Ресей империясы қҰрамы


  Польшадағы  егеменді  мемлекетті  қалыптастырудағы  Юзеф



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет17/26
Дата25.08.2020
өлшемі1,33 Mb.
#31338
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
disser

1.4  Польшадағы  егеменді  мемлекетті  қалыптастырудағы  Юзеф 
Пилсудскидің мемлекеттік-саяси қызметі  
Юзеф Пилсудский (1867-1935 жж.) Польшадағы ХІХ ғасырдың соңы мен 
ХХ  ғасырдың  басындағы  ірі  қоғамдық-саяси  қайраткерлердің  бірі  болып 


54
 
 
табылады.  Польшадағы  тәуелсіздіктің  қалпына  келуі,  оның  жерлерінің  қайта 
қосылуы,  мемлекеттік-құқықтық  институттарының  қалыптасуы  және  нығаюы 
оның атымен байланысты. 
Белгілі  бір  мемлекет  дамуының  өзгерісті  кезеңі  тарихында  тұлғалардың 
маңызды рөл атқаратыны белгілі. Юзеф Пилсудский Польша мемлекетінің өзге 
патриоттары  сияқты  өз  елін  отарлық бұғаудан  босату  жолында  көптеген істер 
жасаған.  Ол  елінің  тәуелсіздігі  жөніндегі  сұрақ  шешіліп  жатқан  қиын-қыстау 
кезеңде халқының рухани көшбасшысы әрі жол бастаушысы болды.  
Жұмыстың алдыңғы бөлімдерінде айтылып кеткендей, аумағы және адами 
ресурстары  мол  мемлекет  -  Речь  Посполита,  көрші  державалармен  болған 
соғыстар  нәтижесінде  сол  кезеңнің  ірі  державалары  болған  Австрия,  Пруссия 
және  Ресей  арасында  бөлініске  ұшырайды  [24,  б.169].  Ресейдің  қарамағында 
болған  Польшаның  Шығыс  бөлігі  Польша  Патшалығы  деп  аталады.  Ресейдің 
өзге  отарлық  шеттеріне  қарағанда  Польша  Патшалығы  аймақтағы  тарихи-
мәдени  және  құқықтық  құндылықтарына  байланысты  ерекше  мәртебеге  ие 
болғанын атап өтуге болады. Алайда оған қарамастан Польша өлкесі өздерінің 
отандастары  мекендеген  көрші  еуропалық  мемлекеттермен  салыстырғанда 
нашар әлеуметтік-экономикалық жағдайда тұрып жатқан еді. 
Польша  жері  бөлініске  ұшырап,  бір  этнос  өзінің  тілімен,  мәдениетімен 
және  дінімен  ірі  Еуропалық  державалардың  колониалды  шеттеріне  айналуға 
мәжбүр  болды.  Польша  Патшалығындағы  қарапайым  құқықтар  мен 
бостандықтардың  Речи  Посполитаның  басқа  бөліктеріндегі  сияқты  аяққа 
тапталып,  қысымға  ұшырауынан  ұзақ  жылдар  бойы  басып  алынған  халықтың 
жиналып келген ашу-ызасы тек қорқытушылық пен күштердің басымдығымен 
ұсталып отырды. 
XIX  ғасырда  Еуропада  өнеркәсіп  төңкерісі  қанатын  жая  бастағанын  айта 
кету  керек,  жаңа  технологиялар  пайда  бола  бастады,  ірі  империалистік 
державалар өткізу нарығын, жаңа отарларды алып, олардың аумақтарын бөліп 
алуға  күштерін  жинақтайды,  ол  үшін  әскерді,  флотты  қайта  қаруландырып, 
жасақ  санын  арттыру  керек.  Бұл  салықтар  мен  әскерге  алу  бірнеше  мәрте 
көтеріліс  тудырған  Польша  сияқты  өзге  билікке  бағынышты  аумақтарға 
жүктеледі.  Патша  әкімшілігі  халық  көтерілістерін  ресейдің  тұрақты  әскерінің 
көмегімен қатаң басып отырады. 
Бірқатар  ғалымдар  поляк  халқының  тәуелсіздік  үшін  күресін  жүргізген 
сайын  самодержавие  оларға  қатысты  қуғын-сүргінді  күшейтіп,  автономиялы 
Польша аумағында әрекет еткен мемлекеттік-құқықтық институттарды заңдық 
тәртіпте  шектей  бастағанын  атап  өтеді.  Мысалы,  Польша  аумағында  әрекет 
еткен  1815  жылғы  Конституцияның  орнына  барлық  поляк  жерлері  Ресей 
империясы  аумағының  бір  бөлігі  болып  саналады  делінген  «Органикалық 
статут» атты Заңы күшіне енеді [60, б.3]. 
1830-1831  жылдары  автономияның  өзінің  бұрынғы  ерекше  мәртебесін 
қайтаруды талап етуі себеп болған көтеріліс басылғаннан кейін, патша үкіметі 
өңірді  басқаруда  ынтымақтасу  үшін  орысшыл  көңіл  күйдегі  шляхталар  мен 
поляк халқының ықпалды топтарын тек қарумен ғана емес, сонымен қатар өзге 


55
 
 
де  әдістермен  өздеріне  жақындатуға  талпынады.  Алайда,  іс  жүзінде 
тұрғындардың  көбісі,  соның  ішінде  шляхталардың  өзі  бұрынғы  мәртебені 
қалпына  келтіруді  талап  етеді.  Уақыт  өте  келе,  Польшаны  отарлық 
бағыныштылықтан,  орыстандыру  саясатынан  және  отарлық  билік  тарапынан 
қуғын-сүргіннен  босату  алдыңғы  қатарлы  дворяндар  мен  зиялылардың  басты 
идеяларына айналады.  
Кейін,  1863-1864  жж.  император  ІІ  Александр  тұсында  Польшадағы 
крепостнойлық  құқықты  жою  сұрақтарымен  байланысты  болған  ірі  көтеріліс 
орын  алады.  Ресейдегі  крепостнойлық  құқық  1861  жылы  жойылғаны  белгілі, 
алайда, өздерінің халқын сан ғасырлық құлдық пен надандықтан босатып, еркін 
өмір  сүруге  мүмкіндік  берген  әлемдік  мәні  бар  бұл  актінің  демократиялық 
бастамалары Польшада кейбір ерекшеліктерге ие  болды. 
1830-1831  жж.,  1863-1864  жылдарғы  көтерілістер  патшалықпен  күресуге 
болатынын  және  тек  жасырын  қозғалыстарды  ұйымдастыру,  тұрғындарды 
оқыту,  насихат  жұмыстарын  жүргізудегі  сауатты  дайындық  әрекеттері  ғана 
көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізетінін ұғындырды. 
Көтеріліске  қатысып,  1865  жылы  эммиграцияда  болған  Ярослав 
Домбровский  былай  дейді:  соңғы  көтеріліс  бізге  қандай  жолмен  жүру 
керектігіне көзімізді ашты, ол өзіміздің еліміз нақты әрекет етуге шақырғанда 
өз  миссиямызды  жетістікпен  орындау  үшін  біздің  барлығымызға  қуғында 
жүрген уақытымызды тиімді пайдалануымызды міндеттеді, - дейді  [85]. 
Көтерілісті  басып,  оның  аграрлық  революцияаға  айналып  кетуінен 
күдіктенген  патша  үкіметі  1864  жылы  19  ақпандағы  (2  наурыз)  жарлықпен 
көтеріліс  барысында  қалыптасқан  қатынасты  мойындауға  мәжбүр  болады, 
ауылдарда  шаруаларға  1846  жылы  заңсыз  тартып  алынған  және  айырбас 
жерлері  қайтарылады,  ал  жерлері  жоқ  шаруаларға  қазына  жерлерінен  жер 
телімдері беріледі [86]. 
ІІ  Александрдың  демократиялық  сипаттағы  реформалары  метрополиядан 
алыстаған сайын халық үшін пайдалы қасиеттерін жоғалтқанын атап өту керек, 
өйткені патша билігі түбегейлі өзгеріс реформаларын шеттерде толық көлемде 
жүргізуді  қажет  деп  санамады.  Үкімет  отарлардың  үкімет  тарапынан 
берілгендерге қанағат етулері керек деп санайды, сондықтан шеттерге көптеген 
реформалар ІІ Николай тақтан құлағаннан соң келеді. 
Бұл  мәселені  зерттеген  ғалымдардың  айтуынша,  император  сарайында 
өлкені  либералды  әдістермен  басқару  олардың  арасында  көтеріліс  тудырды 
деген  пікір  қалыптасады,  сондықтан  ресей  үкіметі  өздерінің  бодандарына 
қатысты  қатаң  бағыт  ұстанып,  оларды  жылдам  ассимиляцияландыру  және 
орыстандыруды саясатына кіріседі [51, б.5]. 
Жоғарыда  айтылғандай,  өнеркәсіп  төңкерісі  Еуропаның  саяси  өмірін 
белсенділендіре  түседі,  жұмысшы  тап,  шаруалар  бұрынғыдай  әдістермен 
басқарылатын  езілген  және  сауатсыз  тұрғындар  емес  еді  [51,  б.5-6].  Осындай 
ортада  социал-демократтар,  ұлттық  социалистік  және  басқа  да  қозғалыстар 
сияқты  әртүрлі  революциялық  ағымдар  пайда  бола  бастайды,  дәл  осындай 
бүкіл  Еуропа  үшін  қарқынды  кезеңде  1867  жылы  5  желтоқсанда  ауқатты  жер 


56
 
 
иесі  Пилсудскийдің  отбасында  төртінші  бала  Юзеф  Клеменс  дүниеге  келеді. 
Пилсудскилер  отбасы  поляк  шляхталарының  (дворяндар)  қатарында  болатын. 
Оның  әкесі  Пилсудский  Юзеф  Винцент  ауылшаруашылық  білімі  бар,  
саясатпен  айналыспаған,  ал  өмірін  балаларының  тәрбиесіне  арнаған  шешесі 
Мария  -  поляктардың  белгілі  Биллевичтер  әулетінен  шыққан.  Олардың 
отбасында 12 бала дүниеге келген [47, б.7]. 
Юзефтің жақын туыстары және әкесі отарлық тәртіптің қарсыластары әрі 
революционерлердің  тілектестері  болатын.  1863  жылғы  көтерілісте  Юзефтің 
туысқан  ағасы  Александр  Пилсудский  қаза  болады  және  оның  отбасының 
кейбір мүшелері түрмеде жазаларын өтейді [51, б.6]. 
Бұл  оқиғалардың  барлығы  Юзефтің  жастайынан  билікке,  әрекет  етуші 
тәртіпке  қатысты  белгілі  бір  іздер  қалдырып,  оның  өз  халқын  отарлық 
бағыныштылықтан  босатуға  деген  тілегі  мен  отансүйгіштік  сезімін 
қалыптастырады. 
1874  жылы  Пилсудскилердің  отбасы  олардың  егіндері  мен  үй-жайларын 
жойып  кеткен  өрттің  кесірінен  Вильно  (қазіргі  Вильнюс)  қаласына  кетуге 
мәжбүр  болады.  Осы  қалада  1877  жылы  Юзеф  Пилсудский  гимназияға  оқуға 
түседі.  Оқу  кезеңі  барысында  Юзефтің  бойында  мектептегі  білім  берудегі 
орыстандыру  саясатын  жақтырмаушылық  қалыптасады,  сондықтан  ол  қанша 
қабілетті  әрі  дарынды  гимназист  болса  да  білімге  деген  ерекше  құлшынысы 
болмайды.  Юзефтің  негізінен  наполеондық  кезеңдегі  әскери  тарихқа 
қызығушылығы оянады [51, б.9]. 
Ғалымдар  Юзефтің  білім  алу  жылдарында  өр  мінезділігімен, 
ұйымдастырушылық  қабілетімен  және  атаққұмарлығымен  ерекшеленгенін 
айтады.  Дәл  сол  кезде,  ол  басқа  да  гимназистермен  бірге  «Байланыс»  дегенді 
білдіретін «Спуйия» сияқты жасырын үйірмеге қатыса бастайды. 
Бұндай үйірмелердің пәлсапа, жаратылыстану ғылымдары және өзге де сол 
кездегі 
Еуропадағы 
ғылыми-техникалық 
революцияның 
жетістіктері 
талқыланатын бейбіт сипатта болғаны белгілі. Кейін, Пилсудский өзін Еуропаға 
қатысты  қоғамдық-саяси  сұрақтар  көбірек  қызықтырғандықтан,  үйірмеден 
шығып кетеді. 
Пилсудскидің  өмірінде  өз  елінің  тарихын,  мәдениетін  және  дәстүрлерін 
үйреткен  анасы  Марияның  рөлі  ерекше  болады,  және  анасының  1884  жылы  1 
қыркүйекте қайтыс болуы ол үшін үлкен күйзеліс пен қазаға айналады. 
Пилсудский гимназияны аяқтаған соң 1885 жылы Императорлық Харьков 
университетінің  медицина  факультетіне  оқуға  түседі.  Ол  онда  жақсы  оқиды, 
алайда  студенттердің  заңсыз наразылық  білдірулеріне  қатысқаны  үшін  екі  рет 
жазаланады. Харьковтан кетуге тырысқан ол құжаттарын Дерпт университетіне 
тапсырады, құжаттар біраз кешіккендіктен ол өзінің бос уақытында сол кездегі 
Еуропада  әйгілі  марксистік  идеяларды  таратумен  айналысқан  заңсыз 
үйірмелерге қатыса бастайды. Алайда, марксизм және оның тапсыз қоғам құру 
жөніндегі  идеяларын  жас  Юзеф  самодержавия  тәртібіне  қарсы  және  басты 
мақсаты  –  Польшаның  тәуелсіздігіне  қол  жеткізу  үшін  пайдалануға 
ниеттенгенін атап өту керек. 


57
 
 
Сол  тарихи  кезеңдегі  революциялық  қозғалыс  төңкерісшілері  жарылыс 
жасау  және  патшаларды  өлтіру  арқылы  мемлекет  құрылысын  өзгертуде 
лаңкестік  жасауы  сәнді  болған.  Юзефтің  үлкен  ағасы  Бронислав  ІІІ 
Александрға қастандық жасағаны үшін 1887 жылы қамауға алынып, 12 жылға 
каторгаға жіберіледі. Іс бойынша куәгер ретінде болған Юзеф Шығыс Сібірге 5 
жылға айдалады [51, б.12]. 
Айдауда  кәсіби  революционер  демократтармен  араласып  қарым-қатынас 
жасаған  Юзеф  патшалық  және  оның  тәртібіне  қарсы  күрес  жүргізуге  дайын, 
тәжіибелі, жетілген адам болып оралады. 
Осы кезде Пилсудский өзінің серіктестерімен 1893 жылы шетелден келген 
Станислав Мендельсон сияқты төңкерісшілермен жақындасады.  
Юзеф  Пилсудский  саяси  жағдайды  түсіне  келе,  ПСП-ның  жұмысына 
қосылып,  аталған  саяси  қозғалыста  өзінің  рөлін  –  ең  алдымен  Польшаның 
тәуелсіздігі, содан кейін барып пролетариат сұрағы,– деп екі сөзбен анықтайды 
[51. б.20]. 
Аталған  партиялардан  басқа,  Польшадағы  өзге  тұрғындар  топтарының 
арасында социал-демократтық бағыттағы партиялар үлкен танымалдылыққа ие 
болды,  соның  ішінде  кейін  Польша  Корольдігінің  социал-демократтары  деп 
өзгертілген польша социал-демократтар партиясы. 
Және  де  Польша  аумағында  ауқымды  жасырын  жұмыстар  жүргізген 
патиялардың  қатарында  «Бунд»  еврей  социалистік  партиясы  болды.  «Бунд»  - 
бұл 1897 жылы РСДЖП-нің I съезінде құрылған «Литвадағы, Польшадағы және 
Ресейдегі  жалпы  еуропалық  жұмысшылар  одағы»  партиясының  қысқартылған 
атауы. «Бунд» оның құрамына автономды ұйым ретінде кірді. Алайда, РСДЖП-
-ің  IІ  съезінде  партияның  еврей  пролетариаттарының  бірден  бір  өкілі  ретінде 
мойындалмауы,  «Бундтың»  РСДЖП  құрамынан  шығуына  себеп  болды.  1906 
жылы қайтадан оның құрамында болады, 1917 жылы партия Уақытша үкіметті 
қолдап,  Қазан  төңкерісінің  қарсыластары  жағында  күреседі,  ал  интервенция 
және азаматтық соғыс жылдарында еврей партиясы  контрреволюция күштерін 
қолдайды. Кейінірек, 1921 жылы наурызда «Бунд» өзін таратады, мүшелерінің 
біраз  бөлігі  (б)  РКП-ға  өтеді.  Партияның  басты  идеясы  мәдени  ұлттық 
автономия  құру  болатын  [57,  б.478].  Бұрынғы  Реч  Посполитаның  аумағы 
көпұлтты  болғандықтан,  ондағы  әр  этникалық  топтың  отарлық  биліктен 
өздерінің  халқының  өмірлік  жағдайын  жақсартуды  талап  еткен  өз 
көшбасшылары болған. 
1893  жылы  шілдеде  ПСП-нің  І  съезі  өтеді,  онда  басты  мәселе  болашақ 
елдің  тағдырын  шешу  үшін  партияның  ресей  революционерлері  мен 
демократиялық  партияларымен  қандай  саяси  қарым-қатынас  орнатудың 
жолдары жасалады [51, б.21]. 
Еуропаның әртүрлі демократиялық күштерімен тығыз ынтымақтасу жүзеге 
асырылып,  саможержавия  және  диктатурамен  күрес  жүргізу  нысандары 
бойынша  пікір  алмасулар  болған,  Польша  Патшалығы  аумағында  болашақ 
ұлттық  мемлекеттерді  құрудағы  бірқатар  саяси  мәселелер  шешілген  бұл  съез 
өздерінің тәуелсіздіктері үшін күресіп жатқан поляк және өзге де халықтардың 


58
 
 
революциялық демократиялық қозғалыстарындағы тұңғыш әрі маңызды кезеңі 
болып табылды. Съездің негізгі шешімдері жайында алдыңғы параграфта атап 
өткенбіз,  біз  үшін  Пилсудскидің  Ресейдегі  революциялық  қозғалыстарға 
қатысты пікірін білу маңызды болмақ. 1893 жылы «Пшедсвитаның» тамыздық 
нөмірінде жарық көрген «Орыс төңкерісшілеріне көзқарас» деген мақаласында 
ол  поляк  мамандарының  ресей  төңкерісшілерін  олардың  негізгі  жауы  – 
патшалықпен  күресте  қолдайтындарын  атап  өтеді.  Алайда,    біздің  Польша 
тәуелсіздігіне  және  Реч  Посполитаның  құрамындағы  барлық  халықтардың 
құқықтары  мен  бостандықтарын  мойындауға  көзқарастарымыз  әртүрлі  деп 
ашық  мойындайды.  Пилсудсккий  әлемдік  немесе  социалистік  революцияға  да 
осындай  пікірде  болады.  Жалпы,  оның  оларды  толығымен  жоққа 
шығармағанын  мойындауға  болады,  алайда  оның  басты  міндеті  Польшаны 
отарлық бағыныштылықтан босату және егеменділік алу болады [51, б.21]. 
Юзеф  Пилсудскидің  партиялық  және  революциялық  қызметі  партияның 
ұйымдық  құрылымы  сайланып,  оның  қызмет  етуінің  тәртібі  мен  болашақ 
міндеттері  анықталған  ПСП-нің  1894  жылы  өткен  ІІ  Варшава  съезінде 
басталады.  Пилсудский  Орталық  жұмысшылар  комитетінің  Жетекшісі  болып 
тағайындалады, 
съез 
оған 
астыртын 
баспахананың 
жұмыстарын 
ұйымдастырып,  «Работник»  газетін  шығаруды  бастауды  жүктейді  [47, б.203]. 
Съездің жетекші органдарына келесілер  енді:  Я. Строжецкий,  Я. Грабский,  П. 
Климович  және  ОЖК  мүшелігіне  үміткерлер  –  К.  Петкович  және  В.  Нааке-
Накенский [50, б.50]. 
Қатаң  қуғын-сүргін  және  патшалық  жандармерия  билігі  тарапынан 
тұрақты  бақылау  жағдайында  баспахана  органын  құру  оңай  іс  еместігін  өмір 
көрсетеді. 
Пилсудский 
өзінің 
серіктестерінің 
көмегінің 
арқасында 
баспахананың  жұмысын  бір  қалыпқа  келтіреді.  Оларды  тарату  нысаны,  оның 
көшірілу мүмкіндіктері және басқа да маңызды астыртын сұрақтары жан-жақты 
қарастырылады.  
Редакция халықты патша үкіметінің нақты отарлық орыстандыру саясатын 
және  оның  поляк  тіліне,  дініне  және  мәдениетіне  көзқарасын  көрсетіп, 
ақпараттандыруға  ұмтылады.  Газет  айына  бір  рет  шығып  тұрды,  алайда  1894 
жылы  таралымы  10 000  данаға  жеткен  астыртын  газет  жабылған  болатын  [51, 
б.22-24]. 
Маңызды мәселелердің бірі, ол Польша аумағының үш империя арасында 
бөлінуі  еді,  бұл  іс-шараларды  келісу  және  әрекеттерді  үйлестіру  бойынша 
жалпы сұрақтарды шешуде белгілі бір қиындықтар тудырғаны белгілі. Аталған 
элементтер  Ю.Пилсудскидің  поляк  демократиялық  күштерін  біртұтас  ұлттық 
қозғалысқа біріктіру жұмыстарында біршама кедергі болған. 
1895  жылдың  маусымында  Понарада  өздерінің  азаттығы  үшін  патша 
режимімен дербес күрес жүргізіп жатқан басқа да революциялық қозғалыстарға 
қолдау  көрсету  сұрақтары  талқыланған  ПСП-нің  ІІІ  съезі  өтеді.  Съезде  Л. 
Кульчицкий 
және 
А. Сулькевичтермен 
бірге 
Пилсудский 
Орталық 
жұмысшылар комитетіне сайланады. 


59
 
 
Пилсудскидің  қабілетін  білетін  съез  оған  астыртын  «Работник»  газетінің 
шығарылымын  жалғастыру,  орыс  жоғары  оқу  орындарындағы  поляк 
студенттерімен  және  Польшаның  тәуелсіздігі  идеясын  қабылдаған  орыс 
социалистерімен  байланыс  орнату  жұмыстарын  тапсырады.  Осы  жылдың 
күзінде Пилсудский тағы да заңсыз қызметі үшін қамауға алынады [51, б.25]. 
Ғалымдар,  Пилсудскидің  орыс  пролетариаттары  әлсіз  әрі  саяси 
ұйымдастырылмауына  байланысты  Польшаның  ұлттық  тәуелсіздігін  алуына 
көмектесе  алмайды  деп  санағандықтан,    орыс  революциялық  қозғалыстарына 
үлкен сенімсіздікпен қарағанын атап өтеді. Пилсудский тек поляктар ғана осы 
мәселені  шеше  алатындығын,  және  де  тек  поляк-орыс  соғысының  немесе 
Австро-Венгрияның  Ресейге  немесе  Германияға  қарсы  соғысқа  қатысуының 
нәтижесінде  ғана  нақты  тәуелсіздікке  қол  жеткізуге  болатынын  ресми 
мәлімдейді [47, б.56]. 
Өткізілуі  1899  жылдың  27  шілдесіне  бекітілген  ІІ  Коммунистік 
Интернационалдың  IV  Конгресінің  дайындығы  қарастырып  отырған  кезеңдегі 
ірі  оқиғалардың  бірі  болып  табылады.  Польша  делегациясы  Мосьцицкий, 
Дашиньский,  Енджевский,  Йодко-Наркевич,  Дембовскийлер  енген  он  өкілмен 
ұсынылды. Пилсудский Виктор Косьцеша атымен тіркеледі [51, б.26]. 
Өкінішке  орай,  жалпы  идеялары  жұмысшы  қозғалыстарын  біріктіру  және 
белсенділендіру  болған  Коминтерн  Резолюциясының  Жобасына  поляк 
делегациясының  Польша  Тәуелсіздігі  жөніндегі  сұрақты  қосу  ұсыныстары 
қабылданбайды  [51,  б.27].  Бұл  Юзеф  Пилсудскийдің  Ресейден  қалаулы 
тәуелсіздікті  алу  үшін  әскери  әдіске  дейінгі  кез-келген  тәсілдерді  пайдалана 
отырып  өздерінің  жолымен  жүру  керек  деген  пікірін  бекіте  түседі.  Біртіндеп 
Пилсудский  өзінің  саяси  эммиграция  байланыстары  арқылы  шетелдегі  поляк 
революционерлерінің арасында белгілі тұлғаға айналады. 
1899 жылы 15 шілдеде Юзеф Пилсудский Мария Юшкевичпен неке құрып, 
біраз  уақыт  Домровскилер  фамилиясындағы  жалған  құжаттармен  өмір  сүреді. 
Бір  қызығы,  Мария  Юшкевичтің  көңілін  табу  үшін  сол  кездегі  поляк 
зиялыларының біразы тырысады, солардың бірі кейінірек Польшадағы ірі саяси 
партияның көшбасшысы Роман Дмовский болған.  
Соңырақ,  біз  бұл  тұлғалардың  арасындағы  жеке  қатынастардың  саяси 
істерге  әсер  еткенін  көреміз,  Пилсудский  Дмовскимен  басқарылған  поляк 
ұлттық демократтарының (эндектер) нағыз қарсыласы болады [51, б.29]. 
1900  жылы  ақпанда  тіміскі  полицияның  белсенді  әрекеттерінің 
нәтижесінде Пилсудский жұбы қамауға алынып, баспахана мен революциялық 
әдебиеттер  тағы  да  тәркіленеді.  Алайда,  психикалық  аурумен  жалған 
сырқаттануы 
нәтижесінде 
Петербордағы 
психиатриялық 
ауруханаға 
ауыстырылған Пилсудский, 1901 жылы 20 маусымда ол жерден қашып шығуға 
мүмкіндік туып, шетелге қашады [51, б.34]. 
Қатарында  Пилсудский  болған  поляк  социалистік  партиясы  құрамының 
азаюы  және  баспаханаларының  тәркіленіп,  Л.  Кульчицкий  сияқты  қуатты 
қайраткерлерінің  кеткеніне  қарамастан  жұмыстарын  тоқтатқан  жоқ.  Л. 
Кульчицкий Сібірде айдауда жүрген уақытында орыс социал-демократтарымен 


60
 
 
достасып,  әлемдік  пролетариат  революциясы  туралы  идеялармен  әуестенгенін 
атап өтуге болады. Ол өзінің айналасына Польшаның тәуелсіздігіне тек поляк 
және  орыс  пролетариаттарының  бірлескен  күресі  жағдайында  ғана  қол 
жеткізуге болады деп санаған төңкерісшілер тобын жинайды [87]. 
 Партия  бойынша  шетелдік  әріптестерінің  көмектерін  пайдалана  отырып 
поляк 
социал-демократтары 
өздерінің 
саяси 
газеттерін 
шығаруды 
жалғастырады. Партия жаңадан күш жинап, 1900 жылы Скерневице қаласында 
ПСП-нің V-съезін өткізеді [51, б.35]. 
ПСП-ға  «ескі»  партия  мүшелерінің  орнына  жаңа  төңкерісшілер 
келгендіктен,  Пилсудскиге  партияны  біріктіріп,  ішкі  мәселелерді  шешу  үшін 
көп жұмыс жасауына тура келді [51, б.39]. 
ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында әлем сахнасында ірі саяси өзгерістер 
орын алады. Елдер арасында туындаған алғашқы мәселелердің бірі Ресей және 
Жапония арасындағы шиеленіс болатын. Пилсудскидің сенімі бойынша әскери 
шиеленістер тек жанжалдасып жатқан тараптарды ғана емес, сонымен қатар бір 
біріне  деген  наразылықтары  бар  еуропалық  мемлекеттердің  бірқатары 
тартылған ірі әскери кампаниялардың болатыны білінеді. Осы жағдайларда ол 
поляк  жастарының  арасында  Ресей  патшалығына  қарсы  әскери  көтеріліске 
дайын  болу  қажеттілігі  жөнінде  насихат  жұмыстарын  жүргізеді.  Пилсудский 
тек  Ресейдің  күйреуі  ғана  Польшаға  толық  тәуелсіздік  бере  алады,  партия 
қайдағы бір автономияны сұраудың орнына толық тәуелсіздікке қол жеткізуге 
ұмтылатынын атап өтеді [51, б.41]. 
Осы  кезеңде  Пилсудский  астыртын  әрекет  ету  мақсатында  «жолдас 
Мечислав»  лақабын  алады  [51,  б.41].  Сондай  ақ,  Пилсудский  және  оның 
серіктестері  патшалы  Ресеймен  қарулы  қақтығыстарға  ұласып  кетуі  мүмкін 
кездейсоқ  көтерілістерді  ұстап  қалуға  тырысады.  Олардың  ойынша,  көтеріліс 
Ресейдің  орыс-жапон  шайқасында  әлсіреуі  жағдайында  бір  мезетте  болуы 
керек. 
Жаңа  әскери  көтеріліс  жасауға  дайындалу  үшін  қару-жарақтар  мен 
қаражат  керек  болады.  Пилсудский  поляк  социалистері  партиясының  атынан 
Токиоға  оның  партиясы  мен  жапон  қарулы  күштерінің  өзара  әрекеттестігі 
туралы келіссөздер жүргізу үшін барады. 
Пилсудский орыстарға қарсы қарулы көтерілісті  қаржыландыру жобасын, 
поляк  социалистері  партиясының  әртүрлі  көтерілісшілер  шарасын  және  орыс 
билігімен  ұйымдастырылған  әскерге  шақыру  сияқты  басқа  да  шаралар 
бойынша  саботажды  жүзеге  асыруды  ұсынады.  Осы  мақсаттар  үшін 
қаржыландыру мен қару-жарақтар керек болады. 
Өкінішке  орай,  Пилсудскидің  жоспары  жүзеге  аспайды,  өйткені  осы 
уақытта Токиода олардың шақыруымен келген поляк ұлттық демократтарының 
көшбасшысы Роман Дмовский болады. Дмовскидің ойынша, Польша маңызды 
қарулы көтеріліс жасауға не моральдық тұрғыда, не әскери тұрғыда еш дайын 
емес,  сондықтан  Висла  өзенінің  бойында  патшалық  ұстап  отырған  ірі  әскери 
құрамдар  көтерілісті  бірден  басып  тастайды,  ал  одан  көптеген  адам  зиян 
шегеді. 


61
 
 
Жапон 
үкіметі 
Ресеймен 
батыста 
емес 
шығыста 
соғысуға 
дайындалғандықтан  бұл  дәлелдерді  қабылдайды.  Нәтижесінде,  Пилсудскидің 
Жапониямен  жоспары  іске  аспаса  да,  ол  жапондар  уәде  еткен  қаржылық 
көмекке қол жеткізе алады [47, б.35-36]. 
Жапондардың  ақшаларына  алынған  қару-жарақты  Пилсудский  1904 
жылдың  13  қарашасында  әскери  қақтығыстарға  ұласқан  ірі  наразылық 
білдірулерде  пайдаланады.  Бұл,  ғалымдардың  айтуы  бойынша,  1863-1864 
жылдардағы көтеріліс басылғаннан кейінгі  поляктардың қолдарына қару алып 
алғашқы  шығулары  болатын  [51,  б.53].  Әрине,  көтеріліс  патшалық  билік 
тарапынан  басылғанымен,  поляк  халқы  үшін  ел  тәуелсіздігі  мен  егеменділігін 
алу  жолында  жеңіске  жетудегі  сенімін  нығайтып,  рухтарын  көтергендіктен 
маңызды моральдық және психологиялық мәнге ие болады. 
Тағы  бір  поляк  социалистік  партиясының  маңызды  оқиғасы  ол 
Пилсудскийдің  басты  міндет  ретінде  жалпыресейлік  төңкеріске  жай  ғана 
қатысу емес, ондағы поляк сұрағын интернационалдандыру, яғни оған барлық 
поляктармен  бірге  Польша  аумағында  тұрып  жатқан  басқа  да  халықтарды 
тартуы еді. 
9  қаңтарда  патша  билігінің  бейбіт  шерушілерге  қару  қолдануынан  кейін 
кенеттен  пайда  болған  1905  жылғы  Ресей  төңкерісі  революциялық  партиялар 
мен  ұлттық  шеттер  қозғалыстарын  өздерінің  стратегиялық  жоспарлары  мен 
бағдарламаларын қайта қарауға мәжбүрлейді. 
1905  жылғы  төңкерістен  кейін  Польша  социал-демократтарының 
қатарында  революционерлердің  кәрі  және  жас  буын  арасындағы  қарым-
қатынасы  қиындай  түседі,  себебі,  жас  төңкерісшілер  ресейдегі  төңкерісшілер 
қозғалысымен бірігуді және егеменділік туралы сұрақты патша билігі құлағанға 
дейін  қоя  тұруды  талап  етеді.  Пилсудский  және  оның  серіктестері  керісінше, 
тәуелсіздік  алу  үшін  осы  ыңғайлы  жағдайды  пайдаланып  қалуды  жөн  деп 
санайды. 
Орыс  төңкерісші  демократтарының  бірі  М.  Сокольский  ПСП-нің  орыс 
төңкерісіне  көзқарасы  жөнінде  1905  жылы  қараша  айында  Пилсудскимен 
болған  әңгімесін  еске  алады.  Қойылған  сұраққа  Пилсудский  қолды  қусырып, 
әрекет  қылмай  отыруға  болмайтынын,  күрес  жүргізбей  жаудың  жеңілмейтінін 
айтады.  Ұсақ  ереуілдермен,  кәсіпорындардың  жұмыстарының  тоқтауымен  біз 
неге  қол  жеткіземіз?  «...керісінше,  елді  және  өзіміздің  қоғамымызды 
әлсіретеміз, күресу үшін күшіміз аз болады» [51, б.56]. 
1907  жылы  ПСП-нің  жас  және  кәрі  төңкерісшілерінің  арасында  ақырғы 
келіспеушілік орын алып, партия құрамы толығымен екі лагерге бөлінеді. 
Іс  жүзінде  Пилсудский  болашақ  поляк  әскерінің  негізін  қалау  үшін, 
лаңкестік  әрекеттер    жасау  және  ақша  қаражаттарын  экспроприациялау  үшін 
әскери  ұйымды  құруға  көп  уақытын  бөледі.  Әскери  ұйымдар  мен  әскери 
дружиналарды құру болашақ тәуелсіздік үшін күресте маңызды рөл атқарады, 
өйткені  сол  бір  саяси  жағдайларда  сырттан  көмек  күту  немесе  либералды 
реформаларға  үміттенудің  бекер  екенін  Пилсудский  жақсы  түсінген.  Болашақ 
әскердің  ұйымдастырылуын  қауіпті  іс  санаған  Пилсудскийдің  партиялық 


62
 
 
серіктестері  ғана  емес,  сонымен  бірге,  Польша  Патшалығының  өзге  де 
демократиялық  және  революциялық  күштері  де  наразы  болатын.  Мысалы, 
Р.Дмовский  басқарған  ұлтшыл-демократтар  бұл  арандатушылық  және  Ресей 
мен  Польша  Патшалығының  арасында  онсыз  да  үзілуге  аз  қалған  нәзік  тепе-
теңдік  теңгерімнің  бұзылуы  деген  пікірді  ұстанады.  Ресейдегі  Мемлекеттік 
думаның  депутаты  болған  Р.Дмовский  және  оның  серіктестері  парламенттік 
бейбіт  реформалар  арқылы  автономия  түріндегі  Польша  тәуелсіздігін  алуды 
ойлайды. 
Бірақ, патшалық өзінің самодержавиясын нығайтып ірі саяси, әскери және 
экономикалық  реформаларын  жүргізу  үшін  Парламентті  пайдаланғандықтан, 
Р.Дмовский  және  басқа  да  поляк  депутаттары  мүшелік  еткен  Мемлекеттік 
думаның  ешқандай  реформаларға  қол  жеткізе  алмайтынын  Пилсудский 
түсінеді. 
Пилсудскидің  көрегендігі  және  оның  болашақтағы  саяси  жағдайларды 
болжай алуы соңына қарай Поляк мемлекетін құру үшін оң нәтижелерін алып 
келеді. 
Пилсудский  уақытты  жоғалтпайды,  қалыптасқан  саяси  жағдайды  ескере 
отырып  ол  және  оның  серіктері  Ресейдің  өзге  қарсыласы  Габсбургтердің 
империясы  Австро-Венгриямен  байланыс  орнатуға  тырысады.  1906  жылдың 
қыркүйегінде  Пилсудский  Австро-Венгрияның  Ресеймен  соғысы  болған 
жағдайда өз партиясының  атынан 200 мыңнан  астам  адамды қоюды  ұсынады. 
Келіссөздер  кезінде  әскери  киім  үлгісі  және  қару-жарақ  жеткізілімі  туралы 
сұрақтар көтеріледі [51, б.62]. 
Австро-Венгрияның  бас  штабы  оңтайлы  жауап  қайтармайды,  дегенмен 
партияның жоғарғы әскери басшылықпен байланысы орнатылады. 
Әскердің  ұйымдастырылуы  барлық  қиындықтарға  қарамастан  Жапония 
қаржысы  есебінен,  ең  бастысы  банктерді,  пошталық  пойыздарды 
экспроприациялау жолымен  қаржыландыру жалғасын табады. 
Пилсудский  елді  болашақ  соғысқа  үлкен  шыдамдылықпен  дайындайды. 
Ол  патшалық  Конституцияны  бергенімен,  парламенттің  қалыптасып  қалған 
үйреншікті жағдайын, ұлттық шеттерге қатысты өз көзқарасын өзгертпейді деп 
санады. Ол елдің тәуелсіздігі үшін күреске Польша аумағында тұратын барлық 
тұрғындар қабаты толық қатысулары керек деп есептейді. 
Біртіндеп,  І  бірінші  Дүниежүзілік  соғыс  қарсаңында  Польша  аумағында 
әскери қызмет тәжірибесі бар жастардан құралған БКО – белсенді күрес одағы 
сияқты арнайы бөлімшелер пайда бола бастайды. ПСП әр қалада өздері сияқты 
ұйымдарды  құрады,  олардың  өз  Жарғылары  және  айрықша  белгілері  болады. 
1909 жылы БКО съезі өтеді, онда қол жеткізілген жетістіктер көрсетіледі және 
алдағы міндеттер анықталады [51, б.81]. 
Пилсудский  өзінің  жоспарларын  саяси  партияның  қолдауынсыз  жүзеге 
асыра  алмайтындықтан,  1909  жылы  тамызда  Венада  революциялық  фракция 
ПСП-нің  ХІ  съезі  өтеді.  Съезде  партияның  бұрынғы  –  польша  социалистік 
партиясы  атауына  оралуға  шешім  қабылданады.  Партияның  басты  мақсаты 
болып  тәуелсіз  поляк  буржуазды  демократиялық  республикасын  құру,  ал 


63
 
 
болашақта  барлық  поляк  жерлерін  қамтыған  поляк  социалистік  мемлекетін 
құру табылады [51, б.81]. 
Съез  Польша  Патшалығындағы  басқа  да  социалистік  партиялармен, 
алдымен  бұрынғы  ПСП  және  СДКПиЛ-мен  өзінің  бірлескен  жұмысын 
тоқтатқанын жариялайды. Олардың ойынша, олар Польша пролетариаты үшін 
ұлттық  сұрақтың  маңыздылығын  және  бірінші  кезекте  тұрғанын  жоққа 
шығарған. Съез патшалықпен күрес жүргізуге дайын буржуаздық партиялармен 
одақ  құрудың  мүмкіншілігін  көрсетеді.  Съез  іс  жүзінде  Пилсудскидің 
Польшадағы  ұлттық-демократиялық  революциясының  жаңа  кезеңі  жөніндегі 
идеясын білдірді [51, б.82]. 
1912  жылы  Пилсудскидің  бастамасымен  Польша  Патшалығының 
тәуелсіздігін  жақтаушылардың  конференциясы  өтеді.  Оған  өз  өңірлерінде 
беделге  ие  қоғамдық  және  саяси  қайраткерлер  қатысады.  Конференцияның 
басты  шешімі  Польшада  құрылып  жатқан  әскерлерді  қаржыландыруы  тиісті 
болған поляк әскери қазынасын құру еді. 
Әскери  қазына  әр  патриот  Польша  тәуелсіздігіне  өз  үлесін  қосуды  парыз 
деп санағандықтан қаржы жинауды жеңілдетеді [51, б.86]. 
І  Дүниежүзілік  соғыс  қарсаңында  поляк  атқыштар  жасағы  Польша 
Патшалығының  қалаларындағы  тиісті  деңгейдегі  ірі  әскери  құрылымдарды 
құрайды.  Алайда,  ресми  польша  әскерін  құру  үшін  бұл  бөлімшелер  австро-
венгрия немесе герман қарулы күштерінің бір бөлігі болып есептелетін бірқатар 
формальдылықтар қажет болады. Пилсудский бұл мүмкіндікті қолдан жібермей 
польша қарулы күштеріне қабылдауды жариялайды және жаңа қару-жарақ, оқ-
дәрілер және әскери амунициялар алынады [51, б.99]. Қиын соғыс жағдайында 
Пилсудскиге  өзінің  әскери  бөлімшелерінің  ұтқырлығын  сақтап  қалу  үшін 
Германия  мен  Австро-Венгрия  арасында  үнемі  алма  кезек  бұлтарып  отыруы 
керек болды. 
І Дүниежүзілік соғыс жылдары Польша үшін өте ауыр болғанын атап өту 
керек.  Ол  алғашқы  күндерден  бастап  соғыс  оқиғасының  ортасында 
болғандықтан  бір  мезетте  бірнеше  елдермен  соғыс  жүргізуге  мәжбүр  болған 
әскери  лагерьге  айналады.  Көлік,  мектеп,  қаржы,  өнеркәсіп  ауыр  жағдайда  
болды.  Ауылдық  жерлерде  тиф  және  өзге  де  эпидемиялық  ауырулар  асқынып 
тұрды.  Алайда,  дербес  мемлекет  болудағы  үміт  халыққа  соғыс 
қиыншылықтарына төтеп беруге күш береді [88]. 
Соғыс  кезеңіндегі  1914  жылдың  тамызында  көтерілісші  поляктардың 
орталық  органы  болған  Бас  ұлттық  комитет  (БҰК)  құрылады.  БҰК  құрамына 
Краков,  Львов  және  Батыс  Галиция  қалаларының  белгілі  қайраткерлері  кірді, 
яғни  ол  Бас  ұлттық  комитет  шешімін  орындау  үшін  әртүрлі  қалаларда 
орналасқан [51, б.117]. 
Юзеф  Пилсудский  Австро-Венгрия  әскерінің  қатарында  болған  поляк 
әскери  легионын  басқарады.  Польша  аумағында  өткен  қатыгез  соғыс 
жағдайында легионерлердің бұрын болмаған айбын мен ерліктерін көрсеткенін 
атап  өту  керек.  Пилсудский  әскерилер  арасында  Бас  комендант  атына  ие 
болады. 


64
 
 
1916  жылы  Пилсудский  өзінің  әскерінің  алдында  протестантизмнен  бас 
тартып,  католицизмге  ауысу  шарасын  өткізеді  [51,  б.126].  Ұзаққа  созылған 
соғыс  ауыр  тауқымет  пен  бейбіт  тұрғындардың,  әскерлердің  қаза  болуын 
көрсетіп  қана  қоймай,  ол  сонымен  қатар  не  Австрия,  не  Германияның 
ешқайсысының  Польшаға  еркіндік  алып  бермейтінін  Бас  комендантқа  
ұғындырады [51, б.128]. 
Ресейдегі  1917  жылғы  ақпан  төңкерісі  барлық  соғысушы  тараптарға 
сияқты  Бас  коменданттың  да  жоспарларына  елеулі  өзгерістер  енгізеді. 
Патшалық құлап оның орнына жаңа мемлекет дүниеге келе бастайды. Польша 
үшін  «Поляк  халқына»  деп  аталған  1917  жылғы  27  наурыздағы  Петроград 
жұмысшылары мен әскери депутаттар Кеңесінің үндеуі тарихи мәнге ие болды. 
Бұл  құжатта  Польша  өзін  тәуелсіз  мемлекет  деп  жариялай  алады  делінген,  ал 
Ресейдегі  кеңестер  билігінің  келуімен  1918  жылы  29  тамызда  польшаны  бөлу 
туралы ресей империясымен жасалған келісімнен бас тарту туралы Декларация 
жария етіледі. 
Бұл  оқиғалар  өздерін  дәстүрлі  демократия  елдері  санаған  өзге  де 
мемлекеттерге  жағымды  серпіліс  береді.  Польшаның  тәуелсіздігі  туралы 
осындай  ұранды  1918  жылы  Америка  ұсынады,  бұл  идеяны  осы  жылдың  5-
қаңтарында  Британия  қолдайды,  ал  олардың  соңынан  Франция  мен  Италия 
қосылады. 
Австро-Венгрия  мен  Германияның  талқандалуынан  кейін  олардың 
биліктері  польша  әскери  күштеріне  қолбасшылықты  Юзеф  Пилсудскиге 
тапсырады  [24,  б.406].  Сөз  реті  келіп  тұрғанда,  сол  уақытта  одақтастардың 
Польшаға  қатысты  саясатына  жасаған  өткір  сындары  үшін  Пилсудскийдің 
Магдебург түрмесіне қамалғанын айта кеткен жөн. 
Тарихтың  бұл  кезеңі  Ю.  Пилсудский  үшін  де,  Польша  үшінде  маңызды 
оқиғаларға толы болады. І Дүниежүзілік соғыс аяқталғанымен, жеңгендер мен 
жеңілгендер арасындағы шекараны бөлісу әлі де жалғасып жатады. Тіпті, поляк 
мәселесіне  өзге  мемлекеттердің  назарын  аударуы  үлгі  болып,  тасты  өлі 
нүктеден  қозғаған  большевиктердің  өздері  Польша  аумақтарына  қатысты 
келісімдерін бірнеше рет бұзады. 
Өз  кезегінде,  ІІ  Реч  Посполитаның  дүниеге  келуі  поляк  саяси 
қайраткерлерін  Прибалтика,  Белоруссия  және  Украина  аумақтарында 
басқыншылық  әрекеттерін  жасауға  итермелейді.  Осындай  ірі  кампаниялардың 
бірі кеңес әскерлері Польша іргесіне жақындап келген кезде күйреуге ұшырауға 
аз  ақ  қалады,  тек  Антанта  елдері  АҚШ,  Англия  және  Францияның  Ресейге 
жасаған  қысымы  және  большевиктердің  әскери  сәтсіздіктері  оларды  бұрынғы 
шекараларына оралуына мәжбүрлейді.  
Жаңа  поляк  мемлекеті  буржуазды  демократиялық  республика  ретінде 
қалыптасады.  Алдымен  Жалпыполяк  Құрылтай  съезі  –  Сейм  шақырылады. 
Отан алдында атқарған ерен қызметі үшін польша Сеймі Пилсудскиге мемлекет 
Басшысы атауын қалдырады. 
1921 жылы 17 наурызда қайта қалпына келген Польшаның Конституциясы 
қабылданады.  Ұзақ  жылдар  бойы  отарлық  бағыныштылықта  болу,  саяси 


65
 
 
партиялардың әлсіздігі және тәжірибелерінің жоқтығы жиі келіспеушіліктердің 
орын  алуына  себеп  болады,  ал  бұл  оларды  елдегі  кезі  келген  әлеуметтік 
экономикалық  және  саяси-құқықтық  сұрақтарды  шешуде  назарларын 
аудартқанын атап өту керек.  
Осындай қиын жағдайларда Ю. Пилсудский дұрыс шешім қабылдайды. Ол 
1921 жылдың 17 наурызындағы Польша Конституциясына бірқатар өзгерістер 
мен толықтырулар енгізген 1926 жылғы әскери төңкерісті ұйымдастырады [89].  
Пилсудскидің басты міндеті Польшаның сол кездегі аумақтық және саяси 
тұрғыда қолы  жеткен жетістіктерін  сақтап  қалу  болатын. Сондықтан,  Маршал 
Пилсудский  елдегі  басталған  демократиялық  реформаларды  кері  бұруға 
талпынған  солшыл  деструктивті  күштерді  бейтараптандыру  үшін  мемлекеттің 
басқару тізгінін өз қолына алады. Елде жоғары заң шығарушы орган – Сеймге 
жаңа сайлау жарияланған болатын. 
Кейін,  1927  жылы  Юзеф  Пилсудский  Президенттің  қызметтен  кетуіне 
байланысты  мемлекет  басшысы  болып  сайланады  [47,  б.160].    Пилсудский  ең 
әуелі  шекаралас  аймақтағы  большевиктік  идеялардың  Польша  аумағына  еніп 
кетуінен  қауіптенгенін  атап  өтуге  болады.  Ол  адам  еркіндігі  сақталып, 
мемлекет тарапынан қорғаулы өмір сүре алатын Реч Посполитаның дәстүрлерін 
ұстануға тырысады. 
Маршал  Юзеф-Клеменс  Пилсудский  1935  жылы  12  мамырда  Варшавада 
көз  жұмады.  Ол  Вавелде  жерленеді,  ал  оның  жүрегі  Вилнюсьтағы  зираттағы 
анасының  қабірінде  жерленеді  [89].  Осы  бір  біртума  адамның  Польшаның 
қайта  өркендеуіне  арнаған  өмірі  Отанға  деген  махаббат  пен  отансүйгіштіктің 
айқын  үлгісі  болып  табылады.  Пилсудский  Польша  басшысы  ретінде  қысқа 
мерзім  ішінде  мықты  мемлекет  құрады,  бірақ,  ол  әлемдік  сахынада  қарулану 
бәсекесінің  өсуімен  қатар  әлемдік  үстемдік  ету  үшін  ірі  державалардың  саяси 
менмендігі  мен  әлемдік  шиеленістің  артатынын  түсінеді.  Нацистік  Германия 
және  сталиндік  тәртіп  жоспарлы  түрде  соғысқа  дайындала  бастайды,  алайда 
Юзеф  Пилсудский  осы  жағдайларға  қарамастан  өмірінің  соңына  дейін  мықты 
поляк  әскерін  сақтап  қалуға  тырысады,  және  де  ол  көрші  мемлекеттермен 
болған өткір сұрақтарды қарумен бірге ұтқыр саясатымен шешіп отырған. 
 
 
 
 
 


66
 
 

жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау