Литература
1.Назарбаев Н.А. Послание народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-
2050». Новый политический курс состоявшегося государства» от 14.12.2012г.
Текст, 7 раздел
2.Бижанов А. Казахстанский патриотизм: проблемы и решения.
Казахстанский патриотизм: Проблемы становления. – Алматы, 1997.
3.Махин В. Уроки мужества и патриотизма. – Общенациональная
ежедневная газета «Казахстанская правда» от 19.02.2009г №43-44 стр. 3
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ
ҰЛТЖАНДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ - «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ
ИДЕЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ
Қамаубаева Гаухаркул Тоқмолдакызы
№28 балабақшасының әдіскері
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
Қазақстанда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің мазмұнын жаңартудың
жалпы мақсаты – білім кеңістігін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға
бейімдеу. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру әлемдік стандарттарға сай
жүргізіле отырып, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының негізінде дамуы тиіс.Бұл
туралы «ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасында» «Мектеп жасына дейінгі балаларды «Мәңгілік ел»
жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға,
ұлтжандылыққа тәрбиелеу» атап көрсетіле отырып, мектепке дейінгі ұйымдағы
біртұтас педагогикалық үрдістің мақсаты ретінде белгіленді [1].
Бүлдіршіндердің ұлттық дүниетанымын балабақша қабырғасынан бастап
қалыптастырып, оларды Ұлы даланы мекендеген мәңгілік елдің болашағы
ретінде, патриоттық рухта тәрбиелеу – жаһандану заманыныңталабы. Мемлекет
басшысы Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік» тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауында,адами капитал
сапасын жақсарту мақсатындағы төртінші басымдықта «Біздің міндетіміз –
...ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу...» екенін тұжырымдады [2].
Қазіргі Қазақстанның геосаяси және әлеуметтік жағдайында осы мәселені
басымдық ретінде анықтаудың маңыздылығын талдау – ұсынылып отырған
жобаның өзектілігін негіздеу болса, ал оның ғылымилығы – «Мәңгілік ел»
жалпыұлттық идеясын мектепке дейінгі ұйым жағдайында жүзеге асырудың
жолдарын белгілеп, күтілетін нәтижені алдын-ала болжаумен айқындалады.
Тараз қаласындағы № 28 балабақша ұжымы,мектепке дейінгі ұйымдарда
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудың негізгі алғышарты –
84
ұлтжандылықты дамыту деп болжап, оны балабақша кеңістігіне бейімдеуді
қолға алды. Мектепке дейінгі мекеменің заттық-кеңістіктік ортасын ұлттық
болмысқа сай жасақтай отырып, балаларды ақпараттық қоғамның өзгермелі
тыныс-тіршілігін қабылдауға,замана талабымен бірге жаңаша ойлап, айналаға
сергек қарауға, зерек те, елгезек болуға баулуды мақсат тұтқан ұжым, жобаны
жүзеге
асыру
барысында
күтілетін
нәтижені
белгіледі:кеңістік
заңдылықтарымен қоса, бабалар аманатынан хабардар, салт-дәстүр мен ауыз
әдебиетінің озық үлгілерін терең меңгерген ұлтжанды, ана тілінің нәрімен
барынша сусындаған, еркін, дені сау ұрпақтың қалыптасуы. Стратегиялық
маңызы жоғары осы нәтиженің орындалуын қамтамасыз ету – ұлтжандылыққа
тәрбиелеудің кешенді міндеттері арқылы шешіледі.
Балабақшадапедагогикалық процесті ұйымдастыруда ұлттық құндылықтар
негізге
алынады.
«Денсаулық»,
«Коммуникация»,
«Таным»,
«Шығармашылық», «Әлеумет» сынды білім беру салаларында инновациялық
технологиялар мен ұлттық тәрбие үлгілері кіріктіріліп, заманауи талаптарға сай
пайдаланылады. Ұйымдастырылған оқу қызметтерінде және сабақтан тыс
тәрбие іс-шараларында халық ауыз әдебиеті үлгілері қолданылады.
