ІІІ
Алматыдағы тыныш, тұйық орамдардың бірі – Интернационал
көшесіндегі екі қабатты үйде Әбділда Тәжібаев тұрады. Оның жазу
бөлмесінде ерекше жиһаз, қымбат дүние жоқ: қолжазба, кітап, мүсін,
сурет, телефон. Осы үйге әсіресе жас төл, жаңа толқын жиі келеді.
Кеше Төлеужан, Мұқағали, Төлегендер келіпті, бүгін Мұхтарлар...
Маған осы үйдегі қызыл күрең, оймақтай сұлу домбыра ұнайды.
Бейуақытта үй иесі өзгеден бөлектеніп, оқшау қалыпта тәтті мұңға
беріліп, перне басар еді.
Ол осы сәтте ешкімге де ұқсамай, ең алдымен, ақын Әбілда
Тәжібаев болып отырар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |