
жасайтын адамның әр
мінез
-
құлығын таңдауда тіптен
еркін еместігімен анықталады. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
ықпалымен қылмыстық құқық бұзушылық
жасау жасалған іс
-
әрекеттің
айыпкердің ерік
-
жігері мен санасына тікелей немесе жанама ықпал етуші
тұлғаның ерік
-
жігеріне байланысты болуы себепті, басқа жасалған
қылмыстық құқық бұзушылықтың
қауіптілігі дәрежесін төмендетеді,
жауаптылықты жеңілдетеді немесе тіпті жоққа шығарады. Айыпкердің
қылмыстық құқық
жасау туралы шешім қабылдауына не тікелей (күштеп
немесе психикалық) қысым жасау, не материалдық жағдайын, жұмысын,
тұрғын жайды пайдалану мүмкіндігін немесе айыпкердің өзі тәуелді
тұлғаның оған деген ықылас
-
пейілін жоғалтып алу қауіпі ықпал етеді.
54
Тәуелділік дәрежесін және қылмыстық құқық бұзушылық
бас тартқан
жағдайда пайда болуы мүмкін, айыпкер үшін қажетті емес зардаптардың
сипатын сот бағалауы тиіс.
Заңда күштеп және психикалық мәжбүрлеудің түрлері айтылмайды, олар
әр түрлі болуы мүмкін. Күштеп мәжбүрлеу зорлық
-
зомбылық
әрекеттерінде
көрініс
табады: байлап тастау, соққы беру, ұру, денеге жарақат салу,
мүліктерді жойып жіберу, т.б.
Психикалық мәжбүрлеу күш қолданамын деп қорқыту түрінде немесе
басқа адамдарға қатысты басқа да заңсыз іс
-
әрекеттер жасау түрінде болуы
мүмкін.
Қорқыту нақтылы сипатта болуы керек (айыпкердің ой
-
санасында ғана
бар елес күйінде емес) және де қылмыстық құқық бұзушылық
жасаған
түлғаға немесе оның жақындарына тікелей бағытталуы тиіс. Мәжбүрлеудің
сипаты мен дәрежесі қылмыстық жауаптылықтан толықтай босатуға негіз
болып табылуы мүмкін.
Аталған мән
-
жайлар жауаптылықты жеңілдетеді, бірақ егер жағдай аса
қажеттілік деп бағаланбаса, одан босатпайды (ҚР ҚК
34-
6.). Дегенмен ҚК 3
7-
бабының 1
-
бөлігіне сәйкес, егер адам күштеп мәжбүрлеудің салдарынан
өзінің іс
-
әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің
нәтижесінде қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру
қылмыстық құқық бұзушылық
болып табылмайтындығын әркез есте ұстау
керек.
Мұндай
жағдайлар
ҚР
Қылмыстық
кодексте
іс
-
әрекеттің
қылмыстылығын жоққа шығаратын мән
-
жайлардың бірі ретінде
қарастырылады. Жоғарыда аталған мүдделерге психикалық мәжбүрлеу
нәтижесінде, сондай
-
ақ күштеп мәжбүрлеу нәтижесінде зиян келтіргені үшін
қылмыстық жауаптылық туралы мәселе, егер түлға бұл
ретте өзінің іс
-
әрекеттеріне ие бола алатындай мүмкіндікті сақтаса, заңның аса қажеттілік
туралы ережесін ескере отырып шешілуге тиіс. Мүндай мән
-
жайлар үшін
қылмыстық жауаптылық аса қажеттілік болған жағдайда жоққа шығарылады.
Материалдық тәуелділік
-
мүліктік қарым
-
қатынастар жағдайындағы
тәуелділік. Бұл
жағдайда айыпкердің материалдық жағдайы оның тіршілік
ету үшін алған мүлік
-
заттары, олардың көлемі мен сипаты басқа тұлғаға
тәуелді болып келеді. Басқа тәуелділікке, мәселен, қызметтік, туысқандық
тәуелділікті және т.б. жатқызуға болады.
Қызметтік тәуелділік жұмыс
немесе қызмет барысында (
«
директор
» -
«
қарамағындағы адам
»
), не
бақылау
-
қадағалау жағдайында (
«
инспектор
» -
«
тексерілуші
»
) пайда болады. ҚР ҚК
-
нің
53-
бабының 1
-
бөлігі
«8»
тармағында айтылған басқа тәуелділіктер туысқандық немесе ерлі
-
зайыптылық қатынастардан келіп шығады, заңға немесе келісім
-
шартқа
негізделеді, мәселен, қамқорлықтағылардың қамқоршыға (қорғаншыға)
тәуелділігі.
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу жолымен мәжбүрлеу
жағдайында, не материалдық, қызметтік немесе өзге де
тәуелділік күшімен
қылмыстық құқық бұзушылық
жасаған жағдайда айыпкерлер не қылмыстық
құқық бұзушылықтың
жеке
түрі үшін, не жасалған қылмыстық құқық
бұзушылыққа
қатысқаны үшін жауап береді, немесе олардың іс
-
әрекеттері
қылмыстық құқық бұзушылықтардың
жиынтығы бойынша дәрежеленеді.
55
Белгілі бір шарттар болған жағдайда сот ҚР ҚК
-
нің
54-
бабының
негіздерінде жазаны күшейтуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |