Төртінші эссе
І
Жағадағы адамдар үрпиісіп, түгел шулап қоя берді.
-
Қайда кеттің?
-
Сөйтуге бола ма екен?
-
Ал енді не істейміз?
Мән-жайды түсінбей тұрғанымды біреуі сезсе керек:
- Ой, анау шалың жоқ. Суға түскенін көргенбіз. Батып кеткеннен
сау ма өзі? Құтқарушыларға хабарлаймыз ба?
Осы кезде қуанған дауыс шықты.
- Ура, жүзіп келеді! Ақсақал жарады. Шаршаған адам емес қой
мынау. Пәлі, ананы қара, әндетіп келеді. Қауіп ойлайтын түрі жоқ қой,
бәтір-ау.
-
Аяғыңыз тартып кетсе өлдіңіз ғой.
-
Сіздің жасыңызда суға осынша көп түсуге болмайды. Қара
теңіз ойыншық емес, жұтып жіберсе, қайтесіз?
Ол күліп тұр. Осы сәтте Әбділда Тәжібаев құдды жойқын
толқындардың төсін жарып, мұхиттан өтіп келген тарлан теңізші
секілді еді.
Достарыңызбен бөлісу: |