«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет27/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   296
materialy resp chteniy

 

Әдебиеттер

 

1.Пилюгина  Э.Г.  Занятия  по  сенсорному  воспитанию  с  детьми  раннего 



возраста / Э. Г. Пилюгина. – М. : 1989. – 93 с.  

2.Сенсорное воспитание в детском саду / под ред. Н. П. Сакулиной.- М. : - 

1981. –  79 с.   

3.Формирование восприятия у дошкольника / под ред. А.В. Запорожца, Л. 

А. Венгера. – М. : 1989. – 279 с. 

4.Возрастная и педагогическая психология. Тексты. - М.: МГУ, 1992. 

 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ 



АДАМГЕРШІЛІКҚҰНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Балабаева А.И. 

П.ғ.к., доцент 

Салимханова Гүлмира 

№64 балабақша меңгерушісі 

Алматы қаласы

 

 



Адамның  адамгершiлiк  құндылығының  қалыптасуы  оның  туған  кезiнен 

басталады,  ал  рухани-адамгершiлiгi  қоршаған  орта,  адамгершiлiк  тәрбиесiнiң 

тәрбие  мiндеттерi  мен  мазмұнына  байланысты  жетiледi.  Кіші  мектеп  жаста 

балаларда  бастапқы  адамгершiлiк  сезiмдер  мен  ұғымдар,  адамшылық  мiнез-

құлықтың  ең  қарапайым  дағдылары  тәрбиеленедi.  Баланың  мектеп  жасына 

дейiнгi  қалыптасқан  мiнез-құлықтарының  және  ересек  адамдармен,  құрбы-

құрдастарымен  қатынастарының  формалары,  адамгершiлiк  бiлiмдерi  мен 

сезiмдерi 

негiзiнде 

мектепке 

дейінгі 

жас 


топтарда 

адамгершiлiк 

көзқарастардың, мiнез-құлықтың, сезiм мен сананың жаңа формалары одан әрi 

дамытылады.  

Мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  адамгершілік  құндылығының  дамуы 

балабақшасы  мен  отбасы  арасындағы  қарым-қатынастың  тығыздығы  артқан 

сайын  ойдағыдай  жүзеге  асады.  Әрбір  бала  қандай  да  болмасын  бір  міндетті 

орындау  үшін  өзіндік  ерекше  жағдайлар  жасалады.  Ойында  ұнамды  әдеттер, 

өзара  қарым-қатынастар,  адамгершілік  сезімдер  қалыптасады,  еңбексүйгіштік, 

үлкендер  еңбегін  құрметтеу,  сондай-ақ  ұйымшылдық,  жауапкершілік, 

парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. 

б. қалыптасады. 




63 

 

Мектепке  дейінгі  жаста  балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеудің  негізгі 



міндеттері  мына  жайлармен  түйінделеді:  ізгілік  бастамасымен  тәрбиелеу, 

балалар  мен  үлкендер  арасындағы  саналы  қарым-қатынас,  тұрмыстың 

қарапайым ережелерін орындау, кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға 

қамқорлықпен  қарау  және  т.  б.50-80    жылдары  мектепке  дейінгі  педагогикада 

мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік тәрбиесін мақсатқа бағытталған 

тұрғыда  зерттеліп,  Р.И.Жуковская,  Ф.С.Левин-Ширина,  Д.В.Менджерицкая, 

В.Г.Нечаева,  Е.И.Радина,  Л.А.Пенская  және  т.б.  зерттесе,  80-90  жылдары 

Т.И.Ерофеева,  Г.И.Григоренко,  Е.В.Шишлова[],  И.М.Княжева,  Г.Н.Гришина 

және  т.б.  зерттеулеріндеізгілік  сезім,  ересектер  мен  құрдастарына 

қатынастарын  тәрбиелеу,  көркем  әдебиетке  деген  жағымды  қатынасын 

тәрбиелеу,  бейнелеу,  түрлі  әрекетке  ойын  және  еңбек  әрекет  арқылы 

адамгершілікке тәрбиелеуді ұсынады. Сол сияқта достық қатынасын тәрбиелеу, 

өзара  көмек  жасау,  адамгершілік  сапаларын  қалыптастыру  мәселелерін 

қарастырды.  

Балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде қарым-қатынастың да рөлі 

зор.  Адамгершілікке  негізделген  тәрбие  қарым-қатынастың  қарапайым  түрі  – 

ұжымдық  өмірдің  талаптарымен,  ерекшеліктерімен  танысу  арқылы  жүзеге 

асырылады.  Олардың  қарым-қатынастарында  бірте-бірте  өзара  көмек,  бүкіл 

топқа  тапсырылған  қоғамдық  жұмыстың  орындалуына  бірдей  жауапкершілік 

сезімі,  бүкіл  топтың  жұмысын  басқару  кімге  тапсырылса,  соған  бағына  білу, 

топқа жетекшілік міндетін мойнына алып, жалпыға тән ережелер мен тәртіпке 

қатаң мойын ұсына отырып, атқара білуі қалыптасады. Ал, балалардың барлық 

белсенді іс-әрекетінде білімді, ізденімпаз педагог балалар жігерінің көзін ашып, 

әрбір  баланың  шығармашылық  күшін,  қабілеттерін  шешуге  бағыттайтын 

мүмкіндік  табады.  Бірлескен  іс-әрекеттің  барысында  балалар  бір-бірін 

жақынырақ, тереңірек таниды. Балаларды бағалау көрсеткіші әрбірінің оқудағы 

табыстары және оның мінез-құлқының негізгі қырларынан көрінеді. 

Көркем  шығармалардан  алған  әсерлер  баланың  ақыл-ойын  өсіріп,  бірте-

бірте мінез-құлқына өзгеріс енгізеді, адамгершілікке тәрбиелейді, еңбекке және 

еңбек адамына деген құрмет сезімі пайда болады. Бұл салада  А.К.Меңжанова, 

О.А.Михалкова  нәтижелі  зерттеу  жүргізді.  Аталмыш  авторлардың  еңбектері 

мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке баулудың тиімді жолдарын ғылыми 

түрде  дәлелдеуге  арналды.  Адамгершілік  тәрбиесі  адамның  барлық  іс-

әрекетіне, әдет-дағдысына, мінез-құлқына, еңбекке қарым-қатынасының дұрыс 

қалыптасуына бағыт беріп, еңбек тәрбиесімен тығыз байланыстырылған. 

Адамгершіліктің  ең  жоғарғы  рухани  қажеттілігінің  бастау  көзі  –  өзін-өзі 

көрсету,  өзін-өзі  жетілдіру,  өзін-өзі  дамыту,  қарым-қатынаста,  дүниетанымда 

өзінің  шығармашылық  қабілетін  таныту.  Бұл  арада  балаларды  рухани-

адамгершілікке тәрбиелеу шарттарының бірі – мектеп жасында жеке тұлғаның 

өздігінен  даму  заңдылықтарын  білу.  Осы  орайда,  рухани-адамгершілік 

тәрбиесінің  ойдағыдай,  табысты  болуы  жеке  тұлғаның  өзін  рухани  дамыту 

мақсатында  үздіксіз  өзін-өзі  жетілдіруіне  байланысты.  Адамның  өзіндік  сана-

сезімінің  көрінісі  туралы  басқа  адамға  үңіліп  көз  тоқтатып,  өзін  өзгелермен 



64 

 

салыстырғанда  ғана,  ол  өзін-өзі  таниды.  Баланың  жеке  басы  сана-сезімінің 



қалыптасуына  оның  құрдастарымен  үнемі  араласуы  және  бірлескен  өмірі 

шешуші  рөл  атқарады.  Бала  өзіндік  сана-сезімнің  жаңа  сатысына  көтеріледі. 

Бала  өзге  балаларға  қырағылықпен  үңіліп,  мына  талаптарға  құрбыларынан 

қалыспай  бірдей  атсалысуға  тырысады:  олар  қалай  жазады,  қалай  санайды, 

қалай сөйлеседі, сұраққа қалай жауап береді, суретті қалай салады, бірімен-бірі 

қалай сөйлеседі  және оларға  ересектер  мен  құрдастары, үлкендер  мен  кішілер 

қалай  тіл  қатады.  Өзінің  табыстарын,  жетістіктері  мен  сәтсіздіктерін  өзге 

балалардың  да  осындай  істерімен  үнемі  еріксіз  салыстыру  –  балаға  өзіне-өзі 

баға  беруге  мүмкіндік  туғызады.  Өзін  бағалау,  өзіне-өзі  баға  беру  оған 

тәрбиешінің  қатынасының  әсері  арқылы  пайда  болады.  Өзіне-өзі  баға  беру  

мектепке  дейінгі  кезеңде    қалыптасып,  есейген  кезге  дейін  жалғасады.  Міне, 

осындай  бірлескен  ынтымақпен,  сабақтастықпен  жүргізілген  өзін-өзі  бағалау 

балалардың адамгершілік қасиет-сапаларының қалыптасуының өзегі болмақ. 

Оқу-тәрбие  жұмысын  рухани-адамгершілік  тәрбие  ісімен  тығыз 

байланыстыру  –  педагогикалық  шеберліктің  маңызды  компоненті.  Көптеген 

оқу  орындарында  бұл  мәселеге  әлі  жеткілікті  көңіл  бөлінбей  келеді. 

Қоғамдамуының барлық кезеңдерінде қоғам мүшелерінің жақсы өмірі туралы, 

адамдар арасындағы қарым-қатынастардың қандай болу керек екендігі туралы 

армандары, идеалдары әр түрлі болады.  

Мектепке  дейінгі  балалардың  тез  қабылдауы,  жеңіл  үйренуі,  жүйке 

жүйесінің  икемділігі  құрбыларымен  жеке  тұлғалық  өзара  қарым-қатынасында 

және әрекеттерінде бақыланады. Осы жастағы балаларды ойын, еңбек, оқу және 

тұрмысттық  әрекеттерінде  мінез-құлық  нормаларын  және  адамгершілік 

құндылықтарды  меңгереді.  Мұның  өзі  белгілі  ережелер,  ересектердің 

талаптары  мен  нұсқауларының  негізінде  құрылады.  Адамгершілік  тәрбиесі 

процесі  баланың  жеке  тұлғалық  әлеуметтік  дамуынан  тыс  жүргізілуі  мүмкін 

емес.  Балабақшадан  ересектермен  және  құрдастырымен  қарым-қатынаста 

болып  бағалауға  және  өзін-өзі  тануға  мүмкіндік  туғызылғанда  азаматтық, 

еңбексүйгіштік, қарым-қатынас және мінез-құлық мәдениетін меңгереді.  

Топтағы  мектепке  дейінгі  балаларқарым-қатынасы  ситуативтік  және 

тұрақсыз  болады.  Олар  тез  келіспей  қалып,  тез  келісе  алады.  Бірақ  сонымен 

қатар  қарым-қатынас  барысында  өзара  қарым-қатынасының  белгілі 

нормаларын  меңгеруге  ықпалын  тигізеді.  Баланың  топтағы  қарым-қатынас 

жасай  алмауы,  өзінің  ортасында  белгілі  болмауы,  қарым-қатынасының 

төмендеуі  әлеуметтенуін  баяулаттады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 

әлеуметтік  дамуында  ең  басты  орында  өзінің  ұлтының  адамгершілік 

құндылықтарын және жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтарды меңгеру 

негізгі  болып  саналады.  Сондықтан  баланың  әлеуметтік  дамуы  адамгершілік 

тәрбиесімен  тығыз  байланысты.  Мектепке  дейінгі  балалардың  адамгершілік 

мінез-құлық тәжірибесі ересектермен қарым-қатынасында қалыптасады. 

Баланың сәбилік кезеңінен отбасындағы жақын адамдарымен әке-шешесі, 

туысқандарымен  және  таныстарымен  қарым-қатынасқа  түседі.  Балабақшада 

әрекеттерінде  танымдық  қарым-қатынаста  болады.  Ойында,  еңбек,  оқу 



65 

 

әрекеттерінде көптеген сұрақтар қойып, олар үшін ересектердің білмейтіні жоқ 



көрінеді.  Сондықтан  баланың  қойған  сұрағы  толық,  түсінігіне  лайықты  жауап 

беру  арқылы  белгілі  көлемдегі  ақпараттармен  қамтамасыз  ету  қажет.  Осы 

жастағы  балаларға  ересек  өнеге  болып,  олардың  сөзіне  және  ісіне,  мінез-

құлқына  еліктеп көшірмесін беріп отырады. Балалар 4 жастан кейін ересектің 

сөзі  және  іс-әрекеттерін  қайталай  беру  жалықтырады,  сөйтіп  ересектермен 

бірлесіп, ынтымақсатықта  әрекет  жасап,  одан белгілі  нәтижелерді  көре  алады. 

6-7  жаста  бала  өзімен  басқалардың  санасқанын,  өзінің  пікірін  ынта  ықылас 

қойып тыңдағанын жақсы көреді. 

Ересектің  мектепке  дейінгі  балалармен  қарым-қатынасы  жәй  нәрсе  емес. 

Ересектің  мінез-құлқы  баланы  шынайы  өмірге  жақындастыруда  және 

қызығушылығын  қанағаттандыруда  белгілі  деңгейде  маңызы  зор.  Басқаша 

айтқанда  ересек  баланың  әлеуметтік  дамуына  көмектеседі.  Мектепке  дейінгі 

балалардың әлеуметтік  дамуында  құрбыларымен  қарым-қатынасының  маңызы 

ерекше. Бұл тұста балалар өзінің құрбысының көңіл-күйін түсінуге, әлсіздерді 

қорғау,  қолдау,  көмектесуге  және  қоғамдық  орындарда  ережелерді  сақтауға 

үйретіледі.    Мектепке  дейінгі  балалардың  әлеуметтік  дамуы  өзінің  елінің 

мәдениетіне  байланысты  болады.  Отанына  деген  сүйіспеншілік,  оның 

мәдениеті,  тарихы  оқиғаларға,  халықтың  отбасы  салт-дәстүрлеріне  және  ауыз 

әдебиетіне  деген  қызығушылықтан  туындайды.  Бұл  жұмыс  баланың  жас 

ерекшелігіне және өмірлік тәжірибесіне қарай қалыптасады.   

Бұл  салада  А.К.Меңжанова,  О.А.Михалкова  нәтижелі  зерттеу  жүргізді. 

Аталмыш  авторлардың  еңбектері  мектепке  дейінгі  балаларды  адамгершілікке 

баулудың  тиімді  жолдарын  ғылыми  түрде  дәлелдеуге  арналды.  Адамгершілік 

тәрбиесі адамның барлық іс-әрекетіне, әдет-дағдысына, мінез-құлқына, еңбекке 

қарым-қатынасының  дұрыс  қалыптасуына  бағыт  беріп,  еңбек  тәрбиесімен 

тығыз байланыстырылған. 

Мектепалды  балаларының  адамгершілігі  ойынмен  тығыз  байланыста 

дамуы  тиіс.  Балалар  ойында  ересектердің  еңбегін  бейнелеп,  ойнай  отырып 

адамгершілік  дағдысын  меңгереді.  Республикамызда  педагог  ғалымдар 

Т.Иманбеков,  М.Т.Тұрыскелдина  ғылыми  зерттеулерінде  қазақтың  отбасы 

ойындарының  балаларды  адамгершілікке  баулудағы  маңызына  да  аса  мән 

берген.Қазіргі тәрбие мақсаты елдің ертеңгі болашағын ойлайтын азаматтарды 

тәрбиелеп,  оларды  әлеуметтік  өмірмен  үйлесімді  тіршілік  етуге  даярлау 

халықтық  тәлім-тәрбиенің  үлесіне  тиеді.  Мұндай  қастерлі  міндеттерді  жүзеге 

асырудың  бірден-бір  тиімді  жолын  халықтық  тәлім-тағылымының  ғасырлар 

бойы қалыптасқан тәжірибесінен іздестіру қажет болмақ. 

 


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау