12.4
Кӛру қабілеті зақымданған балалардың ойлау
ерекшеліктері
Нашар кӛретін және соқыр балалардың ойлау қабілеті,
ӛзіндік ерекшеліктермен қалыптасады. Кӛретін адамдардың
ортасында жҧмыс істейтін соқыр адам, ӛзі тҧтас қабылдай
алмайтын ӛмірлік ситуацияларға жиі кездеседі, сондықтан, оған
алдымен ӛзі қабылдай алатын жеке элементтер негізінде, талдау
жасауға тура келеді.
«Тифлопсихологияда, кӛптен бері мынадай пікір бар: ойлау-
-кӛру кемістігінің орнын толтырудағы және қоршаған ортаны
тану тәсілдерін қалыптастырудағы, маңызды психологиялық
факторлардың бірі болып табылады. Кӛру кемістігі бар
адамдардың ойлау қабілетінің дамуы, ҥш тҧжырымдамада
тҧрады:
-
соқырлар мен нашар кӛретіндердің жеделдетілген
ойлаудың дамуы туралы теория;
-
кӛру бҧзылуының ойлаудың дамуына кері әсері туралы
теория;
-
ойлау деңгейінің кӛру кемістігіне тәуелсіздігі туралы
тҧжырым;
Алғашқы теория, бақылаулар негізінде және соқырлардың
анағҧрлым жоғары дамыған, сӛздік-логикалық ойлау дамуы
жайлы деректерді талдау мен интерпретациялау негізінде
жасалған (С. Ф. Струве, А. М. Щербина, А. А. Крогиус, К.
Бюрклен, Б. И. Коваленко). Екінші теория, соқырлар мен нашар
кӛретіндердің ойлау қабілетін зерттеу арқылы, сезімдік таным
кемшіліктері, ойлау мен жалпылау қабілеттеріне әсер ететіндігін
анықтау барысында орнықты (М. И. Земцова, Ф. Н. Шемякин).
Ҥшіншісі – соқырлар мен нашар кӛретіндердің ойлау әрекетінің
даму деңгейін жоспарлау мен оның қалыптасу ҥдерісін
басқарумен байланыстырады (А. И. Зотов пен оның мектебі).
Кӛрнекі-бейнелік
ойлаудың
дамуында,
бейнелермен
операция жасау басты орынға ие, оның мәні, заттар мен олардың
226
бӛлшектерін, ой кеңістігінде орналастыра білу. Бҧл ҥдеріс мектеп
алды жасындағы балаларда, әлі қалыптасу сатысында тҧрады.
Мҧндай тапсырмаларды орындауда, балаларға кӛрнекі, нақты зат
тҥріндегі немесе заттың бӛлігі тҥріндегі тірек керек. Нақты және
тәжірибелік операциядан, бейнелік жоспарға ауысудың сатылы
тҥрде жҥзеге асуы мынаны кӛрсетеді: мектепалды жасқа
жеткенде, балалардағы жеке-жеке, әрі толық емес бейнелер, тҧтас
және сараланған бейнеге айналады, оның қҧрылымындағы мәнді
және мәнсіз, тҧрлаулы және тҧрлаусыз қасиеттері ажыратылады.
Бҧл келтірілген зерттеу нәтижелері, ойлау ҥдерістерінің кӛру
патологиясына қатысын кӛрсеткен жоқ. Бірақ, Н. С. Костючектің
мәліметтерінде, балалардың формальды тҥрде, нақты сезімдік
бейнесіз игерген ҧғымдары ӛте тар ауқымда, әрі бҧрмаланған
тҥрде болады. Осыған орай, соқырлық пен нашар кӛруге
байланысты ҧғымдардың мазмҧнында, специфика орын алады.
Ҧғымдарды қалыптастыру ҥдерісін іске асыру, кӛру бҧзылуының
дәрежесімен және кӛз ӛткірлігінің деңгейін есепке алумен
байланысты.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен салыстырғанда,
соқыр және нашар кӛретін 1-2 сынып оқушыларындағы іс-
әрекеттің, іштей сәтті орындалу кӛрсеткіштері ортадан тӛмен,
бірақ 4 сыныпта оқушылардың басым кӛпшілігі, қалыпты
деңгейге кӛтеріледі. Ең тӛмен кӛрсеткіш, 1-3 сыныптардағы
мҥлдем соқыр балаларда болған. Сӛйтіп, оқудың алғашқы
жылдарында, сыртқы ӛмірді қабылдаудың тактильдік есту –
кинестетикалық жолы ойша әрекет етудің қалыптасуына ӛз әсерін
тигізеді. Оқу ҥдерісінде мҧндай кейіндеулер жойылады, 4
сыныпта тотальды соқыр балалардың іштей әрекет ету
кӛрсеткіштері, қалыпты дамудағы балалардың кӛрсеткіштерімен
теңеседі. Бҧл кезең, бастауш сынып оқушыларына тән қҧбылыс –
нақты-ҧғымдық ойлаудан, абстрактілі-ҧғымдық ойлауға ауысу
кезеңі болып табылады»
1
.
Нашар
кӛретін
оқушылардың,
классификациялау
операцияларын меңгеруі, анағҧрлым кҥрделі ҥдеріс. Оларға
заттарды классификациялауда, объектілер арасындағы
------------------
1
Специальная психология / Под ред. В.И.Лубовского. 2-е изд., испр. – М.:Изд. центр
«Академия», 2005- С.299-302.
227
мағыналық байланыстарды орнатуда қиынға тҥседі. Бірінші
сынып оқушыларының талдау, салыстыру, топтау операциялары,
әртҥрлі деңгейде қалыптасқан. Заттарды функционалды белгілері
мен сыртқы белгілеріне қарай топтауда, негізгі қағиданы
ескермейді, «барлығы» және «кейбіреуі» деген ҧғымдарды жете
тҥсіне бермейді. Оларға кӛрнекі-бейнелік және кӛрнекі-әрекеттік
ойлау тҥрлерінің кемшілігі тән. Бҧл нақты ҧғымдық ойлау мен
математикалық тапсырмаларды орындау барысында, қиындықтар
тудырады. Бірақ, кӛру арқылы қабылдаудың бҧзылуы мен
кӛрнекі-әрекеттік тәжірибелердің аздығы, ӛз әсерін тигізгенімен,
олардың танымдық әрекеттері дамуға қабілетті.
Достарыңызбен бөлісу: |