Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, он
бір бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыс көлемі 165 бетті құрайды.
12
1 РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН
ПОЛЬШАНЫҢ ОТАРЛЫҚ МӘРТЕБЕСІ
1.1 Дала облыстарын отарлауды тереңдету және Қазақстанды
Ресейдің ішкі губерниясына айналдыру бойынша патша саясаты
Қазақ хандығы 1465 жылы Керей мен Жәнібек султандардың өз қол
астындағылармен бірге Әбілхайыр хан империясынан бөлініп шықаннан соң
құрылғаны жалпыға мәлім. 1468 жылы Әбілхайырдың өлімінен кейін қазақ
ұлттық мемлекеттілігінің негізін нығайтуға оңтайлы жағдай туады [3]. Шыңғыс
хан империясының қалдықтары Әбілхайыр және Моғолстан хандықтарының
ыдырауы жоғарыда аталған қазақ сұлтандарына отандастары орналасқан
аумақтардың біріктірілуі үдерісі үшін күрес жүргізуге мүмкіндік берді. Жетісу
қалаларының адам және материалдық ресурстарына келген үлкен залалдар,
оның Азия мемлекеттерімен сауда жолдарының жұтауы, егіншілік пен
қолөнердің, жалпы тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі рулардың
біртұтас хандық астына шоғырлануы үшін негіз болды.
Бейбіт уақыт пен соғыс уақыты күн мен түн сияқты кезектесіп тұрған кезде
хандар мен қазақ ақсүйектері ат салысқан ұлттық мемлекеттілік негізінің
қалыптасуы күрделі процес болатын.
Сондықтан қазақ мемлекеттілігінің негізін құру және сақтап қалу тек
сыртқы басқыншылық көршілермен жүргізілген тұрақты күресте ғана емес,
сонымен қатар ішкі бас имейтін әрі мансапқор қазақ султандары және
рубасыларымен болған күресте қол жеткізілген.
Қазақ хандығын басқару нысаны бойынша ерте феодалдық монархияға
жатқызуға болады. Хан тағын тек шыңғыс руының ұрпақтары, ақсүйектер ғана
иемдене алатын. Бұл ереженің тамыры монғол басқыншылығы кезеңіне кетеді
және тек осындай мұрагерлік заңды болып саналды.
Қоғамдық сана хандық билікті мемлекеттілік, қоғамды ұйымдастырудағы
тарихи сабақтастықтың нышаны, және де әлемдік тәртіптің ажырамас бөлігі,
барлық қазақ хандығының амандығының кепілі ретінде қабылдады [4].
Академик С.З.Зиманов атап өткендей, хандық билік ұрпақтан ұрпаққа беріліп
отырған және заң бойынша мұрагер болып балалары, ағалары, немерелері
саналған, дегенмен ережеден ауытқулар болып тұрған. Билікке өсиет бойынша
мұрагерлік ету заң бойынша мойындаудан жоғары тұрды. Өсиет діни адамдар
немесе ру тектілерінің қатысуымен ауызша жасалған, алайда оның орындалуы
ірі ақсүйектерге толығымен байланысты болды. Ханды ресми түрде бекіту
жалпыхалықтық жиын – құрылтайда жүзеге асырылған [5].
Хандық билікке формальды түрде ешқандай шектеу болған жоқ, бірақ дала
ақсүйектері өздерінің қауіпсіздіктері мен артықшылықтарын сақтап қалу үшін
қанша күш қажет болса, соншалықты мүмкіндіктің ханға берілуіне байланысты
оның қызмет ауқымы тар болатын [5, б.120]. Академик С.З.Зиманов хандық
билік еуропалық тәртіп тұрғысынан баға берген адамдарға әлсіз болып
көрінетінін атап өткен. Әйтсе де, хандық билік жоғарғы сұлтан-байларға арқа
сүйеу арқылы, мемлекеттегі тәртіпті және заңдардың орындалуын қамтамасыз
13
етіп отырған. Әрине, оның барлығы даналық, әділдік, батырлық сияқты
қасиеттерге ие ханның жеке тұлғасына байланысты болды, сондықтан ханды
сыйламау-құдайды сыйламау деп есептелгендіктен, хан кейбір жекелеген
рулардың қарсылықтарын басып тастай алатын [5, б.120-121].
Зиманов бойынша, орталық биліктің әлсіздігі оның күрделі емес
ұйымдастырылу құрылымына әсер еткен, алайда ғалым мемлекеттік және
орталық билік ұғымдарын ажырата білу қажеттігін көрсетеді. Кең түсініктегі
мемлекеттік билік – бұл сол қоғамдағы артықшылыққа ие топтар бекіткен
әрекет етуші билік ету жүйесі. Осы мағынада ол ешқандайда әлсіз емес,
керісінше қазақ қоғамындағы ақсүйектердің ролін нық қамтамасыз етіп тұр
дейді академик. Сондықтан, әрқашанда хан тұрғысындағы басқа билік иелері –
сұлтандар, билер, рубасыларына қатысты мемлекеттік немесе жергілікті
биліктердің қайсысы жөнінде сөз болып жатқанын ескерген жөн [5, б.122].
Қазақ қоғамының бір ерекшелігі олардың жүздерге бөлінуі болып
табылады. Этносаяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар әсерінен Қазақстан
аумағында үш этно-аумақтық бірлестік пайда болды. Олар – Ұлы жүз, Орта жүз
және Кіші жүз. Жүздер – бұл ірі бірлестік, оларды қазақ халқына жататын және
жалпы қазақ аумағын мекен еткен, белгілі тарихи дәстүрлері бар рулардың
одағы деп атауға болады [3, б.248].
Қазақстан аумағының көлемділігі жағдайында жүзге бөлінушіліктің қазақ
ұлттық мемлекеттілігінің дамуына оң және теріс салдарлары болды. Ұлы жүз
басқа жүздерден бұрын құрылып, Жетісу жерінде орналасқандықтан қазақ
халқының ішіндегі ең құрметтісі болды. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат,
шапырашты, албан және тағы басқа рулар кірді [3, б.251]. Әскери уақытта Ұлы
жүз Қазақстанның оңтүстік шекараларын көрші Орта азия мемлекеттерінің
басқыншылығынан
қорғаушы
болса,
бейбіт
уақытта
Қазақстанның
экономикалық өсуіне ықпал еткен Азия елдеріне сауда қақпасы болды. Ұлы жүз
үшін егіншілік, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы тән болды.
Қазақстанның Орталық және Солтүстік шығыс аумағын мекендеген Орта
жүз орал мен сібір казактарының шапқыншылығына тойтарыс беру арқылы
елдің солтүстік шекараларын қорғаған. Негізгі өндіріс тәсілі мал шаруашылығы
және шаруашылықтың аздаған аралас нысаны болған. Орта жүзді қыпшақ,
арғын, қоңырат, наймандар мен керейлер сияқты ежелгі рулар құрады. Кіші жүз
төменгі Сырдарья, Арал теңізі және Каспий маңының солтүстік жағындағы
аумақтарды алып жатты. Қазақстанның батыстағы алғы шебі болған Кіші жүзге
Әлімұлы, Байұлы және Жетіру сияқты үш рулық бірлестіктер кірді [3, б.250].
Барлық әлеуметтік құрылымның негізінде ру тұрғанын, ал тұрғындар
болса «ақсүйек» – билеушілер, «асыл сүйек» – дін басылары және «қара сүйек»
– қара халық болып бөлінгенін айта кету керек. Қазақтар бір бірінен үлкен ара
қашықтықта тұрса да, өздерінің мәдениетін, дәстүрлерін, дінін, ең бастысы,
қазақ көшпенді өркениетін қалыптастырған ру аралық қатынастары мен әдет –
ғұрып құқығы интитутын сақтап қалған. Әрбір қазақ жүзінде өздерінің хандары
болған, тек әскери қауіп төнген ерекше жағдайларда барлық жүздер бір ханның
астына шоғырланып отырған. Бұл Қазақстанның тарихында сирек кездесетін
14
жағдайлар, мысал ретінде Тәуке мен Абылай хандар тұсындағы оқиғаларды
айтуға болады.
Рулық-қауымдық қатынастар сан ғасырлар бойы қазақтарды этнос ретінде
сол бір тұрақсыз тарихи кезеңдерде болған шексіз басқыншылықтардан
құтқарып келген. Сонымен бірге олар феодалдық қатынастардың жаңа
буржуазды тәртіпке ауысуын күрделендіріп, қазақ мемлекеттілігінің дамуына
қарай оны тежеп келген париархаттық институттарды сақтап келді. Бұл өз
кезегінде қазақ этносын аштықтан құтқарып келген көшпенді өндіріс түріне де
қатысты
болса
да,
жаңа
жағдайда
Қазақстандағы
биліктің
орталықтандырылуына ықпал етпеді. Мысалы, әр рудың табиғи өндіріс
тәсілімен оқшау өмір сүре алуы егерде белгілі бір хан немесе сұлтандардың
басқаруына көңілдері толмаса басқа ханның қамқорлығына өтулеріне
мүмкіндік берді.
Жоғарыда аталып өткендей, ханның билігі оның жеке қабілетіне, сыйлы
болуы мен билігіне байланысты болды. Мысалы, Тәуке, Абылай, Әбілхайыр,
Жәңгір және өзге де хандар билікті тек мұрагерлік құқығы бойынша иеленіп
қана қойған жоқ, олар өздерінің нақты істері мен жүргізген реформаларының
арқасында халық арасында құрметке бөленіп, лайықты деп танылған. С.Г.
Кляшторный мен Т.И. Сұлтановтар А.Левшинді дәйектей келе, қазақтардың
алтын ғасыр деп еске алып жүргендері Тәуке ханның тұсында болғанын
айтады, және де егер аңыздарға сенетін болсақ Тәуке хан шын мәнінде
данышпан адам болған, әрі қазақ жылнамаларында Солон мен Ликургтардың
қатарында тұруы керек. Ол руларды татуластырып қана қоймай, оларға
көптеген заңдарды қалдырған [6].
Ресейдің
ықпалы
қазақ
қоғамында
әлеуметтік-экономикалық
қатынастардың жаңа элементтерінің пайда болуына алып келді. Жаңа
қысымның алдында хандық билік уақыты өткен қоғамдық қатынастардың ескі
өкілі болғандықтан шыдай алмады. Хандық билік пен қоғамның арасындағы
алшақтық ұлғая келе ескі жүйе үшін шешуші күнге жетеледі. Зимановтың
ойынша хандық биліктің құлауына үш нақты күш әсер еткен. Біріншісі, хан
билігіне ашық түрде қарсы шыққан халық бұқарасының қимылдары; екіншісі,
патшалық хандарды соңында құрту мақсатында, басынан бастап-ақ пайдалану
үшін әдейі олардың қолдауларына сүйенген; үшіншісі, күшейе түскен билікті
орталықсыздандыру қарқыны хандық диктатурасының дағдарысын ұлғайта
түсті. Хандық биліктің құлауы шенеуніктік аппарат рөлін көтермелеу тұсында
феодалдық съез, халық жиындары және тағы басқалары сияқты саяси
институттардың ыдырауымен қатар жүрді [5, б.156-157].
XVIII ғасырдың басында Қазақстан күрделі әскери-саяси жағдайда болды.
Солтүстіктегі қазақ жүздері сібір, орал және еділ казактарының шабуылдарына
ұшырап жатты, алайда бұл екіжақты сипатта еді. Қазақстан аумағының
оңтүстігінде қоқанд және хиуа билеушілері Ұлы жүздің руларынан алым алып
тұру мақсатында басып кіріп жатты [4, б.211].
Қазақстанның сыртқы саясатында шамамен 300 млн. халқы бар Қытай
ерекше рөлді ойнады [7], сол уақыттарда М.Тәтімовтың мәліметтері бойынша
15
Қазақстанды 2 млн. адам ғана мекендеген [8], алайда негізгі қауіп Жоңғар
хандығынан төніп тұрған еді.
Жоңғар хандығы Қазақ хандығымен қатар құрылып, 1758 жылға дейін
өмір сүрген [9], жоңғарлардың негізгі феодалдық бірлестігі рулық одақтан
тұратын ұлыс болып табылды. Бұл рулық бірлестіктердің әр қайсысы хоншун
деп аталатын әскери бірлікті құрады, ол мемлекет басшысы қонтайшының
талабы бойынша белгілі бір әскерлердің көлемін бере алған. Жоңғар
мемлекетінің ұйымдастырылуы әскери үлгіге негізделген, сәйкесінше Шыңғыс
ханның моңғол хандығының құрылымы сияқты икемді болған. Әлеуметтік-
саяси пирамидалары келесідей жүйемен құрылған: қонтайшы, тайшы – ірі
феодал, нояндар – ру көсемдері. Мемлекеттегі үлкен рөлді ламалық
дінбасылары атқарған. Жоғарғы билік мұрагерлік бойынша беріліп отырған
және 1640 жылғы ойрат заңына сәйкес мұрагерлік чорос руындағы әкеден
балаға берілетін болған [4, б.212].
Жоңғария мен Қазақстан арасындағы қатынас жүйелі түрдегі шабуылдарға
байланысты өрши түсті. Мемлекеттер арасында жиырмажылдық бойы ешбір
тарапқа жеңіс әкелмеген әскери қақтығыстар орын алған. Жоңғария Цин
империясымен одақ құрғаннан кейін 1723 жылы барлық күш қуатымен
Қазақстанға және Орта Азияға басып кіреді [10]. Бұл ауыр кезең қазақ
тарихында «ақтабан шұбырынды» деген атпен белгілі [11].
1726 жылы Қазақстанда атақты батырлар мен ақсүйек өкілдері басқарған
жасақтар құрыла бастайды. Ал 1727 жылы Бұланты өзенінің бойында
Әбілхайырдың басшылығымен болған шайқаста жоңғарлар бірінші рет жеңіліс
табады. Келесі шайқас 1729 жылы Балхаш көлінің маңындағы Аңырақай
жерінде болып, ол да жоңғарлардың жеңілісімен аяқталады. Осы кезден бастап
әскери әрекеттер уақытша тоқтайды [10, б.23].
Біз аталған жағдайларды анықтаған ғалымдардың төмендегідей
пікірлерімен келісеміз. Саяси жағдай келесідей еді, жоңғарлар ішкі
мәселелерімен айналысып жатқан кезде соғыс уақытша тоқтағанымен, күш
жинап алған жоңғарлардың Дала өлкесіне қайтадан шабуыл жасайтыны анық
болатын. Осы жағдайда қазақ хандарына маңызды шешімдерді қабылдаулары
қажет болды: 1) жүздердің бастарын біріктіріп, Жоңғариямен жаңа соғысқа
жеке дайындалу; 2) қытай императорынан пана сұрап, солардың көмегімен
жоңғарларды қирату; 3) Ресейден бодандық сұрау және жоңғарларды жеңу.
Қазақ әскерлерінің жоңғарларды қиратқан соңғы жеңісінен кейін өлкеде
жаңа феодалдар арасында тартыстар басталды. Сыртқы жаудан төнген қауіп
ұлтты уақытша ғана бір тудың астында шоғырландыра алатындықтан бірінші
нұсқаның орындалуы күмәнді еді.
Қазақстанның су ресурстары, құнарлы жерлері мол оңтүстік аумақтарына
бұрыннан көз салып келген қытай императорларынан көмек сұрау онсыз халық
саны аз қазақтардың толық ассимилияцияға ұшырап кету мүмкіндігі, бұл
нұсқаны қауіпті ете түсті.
Ал Ресейден бодандық сұрау тәуелсіздікті протекторат нысанында болса
да жоғалтуды білдірді, алайда Қытай және Жоңғариямен салыстырғанда Ресей
16
аймақта белсенді әрекеттер жүргізген емес, өйткені олар өздерінің «батыс»
сұрақтарымен айналысып жатқан болатын. Бұл өзінің солтүстік көршісінен аз
қауіптенген хан билігін тыныштандырды.
Әрине, хан сұлтандардың арасында Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы
келісімнің салдары неге әкелетінін болжаған қарсыластарда болды, алайда дәл
сол кезеңдерде қазақ мемлекеттілігін сақтап қалудың басқа амалдары болған
жоқ [4, б.214-215]. Сондықтан Ресей империясынан бодандық сұрау жөнінде
шешім қабылданды. 1731 жылы 10 қазанда Ұлы және Кіші жүз сұлтандары
ресей патшайымы Анна Иоановнаға ант берді, ал 1740 жылы 28 тамызда Орта
жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ор қаласында Ресей тәжіне адалдық
антын берді [12].
Бодандық қабылдау жөніндегі келіссөз сұрақтарымен айналысқан
А.И.Тевкелевтің оралуынан кейін, 1734 жылы Сенаттың обер хатшысы
И.К.Кирилов Сенатқа Ресейдің Қазақстандағы ықпалы және ұстанымын
нығайту үшін бірқатар шараларды жүргізу туралы ұсыныстарын енгізді. Соның
ішінде, ол қалалар құрылыстары мен бекініс желілерін салуды бастауды
ұсынады.
1734 жылдың 1 мамырында кең өкілеттіктерге ие Кириллов бастаған
Орынбор экспедициясы құрылады, ал оның көмекшісі шетел істері алқасының
аудармашысы А.С.Тевкелев болды [13]. Экспедицияның міндеттеріне елдің
Шығыс шеттерін шаруашылық игеру және олардың табиғи бай ресурстарын
пайдалануға дайындық жұмыстары кірді. Ор және Жайық өзендері бойынша Ор
содан кейін Орынбор әскери бекініс желілерінің құрылыстары қарқынды түрде
басталып кетті [10, б.29].
Жоңғарлармен соғыс барысындағы жасалған Қазақстан мен Ресей
ипериясының арасындағы келісім әскери көмекті қарастырған жоқ, ол тек
солтүстік шекаралардың қауіпсіздігіне кепілдік бергенін ескерген жөн.
Солтүстіктегі аумақтары тарапынан өздерін қауіпсіздендірген қазақ хандары
Жоңғар хандығымен күресте белсенді әрекет ете бастады. Осы кезде
Жоңғарияда Цин империясы белсенді роль ойнаған ішкі тартыстар басталады.
Жоңғарларды жеңуде өз атын Қазақстан тарихында мәңгілік қалдырған
Абылайдың атқарған рөлінің зор екенін айта кету керек. Ол өзінің өткір
қылышымен ғана емес, сонымен бірге ұтқыр саясатымен Жоңғар хандығының
тұғырын шайқалтқан. И.Я. Златкиннің айтуынша, Жоңғария мемлекетінің
Басшылығына үміткер болғандардың бірі Әмірсана, бірқатар жеңілістен кейін
Абылай сұлтанның үйінде жоғары билік үшін жаңа шайқасқа дайындалып, 1756
жылға дейін бес айдай уақыт тұрған [9, б.454]. Абылайдың даналығы оның бір
тараптың қарсылығына қолдау көрсету арқылы олардың арасындағы тартысты
өз пайдасына асырып, жауларының аяқтан тұрып кетуіне кедергі келтіруінде.
1759 жылы цин билігі жоңғарлардың соңғы жасақтарын Юлдуз тауында
жойды. Осы сәттен бастап Жоңғар мемлекеті өз өмір сүруін тоқтатты [9, б.462].
Ресей бодандығын қабылдай отырып Қазақстан өзінің сыртқы саяси
дербестігін жойғанын, барлық халықаралық-құқықтық актілерді, келісімдерді
17
Қазақстан атынан патша үкіметі жасағанын ескеру керек. Ал Қазақстан
мемлекетінің ішінде оған толық еркіндік берілді [4, б.218].
Келісім жасаған сәттен бастап ресей үкіметі Қазақстан мен Сібірдің ірі
өзендерінің бойында қамалдар мен казак тұрақтарының құрылыстарын салу
бойынша уақыттарын жоғалтқан жоқ. Олар өз тұрғындарының қауіпсіздігі
сылтауымен салынды, алайда іс жүзінде отарлауды тереңдету үшін плацдарм
болып табылды.
Ғалымдардың мәліметтері бойынша патшалық халық арасында белгілі
емес, бірақ билікке жағымпаз хандар мен сұлтандарды қолдай отырып, қазақ
хандарының ішкі істеріне белсенді араласып келген, және де керісінше
үкіметке пайдасы жоқ хандарды бекітпеген [4, б.218]. Патшалықтың міндеті
хандық-сұлтандық билікті қоғам алдында теріс көрсету арқылы өздерінің
патшалық отарлау аппаратымен алмастыру болатын.
Кейін, Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынас протекторат мәртебесінен
вассалитет мәртебесіне ауысты. Ол ант қабылдау және қазақ билеушілері
тарапынан міндетті уәде беру, және де ресей билігіне кепіл аманат ұсыну
дегенді білдірді. Вассалды бағыныштылық бірқатар міндеттердің орындалуын
талап етті: ресей сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, суверен
мемлекеттің пайдасына алымдар мен салықтарды өндіріп алу. Сонымен бірге,
жалпы қазақ этносы мен қазақ ұлттық мемлекеттілігін сақтап қалу үшін
Қазақстанның Ресей бодандығын қабылдауындағы тарихи маңызын
бағаламауға болмайды. Е.Б.Бекмаханов былай дейді, ... Жоңғар хандығы
жойылды, Қытаймен шекаралас жерлерде белгілі бір тыныштық орнады,
Қазақстандағы бекініс аудандары арқылы сауда-саттық қыза түсті, тауарлық-
ақшалық қатынас элементтері ене бастады және т.б. [14]. Осының барлығы
қазақтың ұлттық мемлекеттілігін жою бойынша патшалықтың жоспарлы және
мақсатты саясатының бастамасы екенін айта кету керек.
ІІ Екатеринаның билігі кезеңінде патша үкіметі Кіші жүз көшпенділерін
әкімшілік аумақтық құрылымға бағындыруға және тұрғылықты халықты ресей
губернияларының ұйымдастырылуы үлгісімен басқару бойынша қадамдар
жасалды. Бұл іс арнайы рескрипт арқылы Сібір және Уфа билеушісі барон
И.А.Игельстромға тапсырылды.
Игельстромның реформалары күткен нәтижелерді бермегендіктен қазақ-
орыс арасындағы келіспеушіліктерді және ру аралық істерді шешу үшін Кіші
жүздегі қазақ тектілері мен патша әкімшілігі өкілдерінен тағайындалған
Шекара соты 1799 жылы жабылғаны белгілі.
Реформа
бойынша
Орынбор
қаласындағы
Шекаралық
сотқа
бағындырылған үш ру аралық одақты (Әлімұлы, Байұлы және Жетіру) басқару
бойынша билік органы ретінде болған Расправа 1806 жылы таратылады [15].
Б.Абдрахманованың пікірінше, бұл реформаның дәрменсіздігінің бір
себебі, ол әкімшілік-аумақтық тұрақтылықты мойындамаған иелік ету тәсілі
ретіндегі көшпенді мал шаруашылығы еді [15, б.14]. Сонымен қатар,
көшпенділер өздерінің әдеттегі шаруашылық тұрмыс салтымен үйлеспеген
18
Игельстромның тың жаңалықтарына сенімсіздікпен қарауы бұл үдерісті тежеді.
Ақыры соңында, ойланбай, асығыс жасалған реформа сәтсіздікке ұшырайды.
Игельстромның қателігі патшалық үкіметін аталған мәселеге одан да
салмақты және тереңірек назар салуға мәжбүрледі. Нәтижесінде, 1819 жылы
Сыртқы істер министрлігінің Азия Департаменті құрылады, осы кезеңде
Азиямен орыс саудасы және Орынбор өлкелеріне қатысты Азияттық Комитет
қалыптасады [16]. Патшалық бұл мекемелерге Ресейдің қазақтармен қарым-
қатынасын анықтау үшін Дала өлкесін мұқият зерттеуге және оларды ары қарай
дамыту болашағын анықтау міндеттерін қойды. Осы сұрақтардың барлығы
1819 жылы Сібір генерал-губернаторы болып тағайындалған М.М.Сперанскиге
жүктелген болатын [15, б.14].
Осы кезеңнен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара қарым-
қатынастың дамуынан патша үкіметінің Қазақстан мәртебесін отарлы аумақ
ретінде түпкілікті өзгерту және оның ұлттық мемлекеттілігін жоюға
бағытталған мақсаттық нақты саясатын көреміз.
М.М.Сперанский бірден белсенді әрекетке бармай, белгілі бір шешім
қабылдау үшін өзінің қадамын аймақтың әлсіз және мықты тұстарын
зерттеуден бастады. Жалпы, Дала өлкесінің саяси және әлеуметтік-
экономикалық жағдайы туралы мамандар жинаған материалдар мен өзге
құжаттық мәліметтерді алған Сперанский, Ресейдің дала аудандарын
иемденуде және бекіністерді салу үрдісіне қарсылықтардың халықаралық-
құқықтық нысандарының болмауы жерге қатысты қазақтар тарапынан болуы
мүмкін шағымдардың күшін жоққа шығарады деп қорытындылайды. Батыс-
Сібір желісі құрылысына келісу немесе келіспеу жөніндегі келісімдік құқықтық
қатынастың болмауы ресей үкіметінен осы желілер құрылысының
құқықтылығына жауапкершіліктен босатады. Одан ары, Сперанский қазақ
жерлерінің ішкі істеріне Ресей ықпалын арттырудағы бірден бір негіз - ол
қазақтардың Ресей империясының заңды түрдегі боданы болып табылуы екенін
көрсетеді. Қазақтардың Ресейге бодандығының формальды болуы, оны нақты іс
жүзінде болдыру қажеттігін тудырады. Алға қойылған міндеттерді шешуді ол
халықтың қоғамдық және мемлекеттік мүдделерінің өкілі ретіндегі Орта
жүздегі хан билігін жоюдан бастау керек деп атап өтеді. Және де, сәйкесінше,
ресей билігі жалпы заң ережелерін қабылдап, көшпенділерді басқарудың ішкі
жүйесін өздері ұйымдастырулары керек болады [15, б.20-21].
Патшалық өз жоспарларын өзара соғыс пен ақсүйектердің билік үшін
тартыстарына байланысты қара халық арасындағы қазақ элитасының беделі
азайған жүздер арасында сенімді түрде жүргізе бастағанын көреміз.
1822 жылы М.М.Сперанский әзірлеген «Сібір қырғыздары туралы Жарғы»
қабылданады. Жарғыға сәйкес Сібір екі бөлікке бөлінді: Шығыс – орталығы
Иркутск және Батыс – орталығы Омбы. Батыс сібірге Қазақстанның Орта және
Ұлы жүздердің аумақтарымен бірге Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді.
Бұл аймақ «Сібір қырғыздарының облысы» деген атқа ие болып, «Сібір
қырғыздары туралы Жарғымен» реттелді [4, б.247].
19
«Жарғыға» сәйкес орта жүздегі әкімшілік-аумақтық құрылым өзіне рулық
және аумақтық белгілерді қамтыды. Аумақ болыстар мен ауылдардан тұратын
сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Барлығы 8 округ құрылды. Қазақтар
құқықтық жағдайлар жағынан орыс шаруаларына теңестірілді. Көшпенділер
әскери қызметтен босатылды және оларға дін бостандығына кепілдік берілді.
Ру ақсүйектері басқарушылық лауазымдарға тек сайлану арқылы құқылы
болды. Ресейдегі сияқты қазақ ақсүйектері дене жазасынан босатылды [4,
б.247].
Оның артына қарай, 1822 жылы әзірленіп, 1824 жылы бекітілген «Орынбор
қырғыздары туралы Жарғы» шықты. Оны Орынбор генерал-губернаторы
П.К.Эссен дайындады. Осы заңға сәйкес, Кіші жүздегі хан билігі тоқтатылып,
жүз олардың рулық құрылымдарына сәйкес 3 бөлікке бөлінеді. Әр бөлімшені
билеуші-сұлтандар басқарды, отарлау басқармасы солар арқылы патшалық
үкіметінің қызметінде емес қазақ ақсүйектерінің рөлін әлсіретуді көздеді.
Сперанскийдің жарғысындағы сияқты Шекаралық комиссияның өздерінің
иеліктеріндегі тұрғындарға қатысты өкілеттіктері мол болды. Екі Жарғы
бойынша да жоғарғы басқаруды генерал-губернаторлар жүзеге асырды.
Жергілікті басқару басшылары – билеуші-сұлтандар, болыс басқарушылар және
ауыл старшиналары жалақыларын отарлық биліктен алып отырды және де
сәйкесінше, өлкеде солардың саясаттарын толық жүзеге асырулары тиіс болды.
Екі нормативтік актілердің мақсаттары және міндеттерін салыстыра келе
олардың ұқсас екенін айтуға болады, дегенмен, Эссен әзірлеген заң басты
назарды әкімшілік-биліктік тәсілдерге аударғандықтан, барлық лауазымды
тұлғалар оның Жарғысы бойынша тағайындалуы керек болды.
Қос нормативтік құжат билер соты мен әдет-құқықтық институттарға қол
сұға бастайды. Нәтижесінде, барлық маңызды қылмыстық-құқықтық
институттар империялық заң билігінің қол астына көшеді. Біртіндеп
империялық сот жүйесі қалыптасады [4, б.250].
Аталған Жарғылардағы реттелмеген бірден бір сұрақ - ол жер сұрағы еді.
Мысалы, Сперанский Жарғысының 177 бабында көшпенділердің жер
бөліктеріне жеке тұлға емес, ұжым иелік етеді делінген. Ал қалған жерлер бос
деп саналады. Жердің құқықтық мәртебесі кейінгі «Уақытша және Дала
ережелеріндегі» құжаттарда нақты қарастырылатын болады [10, б.248].
Хандық билікпен бірге қазақ мемлекеттілігінің жойылуы халық арасында
қарсы жауап реакциясын тудырмай қоймайтыны мәлім, алайда мұндай
жағдайға үкімет әскери тұрғыда бұрыннан дайын болатын. Тарихи-құқық
ғылымында Дала өлкесінде сол кезеңдерде көптеген ірі көтерілістердің болғаны
белгілі. Ол жөнінде Е.Б.Бекмаханов былай дейді: ...бұл күрестер аяқ асты және
бөлек-бөлек болса да, патша агрессиясына қарсы қазақ халқының күштерін
біріктіруде өзінің рөлін атқарды [17].
Ғалымның ойынша, XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы
Сырым Датұлы мен Исатай Таймановтың көтерілістері өздерінің феодалдары
және ресей отаршыларына қарсы шаруалар соғысы ретінде басталған. Кенесары
Қасымовтың көтерілісі қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудегі күрестердің
20
көшбасшысы болады [17, б.9]. Және де 1841 жылы Ұлы жүз бен Кіші жүз
тұрғындары оны хан сайлауы кездейсоқ емес [18]. Алайда, өңірді отарлауға
бағыт алған патшалықтың Дала өлкесін отарлауын кеңейту үшін кедергі болған
ол қауіпті әрі лайықсыз деп танылып хан лауазымына бекітілмеді. Күш
жағынан әлдеқайда басым тегеуірін Кенесарыны көтерісшілерімен бірге
Қазақстанның сырты Қырғыз аумағына ығыстырды. 1845 жылы қолбасшы сол
жақта қазаға ұшырайды [17, б.10].
Тәуелсіздік үшін болған күрес жаңғырығы кейінгі ондаған жылдарға
созылады. Мысалы, 1835 жылы Дала өлкесінің оңтүстігінде Жан Қожа батыр
бастаған көтерілістер өтеді [18, б.286]. 1855-1858 жылдары Арал теңізінің
батыс жағын мекендеген қазақ рулары тарапынан Есет Көтібаров бастаған ірі
көтерілістер орын алады [18, б.288]. 1869 жылы Орал облысында Ханғали
сұлтан, би Әзберген Мұңайтпасов және өзгелер жетекшілік еткен көтерілістер
болды, 1870 жылы Маңғышлақ түбегінде ірі Адай көтерілістері және басқалары
орын алған [18, б.289-290].
Тұрғылықты халықтар тарапынан болған қарсылықтар саны бойынша және
қару-жарақ жағынан басым болған патша үкіметінің тұрақты әскерлерінен
жеңіліс табуы сөзсіз екенін айта кету керек. Бірақта, бұл күрестердегі
құрбандық бекер болған жоқ, олар мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру
үшін режимге қарсылықтарда үміттерді нығайта түсті, ал сол көтерілістердің
қолбасшылары ұрпақтан ұрпаққа беріліп келген қазақ халқының тарихи
әңгімелерінде, эпостары мен поэмаларында мәңгілік батыр кейіпкерлері болып
қалды.
XIX ғасырдың екінші жартысында патша әскерлері сол кездегі Ресейге
қосылып үлгермеген Қазақстанның оңтүстік аумақтарына, және де Хиуа мен
Қоқанд хандықтарына басып кірді. Орталық Азияның оңтүстік аумақтарынның
басып алынуы Дала өлкесін толық отарлаудың соңғы кезеңін аяқтайды.
Оңтүстік облыстар Орта азия аймақтарына жақын орналасқандықтан
әкімшілік тұрғыда жаңа құрылған Түркістан герал-губернаторлығына
бағындырылды, ал Кіші және Орта жүздер аумақтары Дала генерал-
губернаторлығына берілді.
Соңғы жылдары қабылданған заңнамаларды толықтай үйлестіру
мақсатында әрі Дала және Түркістан аймақтарын басқаруды оңайлату үшін
үкімет Уақытша Түркістан және Дала Ережелерін дайындай бастайды. 1867
жылы «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөніндегі уақытша Ереже»
жарыққа шықты, бір жылдан соң 1868 жылы «Дала облыстарын Басқару
жөніндегі Уақытша Ереже» қабылданады. «Уақытша» деген сөздің өзі
патшалықтың жергілікті тұрғындар арасындағы басқарудың жаңа жүйесінің
енгізілуіне реакциясын, және де басқарушылық институттың жергілікті
жағдайға өміршеңдігі мен тиімділігін байқағысы келгенін білдіреді.
Уақытша Ереже бойынша жоғары басқаруды орталығы Верный және
Ташкент қалаларында орналасқан генерал губернаторлар жүзеге асырды.
Жоғарғы әскери-азаматтық басқаруды жүзеге асыратын генерал-губернатор
лауазымы императормен тағайындалатын және ауыстырылатын болған. Әр
21
облыстарда вице-генерал-губернатор мен облыстық басқармадан тұратын тиісті
басқару аппараты бар әскери губернатор тағайындалды. Облыстар өзінің әскери
полиция аппаратына ие уезд бастықтары тағайындалған уездерге бөлінді [15,
б.97-98].
Уездер 1000 нан 2000 ға дейінгі түтіннен тұратын болыстарға, болыстар
100-200 түтіннен тұратын ауылдарға бөлінді. Олар үш жыл мерзімге
тұрғындармен сайланатын болыс басшылары және ауыл старшындарымен
басқарылды. Жергілікті басқарма жалақыларын патша әкімшілігінен алып
отырды. Жалпы, барлық сайлаулар ірі қазақ феодалдарының сайлау алды
күрестерінен әжептәуір пайда көріп келген уезд басшылары және өзге де
отарлау аппараты құрылымының бақылауымен жүзеге асырылып келген.
Ережеге сәйкес, сот және соттық-құқықтық жүйелері түпкілікті
өзгерістерге ұшырады. Мысалы, Уақытша Ереже өлкедегі соттарды келесідей
түрде бекітті – облыстық басқарма, әскери комиссиялар және әскери соттар. Іс
жүзінде қылмыстық-құқықтық және азаматтық істердің барлығы солармен
қарастырылды.
1871 жылы шыққан Дала Ережесінде империя сот жүйесі Ресейдегі сот
реформаларына байланысты біршама өзгертілген болатын. Әрине, отарлы өлке
мәртебесі осы жаңартулар алдындағы кедергі болғандықтан аймаққа олар
толығымен енгізілмеді. Сондықтан Дала Ережесіне сәйкес Қазақстан сот
құрылымы бітімгер судъялардан, облыстық соттардан тұрды және жеке сенім
білдірілу институты – қорғаушылар енгізілді. Бітімгер судья лауазымына заң
білімі бар, еркек жынысты тұрғылықты ұлты өкілі ғана тағайындала алды. Бұл
уақыт өте келе қазақ ұлттық мемлекеттілігін қалпына келтіруде өздерінің елеулі
үлестерін қосқан қазақ заңгер демократтар тобының дүниеге келуіне мүмкіндік
берді. Солардың қатарында Ж. Акбаев, Б. Каратаев, А. Беремжанов, С.
Лапиндарды және де басқаларын айтуға болады [4, б.277].
Кейін, бірінші орыс төңкерісінің басталуына байланысты әскери-дала
соттары енгізілді.
Уақытша Дала Ережесі әдет-құқық сот жүйесін шектеп келсе де, билер
сотын толықтай жоя алмағанын айта кету керек. Билер 3 жылға сайланды әрі
олардың өкілеттіктеріне отбасылық-некелік және ұсақ азаматтық істерді қарау
қалдырылды, және де билер жалақы алмаған, ал сыйақы ретінде жалпы талап
арыздың 10% сомасын алып отырған. Билер сотының құрамы келесідей болған:
жеке дара судья, болыстық және төтенше билер съезі [4, б.280].
1914 жылы IV Мемлекеттік думаға қоныс аударушы халықтарды көбейту,
отырықшыландыру және ассимиляцияландыру барысында тұрғындардың көп
бөлігін империя құқығы және сотымен реттеуді ұсынған Дала Ережесінің жаңа
Жобасы ұсынылады. Ал билер сотын қазынадан жалақы алатын шенеуніктерге
айналдыру арқылы қалған көшпенділерді бұрынғыдан да шектей түсу [4,
б.282]. Тек кеңестер билігі келгенде ғана біртіндеп әдет-ғұрып құқығы мен
билер соты жойылған болатын. Бұл билер сотының қазақ халқының арасында
өміршең болғанын білдіреді. Осы мәселе жөнінде өз уақытында ұлы ағартушы
Шоқан Уалиханов үкіметтің Қазақстандағы ғасырлар бойы қалыптасып келген
22
сот-құқықтық мәдениетіне өте ұқыпты қарау керектігін талап еткен кезде
жазып кеткен [19].
Дала Ережесі бойынша түтін басына жылына 3 рубль көлемінде салық
салынды. Патшалықтың аймақтағы дін жағдайын назардан тыс қалдырмағанын
айта кету керек. Ережеге сәйкес барлық діни тұлғалар отарлау әкімшілігінің
басқаруында болды. Молдалар тек тұрғылықты халық арасынан сайланды, ал
Қазақстан Орынбор діни басқармасының қарамағында болды, онымен қоса әр
болыста әскери генерал-губернатормен бекітіліп, жұмыстан шығарылатын бір
молла болған. Мешіттерді салу генерал-губернатордың рұқсатымен жүзеге
асырылған [20].
Дала Ережесінің 4-тарауының 210-параграфында қазақ көшпенділерінің
жерлері
мемлекеттік
деп
танылады
және
қазақтардың
қоғамдық
пайдаланылуына беріледі деп нақты көрсетілгенін атап өту қажет [20, б. 337].
Ұқсас тәртіп Түркістан Ережесінің 270 бабында да көрсетілген [20, б.373].
Соңында, аталған нормалар үкіметтің империя мүддесі Дала аймақтарына
шаруаларды ірі көлемде қоныстандырулары үшін қазақтардың жерлерін еш
кедергісіз пайдалануларына мүмкіндік береді.
Аграрлық дағдарыстың үдей түсуі және оның кейін 1905 жылғы
буржуазиялық
төңкеріске
айналуына
байланысты
патшалық
жер
«жетімсіздігін» қоныс аударушылар қозғалысы арқылы шеше бастады. Бұл
сұрақтармен Сібір темір жолы Комитеті айналысады, арнайы осы мақсаттар
үшін Қоныс аудару басқармасы құрылған болатын. Сол кездегі Ресей Премьер-
министрі болған П.И. Столыпин қос мәселені шешкен қоныс аудару саясатын
ұйымдастыруға үлкен үміт артады. Бір жағынан Ресейдің тығыз орналасқан
аудандарындағы шиеленістер азайды, ал екінші жағынан, Дала аймақтарында
жергілікті жердегі үкіметтің тірегіне айнала бастаған көшіп келушілер пайызы
арта түсті [21].
Тіпті, сот жүйесі мен жергілікті басқару салаларына аздаған реформа алып
келген 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейін Қазақстанда өзге өкілдік билік
нысандары болған жоқ. Аймақ бұрынғыдай генерал-губернаторлармен
басқарылды, бұл орнатылған тәртіптің Ресейдің өзімен салыстырып қарағанда
мызғымастығын білдірді. Бұл кезде Ресейде басқару тек өкілеттік жағынан ғана
емес, сонымен қатар атауы губернаторға ауысқан өзгерістер орын алған
болатын.
Жоғарыда айтылғандарды саралай келе, Қазақстанның Ресей бодандығын
алуы сол кезеңдегі қазақ этносы мен қазақ мемлекеттілігін сақтап қалу үшін
жасалған мәжбүрлі шара деген қорытынды жасауға болады. Қалыптасқан
әлеуметтік-экономикалық жағдай, орталықтан тепкіш күштердің болмауы және
қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығы қуатты мемлекеттің бірте-бірте
дербестікті, содан кейін ұлттық мемлекеттілікті жоюына себеп болды.
Халықтың аяусыз басылып, жетістікке жетпеген көптеген қарсылықтары
мен көтеріліс әрекеттері кейінгі ұрпақ өздерінің ұлттық тәуелсіздігін қалпына
келтірудегі күрестері мен үміттерін байланыстырған батырларын дүниеге алып
келді.
23
Ресей империясының бір бөлігіне айналған Дала және Түркістан өлкелері
аймақтың болашақ дамуына ықпал еткен тығыз экономикалық қатынастарға
тартыла бастады. Бұл өлкенің жер қойнауын зерттеуге, кәсіпорындар
құрылыстарына, темір жол магистральдарына, білім мен ғылым, мәдениет,
сауда және тұрғындар өмірінің өзге де салаларына қатысты болды. Тіпті, өлкеге
ресей төңкерісшілері мен демократтарының саяси тұтқын ретінде жазаларын
өтеуі үшін айдалуы аймақты саясат жағынан дамыта түсті, өйткені олар
өздерімен бірге еркін ойлаудың және әрекет етуші режимге қарсы адам мен
жеке тұлғаның құқықтары үшін күрес туралы жаңа идеяларын алып келді.
Осылайша, Қазақстанның тәуелсіздігін жоғалтуы және оның Ресей
империясының отарына айналуы ұзақ, драмалық әрі тарихи үдеріс болғанын
сонымен қоса, осы уақыттар аралығында қазақ қоғамының ішінде өздерінің
егемендігі мен тәуелсіздігін қалпына келтіру үшін күштердің жетіліп, қуат көзі
жиналғанын айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |