229
уақытты басқаруды қажет етеді. Жоба барысында алынған
ӛнім қиялдан туған, орындалмас арман ретінде емес, белгілі
бір ойлау деңгейін талап етеді.
Мысалы, егер ӛнім компьютерлік бағдарламаны
құрастыруды кӛздесе, ол бағдарлама аяғында шынайы
жұмыс ретінде белгілі бір уақытта орындалуы тиіс немесе
мерекеге арналған сценарий де, химиялық тәжірибе де,
ландшафт картасы да белгіленген тәртіппен, белгілі бір
уақыт
ішінде даяр болып, іске асыруға тиімді болуы тиіс.
Жобалау тобында креативті адам да, орындаушылар да,
басқарушылар да болуы мүмкін. Жобаның сәттілігі оның
идеясы
мен
мазмұнына
сәйкес
ұйымдастырылуына
байланысты. Жобаның ортақ болуына байланысты ондағы
орындалу әрекеттері де ортақ болуы тиіс. Жоба мен топ
организм ретінде болғандықтан, олардың мазмұны бірге
асырылғаны жӛн, бұл жағдайда адамдар ӛзі үшін
жауапкершілік алуы тиіс.
Жоба және жобалаушылар, бірлігі және идея – оны
орындау бірлігі жүзеге асырылғанда ғана жобалау әрекетінің
тиімділігі артады. Осы бірлікті қатаң сақтау арқылы
жауапкершілік қалыптасады.
Егер жобалауды ӛз бетімен жіберіп, оқушылар
әрекеттері ересектер тарапынан қадағаланбаса, балалар
қиялдау мен шынайылықтың арасын айыра алмай қалуы, тек
қиялға беріліп кетуі мүмкін. Бұл тӛменгі сынып
оқушыларына тән құбылыс. Ӛйткені, балалардың ӛз алдына
белгілі бір мақсат қойып, орындауға күш жұмсауы,
психологтардың айтуынша, негізінен 15 – 16 жастан ғана
басталады.
Осылайша, Жобаның идеясы мен орындалуының
бірлігін түсіне отырып, соған сүйеніп жұмыс істеуді
оқушылар
жобалау
әрекетінің
басталуы
бӛлігінде
қолдарынан келмеуі мүмкін. Педагогтың міндеті–оларды
орындалмайтын қиялдаудан, тек орындаушылық қана
әрекеттерден сақтандырып отыру. Оны белгілі бір пән
шеңберіндегі жобалау (ӛйткені, пән мұғалімі ӛз пәнінің қыр –
сырын жақсы біледі) немесе сабақтан тыс жұмыстарды
жобалау арқылы қалыптастыруға мүмкіндік кӛптеу болады.
Бұған керісінше, пәнаралық жобалауды ұйымдастыру
231
деңгейін, мерзімін, тапсырмалардың альтернативаларын, т.б
таңдауына болады. Таңдау мүмкіндіктерін педагог ӛзі де
анықтай алады. Әсіресе оқушылар жобаны орындауға
тапсырма алады, бірақ оны қандай пән шеңберінде
орындайды, оған қатысушыларды таңдау қалай жүреді т.б.
Негізгі мектеп оқушылары әртүрлі жастағы балалардан
құрылған топтарды қамтитын үлкен масштабы жобаға да
қатысуға
таңдау
жасай
алады.
Ондай
жұмыстар
педагогтардың бірлескен әрекеттерін, олардың ӛзара
келісімге келе білулерін, жалпы педагогикалық ұжымның
қатысуын қажет етеді, сондай–ақ, жобалау біртұтас білім
беру кеңістігінде орындалатындықтан, оған әкімшілік
міндетті түрде қатысуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: