Даралық формалары:
бала тәрбиесі мәселелеріне байланысты
әңгімелесу, кеңес беру, сауалнама.
Толық формалары:
ата-аналар жиналысы, ата-аналар клубы, дөңгелек
үстел, семинарлар, пікір алмасу, дискуссиялар, кездесулер, ашық есік күндері
т.с.с. Дегенмен ағарту жұмыстары мұнымен шектелмейді.Себебі отбасы мен
мектепке дейінгі тәрбие білім беру ұйымдары-баланы әлеуметтендірудің
маңызды екі институты. Балабақшада ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың
формасы мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша
мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуметін
арттыруға бағытталады. Біздің колледж білім алушылары жыл бойына
қаламыздағы балабақшаларда байқау және бақылау іс тәжірибелері кезінде ата-
аналармен жұмыстар жоспарлап ұйымдастыру жұмыстарына атсалысады. Атап
айтсақ, ата- аналар бұрышын безендіру, ата-аналар жиналыстарына қатысу
және педагогикалық, психологиялық ақыл кеңестер беру сияқты т.б ата-
аналармен бірге тәрбиелік іс шараларды өткізуге көмектесе отырып, өздері де
болашақ мамандықтарының қыр-сырын үйреніп, шеберліктерін шыңдап, мол
тәжірибе жинақтайды. «Мен және менің отбасым», «Отбасы тәрбиесіндегі
ұлттық құндылықтар», «Қырсықтық пен қыңырлықтың алдын алу», «Мен
баламды қалай тәрбиелеймін?», «Отбасы алтын діңгек», «Әкем, шешем және
мен», «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» сайыстары сонымен бірге ашық есік
күндері, осы тақырыптарда тәрбиешілердің жетекшілігімен 4 курс білім
алушылары
ата-аналармен
семинар-тренингтер,
сауалнама,
ата-ана
69
жиналыстарында баяндама жасап, жеке тұлғаны тәрбиелеуге дұрыс ықпалын
тигізе отырып, ата-ананың тәрбиелік тұрғыдан көзделген мақсатқа жетуіне
көмектеседі.
Тәрбиешілер бала тәрбиесіне көмектесу үшін сол отбасына қатысты
барлық ақпараттармен танысып, баланың отбасы туралы білуі қажет. Сонда
ешқандай қиындықсыз баланың отбасылық тәрбиесіне көмектесе алады.
Тәрбиешілердің көмегі арқылы ата-аналардың педагогикалық сауаттылықтары
дамып, балаларына дұрыс жолды таңдай білуіне септіктерін тигізері сөзсіз.
Ата-ана да тәрбиешінің, психологтың көмегіне, берген кеңестеріне үнемі назар
аударып, бала болашағына жауапкершілікпен қараған жағдайда ғана балаға
дұрыс тәрбие бере алады.
Сонымен қатар тәрбиеші өзінің жұмысын әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану
арқылы, ата-анамен байланыс жасауы қажет. Отбасындағы бала тәрбиесіне
психологиялық көмек негізінен психологиялық жағынан орын алған
жағдайларда беріледі. Ең бірінші психолог ата-анамен кеңес жүргізеді. Олар
психологқа бала тәрбиесіндегі қиындықтарды әңгімелейді. Содан кейін
психолог әр ата-анамен жеке сөйлеседі.Өйткені ата-анамен бала арасындағы
қарым-қатынасты анықтап, сол арқылы дұрыс шешімін табады.
Баламен әңгімелесу – психологтың ең жауапты жұмысы. Психологиялық
әртүрлі әдістер арқылы психолог баланың мінез-құлқына әсер етіп, оның жан
дүниесін аша алады. Тағы бір психологтің маңызды жұмысы баланың мектепке
дайындығын анықтай отырып, оқудағы қиындықтардың себебін анықтайды.
Және балаға көмектесіп, ол қиындықтардан шығуға көмектеседі. Балалардың
өз үйлерінде ата-анамен, туыс-туғандарымен қарым-қатынастары туралы әңгіме
кеңестер өткізіп, арнайы сауалнама бойынша жұмыс жүргізуге болады.
Қорыта айтқанда, педагогикалық ұжымының мақсаты ата-аналармен
бірлесіп баланы өсіріп-тәрбиелеуде қоғамдық өмірге «түзу кірпіш қалау» екенін
ескере отырып, болашақта дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ
тәрбиелеу болып табылады.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бірлікпен жұмыс жасасақ, бала
тәрбиесінде қателеспейтініміз анық.
Достарыңызбен бөлісу: |