Ертеңгіліктерде, топтық серуенде, ойын үрдісінде, балалардың еркін іс-
әрекеттерін ұйымдастыруда аңыз әңгіме, ертегі, мақал-мәтелдер, санамақ,
мадақтамақ, бата-тілек тілеу, жаңылтпаштар т.б. арқылы балалардың ұлттық
дүниетанымын қалыптастыруға зор көңіл бөлінеді.
«Денсаулық»білім
беру
саласында
қазақ
халқының
денсаулық
педагогикасын қолдану аса тиімді. Бүлдіршіндерді сауықтыру және
шынықтыру құралы ретінде ұлттық ойындар қолданылады; ал денсаулықты
сақтау және нығайтуға байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, ауыз
әдебиетінің озық үлгілері, тыйым сөздер пайдаланылады. «Ойы саудың – жаны
сау, жаны саудың – тәні сау» нақылын басшылыққа алып, жан саулығы мен тән
саулығы ұғымдары интеграцияланды және оны балабақша жағдайында қолдану
әдістемесі жасалынуда. Олардың негізіне мұсылман әлемінің және қазақ
ойшылдарының тұжырымдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, М.Х.Дулати,
Ж.Баласағұни, А.Жүйнеки, А.Ясауи, Қайқаус, М.Қашқари, Абай, Шәкәрім т.б.)
және заманауи психологиялық инновациялар (Л.Хей, В.Синельников, А.Свияш,
М.Норбеков т.б.) қаланған [3].
Мысал
ретінде,
балаларға
Абайдың
«Адам
болам
десеңіз...»
шығармасындағы «бес нәрсеге асық болудың» мазмұнын талдап, жетекші
идеясын түсіндіру негізінде ойды реттеу, мінезді түзеу, сөйлейтін сөзді
жүйелеп, тұлғаны тәртіпке келтіру арқылы адам атты ұлы атқа ие болу
ұғындырылады. Білім беру саласындағы қазіргі жаңа парадигмалар адамды
біртұтас жүйе ретінде қарастыратындықтан, денсаулықты реттеуші күш
сырттан келмейтінін, ол адамның өзінде екенін ерте жастан түсіндіру –
болашаққа құйылған зор инвестиция, үлкен ресурс болары сөзсіз. Денсаулық
білім
беру
саласын
қазақ
халқының
сауықтыру-шынықтыру
жаттығуларынегізінде, мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің жас
85
ерекшеліктеріне сәйкес тиімді пайдалану, балалардың денсаулық сақтау
құзіреттілігін қалыптастырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлтжандылығын дамытуды жүзеге
асыру формасы ретінде балабақша ұжымында «Коммуникация» білім беру
саласына аса зор мән беріледі. Ұлттық мазмұндағы материалдар үлгісін
қолдану
негізінде
балалардың
тілдік-коммуникативтік
құзіреттілігін
қалыптастыруды мақсат ете отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ
халқының қарым-қатынас ерекшелігімен таныстыру әдістемесі жасалды. Бұл
ретте өзара қарым-қатынастар, тұлғаның өзіне - өзінің қатынасы, қарым-
қатынастың мәнерлі белгілері, қатынас құралы – тіл туралы қазақ халқының аса
бай ұлттық қоры таптырмас ресурс болып табылады. Ұлттық коммуникацияны
балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жіктеу; халық ауыз әдебиетінің озық
үлгілері арқылы сөйлеуді дамыту, сөздік қорды байыту және қазақ
фольклорының кіші жанрларын логопедиялық құрал ретінде пайдалану –
балабақшада ұлтжандылықты «Коммуникация» білім беру саласы арқылы
дамыту тетіктері.
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын мектепке дейінгі ұйымның оқу-
тәрбие үрдісіне ендіруді «Таным» білім беру саласы арқылы жүзеге асыру –
балалардың танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда ұлттық өркениеттің озық
үлгілерін қолдану нәтижесінде жүзеге асырылуда. Тәрбиешілеріміз балалардың
ой ұшқырлығын, тапқырлығын, танымдық сергектігі мен рухани елгезектігін
дамытуда ұлттық педагогика құралдарын пайдалану әдістемелерін жасап, оны
тәжірибеде тиімді қолдануда. Ауыз әдебиеті жанрларын балалардың жас
ерекшеліктеріне сай іріктеп, оны ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың
қабылдау, есте сақтау, түйсік, қиял сынды танымдық үрдістерін дамыту
мақсатында тиімді пайдаланып келеді. Баланың өзін-өзі тану үрдісін
Қ.Йасауидың «рух еркіндігі» теориясы, «кемел адам» концепциясы және Абай
мен Шәкәрімнің «толық адам» ілімдері негізінде дамытуда. Педагогикалық
ұжым
мектеп жасына
дейінгі
балалардың
ұлттық
дүниетанымын
қалыптастыруда көшпенділер танымы, орта ғасыр ойшылдарының мұралары
және қазақ халқының қоршаған ортаны қорғау, табиғаттанудәстүрлерін
қолдануда.
Ұлтжандылықты дамытудың негізгі аспектілерінің бірі – мектеп жасына
дейінгі балалардың шығармашылығын қалыптастыру. Ол балабақшада келесі
іс-шаралар арқылы жүзеге асырылып жатыр:
-
балалардың шығармашылық қабілеттерін ұлттық қолөнер туындылары,
музыка, халық шығармашылығы, айтыс, жыр өнерлерінегізінде саралау және
шығармашылық құзіреттілікті қалыптастыру;
-
тәрбиешілерге шығармашылық пен эмоцияның өзара байланысы туралы
халықтық идеяларды үйрету және шығармашылықтың синергетикалық
мазмұнын ашу;
-
ата-аналарға мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын кеңістік
заңдылықтарына сәйкес, табиғатпен үйлесімді дамыту маңызын ұғындыру.
86
Ұлттық құндылықтар арқылы әлеуметтік орта нормаларын меңгеру
балабақшада халықтық педагогиканың озық үлгілерін қолдану негізінде жүзеге
асырылып келеді. Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік әліппесі,
мінез-құлық мәдениеті туралы қарапайым түсініктерді үйретуде аса бай ұлттық
мұрамызға жүгінеміз. Адам табыстылығының, саулығының, бақытының кепілі
ұстамдылық, ал оның негізі – сабыр екенін ұғындыра отырып, сабырлылық
туралы ұлы ойшылдар қазынасымен таныстырамыз. Қазақ халқының үлкенді
сыйлау, құрметтеу, адамгершілік-рухани нормаларды, имандылық тәрбиесін
меңгерту дәстүрлерін әр жас ерекшеліктерінде қолданамыз. Балалардың өзін
ұстауы, өзін-өзі тану, әлеуметтік ортаға бейімделуі, төзімділік пен сабыр сынды
асыл қасиеттерді қалыптастыруда этнопедагогика, этнопсихология үлгілерін
пайдаланамыз. Осылайша «Әлеумет» білім беру саласында ұлттық ресурстарды
қолдану арқылы балалардың әлеуметтік құзіреттілігін қалыптастыру
мүмкіндігін дамытамыз.
Балабақшада заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын жалпы
талаптар шеңберінде ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың заманауи үлгілерін
қолданамыз. Мәселен, заттық ортаны ұйымдастыруда ұлттық бұйымдар,
музыкалық аспаптар, ыдыс-аяқ, ұлттық ойыншықтар, ою-өрнек, әшекей
үлгілері пайдаланылады. Мектепке дейінгі ұйымдарда бүлдіршіндерге ұлттық
тәрбие беру мазмұнын ізгілік қағидасына сәйкес құру тиімділігін көздей
отырып, олардың жас және даралық ерекшеліктерін ескеру маңызды.
Балабақшадағы негізгі іс-әрекет түрлеріне орай, педагог материалды жетік білу
және әдістемені шебер меңгерумен қатар, бала жанын ұғыну, оны өзіне тарта
білу, танымдық қызығушылығын арттыру; өмірді сүюге баулу; білуге
құлшынысын ояту және әр балаға жеке қатынас жасауға міндетті. «Білім –
берушіден» қағидасына сәйкес, білімді тасымалдаушы, бала жанына жеткізе
білуші, тәрбиелеуші, дамытушы деңгейінде жүргізу жоғары нәтижелілікке қол
жеткізері анық. Мәселе – тәрбие мазмұнына қоса, тәрбиешінің өз ісін
қаншалықты жауапкершілікпен, нәтижелі атқара алуында.
Педагогикалық кеңестер мен әдістемелік семинарларда тәрбиешілермен
заттық-дамытушы ортаны ұлттық мазмұнда құрудың білімдік, тәрбиелік,
дамытушылық мәні талданып, жеке, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізу,
балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру, танымдық қызығушылығын
қалыптастыру негізіне халықтық педагогика элементтерін қалау әдістемелері
үйретіледі. Бала бақша ұжымы қала, облыс, республика көлемінде
ұйымдастырылған форум, конференция, семинарлар және курстарға тыңдаушы
ретінде қатысып қана қоймай, тәжірибе алмасу алаңында өз жетістіктерімен
бөліседі. Бұл өз кезегінде ұсынылып отырған жобаның аралық нәтижелерін
талдауға және сынақтан өтуіне тиімді ықпал етуде. Мектепке дейінгі
ұйымдарда ұлттық тәрбие беру жұмысын нәтижелі жүргізу үшін «Отбасы-
балабақша» жүйесінің сабақтастығына аса ден қоямыз.
Жоба шеңберінде белгіленген міндеттерді сапалы орындау мақсатында
мамандардың біліктілігін жетілдіру ісіне № 28 балабақша әкімшілігі үлкен
жауапкершілікпен қарайды. Дуалды білім беру қағидасы аясында Тараз
87
мемлекеттік педагогикалық институтымен жасалған келісімшартнегізінде
«Мектепке дейінгі мекемелерде ұлттық тәрбие беру» курсы жүргізіліп,
тәрбиешілерді жаңа дәуір балаларын ұлттық рухта тәрбиелеу методологиясы
игерілді. Балабақшада жоғары санатты тәрбиеші Г.Т. Қамаубаеваның
жетекшілік етуімен «Ұлттық тәрбиеде ұлылық бар» бағытында бағдарлама
нәтижелі жүргізіліп келеді.
Бала бақшаның педагогикалық ұжымының осы бағытта игерген істерінің
көрсеткіштері ретінде тәрбиеленушілерде ұлтжандылық қасиеттің қалыптасып,
дамуын атауға болады. Бүлдіршіндердің толықтай мемлекеттік тілде сөйлеуі,
топтағы өзара қарым-қатынастардың қазақы қалыпта өрбуі, балабақшадағы іс-
шаралардың қазақы сипаты – ұлтжандылықтың даму факторы. «Мәңгілік ел»
жалпыұлттық идеясының негізгі алғышартының жүзеге асырылу сапасын ата-
аналар көзімен бағалау мақсатында алынған сауалнама қорытындысы келесі
нәтижені көрсетті: «баламыздың ұлттық дәстүрлерді білуі және оған жағымды
қатынасы артып келеді» – 89%, «баламның ұлтжандылығының артуына
мектепке дейінгі ұйымның ықпалы зор» – 92%, «тұлға ретінде қалыптасу үшін
ұлтжандылық қасиеттің маңызы зор» – 94%. Ата-аналардың басым көпшілігі
баланың ұлтжандылығының көрінісі ретінде қазақы салт-дәстүрлерді білуі,
ұлттық ойындарды үйренуі, қазақ тілінде сөйлеуі және өз ұлтына деген
сүйіспеншілік факторларын атап көрсеткен.
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі
ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының барлық
мектепке дейінгі ұйымдарында жаңартылған білім мазмұны енгізілуде.
Жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне интеграциялану
мақсатында біліктілік мазмұны да, оған қойылатын талаптар да өзгеруде.
Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйене отырып, жаңа типті оқыту, яғни әр
баланың табиғи қабілетін дамытуды ұлттық тәрбие тәсілдерінің негізінде
жүзеге асыру – оны жан-жақты етумен қатар, ұлтжанды азамат ретінде
қалыптастырады. Туған халқының ұлттық болмысы туралы білімдер баланың
жан-дүниесін, рухын қазақиландырады, әрі әлемдік аренада бәсекеге қабілетті
тұлғаны дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |