Жарақаттардың негізгі түрлері денеде
– көгеру, сыдырылу, жара, заттармен, ыстық
сұйықтықтармен, темекімен күйдіргеннен немесе белбеумен ұрғаннан қалған іздер; ішкі
органдардың немесе сүйектердің жарақат сипатында зақымдануы. Бүлдіршін жастағы
балаларға физикалық зорлық-зомбылық көрсетудің ерекше нысаны зақымдану белгілері сырт-
тай білінбейтін ретинальды геморрагиялармен және субдуральды гематомалармен (бастың ми
қабының айналасына қан құйылу) сипатталатын ми шайқалу синдромы болып табылады. Есінен
тану, құсу, бас ауыру түрінде көрінеді.
Cексуалдық зорлық-зомбылық салдары деп күмәндануға мүмкіндік баланың сыртқы түріндегі,
жарақаты мен ауруы сипатындағы ерекшеліктер:
• генитальды, анальды немесе оральды жолдардағы зақымданулар, оның ішінде қыздық
перденің бүтіндігінің бұзылуы, кеуде немесе мықын терісінің зақымдануы;
• анустың кеңеюі;
|