жемісі.
Сондықтан балабақша – баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы
баспалдағы. Елбасымыздың Жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі
бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады», – деген.
Мектепке дейінгі сапалы білім мен баланың қабілеттерін толықтай дамыту
қоғам үшін маңызды, өйткені бала еліміздің болашақ интеллектуальдық және
оның гүлденуінің негізі.
Ауданда мектепке дейінгі мекемелер 1932 жылдан бастап ашыла бастаған.
Алғашқы жылдары 5 балабақша жұмыс жасаған. 1932-1998 жылдар аралығында
аудандағы балабақшалар саны 32-ге жетті. Осы жылдары аудандағы мектепке
дейінгі мекемелердің жұмысы өте қарқынды дамыды, 32 балабақшаның 8
балабақша аудандық оқу бөліміне,(«Салтанат», «Буратино», «Бүлдіршін»,
«Снежинка », «Балауса», «Балдырған», «Айгөлек», «Зайчик», 13 балабақша
«Теңіз мұнай-газ» мекемесіне, («Әсем», «Золотой ключик», «Березка»,
«Рябинушка», «Қарылғаш», «Радуга», «Бөбек», «Дюмовочка», «Родничок»,
«Светличок», «Балдырған-Қаратон», «Бөбек-Сарқамыс», «Ақбота») 4-уі «Теңіз-
теміржол» мекемесіне, («ЖД-224», «ЖД- 615», «ЖД-63», «ЖД- 62») 2-уі
«ЛПУ» мекемесіне, («Сказка», «Огонек») 1-еуі «ТПС» мекемесіне («Васелек»)
1-еуі «АТП-1», («Солнышка») 1-еуі «ЮЭНРЭ» («Золушка»), 2-уі «ПНГС»
(«Ладушки», «Золотая рыбка») мекемесіне қарасты болды. Мектепке дейінгі
мекемелердің оқу-тәрбие жұмысына бағыт беріп, қадағалау аудандық білім
беру бөлімінің құзырында болды. Аудандық білім бөлімінде мектепке дейінгі
бөлімнің бас маманы қызметін атқарған тұлғалар: 1977-1988 жылдар
аралығында Ғалымжанова Роза Фатиховна, 1988-2000 жылдары Станова
Гүлжан Керейқыздары еңбек етті.
Бүгінде Елбасының тапсырмасымен іске асырылған «Балапан»
бағдарламасының нәтижесінде аудандағы балабақша саны 5 жетті. Ол мектепке
дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтылған балалардың 50 % құрайды. Әрине
бұл жетістіктер біздің мемлекетіміздің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
ерекше назар аударып отырғандығын дәлелдейді.
2012 жылы пайдалануға 280 орындық, типтік жобада, заманауи талаптарға
сай салынған «Қызғалдақ» атауымен яслибақша ашылды. Яслибақша
меңгерушісі Станова Гүлжан Керейқызы.
2012-2013 оқу жылының басында 280 бала қамтылды. Оның ішінде 137
қыз бала, 143 ұл бала болды.
Ясли-бақшада: I кіші – 4 топ, II кіші – 2 топ, ортаңғы – 5 топ, ересек – 1
топ. Тәрбиеленушілердің контингенті әлеуметтік жағдайы жақсы балалар. 79%
толық отбасында, 20 % толық емес отбасында тәрбиеленеді. Ата-аналардың
68% жоғары білімді болса, 70% жеке баспанасы бар ата-аналарды құрайды.
Балалар білім бөлімінің бірыңғай кезегі бойынша балабақшаға қабылданды.
42
Жалпы 77 адам қызмет етеді. Оның ішінде 32 педагог бар. Педагогтар
арасында арнайы мамандар жұмыс істейді: 1 музыка жетекшісі, хореограф,
информатика, орыс және ағылшын тілі мұғалімі педагог-психолог, дене
шынықтыру нұсқаушысы.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры
ұстаздың
қолында»,
–
деп
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев
айтқандай,
балабақшада баланың таным процесін ізгілендіру мақсатында көптеген оқу-
тәрбие үрдістері, жан-жақты ұйымдастырылып, өткізіледі.
Біздің МКҚК «Қазғалдақ» балабақшасында оқу тәрбие үрдісі жаңа
стандарт бойынша құрылған, білім берудің оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-
тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны қолданып жұмыс
жасауда.
2013 жылы балабақшада аудан көлемінде семинар ұйымдастырылды.
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйым басшыларының кәсіби дамуын басқару,
педагогтардың біліктілігін арттыру». Семинарда жаңашылдыққа байланысты
«Компьютер әлемінде» тақырыбында информатика маманы Досмагамбетова
Мейрамгуль ересек тобына ашық оқу іс-әрекетін өткізді.
Балалардың ой-өрісін дамытуға арналған «Сиқырлы қалам» оқу-ойын
кешені қолданылуда. Сонымен қатар, дискісімен және сөйлетін қаламы бар
түрлі әңгіме, ертегі кітаптармен қамтылған.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға педагогтардың
қатысуы. Саидмахмадова Зебо «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі-білім
берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» Аудандық педагогикалық
оқудан II-орын, Облыстан Алғыс хатымен мараппаталды.
