«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет24/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   296
materialy resp chteniy

 

Әдебиеттер  

1. Атырау облысы энциклопедиясы; Алматы- 2000 Атамұра баспасы; 

2. Мақат ауданы энциклопедиясы; Алматы- 2004 Ислам-  Нұр баспасы; 

3. Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы   (бірнеше     

нөмірлері); 

4. Отбасы және балабақша журналы (бірнеше нөмірлері); 

5. Ата –ана қадірі.  Д.Б.Алтаева; 

6. Баршаға бақыт тілеп жатайын мен. Қ.Елеместегі; 

7. Өмір өткелдері. Ж. Сарбалиев Ислам- Нұр баспасы- 2005.

 

 

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ – МӘҢГІЛІК ЕЛ 

 

Кунасова Маншук Амиргалиевна 

№ 17 бөбекжай-балабақшасының директоры 

Атырау облысы. Атырау қаласы 

 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  ұсынған  «Қазақстан-2030»  стратегиясында 

негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін 

есепке  ала  отырып,  білімі  мен  білігі  жағынан  өркениетті  елдердегі 

замандастарымен  қатар  тұра  алатын,  бойында  ұлттық,  отаншылдық  рухы 

мықты  қазақстандықтардың  жаңа  ұрпағын  тәрбиелеу  қажеттігі  баса  айтылған.

 

Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің 



алғашқы  сатысы  –  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  баланың  білімге  деген 

құштарлығын  арттырудан,  ұлтымызға  тән  қасиеттер  бойына  сіңген  шәкірт 

тәрбиелеуден  бастағанның  маңызы  өте  зор.  Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы 



52 

 

балаларға білім мазмұнын жаңаша құру арқылы оқыту, білім беру сапалы білім 



кілтіне  жол  ашады.  Мектепке  дейінгі  жастағы  балалар  үшін  білім  негізі 

қаланатын болғандықтан, бұл саладағы кез келген мәселе өзекті.  

Бүгінде  еліміз  бойынша  тарихы  тереңге  кеткен  балабақшалар 

жеткілікті.  Жарты ғасырлық тарихы бар тәрбие ордасының бүгіні мен өткенін 

еске  алу  мақсатында  қарашаңырақтың тарих беттерін  ақтардық.Балабақшамыз 

тарихының бастауы сонау 1966 жылдан алады. [фото 1] 

 

1966 жыл 



 

Осы  аралықта  тәрбие  ошағы  3000-ға  жуық  түлекті  қанат  қақтырды. 

Бірнеше  ұрпақ  алмасты.Алғашқы  түлектердің  балалары  мен  немерелері  бар.  

Осы  жарты  ғасырда  тәрбие  ордасынан  түлеп  ұшқан  шәкірттер  қазіргі  таңда 

Қазақстанның  гүлденуіне  үлесін  қосып,  алыс-жақын  шетелдерде  түрлі  салада  

бизнесмен,  прокурор,  заң  қызметкері  сынды  беделді  қызмет  атқарып  еңбек 

етуде.  Біздің  мақтанышымызға  айналған  тұлғалар  көп.  Тәрбие  ордасының 

тарихы тереңде жатыр. 50 жылдың ішінде бақшамыз тек шәкірттерді ғана емес, 

білікті ұстаздарды да тәрбиелеген.  Кеңес Одағының тұсында да бақшамыздың 

қабырғасында бірнеше білім беру ісінің үздіктері еңбек еткен екен.[фото 2] 

 

                   



 

Балабақшаның алғашқы педагогтары. Бурлакова Л.П. (ортада)  [фото 2] 

Нарықтың  алғашқы  қиындық  жылдары  дағдарыс  тұсында  балабақшалар 

жабылып, біздің де балабақшамыз тұрақсыз кезеңді бастан өткізді. Аяғына тік 

тұрғызу  жолында  бақшамызда  өз  мамандықтарына  адал,    жұмысын  тоқтатпай 

еңбек  еткен  көптеген  ардагер  ұстаздарымыз    болды.  Аталмыш  балабақша  

ашылғалы білім беру ісін атқарып, ағартушылық саласында аянбай еңбек еткен 

балабақшамыздың  алғашқы  директорлары:  Зубарева  Валентина  Васильевна, 




53 

 

Бурлакова Лариса Павловна, Ким Валентина Григорьевна. Бұл кісілер біз үшін 



әрқашан  зиялылықтың,  балаларға  деген  құрметтің  және  өз  ісінің  шебері 

үлгісінде қала береді [фото 3]. 

 

 

Директор Ким В.Г тәрбиешілермен . [фото 3] 



«

Өткенсіз бүгін жоқ» дегендей   50 жылдық тарихында балабақша өміріне 

өздерінің өшпестей ізін қалдырған ұстаздар жайлы айтпай кетуге болмас. Олар: 

Торбунова Людмила Ивановна, Бабушкина Татьяна Константиновна, Черняева 

Татьяна Георгиевна, Бакишева Ольга Сабировна, Егизекова Жамига Омаровна, 

Яковлева Татьяна Генадьевна, Чендева Людмила Николаевна т.б.  

2012-2016 

жылдарда 

мекемені 

басқарған 

Кошкинова 

Гулайым  

Мұхтарқызының  басшылығымен біршама жұмыстар атқарылып, мекемеміздің 

одан  әрі  дамуы  мен  өсуіне  қосқан  үлесі  зор.  Бақшамыздың  аты  қала,  облыс, 

қала  берді  республикаға  танылған.  2016  жылы  балабақшамыздың  50  жылдық 

мерейтойын  тойладық.  Мерейтой  еліміздің  Тәуелсіздігінің  жиырма  бес 

жылдығымен  бірлесе  келген  мекемеміз  осы  жылдар  аралығында  талай 

түлектерді  тәрбиелеп,  еліміздің  білім  кеңістігінде  білім  беру  ордасы  ретінде 

ерекше орын алды десек, артық айтпаған болар едік. [фото 4] 

                   

 

                 Балабақшаның 50 жылдық мерейтойы. [фото 4] 



 

Балабақша кешенінде мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу жолында 

бірқатар жұмыстар атқарылып, балабақша бүлдіршіндеріне  көп көңіл бөлінуде. 



54 

 

Бүгінгі  таңдағы  ең  өзекті  мәселе  білім  сапасы  болып  отыр.  Білім  сапасының 



жоғары  болуы  үшін  педагогтардың    кәсіптік  деңгейі  жоғары  болуы  тиіс.  Осы 

орайда,  білім  берудің  қазіргі  жаңа  құрылымы  мен  оқу  әдістемесінің  өзгеруі 

педагог-мамандардың  кәсіби  шеберліктерін  жаңартуды,  шығармашылық 

ізденістерін  көбейтуді  талап  етіп  отыр.  Білім    сапасы  педагогтар    қызметіне  

тікелей  байланысты болғандықтан,  бұл  ретте  педагогтың  біліктілігі  қажет. 

Демек  білім-тәрбие  сапасын  көтерудің  негізгі    тетігі  –  ұстаз,  сондай-ақ  оның  

теориялық  білімі  мен  кәсіби шеберлігі, шығармашылық  қызметі.Сондықтан 

тәжірибемізде    педагог-мамандардың  біліктілігін  көтеруіне  мән  беріліп,  олар  

шығармашылық жұмысқа бағытталған.  

Осы  орайда,  бүгінгі  таңда  балабақшамызда   18  педагог  еңбек  етуде. 

Балабақшаның басты  мақсаты  –  егеменді    еліміздің жас   ұрпағын    жан-жақты 

дамыған, рухани бай жеке тұлға  ретінде қалыптастыру. Педагогтардың  кәсіби 

құзіреттілігін  көрсететін көрсеткіштің бірі  – өз білімін  жетілдіру  қабілеттілігі, 

алға  ұмтылу,  өзін  жетілдіру.  Жұмыстың  бастапқы  кезеңінде  сауалнама  

таратылып,  сауалнама  қорытындысымен  тақырып  таңдалады.  Екінші    кезеңде 

педагог  мамандар  библиографиялық  жұмыс  жүргізіп,  кәсіби  білім  алу,  дәріс 

алу,  ғылыми-әдістемелік  әдебиеттерді  оқу,  алған  мәліметтерді  сараптау 

жұмыстарын  жүргізеді.  Зерттеу  кезеңінде  педагог  мамандар  тақырыптарды  

зерделеп,  материал    жинақтап,  оларды  өз  еңбектерінде  пайдаланады.  Бағыт 

бойынша  жұмыстарды  балабақшаның  жылдық  жоспарына  енгізіп,  ашық 

шаралар,  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттер  жоспарланып,  өткізіледі.  Әр 

педагог-маман  өз  таңдаған  тақырыбы  бойынша  шығармашылық  жұмысының 

нәтижесін осы шараларда көрсетеді.  

Педагог-мамандардың  шығармашылық  тақырыптары  «Ұлттық  тәрбие», 

«Интернационалдық  тәрбие»,  «Экологиялық  тәрбие»,  «Сенсорлық  тәрбие», 

«Сахналау  –  іс  әрекеті»,  «Ерте  жастан  ағылшын  тілін  үйретуде  ойын 

элементтерін қолдану», «Математика сабақтарында балалардың қисынды ойлау 

қабілеттерін  дамыту»,  «Патриоттық  тәрбие»,  «Ән-күй  арқылы  балалардың 

қиялы  мен  шығармашылығын  дамыту».  Атап  айтсақ,  тәрбиеші  В.Д. 

Шевченконың  тақырыбы  «Интернационалдық  тәрбие».  Мақсаты:  балаларға 

Қазақстан  халықтары  туралы  қарапайым  түсінік  беру  және  салт-дәстүріне, 

тұрмысына қызығушылық пен сыйластық қалыптастыру. Әр түрлі ұлт өкілдері 

балаларын  мейірімділікке,  сыйластыққа  тәрбиелеу.  Бұл    бағытта    қалалық 

«Достық  үйімен»  серіктестік  жұмысы  ұйымдастырылып  отыр.  В.Д.  Шевченко 

ұйымдастырған  «КОРИНа»,  «Алтыбақан»,  «Чаепитие»    шараларына  «Иверия» 

грузин,  «Новруз»  әзірбайжан,  кәріс,  татар  ассамблеяларынан  қонақтар 

шақырылды.  

Ересек  орыс  топ  тәрбиешісі  А.С.Болдусова    «Экологиялық  тәрбие» 

тақырыбында жұмыс жүргізуде. Бұл жұмыстың мақсаты:қоршаған орта туралы 

білім  жүйесін  қалыптастыру;  табиғаттағы  заттар  мен  құбылыстар  туралы 

қарапайым білімдерін нығайту, баланың қоршаған ортада өзін-өзі дұрыс ұстай 

білуіне  бағыт-бағдар  беру.  Осы  бағытта  ашық  шаралар,  сабақтар,  ойын-

сауықтар, акциялар өткізді.  



55 

 

Ортаңғы  қазақ  топ  тәрбиешісі  Ш.К.Табылдиеваның  тақырыбы  «Сахналау  



іс-әрекеті».  Мақсаты:  Сахналау  іс-әрекет  кезінде  балалардың  өздігінен 

үйренген  дағдысын  қолдана  отырып,  ойын-сауықтарға  белсене  қатысу 

талпынысына  қолдау  көрсетіп,  коммуникативті  және  әртістік  қабілеттерін 

қалыптастыру.  Тәрбиеші  балаларды  қуыршақ  театр  түрлерімен  таныстыра 

отырып, оларды сахналау іс-әрекетіне бейімдеп, балалардың  қызығушылығын 

оятады.  Ертегіні  сахналау  кезінде,  балалардың  тілдерін  жетілдіру  мақсатында  

сөйлемді  толық,  сөздерді  анық  айтуға,  ым-ишараны  дұрыс  қолдануға  басты 

назар  аударып  отырады.  Бұл  бағыт  бойынша  тәрбиеші    «Ертегілер  елінде», 

«Әдеби  кеш»  атты  шаралар  өткізді.  2013  жылы  облыстық  конференцияда  іс-

тәжірибесімен бөлісті.  

Математика  пәні  мұғалімі  М.Е.Нигиметованың  тақырыбы  «Математика 

сабақтарында  балалардың  қисынды  ойлау  қабілеттерін  дамыту».  Мақсаты: 

Қарапайым  математикалық  ұғымдарды  үйрете  отырып,  мектепке  дейінгі 

баланың  бойында  кіші  жастан  тұлғалық  дамуындағы  қабылдау,  ойлау  бейімін 

қалыптастыру. Осыған орай педагог осы  тақырыпта тереңдете жұмыс жүргізіп,  

балаларға    ойын  арқылы  үйрете  отырып,  математикалық  диктант,  заттарды 

әртүрлі  геометриялық  пішіндерден  құрастыру,  ауызша  есеп  шығару,  көру 

арқылы 


салыстыру, 

қиялдау, 

жұмбақ 

жаттығуларын 

қолданып,  

бүлдіршіндердің  логикалық  ойлау  ұғымдарын  күнделікті  дамытып  отырады. 

Сонымен  қатар  Н.А.Зайцевтің  «Жүзге  дейін  санау»,  «Сандық  лента» 

методикасын,  Мария Монтессоридің методикасының элементтерін қолданады.  

«Дәстүрден 

тыс 


тәсілдер 

арқылы 


балалардың 

қиялы 


мен 

шығармашылығын  дамыту»  тақырыбында  бейнелеу  өнері  пән  мұғалімі 

Е.Г.Быченкова  шығармашылықпен  жұмыс  жасап,  материалдар  жинақтауда.  

Мақсаты: Бейнелеу ойыншықтарды, көркем сурет, мүсіндік объектілер, сәндік-

қолданбалы  өнер  заттарын  бейнелеудің  дәстүрден  тыс  техникасын  қолдана 

отырып  құру.  Педагог  дәстүрден  тыс  тәсілдермен  техниканы  қолдануда 

қиялын,  ойлауын,  тілін  дамытады.  Өз  тәжірибесінде  жобалау  жұмысын 

қолданып, «Сиқырлы қағаз» тақырыбында жұмысын қорытындылады.  

«Дәстүрден 

тыс 


тәсілдер 

арқылы 


балалардың 

қиялы 


мен 

шығармашылығын дамыту» тақырыбындағы жұмыс. Быченкова Е.Г. [фото 7] 

Саз 

жетекші 


Н.Х.Абрекова 

«Балабақшадағы 

ертеңгіліктер 

мен 


сценарийлер»  тақырыбында  жұмысын  жүргізуде.  Мақсаты:  Мерекелерді  

ұмытылмастай  етіп  өткізу  арқылы,  балалардың  эмоциялық  көңіл-күйлерін 

дамыта  отырып,  бала  жүрегінде  өшпестей  із  қалдыру.  Өз  тәжірибесінде  

Надежда  Хамитовна  музыкалық  дидактикалық  ойындарды  тиімді  қолданады. 

Педагог ертеңгіліктер жинағын дайындау үстінде.  

Ағылшын тілі пән мұғалімі Р.Ж. Тулешованың тақырыбы «Ағылшын тілін 

ерте  жастан  үйретуде,  ойын  элементтерін  қолдану».  Мақсаты:ағылшын  тілін 

ерте жастан оқытуда ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы 

болып  табылатын  ойын  түрлерін,  оның    элементтерін  және  өзара  сөйлесу 

үлгілерін  қолдану.  Педагог  өз  тәжірибесінде  тиімді  рөлдік,  дидактикалық 

ойындарды, соның ішінде сөздік ойындарды жиі қолданады.  



56 

 

2008  жылы  мектепалды  даярлық  қазақ  тобының    тәрбиешісі    ретінде  



«Ұлттық  тәрбие»  бағыты  бойынша  шығармашылық  жұмысты  бастап  

жүргіздім.  Бұл  жұмыстың  мақсаты:  ата-бабадан  қалған  өшпес  мұраны,  мол 

қазынаны  қабілеті  жоғары  ұрпақтың  бойына  дарыту.  Ұлттық  тәрбиенің 

сарқылмас  қазынасы  халық  ауыз  әдебиетімен  балаларды  таныстырып, 

тереңдете жұмыс жүргіздім.  

Балабақшаның психолог қызметі жақсы жолға қойылған. Жоғары санатты 

психолог  Ж.Д.Шаманова  өз  жұмысында  отбасылық  және  қоғамдық 

тәрбиелеудің  бірлігі  мен  сабақтастығына  аса  көңіл  бөледі.  Бұл  бағытта 

балаларды  тәрбиелеу,  оқыту  мен  дамытудың  түрлі  мәселелері  бойынша  ата-

аналармен  кеңестер,  балалармен  тренинг,  ойын-тапсырмалар  жүргізеді. 

«Барлық  психологтар»  халықаралық  сайтына  тіркеліп,  халықтың  сауалдарына 

кеңес беріп келеді.    

Осындай  тәжірибелі  педагог-мамандардың  жұмыстарымен  қатар  жас-

мамандармен де  тәлімгерлік жұмыс жүргізіліп, оларда жүйелі жұмыс жүргізуге 

тырысуда.  

Ұстаздар жас ұрпаққа білім мен тәрбие  беруде елімізде жүргізіліп жатқан 

жаңа  талаптарды  орындай  отырып,  қала,  облыс,  республика  көлемдерінде  өз 

білімдерін  жетілдіріп,  бүгінгі  күні  сол  жинақталған  тәжірибені  өз 

қызметтерінде  кеңінен  қолданып,  ізденіспен  еңбек  етіп  жүргені  анық.  Оған 

ұстаздар мен шәкірттеріміздің жеткен жетістіктері дәлел бола алады: 

2005  жылы  сауат  ашу,  тіл  дамыту  пән  мұғалімі  Аустниязова  А.С. 

облыстық  «Панорамалық  сабақ»  сайысында  I  орынға  ие  болды.  2012  жылы 

«Жыл тәрбиеші» сайысына қатысып, III жүлделі орынға ие болды.  

2008  жылы  қалалық  педагогикалық  оқуда  қазақ  тілі  пән  мұғалімі 

Сұлтанғалиева  Г.Қ.  I  орынға,  облыстық  педагогикалық  оқуда  II  орынға, 

тәрбиеші  Умбеталиева М.М. II орынға ие болды.  

2009 жылы тәрбиеші Кунасова М.А қалалық, облыстық «Жыл тәрбиешісі» 

байқауында Бас жүлдеге, 2012 жылы республикалық «Үздік педагог» атағы мен 

төсбелгісіне ие болды.   

                           

 

Республикалық «Үздік педагог -2012 » байқауы.   



2010 жылы математика пән мұғалімі Ильясова С.С. қалалық педагогикалық 

оқуда I орынға, облыстық педагогикалық оқуда II орынға, 2010 жылы облыстық 

«Әдістемелік  идеялар  калейдоскопы»  фестивалінде  «Ең  үздік  білім 

бағдарламасы» номинациясына ие болды.  




57 

 

2012  жылы  тәрбиеші  Умбеталиева  М.М,  саз  жетекші  Абрекова  Н.Х.  



қалалық педагогикалық оқуға қатысып  жүлделі III орындарға ие болды.  

2011  жылы  тәрбиеші  Шевченко  В.Д  «Баламалы  бағдарламалар»  атты 

қалалық сайысына «Давай подружимся» бағдарламасымен қатысып, «Зерттеуші 

педагог»  номинациясына  ие  болды.  «Интернационалдық  тәрбие»  бағыты 

бойынша  жұмыс  материалдары  2016  жылы  облыстық  «Білім  беру:  Әріптестер 

диалогы»  форум,  ғылыми-практикалық  конференция,  тамыз  маслихаты 

көрмелерінде ұсынылды.   

2013  жылы  ағылшын  тілі  пән  мұғалімі  Тулешова  Р.Ж.  қалалық 

педагогикалық  оқуға  қатысып  жүлделі  III  орынға  ие  болды,  директор 

Кошкинова  Г.М  қалалық  педагогикалық  оқуда  I  орынға,  облыстық 

педагогикалық оқуда II орынға ие болды.   

2013 


жылы 

Кошкинова 

Г.М  Талды-Қорған 

қаласында 

өткен 

Республикалық педагогикалық оқуда Алғыс хатпен марапатталды. 



2015    жылы  бейнелеу  өнері  пән  мұғалімі  Быченкова  Е.Г.  қалалық 

педагогикалық оқуларға қатысып сертификат иеленді. 

2016  жылы  психолог  Шаманова  Ж.Д  қалалық,  облыстық    педагогикалық 

оқуларға қатысып жүлделі I орынға ие болды. 

Атқарған  жұмыстардың  нәтижесінде  әдістемелік  нұсқау,  бағдарлама, 

тәрбиешілерге  көмекші  құрал,    балабақшаның  жинақ  кітаптары  шықты:  

«Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  қазақ  тілін  оқыту»  Г.Қ.Сұлтанғалиева, 

«Занимательная  и  увлекательная,  интересная  и  полезная  математика» 

С.С.Ильясова,  «Оқытудың  белсенді  әдіс-тәсілдері    арқылы  жеке  тұлғаны  

тәрбиелеуде  халық    ауыз    әдебиетін  қолдану»  М.А.Кунасова,  «Давай 

подружимся»  Шевченко  В.Д,  «Мектепке  дейінгі  ұйымдағы  педагог-

мамандардың шығармашылық жұмысы» Г.М.Кошкинова. [фото 13] 

 

Әдістемелік жинақтар қоры. [фото 13] 



 

Тәрбиеленушілердің  қабілетіне    педагогикалық  ықпал  ету,  олардың  

шығармашылық  қабілеттерінің  дамуына  әсер  ету  нәтижесінде,  балалардың 

білім деңгейлері, шығармашылық қабілеттері дамып, балалардың қабілеттері әр 

түрлі  салада  көріне  бастады;  ән  салу,  бейнелеу  өнері,  математикалық  бейім, 

көркем сөз оқу, сахналау іс-әрекетінде әртістік қабілеттерін көрсеткен балалар 

көп.  Айталық,  қалалық  «Білім  жолымен»  олимпиадасында,  «Айгөлек» 

фестивалінде,  Республикалық  «Үркер»,  «Пони»  марафондарында    балалар 

жүлделі орындарды иеленді. 

 



58 

 

 



Елдің болашағы білімді ұрпақтың қолында. Жаһандану дәуірінде білімнің 

арқасында  ғана  елді  танытып,  абыройын  асқақтатуға  болады.  Осы  орайда, 

қазіргі таңда баланы балабақшадан тәрбиелеп, өнегелі азамат қылып шығару – 

еліміз  үшін  басым  бағытқа  айналып  отырғаны  анық,  яғни  тәрбие  ордаларына 

жүктелер  міндет  орасан  зор.  Отанды  сүю,  туған  жерге  тағзым  етуді  жас 

жеткіншектерге  балабақшадан  үйрететін  болсақ,  еліміздің  болашағы  жарқын 

болатыны сөзсіз. 

Осы  бір  қағиданы  мықтап  тұрып  ұстанған    тәрбиешілеріміз  50  жылдық 

тарихымызды зерделеген  ұстаздар қауымы осы тарихымызды темірқазық етіп 

алып,  бүлдіршіндердің  бойына  отаншылдық  дәнін  себелеп,  өз  істерін  адал 

атқарып келеді.Қай кезең, қай ғасырда болмасын ұстаз болу әр кімнің қолынан 

келе  бермейтін,  қиындығы  мен  қызығы  қатар  жүретін  ұлы  іс.  «Ұстазы 

жақсының  ұстамы  жақсы»  дегендей  біздің  мұғалім  болудағы  айқын  мақсат  - 

Қазақстан  елінің  болашағын  жарқын  ете  алатын  ұлтжанды,  елжанды, 

келешегіне сенім артатын, ең басты адамдық парасатын ұмытпайтын тәрбиелі, 

білімді ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі күні балабақша ұжымы  - бұл іргелі, бірыңғай 

педагогикалық  команда  қағидасы  бойынша  еңбек  ететін  ұжым.  Әлі  де 

балабақша  табалдырығынан  дарынды  да,  талантты,  ақылды  да,  білімді 

тәрбиеленушілер түлеп ұшады.  

 


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау