50
2.4
Пряник өндірісі ……………………………………………............
64
2.5
Торт және пирожное өңдірісі........................................................
73
3
КАРАМЕЛЬ ӨНДІРІСІ................................................................
87
4
КӘМПИТ ЖӘНЕ ИРИС ӨНДІРІСІ ӨНДІРІСІ..........................
91
5
ПАСТИЛА- МАРМЕЛАДТЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ ӨНДІРІСІ............. 95
6
ШЫҒЫС ТӘТТІЛЕРІ.......................................................................... 98
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................... 104
4
КІРІСПЕ
Кондитер өнімдері – әдетте, құрамында қанты көп тағамдық өнімдер.
Кондитер өнімдерінің жүздеген түрлері бар. Технологиясына және оған
жұмсалатын шикізат түріне қарай негізгі екі топқа (қантты және ұнды)
бөлуге болады. Қантты түріне карамель, кәмпит, шоколад, жеміс-жидекті
кондитер өнімдері жатады. Ұннан жасалатын кондитер өнімдеріне
печенье, пряник, торт, кекс, орама (рулет), вафли, т.б. енеді. Жалпы
өндірістің 40% -н ұнды кондитерлік өнім түрі құрайды. Кондитерлік өнім
жоғарғы калориялы, сіңімді, ылғалдылығы аз, ұнамды дәмді, жіңішке
ароматты және тартымды көрініске ие, олардың тағамдық қасиеті жоғары
құнды болып келеді. Кондитерлік өнімнің энергетикалық құндылығы 100
гр тағамға шамамен 1200-ден (мармелад) 2300-ге (шоколад) кДж тең болса,
печеньеде 440 ккал, халуада 570 ккал, шоколад кәмпитте 550 ккал болады.
Кондитер өнімдерінің құрамында қант көп (70%-ға дейін) болатындықтан
ол ұзақ уақыт сапасын жоғалтпайды. Қағазға оралып та, оралмай да
шығарылады. Кейбіреуі пластмасса не металл қораптарға салынады.
Қазақстанда кондитер өнімдерін шығаратын ең ірі кәсіпорындар: “Рахат”
ААҚ (Алматы қ.), “Қарағанды кәмпиттері” ААҚ (Қарағанды қ.), “Баян
сұлу” ААҚ (Қостанай қ.). Сондай-ақ барлық ірі елді мекендердегі кондитер
цехтарында, шағын кондитер кәсіпорындарында дайындалады.
Оқу құралында кондитер өнімдерінің түрлеріне шикізаттарының
құрамы мен қаситеттеріне және қосалқы заттарға сипаттама беріледі.
Ұнның түрлері мен наубайханалық қасиеттері жүйелі түрде берілген.
Өнім түрлері жеке-жеке сипатталып
печенье, галеттер және крекер
өңдірісінің, торт, кәмпит, ирис, пастила, мармелад, шығыс тәттілері
өндірісінің технологиясы ашып көрсетілген. Сонымен қатар ұнды және
қантты кондитер өнімдерін өндіру технологиясы ашып көрсетіледі.
Ұнды кондитер өндірісінде инновациялық технология қолданылып
әзірленген печенье түрлері мен технологиясы жүйелі түрде берілген.
Кондитер өнімдерінің сапалық көрсеткіштері мен қауіпсіздігіне қойылатын
талапта, нормативтік құжаттар туралы да қысқаша мәліметтер келтірілген.
Оқу құралы студенттер мен магистранттарға және қызығушылық
танытқан өндіріс орны мамандары мен оқырмандарға арналған
5
1 КОНДИТЕР ӨНДІРІСІ. НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША
ШИКІЗАТТАРЫ
1.1 Өндіріс орындары туралы жалпы мәлімет
Достарыңызбен бөлісу: |