Даулеткереева Гүлнар Байтанатқызы 2014 жылы Атырау қаласына
«Ұлттық құндылық негізінде білім берудің педагогикалық аспектілері» атты
республикалық конференция жұмысына қатысты және мақаласы конференция
жинағына жарияланды, сертификатқа иеленді. «Мұғалімнің құзыреттілігін
дамыту – білім берудің сапасын жақсартудың негізі» XV- Аудандық педоқуда I
орын, облыстық педоқуда II орынды иеленді.
2014 жылы Мәскеу қаласы «Формула-2014» IV халықаралық
педагогтардың шеберлік конкурсына Г. Даулеткереева, Л.Бегежанова,
Ж.Қурманова қатынасып марапатталды.
2015жылы Кокшетау қаласында I-ші Қазақстандық слётке қатысқан
Даулеткереева Г. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтарының»
«Жүрек жылуын балаларға береміз» Алғыс хатпен мараппаталды. Іс
тәжірибесі таратылды.
2015жылы Сочи қаласында өткен халықаралық мектепке дейінгі ұйым
қызметкерлерінің VI слетіне Балабақша меңгерушісі Станова Г.К. қатысып
«Мейірімді жүрек» төсбелгіcімен, ясли-бақша әдіскері Н. Ермекова Алғыс
хатпен марапатталды. «Қызғалдақ» ясли-бақшасы Лауреат атағына ие болды.
2016жылы I Республикалық «Үздік балабақша тәрбиешісі» байқауы
«Тәрбиешінің үздік баяндамасы» номинациясы бойынша Әуелбаева Құралай
диплом, Шадирова Ажар «Үздік портфолио» номинациясымен I орын иеленді.
43
Мектепке дейінгі мекеме жұмыстарына инновациялық технологияларды
енгізу және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің
кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында 2015-2018 оқу жылдарына арналған
ясли-бақшаның әдістемелік тақырыбы таңданып, міндеттері анықталып, 3 кезең
бойынша жұмыс жоспары құрылды. 2015-2016 оқу жылы дайындық кезеңі
болды.
Мақсаты:инновациялық
технологияларды
қолдану
бойынша
педагогикалық ұжымның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін зерттеу.
Міндеттері: «Инновациялық педагогикалық технологиялар» диагностикасын
жүргізу; технологияларды қолдану бойынша жетекші педагогикалық
тәжірибелер мен ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі мәселелердің жағдайын
зерттеу.
Міндеттерді шешу барысында педагогтар 5 әдістемелік орталықтарға
бөлінді, және зерттеу тақырыптары таңдалып алынды. Әдістемелік тақырыпты
жүзеге асыру мақсатында 5 педагогикалық кеңес және 5 семинар өткізілді.
Қазіргі таңда яслибақшамызда білім беру стандартын жүзеге асыру
мақсатында инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол
себепті негізгі міндетіріміз: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша
педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс
дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау.
Басты мақсатымыз: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын
технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді,
құзыретті тұлға тәрбиелеу. Яслибақшада қен қолданып жүрген тиімді
технологиялар:
1. «ТРИЗ» (ӨТШТ) технологиясы;
2. «Тәй-тәй» технологиясы;
3. «Монтессори» технологиясы;
4. «Зайцев» технологиясы;
5. Дамыта оқыту технологиясы.
1)«ТРИЗ» (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды
орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді
дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа
баулиды.
2) «Тәй-тәй» технологиясы. Джорж Сорос негізін қалаған.
Мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін
дамыту.
3)«Монтессори»
технологиясы
балалардың
қоршаған
әлемге
қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және
оларға жауап іздеп табу.
4)«Зайцев» технологиясын мақсаты: Оқыту мен санауды қатар үйрете
отырып, балалардың дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Баланың білімді
барлық сезім мүшелерімен қабылдауын қамтамасыз ету.
5)«Дамыта оқыту» технологиясы. Негізін салушылар мен зерттеушілер:
В.Давыдов, В.Занков, В.Эльконин, П.Эрдниев.Мақсаты: Баланың жалпы жан
дүниесін, және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік
44
қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты
міндеті – оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп,
жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру,
сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
«Дамыта оқыту» технологиясының балабақша жағдайында қолдануға
болатын тиымды әдістері: «Ой толғаныс», «Ассоциация», «Салыстыру»,
«Топтау».
Жылдық жоспарды жүзеге асыру мақсатында қыркүйекте «Білім күні»,
«Денсаулық фестивалі – 2016», қазан айында «Үлкенге құрмет» атты
концерттік бағдарламасы қарттар үйінде ұйымдастырылды. Қарашада «Күз
ханшайымы» байқауы, желтоқсанда «Ертегілер елінде» сахналық қойылымы,
«Тәуелсіздік тұғырым» мерекелік шара, «Біз қазақша сөйлейміз» байқауы,
қаңтарда «Әнші балапан» ән-байқауы, ақпанда «Өзін-өзі тану: махаббат және
шығармашылық педагогикасы» апталығы, наурызда «Наурыз жыл – басы»
меркесі, сәуірде ТЖ бойынша аудандық байқауы өткізілді.
Жыл бойы бейнелеу өнері бойынша тәрбиешілердің ұйымдастыруымен
балалар шығармашылығының көрмесі өтті: «Менің Отаным Қазақстан», «Күзгі
базарлық», «Тәуелсіздік тұғырым», «Сиқырлы шырша», «Қош келдің,
Наурыз!», «Тоқтар, Талғат ағамдай мен ғарышкер боламын», «Ұлы Жеңіс
жасасын!»
«Тәлімгер мектебі» бірнеше жылдар бойы жұмыс істейді. Жұмыс жас
мамандардың сұраныстары, оқу-тәрбие жоспарына сәйкес құрастырылған
жоспармен жүзеге асады. Барлығы 2 тәлімгер Шадирова Ажар, Даулеткереева
Гульнар жас мамандармен Нарынбаева Диана, Амиева Мерует, Кылышбаева
Салтанат жұмыс істеді.
«Тәлімгер мектебінің» нәтижелілігі «Үздік жас маман – 2016»
балабақшаішілік байқауында шығарылды.
2017жылы I Республикалық «Жас маман» байқауына тәрбиеші Илесова
Ақтоты мен қазақ тілі маманы Муратова Мадина қатынасып «Алғыс хат» және
«Құрмет грамотасымен» марапатталды .
Басылым 2015- 2016 оқу жылында төмендегі мына педагогтар өзіндік білім
көтеру тақырыптары бойынша әдістемелік басылымдарға жарияланды:
«Мектеп ұстаздарының әлемі» журналының №6,7,8 cандарына тәрбиеші Г.
Коканова «Орманға саяхат», «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»,
«Ертегілер еліне саяхат» ҰОҚ жарияланды, сертификат иеленіп, Алғыс хат
алды. «Мектеп ұстаздарының әлемі» журналының №8 cанына тәрбиеші
Бегежанова Ләззат «Приключение Даши в детском саду» ҰОҚ жарияланды.
Ясли-бақша жұмысының негізгі бағыттарының бірі –ата-анамен жұмыс.
Оқу жылының басында ата-аналардан сауалнама алынып «Отбасының
әлеуметтік портреті» шығарылды. Сонымен қатар «Баланың балабақшаға
бейімделуі», «Отбасындағы денсаулық сақтау шаралары» тақырыптарында
сауалнамалар алынды. Нәтижелері педагогикалық кеңестер мен семинарларда
шығарылып отырылды. Жыл сайынғы ата-аналармен жүргізілетін біріккен іс-
әрекеттеріміз әртүрлі бағытта жүзеге асты. Жыл сайынғы ата-аналармен
45
жүргізілетін
біріккен
іс-әрекеттеріміз
балабақшаның
отбасымен
ынтымақтастығының негізгі төрт бағыты бойынша жұмыс жүргізілді: дәстүрлі,
ағартушылық, қоғамдық басқару, интерактивті. «Ата-аналармен кездесуде
балаларды, ата-аналарды және педагогтарды жақындастыратын өзін-өзі
танудың элементтері жиі қолданылады. Сонымен қатар, жыл сайын дәстүрге
айналған «Ата-ана махаббаты» тренингі, әкелер конференциясы, «Жыл ата-
анасы», «Екі жұлдыз» сайысы, бірлескен сенбіліктер өткізілді. Тәуелсіздіктің
25 жылдығына орай ұйымдастырылған аудандық «25 жұлдызды күн» аясында
өткен отбасылар байқауындаБас жүлде иеленді.
Үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында «Мектепке дейінгі
ұйымда тілдердің үштұғырлығын дамыту» шағын лекция, интеллектуалдық
ойын «Полиглот», «Балабақша жағдайында үштілділікті ендіру мәселелері»
тақырыптарында дөңгелек үстел, «Ағылшын тілі күні» іс-шараларын жүргізді.
«Ағылшынша сөйлейміз» тақырыбында театр қойылымы қойылып,
«Шалқан» ертегісі сахналанды.
2016 жылы айында «Теңізшевройл» ЖШС-ң жұртшылықпен байланыс
бөлімі мен Құлсары қаласы әкімі аппаратымен бірлескен шара негізінде
«Мерекелі күз» ертеңгілігін көрсетті.
Бала тәрбиесіндегі нәтижелі еңбегі үшін Құлсары қаласының әкімінің
грамотасымен Р. Кудайбергенова, аудандық білім бөлімінің грамотасымен
Н.Ермекова,
білім
саласының
кәсіподақ
ұйымының
грамотасымен
З.З.Саидахмадова марапатталды.
Осы бес жыл ішінде біздің балабақшамызда тәрбие алған балалардың саны
1400-ге жетті, олардың әрқайсысы ізгі адам боларына сеніміміз мол.
Достарыңызбен бөлісу: |