Баланы бесікке бөлеу - зиян ба?
1.1. Сөйлемде екі тыныс белгі бар. Ол - сұрақ белгісі және сызықша.
Сұрақ белгісінің қойылу себебі, сөйлем сұраулы сөйлем.
1.2. Айтылу сазу мен мазмұнына қарай - сұраулы сөйлем. Себебі, жауап
алу мақсатында сұрай айтылған сөйлем. Сұраулы сөйлем дегеніміз - жауап
алу мақсатымен сұрай айтылған сөйлем.
Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады:
1. Сөйлемде сұрау есімдіктері қолдану арқылы.
2. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -ша, -ше шылауларының қолданылуы
арқылы;
3. -ғой, -қой, -ау, -еу шылауларының ә, сірә сияқты оқшау сөздердің,
болар, шығар, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы
арқылы;
4. Сұрау интонациясы арқылы.
105
|