Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



жүктеу 1,6 Mb.
Pdf просмотр
бет155/188
Дата05.01.2022
өлшемі1,6 Mb.
#36556
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   188
tebenova-arnaiy-psih

12.2
 
 ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктері 
 
Ойлаудың 
басқа 
психологиялық 
ҥрдістерден 
айырмашылығы,  бҧл  әрекеттің  бір  қиын  мәселені,  кҥрделі 
ситуацияны  шешумен  байланысты  болды.  Ойлау    қабылдау 
сияқты емес, сезімдік тәжірибе шеңберінен асып кетеді. Ойлауда 
сенсорлық    ақпараттар  негізінде,  теориялық  және  практикалық  
қорытындылар  жасалады.  Ойлау  болмысты,  тек  заттар  тҥрінде 
ғана  емес,  олардың  қасиеті,  ӛзара  байланысы,  қарым-қатынасы 
тҥрінде, яғни белгілі бір заңдылықтар мен  қорытындылар тҥрінде 
кӛрсетеді.  
Қазіргі  кездегі  ПДТ  балалардың  ойлау  әрекетінің 
ерекшеліктері  туралы  айтқанда,  Т.  В.  Егорованың  зерттеу 
материалдарына  сҥйенуге  болады.  Ол  ҥлгермеуші  бастауыш 
сынып  оқушылардың  кӛрнекі-бейнелік,  кӛрнекі-әрекеттік  және 
сӛздік-логикалық  ойлау  тҥрлерін,  жан-жақты  толық  зерттеумен 
кӛп жылдар айналысты.  
Т. В. Егорованың жасаған тамаша әдістемелерінің кӛмегімен, 
бҧл 
балалардың 
ойлау 
кемшіліктерінің 
спецификалық 
ерекшеліктері  анықталды,  оқу  материалын  ҧсыну  әдісі, 
балалардың ойлау деңгейіне сәйкес болмаған жағдайда    
--------------------- 
1
Специальная психология / Под ред. В.И.Лубовского. 2-е изд., испр. – М.:Изд. центр 
«Академия», 2005- С.98-100. 


 
220 
бағдарламаның  меңгерілмейтіндігі  анықталды.  Бҧл  әсіресе, 
арифметикалық есептер шығаруға ҥйретудегі, сӛздік және кӛрнекі 
әдістерді  салыстырудан  анық  байқалады.  Материалды  меңгерту 
ҥшін, оқытудың тиімді әдістерін пайдалану ҥшін,  мҧғалім ҥнемі 
ізденуі қажет.  
ПДТ  оқушылардың  басым  кӛпшілігінде,  ең  алдымен, 
интеллектуалды  мәселені  шешуге  деген  дайындықтың  болмауы 
байқалады.  
Қорытындылау  немесе  топтау  ҥдерісінде,  де  осындай 
ситуация туындайды. Қорытындылау операциясының жеткіліксіз 
деңгейде  қалыптасуы,  заттарды  белгілеріне  қарай  топтастыру 
кезінде байқалады. Олар терминдерді меңгеруде қиналады, кейде 
объектіні жақсы таниды, ал оның атын білмейді.  
Балалардың  кӛбі,  классификация  жасаудың  қарапайым 
тҥрлерін 
жақсы 
меңгерген. 
Қарапайым 
геометриялық 
фигураларды  топтастыру  (тҥсі  мен  кӛлеміне  қарай)  сияқты 
тапсырмаларды  еш  қиындықсыз  орындайды.  Ал,  кҥрделі 
геометриялық  фигуралармен  жҧмыс  істегенде,  жҧмыс  ӛнімділігі 
бірден  тӛмендейді,  тек  санаулы  балалар  ғана  қатесіз  орындай 
алады.  
Кӛрнекі-әрекеттік  ойлау  тҥрінің  деңгейі,  бҧл  балаларда 
қалыпты балалардың деңгейімен бірдей  десе болады, психикалық 
даму  тежелуі  ӛте  айқын  балаларда,  сәл  ӛзгеше  болуы  мҥмкін. 
Балалардың басым кӛпшілігі, берілген тапспмаларды дҧрыс және 
жақсы  орындайды,  тек  кейбіреулеріне  ынталандырушы  кӛмек 
керек  болады,  кейбіреулеріне  тапсырманы  қайталап  тҥсіндіріп, 
нақты  нҧсқау  беру  қажет  болады.  Тҧтастай  алғанда,  ПДТ 
балалардың  ойлаудың  бҧл  тҥрі,  қалыпты  дамып  келе  жатқан 
қҧрбыларының кӛрсеткіштерімен бірдей. 
Кӛрнекі-бейнелік  ойлау  тҥрі,  кӛрнекі-әрекеттік
 
ойлауға 
қарағанда, жоғары деңгейде болғандықтан, сараптамалар әртҥрлі 
кӛрсеткіш береді. Мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалардың 
кейбірі,  ешқандай  қиындықсыз  тапсырмаларды  орындай  алса, 
балалардың жартысынан кӛбіне, бірнеше рет тҥсіндіру мен тҥрлі 
кӛмек беру қажет болады, ал қалғаны жоғарыдағы мҥмкіндіктерді 
пайдаланса  да,  бәрібір  тапсырманы  орындай  алмаған.  Айта 
кететін  бір  жайт,  балалардың  кӛңілін  бӛліп,  алаңдататын  
жағдайлар болғанда, тапсырма орындау деңгейі кҥрт тӛмендеген.
 


 
221 
Сӛздік-логикалық ойлау тҥрі – ойлаудың ең жоғарғы деңгейі, 
сондықтан,  кӛрсеткіштер  бірден  тӛмендей  бастайды.  Сӛйтсе  де, 
ПДТ  балалардың  арасында,  ойлаудың  бҧл  тҥрінің  даму  деңгейі, 
қалыпқа  сәйкестері  кездеседі.  Балалардың  тапсырманың  тек 
жартысын  ғана  орындауға  шамалары  жетеді.  Кӛп  жағдайда 
балаларға  сӛздік  қордың    аздығы,  логикалық  байланыстарды 
орната  алмау,  заттар  мен  қҧбылыстардың    ӛзара  қатынасын 
ҧғынбау  тәрізді  кемшіліктер  кедергі  жасайды.    Қалған 
балалардағы ойлау деңгейі ӛте тӛмен. Олардың сӛздік-логикалық  
ойлау тҥрі әлі жетілмеген, тек енді ғана дами бастаған деп санауға 
болады.  
Мектепке келгенде, балалардың ойлау әрекетінде кездесетін, 
жоғарыдағы  аталған  қиындықтар  ең  алдымен,  ойлау  әрекетінің  
негізгі  компоненттері  болып  табылатын,  интеллектуалды 
операцияларды  (талдау,  жинақтау,  салыстыру,  қорыту  және 
абстрактілеу 
немесе 
дәйексіздендіру) 
әлі 
толық 
меңгермегендігімен байланысты.  

жүктеу 1,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   188




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау