Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



жүктеу 2,5 Mb.
Pdf просмотр
бет9/18
Дата09.01.2022
өлшемі2,5 Mb.
#31817
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Abuova Konditer onimderi

ылғалдылығы 
 
15%-тен  аспауы  керек,  макарон  ұнының  15%,  май  сызданған  соя  ұны  – 
10%,  ал  майсызданбаған  және  жартылай  майсызданған  ұн    -  9%. 
Ылғалдылығы  жоғары    ұн  нашар  сақталады  және  су  сіңіру  қабілеті  төмен 
болады, бұл дайын өнім шығымына әсер етеді.  
Ұнда 
қоспалар  мөлшері
  стандартпен  шектеледі.  Мысалы,  металл 
магнит қоспалар 3 мг/кг-нан аспауы керек.  
Зиянкестермен зақымдануы рұқсат етілмейді. 
 Крахмал. 
 Крахмалды түрлі өнім түрлерінен алуға болады.  
Крахмал  –  дәннен  тұратын  ақ  ұнтақ.  Крахмал  картоптан,  дәнді  – 
дақылдардан  және  басқада  шикізаттан  өндірілетін  полисахарид  болып 
табылады.  Жүгері  дәнінің  көптеген  сұрыпы  үшін  мынадай  химиялық 
құрам  қабылданады:  (абсолюттік  құрғақ  затқа  %-бен)  крахмал  69,0-72,0; 
ерігіш  көмірсулар  3,0-5,0;  ақуыз  11,0-13,0;  пентозан  4,0-4,5;  клечатка  1,7-
2,0;  май  5,0-6,5;  күл  1,5-2,0.  Крахмалды  тамақ  өндірісінде,  тәтті  тағам,  ет 
өңдеу,  спирт,  тамақ  концентраттары  саласында  кисель  қайнату  үшін  және 
ұннан дайындалатын кондитер өнімдерін өндіру үшін қолданылады. 
Ол  глюкоза  өндірісінің  негізгі  шикізаты  балмұздақ,  кейбір  конфет 
сортының  өнімінің  рецептурасына  кіреді  және  конфеттерді  пішіндеу 
материалы  болып  табылады.  Тоқыма,  қағаз,  парфюмерия  және  тағыда 
басқа  өндіріс  салаларында  қолданылады.  Өсімдіктерде  крахмал  дән 
түрінде болады. 
Крахмалды  алу  қолданылатын  шикізатқа  байланысты  болады. 
Крахмалды  дайындаудың  негізгі  шикізаты  картоп  болып  табылады. 
Картопта 
12-25  
крхмал 
болады. 
Картопты 
өңдеудің 
негізінде 
модифицирленген крахмал және глюкоза сірнесі алынады. 
Модифицирленген  крахмалды  алу:  крахмалды  жылулық  өңдеу, 
қышқылдарда  тотықтыру    және  тағыда  басқа  әдістер  әсерінен  дәннің 
физико 

химиялық 
қасиеттерін 
өзгерту 
қабілетіне 
негізделген, 
модифицирленген  крахмалдың  келесі  түрлерін  шығарады:  жоғары 
тұрақтылықты  (  кисель  ),  төмен  тұрақтылықты  (балмұздақ  өндіру  үшін), 


 
13 
 
ісінетін  (торт,  пирожное),  мобильді  (сусымалы)  және  тағыда  басқаларын 
өндіреді. 
Картоп крахмалына қойылатын негізгі талаптар. Картоп крахмалының 
түсі  сортына  байланысты  болады.  «Экстра»  жоғары  сорт  –  ақ  кристалды 
жылтыр,  І  сорт  –  ақ,  ІІ  сорт  –  ақ,  сұрғылт  түсті  болуы  керек.  Картоп 
крахмалының дұрыс тазаланбауы крахмалдың күңгірттенуіне алып  келеді. 
Иісі крахмалға тән болуы керек, бөтен иіс болмауы керек. 
Крахмалдың  жылтырлығы  крахмал  дәнінің  өлшеміне  байланысты 
болып келеді. 
 
 
1.3 Қант және қантты заттар 
 
Қант  –  құрамы  біртекті  жалпы  сахарозадан  тұратын  өнім.  Сахароза 
көптеген  өсімдіктерде  болады,  әсіресе  ол  қант  тростнигінде  және  қант 
қызылшасында көп. Қант қоғамдық тамақтану өнімі. Сондай–ақ кондитер, 
консерві,  нан  басқа  тамақ  өнеркәсібінің  шикізаты  болып  табылады.  Қант 
организмге  жеңіл  және  толық  сіңеді,  энергия  көзі  және  гликоген,  май 
түзілудің  материалы  болып  табылады.  100г  қанттың  энергетикалық 
құндылығы  410  ккал  құрайды.  Қант  артық  мөлшерде  қабылданса, 
организмге зиян келтіреді: 
Жүрек  тамыр  жүйесіне  әсер  етеді,  май  алмасу  бұзылады,  диабеттің 
даму  каупі  ұлғаяды,  тіске  әсер  етеді.  Қанттың  тәуліктің  физиологиялық 
нормасы  100г  құрайды,  бірақ  оны  адамның  жасына,  денсаулығына 
байланысты дифференциялдау керек. 
Қант өндірісінде өндіріске алып келінген қант қызылшалары алдымен 
тазаланады,  өлшенеді,  содан  сон  турағыш  машинасына  жоңқаланады  да 
диффузиялық  аппаратқа  түсіп    судың  көмегімен  шырыны  алынады. 
Шырынның  құрамында    қанттан  өзге  де  қоспалар  бар.  Олардан  тазарту 
үшін  шырынға  әк  суын  қосып  дефекацияланады,  сатурацияланады 
(көмірқышқыл бар газбен), сульфидтанады содан соң  әр түрлі сүзгілермен 
сүзіледі.  Шырынды  қоюлату  үшін  оны  қайнатып  буландырады,  содан  сон 
сульфидтайды  (күкірт  газымен).  Содан  сон  қоймалжың  масса  вакуум  
аппаратта  қайнатылып  құрамындағы  құрғақ  заттардың  мөлшері  92.5%-ке 
жетеді.  Мұның  құрамында  50%-ке  дейін  қант  кристалы  болады. 
Кристалдарды  ажырату  үшін  масса  ортадан  тепкіш  центрифугаларға 
салынып өңделеді. Оның тор көзді барабанының ішінде қант кристалдары, 
ал  сыртында  сұйық  қоспалар  шығады.  Қант  кристалдары  бумен  немесе 
ыстық  сумен  жуылып,  қайтадан  қантқа  қаныққан,  бірақ  бөгде  заттардан 
тазаланбаған  ерітіндіге  қосылады.  Осы  масса  қайтадан  вакуум-аппаратта 
буланады  да,  одан  алынған  қант  кристалдары  кептіріліп  қаптауға 
жіберіледі.  Қантты  қант  құрағынан  да  өндіреді.  Мұның  өзгешелігі 
құрғақты  жаныштап содан алынған шырын тазартылып, сүзіліп ары қарай 
қант қызылшасы сияқты өңделеді[4]. 


 
14 
 
Қант  өндірісімен  өндірілетін  қанттың  негізгі  түрлері:  құмшекер  және 
рафинад қант болып бөлінеді. 
Құмшекерді 16-18% ал кейде 5% сахарозасы бар қант қызылшасынан 
алады.  Сахароза  пектиндермен,  бояғыш,  азотты  заттармен  минералды 
заттармен  және  басқа  қант  емес  заттармен  бірге  еріген  күйде  клетка 
шырынында болады. 
Рафинад  қант  кәдімгі  құмшекермен  салыстырғанда  едәуір  жоғары 
тазалық  дәрежесімен  сипатталады.  Ондағы  сахароза  мөлшері  99.9%  болу 
керек.  Барлық  рафинад  қанттар  үшін  шикізат  ретінде  стандартты  сапалы 
құмшекер  қолданады.  Рафинад  қантының    әр  түрлерін  алудың  ерекшелігі 
бар,  бірақ  алғашқы  өңдеу  кезеңдері  бірдей.  Ол  құмшекерді  еріту,  тазалау 
және  алынған  сиропты  мөлдірету,  сиропты  вакуум  аппаратта  сахароза 
кристалдары  түзілгенше  қайнату  (рафинад  уфтелін  алу)  операцияларынан 
тұрады.  Ары  қарай  рафинад  уфтелін  шығарылатын  қант  түріне 
байланысты өңдейді. 
Рафинадталған құмшекерді рафинад уфтелінен сахароза кристалдарын 
бөлу, сумен жуу және кептіру арқылы алады. Оны кристалдардың өлшемі 
бойынша  майды  (0.2-  0.8мм),  орташа  (0.5-  1.2мм),  ірі  (1.0-2.5мм)  және 
ерекше ірі (2.0- 4.0) түрлеріне іріктейді. 
Кесек түріндегі  рафинад қантын престеу және құю арқылы алады. 
Престелген  қантты  рафинад  қантын  уфтилінен  бөлінген  және  ерекше 
таза  қант  ерітіндісі  мен  жуылған  ылғалды  қант  кристалдарын  престеу 
арқылы  алады.  Престелген  бөлшектерді  кептіреді  және  суытады. 
Кристалдардың  ылғалдылығы  мен  престегенде  қысылу  дәрежесіне 
байланысты  қанттың  3  түрін  өндіреді:  бөлшек  түрінде  престелген, 
құйылған қанттың қасиеті бар, тез еритін. 
Құю  арқылы  рафинад  алу  көп  еңбекті  қажет  етеді.  Ыстық  рафинад 
утфелін  конус  тәрізді  және  металл  формаларға  құяды  да  кристалл  аралық 
сироптан сахароза қосымша кристалдану мақсатында суытады. Кристалдар 
бірігу нәтижесінде утфиль тығыздалады. Құйылған қанттардың массасы 5-
60 г дейін дұрыс емес пішінді бөліктер күйінде өндіреді. 
Рафинад  ұнтағы  рафинад  қантының  түйірлерін  ұнтақ  болғанша 
майдалап алады, бөлшектерінің өлшемі 0,1мм. 
Қант  сапасына  қойылатын  талаптар.  Қант  сапасын  екі  стандарт 
бойынша  құмшекер және рафинад қантқа арналған бойынща бағалайды. 
Құмшекердің  түсі  жылтыр,  ақ  түсті,  ал  рафинад  қант  көгілдір  реңді 
дақсыз,  бөтен  қоспасыз  болу  керек.  Дәмі  -  құрғақ  күйінде  де  сулы 
ерітіндісінде  де  тәтті.  Суда  толық  еру  керек,  ерітіндісі  мөлдір,  тұнбасыз 
болу 
керек. 
Стандарттармен 
ылғалдылығы, 
сахароза 
мөлшері, 
редуцирленетін  қанттың  мөлшері,  беріктігі  (рафинад  қант  үшін),  суда  еру 
ұзақтығы  т.б  нормаланады.  Сахароза  мөлшері  99,7%-тен  аз  болмау  керек, 
рафинад қантта сахароза мөлшері 99,9% , ылғалдылығы 0,1-0,4%-ке дейін. 


 
15 
 
Қамыс және қызылша қанты (қант ұнтағы, рафинад) бірінші дәрежелі 
қажетті азықтық өнім болып табылады. Сахароза деп аталатын кәдімгі қант 
ағзаны  қажетті  энергиямен  қамтамасыз  ететін  тағамдық    құндылығы 
жоғары  көмірсуға  жатады,  бірақ  оны  ағзада    сіңіруі    баяу  өтеді.  Сахароза 
асқорыту жүйесінде глюкоза мен фруктозаға ыдырайды, содан кейін қанға 
түседі[12].  Глюкоза  ағзаның  энергетикалық  шығынының  жартысын 
қамтамасыз етеді. Қандағы глюкозаның қалыпты концентрациясы 100 мм-
де  80-120  мг  қант  дәрежесінде  болады.  Сондықтан  да  бірқатар  бауыр 
аурулары мен уланулар үшін тамырға глюкозаны енгізу немесе қантты ішу 
ұсынылады.  Қант-көмірсудың  синонимдік  ұғымы,  бұл  атау  бірінші 
ашылуда қантқа тәтті  дәмге ие болғандығынан шықты. 
Глюкозаны крахмал және крахмалы бар шикізаттан алады. Глюкозаны 
тағайындалуына  байланысты  келесідей  түрлерге,  медициналық,  гидратты 
және  ангидридты,  тағамдық  кесектелген,  брикеттелген,  түйіршіктелген 
және  ұнтақтәрізді,  техникалық,  глюкоза  -  фруктозалық  шәрбәтқа  бөлуге 
болады. 
Кристаллдық 
гидратты 
глюкозаны 
негізінен 
медициналық 
мақсаттарда қолданады.  Медициналық ангидридті глюкоза дәрі дайындау 
үшін,  ал  медициналық  гидратты  глюкозаны  тамырға  құю  үшін 
пайдаланады. 
Тағамдық 
глюкозаның 
кристалдық 
глюкозадан 
айырмашылығы,  оны  дайындау  кезінде  кристалдар  және  утфельдің 
кристаларалық  ерітіндісін  бөлетін  сатысы  болмайды,  сонымен  утфельдік 
масса  қатады.  Мұндай  глюкоза  тағам  өнеркәсібінде  сахарозаны 
алмастырушы  болып  табылады,  мысалы  жұмсақ  кәмпит  өндірісінде, 
балмұздақ, шығыс тәттілері, сусындар, нан - тоқаш өнімдерін өндіруде.  
Техникалық глюкозаны төменгі сапалы шикізаттардан алады.   
Фруктоза, глюкоза сияқты моносахарид болып табылады. Бұл ең тәтті 
қант,  сондықтан  фруктоза  және  қант  мөлшері  бірдей  болған  жағдайда  да, 
өнім  тәттілене  түседі.  Глюкозаның  фруктозаға  изомеризациясы  суықта 
сілтінің  әсерінен  немесе  глюкоза  ерітіндісін  аздап  қыздырғанда  және 
глюкоизомераза  ферментінің  әсерінен  де  болады.  Мұндайда  бірнеше  рет 
қолдануға  жарайтын,  ферменттің  иммобилизацияланған  (тасымалдаушыға 
бекітілген) препаратын қолданады.  
Глюкоза  -  фруктозалық  шәрбәтті  алу  үшін  бастапқы  шикізат  ретінде 
негізінен  жүгері  крахмалын  пайдаланады.  Ондағы  қоспа  мөлшері 
минималды, ал ақуыз  0,4 %  аспауы  болуы қажет. Глюкоза – фруктозалық 
шәрбәтті шет елдерде балалар және ем - дәмдік тағам, нан - тоқаш өнімдер, 
алкоголсіз  сусындар,  балмұздақ,  крем,  торт,  пирожный  және  т.б.  
өндірістерде кеңінен қолданылуда.   
Қасиеті  бойынша  мұндай  шәрбәттар  инвертті  қантқа  жақын  болып 
келеді.  Олардың  құрамындағы  моносахаридтің,  әсіресе  фруктозаның  көп 
болуына  байланысты,  кондитерлік  өнімдердің  сапасын  арттыру  үшін 


 
16 
 
пайдаланады:  олар  көпке  дейін  жұмсақ  болып,  кеппейді.  Глюкоза  - 
фруктозалық  шәрбәт  негізінде  дайындалған,  нан  -  тоқаш  өнімдерінің 
қыртысы  жақсы  түске  ие  болады.  90%  фруктозадан  тұратын  шәрбәттің 
тәттілігіне  байланысты,  өнім  рецептурасындағы  қант  құрамының 
төмендеуі  себебінен,  төмен  калориялы  тамақ  өнімдерін  алуға  мүмкіндік 
береді.  Сонымен  қатар  глюкоза-фруктозалық  шәрбәттарды  джем  және 
консерві өндірісінде пайдаланады[21].  
Сірне
 
-
   
тәтті,  өте  тұтқыр,  түссіз,  кейде  сарғыш  түсті  сұйық.  Сірнеге 
тәтті дәмді оның құрамындағы глюкоза мен мальтоза берсе, тұтқырлықты 
декстрин  береді.  Сірне  антикристаллизатор  және  өнімнің  гигроскопиялық  
қасиетін реттегіш зат ретінде пайдаланылады. 
Сірнені  картоптан  және  жүгеріден  алады.  Тазаланған  жуылған 
крахмал 
сумен 
араластырылып, 
крахмал 
сүтін 
алып, 
дәмдеу 
сиымдылықтарына  немесе  автоклавка  беріледі.  Мұның  үстіне  шамалы 
мөлшерде  күкірт  немесе  тұз  қышқылын  қосады  да  ерітіндіні  қайнағанша 
қыздырады.  Алынған  қышқыл  қою  шырын  ұнтақталған  бормен  күкірт 
қышқылымен 
гидролизденгенде, 
тұз 
қышқылымен 
гидролизденсе 
бейтараптандырылады.  Содан  соң  қою  шырынды  активті  көмірмен 
сүзгілеп,  түссіздендіреді.  Пайда  болған  сірне  қою  шырынын  қайнатып, 
сүзгілеп, вакуум аппаратта қоюландырады. Пайда болған сірнені, қарайып 
кетпеу үшін жылдам 40-45˚С температураға дейін суытады да ағаш немесе 
металл  сыйымдылықтарға  құяды.  Сірненің  төмен  қантты,  жоғары  сортты, 
глюкозды  жоғары  қантты  түрлері  шығарылады.  Құрғақ  сірне  -  сұйық 
сірнені білікті  немесе шашыратпалы кептіргіштерде кептіріп алады. Оның 
құрамындағы  құрғақ  қанттардың  мөлшері  94%-ке  дейін  болады.  Мұндай 
сірненің  көбік  түзгіш  қасиеті  жоғары  болғандықтан,  көбіне  оны  алуа 
өндірісінде қолданады. 
Бал  -  тағамдық  құндылығы  жоғары  табиғи  өнім.  Биологиялық  тегі 
бойынша бал гүлді, шіре балы және аралас болуы мүмкін. 
Кез  келген  текті  балдың  құрамдас  бөлігі  фруктоза  (27-44%)  және 
глюкоза  (22-41%)  түріндегі  қанттар  (80%)  болып  табылады;  сахароза  аз 
мөлшерде  болады,  кейде  мүлдем  болмайды,  себебі  ол  толық  ыдырап 
кетеді.  Балдың  азотты  заттары  ақуыз  болып  табылады.  Олар  балға  лайлы 
түр  береді  және  көбіктенуіне  ықпал  етеді.  Амин  қышқылдар  балды 
қыздырғанда  немесе  сақтаған  кезде  қанттармен  бірге  көбею  арқылы  түсті 
меланоидиндер түзеді. 
Балды  сортқа  бөлмейді.  Ол  мөлдір  немесе  кристалданған  болу  керек, 
механикалы  қоспасыз  және  ашу  белгілері  байқалмау  керек.  Балдың  
ылғалдылығы  21%-тен  аспауы  керек.  Балдың  ферменттік  активтілігін 
сипаттайтын  диастаздық  сан  1%  крахмал  ертіндісінің  5  мл  аспау керек. 
Балды  шыны  немес  лакталған  металл  банкілерге,  алюминий  фольгасынан 
жасалған стакандарға, ішінен лакталған керамикалық ыдыстарға құяды. 


 
17 
 
Ылғалдылығы 21% балды 20
0
С дейін температурада, 21%-тен жоғары 
балды 10
0
С дейін температурада, 60% салыстырмалы ауа ылғалдылығында 
сақтайды. Сақтау мерзімі шектелмеген. 
Жасанды  балды қанттан  жасайды.  Қант  сиропты  қышқыл  қатысында 
қыздырады.  Бұл  кезде  сахароза  толық  емес  гиролизденеді.  Дәмі  мен  иісін 
беру үшін табиғи бал немесе бал эссенциясын қосады. Жасанды бал мөлдір 
сары  түсті,  бал  ароматты  болу  керек.  Ылғал  мөлшері  22%  аспауы  керек. 
Оны  0-20
0
С  дейін  температурада  75%  -  ке  дейін  салыстырамалы  ауа 
ылғалдылығында сақтайды. Сақтау мерзімі 3 ай[7].  
 
1.4 Жемісті –жидекті шикізаттар және жартылай фабрикаттар 
 
Жер  жүзінде  32  тұқымдасқа  жататын  200-ден  астам  жемісті 
дақылдардың  түрлері  бар.  Негізгі  жемісті  дақылдарға  алма,  алмұрт,  шие, 
алхоры,  мендаль,  өрік,  шабдалы,  бүлдірген,  құрма,  жанжабіл,  анар  т.б. 
жатады. Жеміс - құнды, тағамдық өнім. Оның кұрамында тез қорытылатын 
көмірсулар,  органикалық  қышқылдар,  С  витамині,  минералды  тұздар, 
пектинді,  тұтқырлы,  бояушы,  хош  иіс  беретін  организмге  пайдалы  заттар 
болады.  Олардың  мөлшері  жемістің  түрлеріне  байланысты  өзгеріп 
отырады.  Жемістерді  ұзақ  мерзімге  сақтау  үшін  оларды  консервілеу 
немесе  кептіру  қажет.  Кептірілген  жемістерді  жеміс  қағы  деп  атайды. 
Бұларды  кептіру  табиғи  жолмен  күн  көзі  немесе  жылы  ауамен  өңдеу 
арқылы жүргізіледі. 
1. Жемістердің жіктелуі. 
Құрамы мен өсіру аймағына байланысты жаңа піскен жемістер келесі 
топтарға бөлінеді: 
   -Тұқымды - алма, алмұрт, айва;  
   -Сүйектілер - шие, көк өрік, өрік, шабдалы;  
   -Жидектер  -  жүзім,  қарақат,  бүлдірген,  құлпынай,  таңқурай  және 
жабайы жидектер;  
   -Жаңғақ  жемістілер  -  жаңғақ,  грек  жаңғағы,  миндаль,  арахис, 
фисташка, кария, кешью  т.б.;  
   -Субтропикалық  және  тропикалық  -  құрма,  унаби,  інжір,  анар, 
фейхова, ананас, банан, манго, финики, цитрустылар.  
Тұқымды жемістілер. 
Тұқымды жемістілер қабығынан, жеміс жұмсағынан және тұқымы бар 
бес  ұялы  камерадан  тұрады.  Бұл  топқа  алма,  алмұрт,  айва,  мушмула 
жатады.  Олар  жоғары  тағамдық  құндылықпен,  жақсы  дәмдік  қасиетімен 
ерекшеленеді  және  өңдеу  үшін  құнды  шикізат  болып  табылады. 
Алма  -  басқа  жемісті  дақылдардың  ішінде  бірінші  орын  алады.  Алманы 
негізіне оңтүстік және орталық аймақтарда өсіреді. 


 
18 
 
Алмалардың  химиялық  құрамы  әртүрлі  факторға  тәуелді:  сорты,  пісу 
дәрежесі,  өсіру  жағдайы,  сақтау  тәртібі  мен  ұзақтығы.  Алма  құрамында 
95% қант, 0,7% қышқылдар (алма және лимон қышқылдары), 0,4% азотты 
заттар, 0,02-0,27% илек заттар, 1,3% клечатка, 0,8% пектин заттар, 13 мг С 
витамині бар. 
Жетілу  мерзіміне  қарай  барлық  алма  сорттары  жаздық,  күздік  және 
қыстық 
болады.  
Алма сапасына қойылатын талаптар. Ерте пісетін алмалар сапасы бойынша 
бірінші  және екінші  тауарлық сортқа бөлінеді және олар бүтін, қажетінше 
піскен,  таза,  жеміс  бетінде  артық  ылғалсыз,  бөтен  иіссіз  және  дәмсіз  болу 
керек. Ең үлкен көлденең диаметрі 1-ші сорт үшін - 55 мм; 2-ші сорт үшін 
40 мм болу керек. 
Кеш  пісетін  алмалардың  сапасы  келесі  көрсеткіштермен  бағаланады: 
сырқы түрі, ең үлкен көлденең диаметрі бойынша өлшемі, жетілу дәрежесі, 
рұқсат етілетін ауытқулар. Домалақ формалы жоғары сортты алмалар үшін 
(65мм);  1-ші  сорт  үшін  60,  2-ші  сорт  үшін  -  50  және  3-ші  сорт  үшін  -  40; 
овал формалы жоғары сортты алма - 60, 1-ші сортты - 50, 2- ші сортты - 45 
және 3-ші сортгы -35. 
Алмұрт. Алмаларға қарағанда нәзіктеу, нашар сақталады, алмалармен 
салыстырғанда  қышқыл  мөлшері  аз,  қант  мөлшері  көп.  Алмұртты  балғын 
түрінде  компот,  тосап,  цукат  дайындау  үшін  қолданады.  Алмұрт 
құрамында  9%  қант,  0,3%  қышқылдар,  0,2%  пектан  заттары,  0,02-0,07% 
ілік заттар, 0,07% минералды элементтер, 0,6% клетчатка, С витамині бар. 
Сапасы  бойынша  ерте  пісетін  алмұрт  екі  тауарлық  сортқа:  1  және  2-
ші; кеш пісетін алмұрт 2 помологиялық топқа және 3 тауарлық сортқа: 1,2 
және 3-ші бөлінеді. 
Айва жемістері  ірі,  жұмсағы  тығыз,  ауыз  қуыратын  дәм  мен  нәзік 
жағымды  ароматқа  ие.  Консерві  өндірісінің  құнды  шикізаты,  одан  тосап, 
джем, желе, цукат, компот дайындайды. Айва  құрамында 7,6% кант, 0,9% 
қышқылдар,  0,8%  пектин  заттары,  0,6%  ілік  заттары,  0,08%  минералды 
заттар, 23 мг С витамині бар. Айваның  өзіндік ароматы  құрамында энант-
этил  және  пеларгон  -  этил  эфирлерінің  болуына  негізделген.  
Тұқымды 
жемістілердің 
аурулары. Тұқымды 
жемістілер 
көбінесе 
шірігінен, 
парша 
мен 
күйе 
саңырауқұлағымен 
зақымданады. 
Физиологиялық аурулар (күю, жұмсағының қараюы, солу және т.б.) дұрыс 
емес сақтау кезінде пайда болады.  
Сүйекті жемістілер 
Сүйекті  жемістілерге  шие,  қара  шие,  көк  өрік,  шабдалы  жатады. 
Сүйекті жемістілер қабығынан, шырынды жұмсағынан, сүйектен тұрады. 
Сүйекті  жемістілерді  тұтынушылық  жетілу  стадиясында  жинайды, 
себебі  олар  жиналғаннан  кейін  пісу  қабілеті  жоқ.  Олар  ұзақ  тасымалдау 


 
19 
 
мен  сақтауға  төзімсіз.  Оларды  балғын  түрінде  және  өңдеу  үшін:  кептіру, 
тосап, компот, шырындар, тұндырмалар жасауға қолданады. 
Шие  -  еліміздің  көптеген  аудандарында  өседі.  Ол  маусым,  тамыз 
айларында піседі. Шиенің жемістері шырынды, қышқыл, тәтті, анық түсті, 
жұмсағы  бар,  жұмсағы  тығыз  болып  келеді.  Шиенің  сүйегінен 
ажыратылатын  және  ажыратылмайтын  түрге  бөлінеді.  Тәтті  шие  жылуды 
сүйетін  өсімдік:  Молдавия,  Украина,  Орталық  Азия,  Кавказ,  Крымда  өте 
кең  таралған.  Тәтті  шиенің  жемісі  шырынды,  дәмді,  жағымды.  Түсі  сары, 
қызғылт, қызыл болады, 1-2 сортқа бөлінеді.  
Шабдалы  –  көбінесе  Крым,  Кавказ,  Өзбекстан,  Тәжікстан  елдерінде 
жиі өседі. Маусым және қазан айларында жинап алынады. Бұл жемістердің 
дәмі  тәтті,  хош  иісті,  жұмсағы  шырынды  келеді.  Жоғарғы  1-2  сортқа 
бөлінеді.  Әрбір  тауар  сорт  жемістің  пішіні,  түсі,  өз  типтеріне  сай  дұрыс 
пісіп  жетілген  балауса,  таза,  бұзылмаған,  бүтін  болуы  керек.  Аздап 
механикалық  зақымдалған,  зиянкестермен  зақымдалған,  мыжылған 
жемістер  стандартқа  сай  жіберілмейді.  Сақтау  мерзімі  2  күн  4
0
С 
температурада, 85-90% ылғалдылықта[16]. 
Субтропикалық жемістерге цитрустық жемістер: гранат, інжір, құрма. 
Олар қара теңіз жағалауында, Кавказ, Крым т.б. өседі. 
Тропиктік  жеміс

жүктеу 2,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау