238
нұсқаларында кездесетін дәстүрлі кейіпкерлер. Сюжеттің жалпы
ағысында ерекше бұра тартар, тыңнан салған арналар жоқ.
Сөйте тұра, шығарманың ішкі структурасы, көркемдік бітімі
сонылығымен, дара құнарымен әсер етеді.
Шәкір Әбеновтың табиғи ақындық дарынын фольклор дәстүрі,
жазба әдебиеттің үлгісі, классикалық мұралардың тәлімі ұштап, өрбітіп
өсіргендігін көру қиын емес. Мұның үстіне өлең мәдениетіндегі Абай
мектебінің сарынын салған жерден аңғаруға болады.
Тілдің лексикалық байлығы, сөз байламының кесетіс, ұйқас ырғақ
шеберлігі – “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” поэмасының негізгі қасиеті.
Оқиғаларды баяндауда эпостық дәстүрден гөрі, жазба әдебиеттің
психологизм, портрет, детальға қойылатын талаптарын ерекше
ескергендікті көреміз. Қодар, Қарабай портреттерін жасау кезінде
жарасымды гипербола, әсірелеу, қолданылады.
Қазақ дастанында Шәкәрімнің “Еңлік-Кебек”, “Қалқаман -
Мамырынан” кейін диалогты кең пайдалану дәстүрі қалыптаса
бастады. Осы белгілерді Шәкір Әбенов поэмаларынан да табуға
болады.
Халық жырында келте, қысқа қайырылатын жәйттерді ақын
тереңдетіп, байытып, әуезге - әуез, сарынға – сарын қосып, ұлғайтып,
жаңа бояулармен құлпыртып, жаңғыртып жіберген.
Қозының Баянды іздеп келе жатқандағы хикаялары, жолбарыс
соғып алуы, қалмақ шалмен кездесуі, қойшының әңгімелері, балуанға
түсуі – тың дүниелер.
Жалпы Шәкір Әбенов поэзиясынан фольклор мен жазба әдебиеті
дәстүрінің жақсы тоғысуын көруге болады.
Тіл байлығында, оқиғалық негізде фольклор қазынасынан алған
дүниелер көп, ал пейзажда, диалогта, монологта, сюжет
поэтикасында, идеялық тереңдікте классикалық жазба әдебиеті дәстүрі
барлығын айту дұрыс.
Ақындық таланты эпикалық жанрда жарқырап ашылған
қаламгердің көптеген өлеңдерінде лирикалық, сатиралық, юморлық
пафостың мол екендігін көреміз.
Ақындық дәстүрдің жалғастығын сөз еткенде, Шәкір Әбенов
шығармашылығындағы Абай ықпалы әр түрлі деңгейде аңғарылатынын
айту керек. Тақырыптық тұрғыдан Абай, Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай,
Мағауия, Әсет поэмаларындағы объектімен “Кейпін батыр”
поэмасындағы өмірлік материал әуендес, сарындас.
Қылышынан қан тамған Ақсақ Темір заманындағы бір оқиға –
шығарма арқауы. Басты кейіпкер Кейпіннің
шыққан тегі,
ауыр тағдыры,
тіршіліктегі шырғалаңдары – романтикалық сюжетке лайық дүниелер.
Кездейсоқ ұшырасып, оқыстан табысқан Гүлнармен арадағы
сүйіспеншілік шебер бейнеленеді.
239
Орта ғасырдағы Шығыс елдерінің хал-ахуалы, Ақсақ Темір
саясатының мәні, патша мен қатардағы батыр арасындағы тартыс –
бұл шындықтарды ақын реалистік тұрғыдан, біліктілікпен көрсетеді.
Қазақ әдебиетіндегі өзге елдер тұрмысын бейнелейтін,
интернационалдық пафосы күшті шығармалардың ішінде “Кейпін
батыр” поэмасы өз ерекшелігімен, айқын идеясымен, шеберлік
кестесімен дараланып тұрмақ.
Кең тынысты, мол оқиғалы, көп кейіпкері “Таңшебер - Жапал”
поэмасында жаугершілік заман, қазақ-қалмақ елдерінің арасындағы
алма-ғайып кезеңнің көркем суреті, ақындық олжалар бар.
Бұл шығармада дастандық оқиға баяндау тәсілінен гөрі, қызық
фабулалы роман сюжеті поэтикасына ден қою басым десе, артық
болмайды.
Поэмада дұшпан қолында қалған сорлы жесір қойнында өскен
жетім ұлдың ер жетіп, ер кегін қуған батырлық тарихы суреттеледі.
Мұның үстіне шебер, әсерлі бейнеленетін махаббат хикаясы және бар.
Халық тұрмысына, әдет-ғұрыпқа, салт-санаға, қатысты, көшпелі
өмірдің қазіргі ұрпақ біле бермейтін сан алуан қызықты көріністерін
ақын зор шабыт, үлкен ықыласпен жырлайды: жүйрік аттың сыны, ізге
қарап сыр түю, батырлардың жекпе-жегі, табиғат суреттері, -
осылардың баршасы ақын бояуының неше түрлі байлығын танытады.
Жүрек сырын киік мойнына таққан тұмарға жазған қаңлы қызы
Таңшебер, жауласқан елдерді тату еткен Жапал, қиындыққа шыдап,
достық үшін тас өткел, тар босағадан өткен жастар тағдыры поэмада
жан-жақты, сан-алуан көрініс табады.
Шәкір Әбеновтың негізінен фольклорлық – тарихи, шежіре-аңыз
сюжеттеріне жазған поэмаларын әлеуметтік тынысы кең, эстетикалық
мақсаты айқын; тарихты, көне күндерді жақсы білетін шебер ақынның,
терең ой, шынайы көркемдікті нысана етіп қаламгердің қолтаңбасы
көрініп тұрады.
Ақын Шәкір Әбенов соңғы кездескенімізде:
- Жаңа кітабымның атын “Шыңғыстау” қойдым. Кір жуып, кіндік
кескен жерім. Бауырында сексен жыл ғұмыр кештім. Ылғи қарыздар
адам секілді болам да тұрам, - деді.
Рас, ақын қашан да туған жердің алдында қарыздар.
Достарыңызбен бөлісу: