Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



жүктеу 1,6 Mb.
Pdf просмотр
бет158/188
Дата05.01.2022
өлшемі1,6 Mb.
#36556
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   188
tebenova-arnaiy-psih

12.5
 
 Сӛйлеуі бҧзылған балалардың ойлау ерекшеліктері 
 
Сӛйлеудің  бҧзылуы  мен  психикалық  дамудың  басқа 
жақтарының  арасындағы  тығыз  байланыс,  балалардың  ойлау 
қабілетінде ӛзіндік ерекшеліктердің пайда болуына ықпал етеді.  
Сӛйлеуі  бҧзылған  балалардың  кӛрнекі-бейнелік  ойлау 
қабілеттерінің 
ерешеліктерін, 
Дж. 
Равеннің 
тҥрлі-тҥсті 
прогрессивтік  матрицасының,  балаларға  арналған  нҧсқасының 
кӛмегімен  зерттеу  (М.  А.  Фотекова),  тапсырманы  сәтті 
орындаған,    бастауыш  сынып  оқушыларының  қҧрамы  бірыңғай 
емес,  жоғарыдағы  әр  топтан  жиналғаны  анықталды.  Кӛрнекі 
тапсырмаларды  орындау  нәтижелері  бойынша,  ең  кӛп 
жетістіктерге  жеткен,  топтағы  балалардың  тілдік  патологиясы 
тым  ӛрескел  емес  (дыбыстау  кемшіліктері  мен  грамматикалық 
қҧрылысты жеткіліксіз игеру). Жалпы тілі жетілмеген балалардың 
жартысына  жуығы,  кӛрнекі  есептерді  шығаруда,  тӛмен  деңгейді 
кӛрсетті.  Оқушылардың  тек  бірқатарының  танымдық  іс-әрекеті, 
қалыпты дамудағы оқушылардың кӛрсеткіштеріне жақын екендігі 
белгілі болды.  
В.  А.  Ковшиков  пен  Ю.  А.  Элькин,  моторлы  алалиясы  бар 
балалардың  ойлау  қабілеттерін  қарастыра  отырып,  кейбір 
ҧғымдардың  шекарасын  ажыратып  кӛрсетеді:    білім  дегеніміз  – 
ойлау операцияларының материалы ретінде қызмет ететін,  нақты 
заттар  мен  қҧбылыстарды  тану  негізінде  жинақталған  
тәжірибелердің  жиынтығы  (бейнелер,  мағлҧматтар,  ҧғымдар, 
тҥсініктер); 
психикалық 
іс-әрекеттердің 
ӛз 
бетімен 


 
228 
ҧйымдастырылуы  –  психиканың  танымдық  әрекетке  тҧтас 
бағытталуы  мен  басқарылуы,  бҧл  ойлау  ҥдерісінің  жҥруіне, 
проблемалық  ситуацияларды  шешуге  қажет  жағдай  тудырады. 
Ал, ойлау, осы проблемалық ситуацияны шешуге арналған негізгі 
ҥдеріс. 
Сӛйтіп, жҥргізілген зерттеулер, келесі нәтижелерді кӛрсетті: 
бҧл  балалардың  ойлау  ҥдерісі  мен  оның  нәтижесіне,  білімнің 
аздығы мен психикалық әрекетін ҧйымдастырудағы  кемшіліктер 
әсер етеді. Олардың қоршаған орта туралы білім шеңбері ӛте аз, 
заттардың  қызметтері  мен  қасиеттері,  қҧбылыстардың  себепті-
салдарлы  байланысы  т.б.  туралы    мағлҧматтары  шектеулі. 
Психикалық  іс-әрекеттердің  ҧйымдастырылуының  бҧзылуы, 
эмоционалды-ерікті 
саласының, 
ынта-тҥрткі 
саласының 
кемшілігімен  тҥсіндіріледі.  Тапсырманы  орындауға  кіріскеннен 
кейін,  қызығушылықтары  тез  жоғалады,  аяқтамай  қоя  салады, 
тіпті дҧрыс орындап келе жатса да, аяғына дейін орындаудан бас 
тартады.  Кӛп  жағдайда  балалар  проблемалық  ситуацияларды 
шешуге  бірден  кірісе  алмайды.  Бірақ  проблемалық  ситуацияны 
тым ҥстірт бағалайды. Мҧнда сӛйлеуі бҧзылған балалардың ойлау 
операциялары  қалыпты  деңгейде  сақталатындығын  ҧмытпаған 
жӛн. Олардың психикалық іс-әрекеттері дҧрыс ҧйымдастырылса, 
олардың білім қоры анағҧрлым тез молаяды. 
Ойлау  операцияларының    дамуы  ҥшін,  қажетті  дағдыларды 
меңгере  отырып,  балалар  кейде  кӛрнекі-бейнелік  ойлау  тҥрін 
толық  меңгере  алмайды.  Яғни,  егер  арнайы  ҥйретпесе,  олар 
талдау,  топтау,  салыстыру,  классификация  жасау, артық  ҧғымды 
бӛліп алу,  аналог бойынша тҧжырым жасау сияқты  дағдыларды 
меңгере  алмайды.  Кӛрнекі-бейнелік  ойлау  кемістіктері,    ми 
қыртысының 
тӛбе-шҥйде 
аймақтарының 
зақымдануынан 
салдарынан  пайда  болады.  Кӛрнекі-бейнелік  ойлау  тҥрінің 
қалыптаспауы,  кӛп  жағдайда,  тіл  кемістігінің  ауырлық 
дәрежесімен  байланысты.  Сондай-ақ,  жалпы  тілі  дамымаған 
балаларға, ойлаудың ригидтілігі, яғни ебедейсіздігі тән. 
 
 
 
 


 
229 

жүктеу 1,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   188




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау