молблау ерітіндісі, 2% мастидин ерітіндісі, маститодиагност, маститопроб,
бромтимол тесттер.
студенттерді қауіпсіздік техникасымен таныстыру керек.
1. ДИМАСТИН СЫНАМАСЫ. Бұның мәні арнайы димастин реактивінің
қатысымен лейкоциттер қабықшасын жойып, рибонуклейн қышқылы
бөлінеді. Маститпен ауру сиырдың сүтіне димастинді қосқанда ауру
дәрежесіне байланысты, созылмалы немесе тығыз ұйығыш қызғылтым-
сарғыш немесе қызғылт түсті консистенциялы масса түзеді.
Сау сиырдың
сүтіне димастинді қосқанда қызғылт сары реңді және тегіс (бір текті)
консистенцияны береді.
Анықтау техникасы.
1. Пластинканың тереңдеуіне 1 мл сүт 1 мл 5%-дық димастиннің сулы
ерітіндісін құйып 10-15 с шыны таяқшамен араластыру керек.
2. Ішіндегінің түсін және консистенциясын анықтау керек. Сүттің түсі қызыл,
қызғылт-сары тауық жұмыртқасының ақуызы сияқты консистенцияда және
оны таяқшамен басқа қуысқа апаруға да болатын болса, бұл сүт маститпен
ауыратын сиырдікі деп саналады.
Маститпен ауырмаған кезде масса қызғылт
сары немесе сарғыш қызғылт-сары түсті біртекті сұйық консистенцияда
болады.
3. БРОМТИМОЛ СЫНАМАСЫ. Маститпен ауыратын сиырдың сүтінің рН
өзгереді. Сүтке қосылған көгілдір бромтимол индикаторы сілтіге сипатты рең
береді.
Анықтау техникасы.
1. Ақ фарфор пластинкаға зерттелетін сүттен 2-3 тамшы және 1 -2 тамшы
0,2 % бромтимолблау спирттік ерітіндісін қосып таяқшамен араластыру
керек.
2. Сүт сапасын анықтау. Сүт сары, жасылтым сары немесе сары-жасыл түске
боялса, сиырдың сау екенін білдіреді. Маститпен ауыратын сиырдың сүті
күңгірт жасылдан күңгірт көкке дейін боялады.
3. МАСТИДИН СЫНАМАСЫ. Бұл әдістің мәні мастидиннің әрекетінен,
мастит ауруында сүт сілтілік реакцияда және лейкоциттің мөлшері жоғары
болу анықталады.
Бұл әдіспен лактацияның бірінші бес күндігіндегі сүті
және сиырларды босататын кездегіні зерттеуге болмайды.
Анықтау техникасы.
1. Пластинканың тереңдеуіне 1 мл сүт, 2% 1 мл мастидин ерітіндісін және
20 секунд шыны таяқшамен араластыру керек.
2. 11 кестені пайдалана отырып, қоспаның түсінің негізінде және желетектес
ұйытқысына қарап сүт сапасына баға беру.
МАСТИТОДИАГНОСТПЕН СЫНАМА. Бұл сынаманың көмегімен
маститпен ауыратын жеке сиырларды ғана емес, сонымен қатар 1% бастап
одан жоғары жиынтықты сүттен анықтауға болады.
11 кесте – Сүт сапасын бағалау
Қоспа мінездемесі
Қоспаның түсі
Сүт сапасы
Біртекті
сұйықтық
немесе орташа желе
түзілуі
ақшыл көк түсті
Бір қалыпты
Тауық жұмыртқасының
ақуызындай бірыңғай
ұйынды
түрінде,
пластинкалы
қуыстардан
әрең
алынатын
күрең ақшыл көк, кейде
күлгін реңді
Маститпен ауыратын
сиыр сүті
Нашар ұйынды
сүті ақшыл көктен
күлгін түске дейін
Маститпен
ауыру
мүмкін күдікті сиырлар
сүті
Анықтау техникасы.
1. Пробиркаға 1 мл маститодиагнос, 1 мл зерттелетін сүт құйып 3-5 секунд
араластыру, пробирканы жартылайгоризонталды жағдайда айналдыру керек.
2. Пробирка ішіндегісін қарастырып және сүт сапасына қорытынды беру.
Индикатор бар сүт гомогенді қоспа түзеп, желе түземесе, ол сау сиырдың сүт
болып табылады. Егер пробиркадағы консистенция көкшіл-жасыл түсті
нашар желеден тығыз ұйытынды түрінде болса, онда сүт маститпен ауыратын
сиырдікі болып табылады.
«МАСТИТСЫНАМА»
Анықтау техникасы.
1. Пробиракаға 1 мл маститопроб 1 мл зерттелетін сүт құйып, пробирканы
жартылай горизонталды жағдайда 3-5 с араластыру керек.
2. Пробирка ішіндегісін қарап және сүт сапасына қорытынды жасау. Егер сүт
сау сиырдікі болса, онда пробиркада желе пайда болмай, гомогенді сұйықтық
болады. Егер маститпен ауыратын сиырдың сүті болса, онда малдың ауру
дәрежесіне байланысты пробиркада үлпек, жекелеген шырыштар, созылмалы
шырышты масса немесе тығыз желе текті ұйытынды пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: