52
келеді.
Материалдық зиянның орнын толтыру қылмыскердің жеке басын жақсы
жағынан сипаттайды. Қылмыстық жазаны жеке даралаған кезде соттар
төмендегі мән
-
жайларды есепке алуға тиіс:
-
зиян толық орнына келтірілді ме немесе жартылай ма;
-
зиян қылмыстық құқық бұзушылық
туралы өкімет органдарына белгілі
болғаннан кейін қалпына келтірілді ме, әлде алдын ала тергеу кезінде не
қылмыстық істі сотта қарау кезінде қалпына келтірілді ме;
-
зиянды қалпына келтіру субъектіні жақсы жағынан сипаттайтын басқа
мән
-
жайлармен (шын жүректен опық жеу, кінәсін мойындап келу,
қылмыстық құқық бұзушылықты
ашуға белсенді ықпал ету, тәртіпті
мінез
-
құлығы және т.б.) байланысты ма;
-
зиянды қалпына келтірудің қандай себеп
-
салдарлары болды: шын
жүректен өкіну, аяушылық, қорқыныш, өзінің кінәсін жеңілдетуге
ұмтылу және т.б
(53).
Келтірілген іс
-
әрекеттер шын жүректен өкінуді айғақтайды. Олардың
бірқатары сонымен бірге қылмыстық залалды зардаптарының алдын алуға
немесе азайтуға ықпал етуі мүмкін. Мәселен, қылмыстық құқық бұзушылық
жасалғаннан кейін бірден
жәбірленушіге медициналық және өзге де көмек
көрсету осындай рөл атқарады.
Мүліктік залалдың немесе моральдық зиянның орнын өз еркімен
толтыру қылмыстық құқық бұзушылық
жасалғаннан кейін бірден, сондай
-
ақ
арада біршама уақыт өткеннен кейін, оның ішінде қылмыстық құқық
бұзушылық
ашылғаннан және айыпкерді анықтаған соң, бірақ үкім
шығарылғанға дейін орын алуы мүмкін. Бұл зиянның орнын толтырудың
басқа да түрлеріне де қатысты болып келеді. Еріктілік
-
мұндай іс
-
әрекеттерді
жеңілдетуші мән
-
жай деп танудың міндетті шартты.
Жоғарыда келтірілген жеңілдететін мән
-
жайлардың болуы және
ауырлататын мән
-
жайлардың болмауы жағдайында жазаның мерзімі мен
көлемі ҚР Қылмыстық кодексінің
Ерекше бөлімінің тиісті
бабында
көзделген барынша қатаң жаза түрінің ең жоғары мерзімнің төрттен үш
бөлігінен аспауы керек.
Заң әдебиеттерінде және сот тәжірибесінде мүліктік залалдың және
моральдық зиянның орнын толтырудан жалтаруды жауаптылықты
ауырлататын мән
-
жай ретінде қарастыру жөніндегі теріс көзқарас бар.
Біздіңше, жоғарыда аталған міндеттерді орындамау дербес болуы керек,
өйткені
олар жасалған қылмыстық құқық бұзушылықты
дәрежелеу кезінде
және субъектіге қылмыстық жаза тағайындау барысында ескерілген.
Достарыңызбен бөлісу: