Рымєали Нўрєали



жүктеу 2,19 Mb.
Pdf просмотр
бет49/73
Дата19.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#33505
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73
eda5ce42ce30f2a77b971a82b9f7e067-1

ІІ 
 
Сапарғали  Бегалин  –  қазақ  жазушыларының  бүгінгі  буынының 
ішінде жасы сексенге келіп, халқының ортасында той-тойлаған бірінші 
қаламгер.  Бұл  шежіре  адамның  өмірі  қандай  қызық  болса, 
шығармашылығы да сондай қызық. 


 
231 
Ол – еліміздің ғасырлар бойы ауызша тараған әңгіме-аңыздарын, 
айтыс-өлеңдерін,  шешендік  толғауларын  жатқа  білетін  ескінің  көзі, 
оның үстіне этнограф, әрі тарихшы. 
Сапарғали  -  әдебиетіміздің  поэзия,  проза  жанрларында 
тартымды,  толымды  шығармалар  берген  көрнекті  суреткер,  көп 
жылдар шаршамай шапқан жүйрік. 
“Қазақ  бозбалаларына”  деген  тырнақ  алды  өлеңі  1914  жылы 
“Айқап”  журналында  басылған  С.Бегалиннің  қазіргі  оқушы  қолына 
тиген  соңғы  көлемді  еңбегі  –  “Замана  белестері”  атты  күрделі  роман. 
Осы 65 жылдық ұзақ қаламгерлік сапарда суреткер жиырманың үстінде 
поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, тоғыз шағын пьеса, бір 
роман, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар жазған. 
Әдебиеттегі  жолын  өлеңнен  бастаған  Бегалин  алғашқы 
жырларында  туған  ауылдың  көркін  бейнеледі;  ескі  ортадағы 
олқылықтарды  сынады;  жаналықты,  жақсылықты  шығармаларына 
арқау етті. Бірінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан, сол кезде бұратана 
ел саналған халықтың өкілі – Сапарғали Петроград түбінде жер қазып, 
ауыр жұмыс істеп жүріп, көп жұртпен танысып, сана-сезімі өсіп, жаңа 
заманды емірене қарсы алды. 
Сапарғалидің  өлеңдерін  зер  салып,  көңіл  қойып  оқыған  адам 
оның  сазды  лирик,  сыршыл  ақын  екеніне  анық  көз  жеткізеді.  Халық 
әдебиетінен  алынған  ою-өрнектер  Абай  поэзиясының  ырғақ-
өлшемдері,  классикалық  туындылардың  ықпал-әсері.  С.Бегалин 
лирикасын құлпыртып, жарасты сипатқа ендіріп нәрлендіре түскен. 
Ақынның  “Жаз  лебі”,  “Көктем  бұлты”,  “Нөсер  артынан”, 
“Сарыжайлау”  секілді  өлеңдері  –  сұлу  бейнеленген  пейзаж  үлгілері. 
“Кавказ аңыздары”, “Бұқара – Самарқанд сапары” циклдарында тосын 
бейне,  әдемі  деталь,  есте  қалар  суреттер  мол.  Абайға,  Мұхтарға, 
Қалыбекке,  Қасымға  арналған  өлеңдерге  жүректің  тереңінен 
шымырлап шыққан сыр, таза сезім жан бітірген. 
Жинақылық,  әуезділік,  қарапайымдылық,  нұсқалылық,  сонылық 
С.Бегалиннің  балаларға  арнаған  тақпақ,  жаңылтпаш,  жұмбақ 
өлеңдеріне тән қасиеттер. Ата мекеніне барған бір сапарынан: 
 
Көрістік аман, көңіл шат. 
Аттанам бүгін айтып хош. 
Көңілге түрлі ойлар сап, 
Асықпа, ауылым, мені тос! 
Мен келермін сан рет 
Самалды желді төске ала, 
Аунармын талай саған кеп, 
Керім иық, кер дала! – 
 


 
232 
деп  жырлап  қайтқан  ақынның  лирикасындағы  басты  сарын,  негізгі 
мотив – Отанға, туған жерге деген махаббат, өмірге, тіршілікке деген 
ынтықтық. 
 

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау