Ресей империясы қҰрамы


 Әлемдік социалистік жүйені құрудағы Қазақ КСР мен Польшаның



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет19/26
Дата25.08.2020
өлшемі1,33 Mb.
#31338
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
disser

2.2 Әлемдік социалистік жүйені құрудағы Қазақ КСР мен Польшаның 
орны  және  КОКП  ХХ  съезінен  кейін  социалистік  лагерь  мемлекеттерінің 
саяси жүйелерін ырықтандыруы 
Қазақстан мен Польшаның ұлттық мемлекеттіліктері тарихының соғыстан 
кейінгі  кезеңі  іс  жүзінде  толық  зерттелмеген.  Ең  ауыр  және  қанды  ІІ 


80
 
 
Дүниежүзілік  соғыс  гитлерлік  Германия  мен  Жапонияның  талқандалуымен 
аяқталады.  Соғыс  әрекеттерінің  басталуына  және  миллиондаған  адамдардың 
қырылуына  кінәлі  елдердің  әскери  басшылықтары  1945  жылдың  20 
қарашасынан  1946  жылдың  1-қазаны  аралығында  өткен  Нюрнберг 
трибуналында  және  1946  жылдың  3-мамырынан  1948  жылдың  12-қарашасы 
аралығында өткен Токио қылмыстық процесінде жазаланады [114]. 
Барлық елдер өздерінің халықтарымен және экономикасымен қамтылған ІІ 
Дүниежүзілік  соғыс  жылдарында  КСРО,  Англия  және  АҚШ  арасында 
антифашисттік  блок  –  Коалиция  құрылады.  Фашистік  Германияның  жеңілуі 
Еуропа,  Азия  және  өзге  елдердің  соғыстан  шаршаған  миллиондаған 
азаматтарына  жаңа  әлемдік  тәртіптің  қалыптасуына  үміт  береді,  өйткені 
фашизм жердегі өте нәзік бейбітшілікті сақтап қалу үшін неден қорқудың керек  
екенінің мысалы болды.  
Жеңуші 
елдер 
1945 
жылдың 
4-11 
ақпанында 
өткен 
Ялта 
конференциясында  [23,  б.358]  және  осы  жылдың  10  шілдесінде  Берлин 
қаласында  өткен  Постдамск  конференциясында  келіссөздер  арқылы 
Германияның,  оның  одақтастарының  және  де  күллі  Еуропаның,  соның  ішінде 
Польшаның  соғыстан  кейінгі  болашақ  жағдайын  анықтайды  [112,  б.368]. 
Өлкеде  өзінің  экономикалық  және  саяси  мүдделері  болған  жеңуші  елдердің 
қысымымен  жерлердің  анық  қанығына  бармай  бір  елден  екінші  елдің 
пайдасына  берілуі  соғыстан  кейінгі  Еуропаның  жалпы  бейнесін  анықтай 
бастайды. Ол кеңестер әскерімен басып алынған  Шығыс және американдықтар 
мен ағылшындар босатқан Батыс бөліктерге шартты түрде бөлінген болатын. 
Өздерінің  қас  жауларын  жеңген  кешегі  одақтастар,  өзара  жеке  қалғанда 
біртіндеп  ықтимал  бәсекелестерге  және  бітіспес  қарсыластарға  айнала 
бастайды.  Әр  бақыланатын  аумақта  не  социалистік  лагерге  немесе  батыс 
құндылықтарына  жақын  режимдерді  орнату  бойынша  белсенді  жұмыстар 
жүргізілді. 
Кеңестік  идеологиялық  машина  және  партиялық  аппарат  Шығыс  Еуропа 
елдерінде  халық  шаруашылығын  қалпына  келтірумен,  кәсіпорындар  салумен, 
азық-түлікпен және тұрғын үйлермен қамтамасыз етумен көмектесіп, біртіндеп 
жергілікті  жерлерде  билік  органын  қалыптастырды  және  де  кеңестікке  ұқсас 
Конституцияны  дайындау  бойынша  жұмыстар  жүргізді.  Шығыс  Еуропаның 
жалпы  саяси  ұстанымы  кеңесшіл  бағыт  болатын,  мемлекетті  тексерілген 
Коминтерндік жұмысшылар басқарды. Мысалы, Г. Димитров – Болгарияны, М. 
Ракоши  –  Венгрияны  [115],  К.  Готвальд  -  Чехословакияны  [115, б.461].  Бұдан 
басқа,  коммунистік  және  социалистік  көшбасшылардың  бірқатары  өзге 
Шығысеуропалық  елдердің  басында  болған,  мысалы,  Энвер  Ходжа 
Албанияның  бірінші  хатшысы,  Николае  Чаушеску  –  Румыния  мемлекетінің 
басшысы. Әлемдік қайта құру Еуропамен аяқталмағанын айта кету керек. 1945 
жылы  Мао-Цзэдун  Мәскеудің  көмегімен  Чан-Кайшидің  әскерін  елдің 
оңтүстігіне  ығыстырады  да,  оның  континентальдық  бөлігінде  коммунистік 
режимді орнатады [115, б.523], Вьетнамның солтүстік жағында Хо Ши Миннің 
басшылығымен социализм үшін күрес басталады. Яғни, соғыстың соңына қарай 


81
 
 
социалистік лагерь және оған жақтас партиялар тек Шығыс Еуропада ғана емес
сонымен  қатар  барлық  Оңтүстік  Шығыс  Азияда  тарай  бастайды.  Сондықтан, 
1945  жылдан  кейін  халықтарының  саны  мол  және  әскери  күш  қуаты  мықты 
социалистік лагердің құрылуы бұрынғы одақтастарды алаңдатуы тегін еместін.  
Коммунизм  идеясы  біртіндеп  еуропалық  құндылықтар  мен  еуропалық 
демократияға  ықпал  ете  бастайды.  Коммунистік  қауіп-қатерден  қорғаушының 
рөлін  соғыс  кезеңінде  өзінің  әлемдегі  әскери  саяси  ықпалын  әжептәуір 
нығайтқан Америка Құрама Штаттары алады. Құрама Штаттардың 1945 жылы 
Жапонияны  жылдам  тізе  бүктіру  үшін  Хиросима  мен  Нагасакиге  қолданған 
ядролық  қаруының  астары  басқаша  болатын.  Бұл  американдықтардың 
сталиндік  режимге  қарсы  ұстанған  көзірі  еді.  Алайда,  атом  қаруы  жасалынып 
жатқан  КСРО  1949  жылы  өзінің  ядролық  қаруын,  ал  1953  жылы  сутектік 
бомбасын  сынақтан  өткізеді  [116].  Бұл,  американшыл  елдер  мен  социалистік 
лагерь арасындағы күштердің тепе теңдігін көрсетеді. 
Осы  кезеңнен  бастап  әлем  өзара  қарым-қатынастың  басқа  арнасына 
ауысады. Дәстүрлі қару жарақ енді есепке алынбады, ядролық күшке және оны 
жеткізу  құралдарына  ие  болу  жаңа  әлемдік  саяси  ахуал  жағдайындағы  басты 
дәлелге айналады. 
Бүгінгі  күні  бүкіл  әлемдік  қауымдастықтың  міндеті  бейбітшілікті  сақтау 
және  жер  бетіндегі  ең  қауіпті  қаруды  әзірлеу  мен  пайдалануға  тыйым  салу 
болып  табылады.  Жақында  ғана  2015  жылдың  3  қарашасында  Нұрсұлтан 
Назарбаев Францияда өткен ЮНЕСКО-ның 38-Бас конференциясында сөйлеген 
сөзінде,  бүгінгі  күні  барлық  халықаралық  қауымдастықтың  басты  міндеттері 
ядролық қарусыз әлем құру болып табылатынын атап өтеді, осыған байланысты 
біздің республика ядролық  қарудан  ада  ғаламға  қол  жеткізу  бойынша  БҰҰ-на  
Жалпыға  бірдей  декларацияны  қабылдауды  ұсынады.  Ары  қарай,  мемлекет 
Басшысы,  мәнісі  -  соғыстар  мен  қақтығыстардың  түпкі  себептеріне  жол 
бермейтін бүкіләлемдік даму стратегиясын жасау болып табылатын Жаһандық   
Стратегиялық Бастама-2045 жоспарын ұсынатыны атап өтеді [117]. 
Американдық әскери-саяси топтарының бастамасымен жаппай қырып-жою 
қаруын  жасаумен  қатар,  еуропа  елдерінің  аумағында  КСРО-ның  социалистік 
идеяларын  ұстап  тұру  үшін  әртүрлі  әдістер  дайындалып,  ұйымдар  құрылады. 
Осындай  ұйымдардың  бірі  1949  жылы  4  сәуірде  құрылған  Солтүстік-
Атлантикалық блок – НАТО болды, оның құрамына 12 мемлекет кірген [118]. 
Бұл  ұйымның  бас  әскери  күші  болып  Құрама  Штаттар  табылды.  Бүгінгі  күні 
НАТО-ға  28  ел  мүше,  соңғы  рет  Еуроодақ  елдері,  соның  ішінде  Польша  1999 
жылы кірді. 
Соғыстан кейінгі әлемде 1945 жылдан АҚШ президенті болған Труменнің 
доктринасы  белсенді  қолданыла  бастағанын  айта  кету  керек.  Сондай  ақ,  ол 
тарих  АҚШ-ты  әлемдік  шиеленістердегі  майданның  алдыңғы  шебіне 
жылжытты,  сондықтан  тек  өзіміздің  аумақтарымызды  ғана  қорғаудың  ескі 
жоспарлары ендігі өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін өзекті емес дейді. Біз енді тек 
күшпен ғана қорғауға болатын әлемдегі бейбітшіліктің қамын ойлауымыз керек 
[118, б.28]. 


82
 
 
Соцлагермен күресудің басқа бір бөлігі Еуропа мемлекеттерінің Оңтүстік-
Шығыс  Азия  елдерінің  экономикалық  өндірісін  жылдам  көтерудегі  үлкен 
қолдауы  болып  табылды.  Бұл  үшін  Батыстың  өзіндегі  жаңа  технологиялары, 
жеңілдетілген  несиелері  ұсынылды.  Осындай  көмектер  Жапония,  Тайвань, 
Сингапур,  Гонконг  және  басқа  да  мемлекеттердің  экономикалық  әлеуетінің 
өсуіне айтарлықтай әсер берді. Осы мемлекеттер бүгінгі күні тек әлемдік қаржы 
орталықтары ғана емес, олар сонымен қатар, инновациялық технологиялардың 
дамуы саласындағы алдыңғы қатарлы елдер болып табылады. Тіпті, коалицияға 
мүше  емес  Грекия,  Түркия  елдеріне  де  көмектер  көрсетілген.  Бұл 
бағдарламамен  қатар  «Маршал  жоспары»  жүзеге  аса  бастайды.  Оның  міндеті 
Еуропаның  экономикасын  тез  көтеру  және  коммунистік  қауіпке  қарсы  тұру 
үшін тиімді қарулы күштерін құру болған [116, б.29]. Сондықтан, осы кезеңнен 
бастап  осы  жылдар  аралығында  қалыптасқан  бір  біріне  қарсы  күресуші  екі 
дүние,  социалистік  және  капиталистік  әскери  саяси  лагерлері  салқын  соғыс 
жағдайында болды деп санауға болады. 
Бұдан басқа, «Маршал жоспары» социалистік елдерге арналған белгілі бір 
тауарлар  мен  технологияларға  эмбарго  салу  арқылы  өздерінің  дұшпандарына 
сауда  экономикалық  шектеулер  қою  болатын  [118,  б.59].  Әрине,  «Маршал 
жоспары»  нарық  мүдделеріне  қарсы  жүргендіктен  үлкен  танымалдылыққа  ие 
болмады, себебі ол әлемдік қауымдастыққа экономикалық тиімсіз болды, десе 
де, әлемдік державалардың бәсекелестігі бәрінен жоғары тұрды.  
1948 жылдың 11 маусымында Құрама Штаттарының Парламенті өздерінің 
көмектері  қажет  болған  кез  келген  шиеленістерге  қатысу  мүмкіндіктеріне 
рұқсат  берді  [119].  Бұл,  Конгрес  келісімін  берген  жағдайда  олардың  ойлары 
бойынша,  Американың  ұлттық  қауіпсіздігіне  қауіп  төнуі  мүмкін  кез  келген 
жерде соғыс әрекеттерін жүргізуді білдірді. 
Соғыс  аяқталған  соң  Қазақстан  мен  Польша  бір  әскери-саяси  лагерде 
болғанын атап өту  керек. Экономикалық ерекшеліктерге ие үлкен аумақтарды 
басқаруды ұйымдастыру үшін 1949 жылы өзара экономикалық көмек Кеңесі  – 
ӨЭК (СЭВ) құрылады. Кеңес одағының бұл ұйымды құрудағы мақсаты Батысқа 
қарсы  мықты  қорғаныс  жүйесін  құра  отырып,  тек  қарулы  күштерді  біріктіріп 
қоймай,  сонымен  бірге  оның  құрамына  кірген  елдердің  ресурстарын  біртұтас 
басқарудың,  жоспарлаудың  және  бөлудің  экономикалық  интеграциялық 
жүйесін құру болатын. 
Варшава  келісімін  жасасқан  елдердің  жеке  меншік  нысандарында, 
мемлекеттік  басқаруында,  сот-құқықтық  жүйесі  және  экономикаларында 
өздерінің  ерекшеліктері  болды.  Мысалы,  Польша  Сеймінің  1952  жылы 
қабылдаған  Конституциясында  үш  саяси  құрылыстың  –  социалистік,  шағын 
тауарлық  және  жеке  капиталистік  түрлерінің  болатыны  бекітілген.  Президент 
лауазымы Алқалы орган Мемлекеттік Кеңеспен қысқартылған. Мемлекет атауы 
Поляк  Халық  Республикасы  немесе  халық  демократиясының  мемлекеті  деп 
анықталады [23, б.399]. 
ӨЭК-нің  құрамына  кірген  елдер  1959  ж.  Жарғы  қабылдайды,  онда 
социалистік  лагердің  экономикалық  қуатын  арттыру  бойынша  міндеттер  мен 


83
 
 
даму  болашағы,  және  де  халықаралық  ынтымақтасу  тілегі  анықталады  [120]. 
Жыл  сайын  достастықтың  әр  елінде  сол  елдің  Компартиясының  бас 
хатшыларымен басқарылған  ӨЭК-нің сесиялары өткізілген.  Сәйкесінше, ӨЭК-
де  одақтас  республикалар  мен  ӨЭК-тің  мүше  елдерінің  араларындағы  қайта 
бөліністі  есепке  ала  отырып,  әртүрлі  өнеркәсіп  салаларының  белгілі  бір 
өнімдерінің  көлемі  ескерілуі  тиіс  жоспарлы  экономиканың  элементтері 
біртіндеп енгізіле бастайды. Кейін, ӨЭК елдері халықаралық кооперация және 
мамандану  элементтеріне  өте  бастайды  [121].  Мысалы,  Венгрия  көлік,  киім-
кешек,  аяқ  киім  шығаруға,  ГДР  –  болат  құю  мен  жиһаз  өндірісіне,  Польша  – 
жеңіл 
өнеркәсіп 
өнімдерін 
шығарып, 
аяқ 
киім 
экспорттауға 
мамандандырылады,  яғни,  ӨЭК  өзінің  алдына  нарыққа  әртүрлі  өнім  шығару 
міндетін қойған. 
Алғашқы  жылдары  өнеркәсіп  тауарларын  өндірудегі  әртүліліктің 
арқасында  жоспарлылық  тиімділігінің  жоғары  болуына  байланысты  ӨЭК 
елдері  экономикаларын  көтеруде  артықшылықтарға  ие  болады,  бірақ  кейін 
уақыт өте келе, олардың Батыс елдерінен артта қалуы бірден көрінеді. Өйткені, 
жоспарлы  экономика  икемсіз  болатын  және  әртүрлі  өнеркәсіп  салаларындағы 
инновациялық  технологиялардың  дамуына  жедел  жауап  қайтара  алмады. 
Дайын  өнімдер  мен  техникаларды  ала  отырып,  өзара  экономикалық  көмек 
Кеңес  елдері  өздерінің  өндірістерін  толық  дамытпады,  ал  бұл  экономиканың 
және  өткізу  нарығының  өсуіне  мүмкіндік  бермеді.  Ең  бастысы,  біздің 
ойымызша,  экономика  ынталандырмасы  –  жеке  меншіктің  болмауы,  және  де 
ӨЭК елдерінің әлемдік экономикалық үдеріске қатысуына ерік бермеген «темір 
перде» осыған себеп болған. 
1957 жылы 25 наурызда Еуропалық мемлекеттер ӨЭК пен қатар, кедендік 
баж  салығынан  босатылған  және  бір  біріне  экономикалық  жеңілдік  жасалған 
ЕЭО – Еуропалық экономикалық қауымдастығын құрады. Алғашында, оған 10 
дауыстан  ие  болған  Англия,  Франция,  ФГР,  Италия,  5  дауыстан  ие  болған 
Бельгия, Голландия, Греция, 3 дауысқа ие Ирландия, Дания және 2 дауысқа ие 
Люксембург  кірген.  1986  жылдан  бастап  ЕЭО-ға  Португалия  мен  Испания 
қосылады  [122].  Кейін,  ЕЭО  1994  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  құрамы  15 
мемлекеттен  тұратын  ЕО  –  Еуропалық  Одаққа  ауысады,  бүгінгі  күні  оған  27 
мемлекет мүше. 
ӨЭК  елдеріне  социализм  идеясын  насихаттау  үшін  Йемен  Халықтық 
Демократиялық 
Республикасынан, 
Афганистан 
Демократиялық 
Республикасынан,  Корей  Халық  Демократиялық  Республикасынан,  Лаостан, 
Эфиопиядан  өзара  қызығушылық  тудырған  сұрақтар  бойынша  бақылаушылар 
тартылады [120, б.5]. 
Яғни, КСРО немесе АҚШ ірі державаларының бір жағын сөзбен не іспен 
қабылдаған үшінші әлем елдері осы мемлекеттердің материалдық және әскери 
қамқорлығына  сүйенулеріне  болатын.  Осылайша,  Шығыс  елдеріндегі  бүгінгі 
диктатор Башар Асадтың әкесі – Хафез Асадтың диктаторлық режимі, Муамар 
Каддафидің  –  ливиялық  режимі,  Саддам  Хусейннің  –  Ирактағы  тоталитарлық 
режимі  ұзақ  жылдар  бойы  Кеңес  Одағының  қолдауына  ие  болады.  Олар 


84
 
 
социалистік  бағыт  ұстандық  деген  желеумен  ӨЭК  елдерінен  тиімді  несиелер, 
жабдықтар,  жаңа  қару-жарақтар  алып  отырған.  Бұл  елдер  тек  әскери  саяси 
қатынаста  ғана  емес,  олар  сонымен  қатар,  ғылым-білім  саласында  да 
қолдауларға  ие  болған.  Олардың  әскери  мамандары  және  студенттері  КСРО-
ның үздік жоғар оқу орындарында тегін жоғары білім мен ғылыми дәрежелер 
ала алды.  
Кеңес  Одағы  және  ӨЭК-тің  қомақты  қаражаттары  одақтастар  мен  жақтас 
елдердің  дамуына  жұмсалады,  осылайша,  Еуропа  мемлекеттері  мен  Араб 
әлемінің бір бөлігін біріктірген үлкен держава қалыптасады. Осы шаралардың 
барлығы  КСРО-ның  өзінде  азық-түлік,  киім-кешек,  дұрыс  тұрмыстық 
техникалар  мен  әр  адамның  күнделікті  өміріне  қажет  қарапайым  заттар 
жетіспей  жатқан  кезде  жасалғанын  атап  өту  керек.  ӨЭК  елдеріндегі  жалақы 
мөлшері өте төмен болатын, жалақы олар өндірген тауарлардың шамамен 30% 
құнын  құрады.  Кеңестер  идеологиялық  машинасы  тоқтаусыз  жұмыс  жасай 
келе,  бүгінгі  күнгі  қиыншылықтар  ертең  коммунизм  орнаған  кезде  олардың 
балаларының керемет болашағына айналатынын айтып, адамдарды төзімділікке 
шақырады. 
Біз  бұл  режимдер  немен  аяқталғанын  жақсы  білеміз,  олар  құлатылып, 
диктаторлар  жазаға  тартылды,  алайда,  азаматтық-құқықтық  тәртіп  пен 
демократиялық  мемлекеттіліктің  орнауы  үшін  олар  ұзақ  уақыт  бой  лаңкестік 
және  діни  экстремизм  әрекеттеріне  қарсы  тұрулары  керек.  Қазіргі  уақытта 
исламның  ортағасырлық  дәстүрлерін  қатыгез  әдістермен  қалпына  келтіруді 
мақсат  еткен  ИЛММ  (ИГИЛ)  үлкен  қауіп  төндіруде,  олар  ол  үшін  жердегі 
бүгінгі  әлемді  соғыс  және  хаос  жағдайына  душар  етіп,  адамзат  өркениетіне 
қарсы күресу үшін кез келген құралды пайдалануда. 
Кеңес  басшылығы  саяси  менменділікпен  ӨЭК-не  социалистік  бағыттағы 
елдерді  олардың  экономикаларына  ірі  қаржы  салу  арқылы  тарта  бастайды. 
Мысалы,  9-бесжылдықта  кейбір  социалистік  елдерге  салынған  қаржы  сомасы 
11,5  млрд.  рубльді,  10-бесжылдықта  –  24  млрд.  рубльді  және  бір  ғана  1983 
жылы  –  7  млрд.  рубльді  құраған.  [123].  Бұл  елдерден  басқа  Моңғол  Халық 
Республикасына,  кейін  Вьетнам  мен  Кореяға  тікелей  қаржы  салулар  орын 
алады. 
1955  жылы  14  мамырда  социалистік  лагерь  елдері  НАТО  сияқты  әскери 
блок болып табылған Варшава келісіміне қолдарын қояды. Варшава келісіміне 
Югославиядан өзге Шығыс Еуропаның барлық елдері: Герман Демократиялық 
республикасы,  Поляк  Халық  республикасы,  Румын  Халық  республикасы, 
Болгария  Халық  республикасы,  Албания  Халық  республикасы,  Чехословакия, 
КСРО, Венгрия Халық республикасы – барлығы 8 мемлекет кіреді [124]. 
Варшава  келісімінің  бас  органы  СКК  –  Саяси  кеңесші  комитет  болды. 
Біртіндеп Варшава келісімінің құрылымында БӘК – біріккен әскери күштердің 
Басқолбасшысы  лауазымы  пайда  болады,  ол  БӘК  штабтарының  бастықтарын 
және  СКК  бас  хатшысын  тағайындады  [125].  Келісімнің  5  бабында  келісім 
тараптарының  ықтимал  агрессиядан  өз  аумақтары  шекараларының  қол 


85
 
 
сұғылмаушылығын кепілдендіру үшін біртұтас қолбасшылықтары болады [124, 
б.247].  
Келісім,  бұл  блокқа  20  жылдық  мерзімге  өзге  мемлекеттердің  кіруін 
қарастырған.  Келісімнің  11  бабында,  егер  де  тараптар  уақыт  өткеннен  кейін 
Польша  республикасына  келісімнің  күшін  жою  туралы  арыздарын  бермесе, 
онда олардың тағы да 10 жылға сол блокта қала алатыны айтылған [124, б.249]. 
Келісім Варшавада сақталды, Варшава келісімінің 8 мемлекеттің жоғарғы 
қолбасшылығының  өкілдері  құрамына  кірген  штаб-ұйымы  Мәскеуде 
орналасады.  Варшава  келісімінің  елдері  қарулану  мен  күшейу  жарысы 
бойынша  НАТО-мен  сайма-сай  әрекет  етеді.  Кеңес  одағы  мен  Шығыс  Еуропа 
елдерінің  санмиллиардаған  қаржылары  қару-жарақтың  жаңа  түрлерін  жасауға 
және  олардан  қорғану  тәсілдеріне  жұмсалады.  Достастық  елдерінің,  әсіресе 
КСРО-ның  ұлттық  табыстары  онсыз  да  әлсіз  экономиканы  жұқартып, 
толығымен әскери өнеркәсіп кешеніне бағытталады. 
1985 жылдың 26 сәуірінде 30 жыл толған Варшава келісімінің тарихында 
өзгерістер  болады,  тараптар  1955  жылы  14  мамырда  қол  қойылған  достық, 
ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімнің әрекет ету мерзімін ұзарту 
жөніндегі Хаттамаға қол қояды. Келісімнің 1 бабында оның әрекетін соцлагер 
қатысушылары егерде келісімің күшін жою туралы арыз түспесе оны 10 жылға 
ұзарту шартымен тағы да 20 жылға созады. Шартқа Болгария Компартиясының 
Бас хатшысы – Тодор Живков, Венгрия социалистер партиясының Бас хатшысы 
–  Янош  Кадар,  Германияның  біртұтас  социалистер  партиясының  ОК  Бас 
хатшысы – Эрих Хонеккер, Польяк жұмысшыларының бірлескен партиясы ОК 
Бірінші  хатшысы  –  Войцех  Ярузельский,  Румыния  Компартиясының  Бас 
хатшысы  –Николае  Чаушеску,  КОКП  ОК  Бас  хатшысы  –  Михаил  Горбачев 
және  Чехословакия  Компартиясының  Бас  хатшысы  –  Густав  Гусак  қолдарын 
қойды [126]. 
1953  жылы  сол  кездегі  диктатордың  бірі  И.В.Сталиннің  өліміне 
байланысты  тек, КСРО-ның өмірінде ғана емес, сонымен қатар, бүкіл әлемдік 
қауымдастықта  ірі  оқиғалар  орын  алады.  Кеңес  Одағының  жоғарғы  билік 
эшелондарында  болашақ  мемлекет  басшысы  және  социализм  құрылысының 
алдағы  жолдары  жөніндегі  үдерістер  басталып  кетеді.  Сталин  жасаған 
иерархиялық билік құрылымы мемлекетті қатаң режимде ұстап тұрады, алайда 
көсемнің  қазақ  болуы,  Л.Берияның  және  оның  жексұрын  қызметкерлерінің 
атылуы елде болашақ өзгерістердің болуына жағдай жасады. 
Бұл  өзгерістер  КОКП-нің   ХХ  съезімен  байланысты  болады.  Оның  1956 
жылы  25  ақпанда  өткен  жабық  мәжілісінде  Н.С.Хрущев  өз  сөзін  аяқтай  келе 
былай  дейді:  «Біз  жеке  басқа  табынушылық  сұрағына  аса  байыптылықпен 
қарауымыз  керек.  Бұл  сұрақты  біз  партияның  сыртына,  баспа  бетіне  шығара 
алмаймыз. Сондықтан, оны біз жабық отырыста баяндап отырмыз. Әр нәрсенің 
орнын  білуіміз  керек,  жауларды  азықтандырып,  олардың  алдында  өзіміздің 
жарамызды ашпауымыз керек [127]. 
Жоғарғы  партия  жетекшілігіне  баяндама  мәтінімен  партиялық-комсомол 
жұмысшыларының  белгілі  шеңберін  ғана  таныстыру  ұйғарылды,  бірақ, 


86
 
 
мәліметтер  бауырлас  партия  жетекшілеріне  әлдеқашан  белгілі  болып  қойған. 
Ақпарат ел ішінде де, шет елдерге де жылдам тарала бастады. Осылайша, 1956 
жылы  17  наурызда  КОКП-нің  ХХ  съезінің  жабық  отырысы  туралы  хабарлама 
Рейтер,  Ассошиэйтед  Пресс,  Юнайтед  Пресс  және  тағы  басқа  да  ақпараттық 
агенттіктермен таратыла бастайды [127, б.20]. 
Хрущевтың  өз  аузынан  айтылған  сындар  режимнің  ырықтандырылуын 
талап  еткен  оппозиционерлердің  жұмыстары  үшін  жақсы  жағдай  жасайды. 
Бұлар  негізінен  Шығыс  Еуропа  елдері  –  Венгрия,  Польша,  Болгария, 
Чехословакия және басқалар болатын. 
Қытай  Халық  республикасында  өзге  социалистік  мемлекеттердегі  сияқты 
ресми  баспаларда  Мао  Цзэдуннің  Сталиннің  жеке  басқа  табынушылығына  еш 
қатысы  жоқтығы,  ол  бірқатар  ауыр  қателіктер  жіберді  және  оның  кінәсі  осы 
деген  хабарламалар  айтылып  жатты.  Мао  кеңес  басшылығына  мұндай 
ақпаратты әлемге таратпас бұрын ақылдасып алуы керек еді дейді [127, б.27]. 
Расында, бұл жай оқиға емес еді, Сталинді құдайдай көрген әлемнің жарты 
бөлігі,  барлық  капиталистік  елдердегі  компартиялар  бір  мезетте  өздерінің 
«идолдарын» жоғалтады. 
Өткенге  көз  сала  келе  және  неліктен  осындай  жаппай  қуғын-сүргіндер 
орын  алды  деген  сұрақ  қойсақ,  идеологиялық  машинаның  мемлекетке  сенген 
халықтар арасында тиісті шабытты ойларды жасай білгені түсінікті болады. 
Жаппай  қуғын-сүргіннің  нышаны  сталиндік  режимнің  бірінші  акциясы 
болды. 1934 жылы Ленинградта КСРО Жоғарғы Сотының Әскери Алқасы В.В. 
Ульрихтың  төрағалығымен  өткен  бірінші  көшпелі  сессиясында  сот  шешімі 
бойынша  13  адам  өлім  жазасына  кесіледі.  Процесс  сценариі  кейін  КСРО-ның 
Бас  прокуроры  болған  И.Я.  Вышинскимен  дайындалған  болатын  [128]. 
Процестің халық үшін болып жатқан оқиғаның дұрыстығына бір сәтке болса да 
еш  күмән  келтірмеуінің  тиімділігін  арттырған  қылмыстық-құқықтық 
сипатымен қатар, саяси астары болды. 
Ары  қарай,  қуғын-сүргін  сермері  тарқатылып,  үлкен  айналым  ала 
бастайды. Бірқатар белгілі деректерді келтірейік. 1937 жылы маусымда белгілі 
әскери  қайраткерлер  М.Н.  Тухачевский,  И.Г.  Уборевич,  И.Э.  Якир,  В.И. 
Фельдман,  Р.П.  Эйдеман,  А.И.  Корк,  В.М.  Примаков,  В.К.  Путналарға  қарсы 
Германияның пайдасына жалған айып тағылып, ату жазасына ұшырайды [128, 
б.149]. 
Көптеген  кеңестік  мемлекеттік  және  әскери  қайраткерлеріне  айыптар 
тағылып, өте қысқа мерзімде атылып кеткенін атап өту маңызды. 
З.И. Файнбургтың мәліметтері бойынша, бұрынғы КСРО Әділет Халкомы 
және  прокуроры  болған  Н.  Крыленкоға  қатысты  болған  сот  бар-жоғы  20 
минутқа созылған және оны орындау іле шала орын алған [128, б.149]. 
Жалпы,  сол  қорқынышты  кезеңдегі  ашық  сот  процестері  кінәлілерді 
жазалаудың шынайы екендігін халыққа көрсету мақсатында өткізілген, ал бұл 
халықтың  назарын  жасырын  түрде  жүргізіліп  жатқан  жаппай  қуғын- 
шараларынан басқаға аударған [128, б.150]. 


87
 
 
30-жылдары  болған  жаппай  қуғын-сүргін  ұлттық  республикаларда  да 
жүргізілгені  белгілі.  Қазақ  КСР-де  қуғын-сүргінге  Қазақстандағы  (б)  КП  ОК 
Хатшылары  Л.И.  Мирзоян  мен  С.  Нурпеисов  бастаған  өзге  де  бюро 
мүшелерінің  барлығы  дерлік,  Үкімет  Төрағасы  У.Д.  Исаев,  ҚазАКСР  ОАК 
бірінші  Төрағасы  С.Меңдешев, ЖОАК хатшысының  орынбасары  Н.Нұрмақов, 
сол кезеңде әрекет еткен прокурор С.Есқараев және тағы басқалардың барлығы 
ұшырайды  [129,  б.290-295].  Және  де  қуғын-сүргінге  ОК  көптеген  мүшелері, 
облыстық  комитеттің  хатшылары  және  облыстық  атқару  комитеттерінің 
төрағалары,  қалалық  комитеттері  мен аудандық  партия хатшылары  ұшыраған. 
Қуғын-сүргінге  ұшырағандардың  қатарында  О.  Джандосов,  Ю.  Бабаев,  Н. 
Масанчи,  А.  Розыбакиев,  А.М.  Асылбеков  және  басқа  да  Қазақстандағы 
кеңестік биліктің орнауына белсенді ат салысқан адамдар болған [130]. 
Сондай  ақ,  20  жылдары  ресми  түрде  кешірім  жасалған  «Алаш-Орда» 
ұлттық  автономиясын  құруға  қатысқан  қазақ  зиялылары:  Ә.  Бөкейханов  А. 
Байтұрсынов,  Д.  Досмухамедов,  Х.  Досмухамедов,  М.  Тынышбаев,  Т. 
Жүргенов,  А.  Кенжин  және  басқалар  да  жаппай  жазалау  шараларына  душар 
болады.  
Сталиндік  репрессияға  Б.  Майлин,  С.  Асфендияров,  М.  Жұмабаев,  И. 
Жансүгіров,  С.  Сейфуллин  сияқты  жазушы,  көрнекті  қоғам  және 
шығармашылық қайраткерлері де тап болады [130, б.268]. 
Польшаның  КСРО-ға  қосылуынан  кейін,  олардың  да  белгілі  қоғам  және 
мемлекет  қайраткерлері  социализмді  құрудың  сталиндік  саясатымен 
келіспегендері  үшін  жоғарыдай  жағдайға  ұшырайды.  ПЖБП-ның  (Польша 
жұмысшыларының 
біріккен 
партиясы) 
ОК 
хатшысы 
С.Раткевичтің 
жетекшілігімен  КСРО-да  білім  алған  мемлекеттік  қауіпсіздік  органдарының 
қызметкерлері  барлық  жерден  шетел  барлаушыларына  жұмыс  жасайтын 
диверсанттарды,  «халық  жауларын»  тіміскілейді.  Өнеркәсіптегі  кез  келген 
ақаулар,  қосымша  бөлшектер  жеткізілімінің  кешігуі  –  барлығы  «диверсияға» 
теңестірілді,  елде  мемлекеттік  қауіпсіздік  қызметіне  ақпарат  берушілердің 
ауқымды  желісі  жұмыс  жасаған,  қарулы  күштер  қатарында,  әсіресе,  соғысқа 
дейінгі әскерде және батыстық одақтастар бөліктерінде қызмет еткен, қарсылық 
білдірген  офицерлерге  жаппай  жазалау  шаралары  жүргізілген.  Өз  кезінде 
Испанияда  соғысқан  интернационалдық  бригадалардың  сарбаздары  және 
компартия мүшелері де репрессиядан тыс қалмаған. 
Польшадағы  репрессияны  ұйымдастыру  үшін,  Л.Берияның  бұйрығы 
бойынша 
А. Фейгиннің 
жетекшілік 
еткен 
мемлекеттік 
қауіпсіздік 
Министрлігінің Х департаментінен офицерлер тобы жіберілген болатын. Олар 
Поляк  Жасағының генералдары  мен офицерлерінің  тобы С.  Татар,  С.  Моссор, 
Е.  Кирхмайер,  Ю.  Куропескийлерге  қатысты  істерді  қолдан  жасаған  болатын 
[23,  б.394].  Оларды  1947-1948  жылдары  халық  билігін  құлату  үшін  астыртын 
әрекеттерге 
дайындық 
жасады 
деп 
айыптайды. 
Подполковник 
А.Скульбашевский  офицерлерді  азаптау  және  өзге  де  анықтаудың  рұқсат 
етілмеген 
әдістерін 
пайдалану 
арқылы 
оларды 
М.Спыхальскимен 
байланыстарының болғанын мойындатып, көрсетілімдерді алады.  


88
 
 
1951 жылдың шілде-тамыз айларында Вашингтон және Лондон жетекшілік 
еткен  тыңшы-диверсиялық  ұйымдарына  қатысты  процесс  өтеді.  Бұл  процесс 
1951  жылы  тамызда  ұсталған  Спыхальский  мен  Гомулкоға  қатысты  соттың 
басы  болатын.  Санкцияны  ПЖБП  ОК  мүшелері  Берут,  Берман  және  Раткевич 
береді [23, б.394]. 
Сталиннің  қазасынан  кейін  Польшаның  қоғамдық-саяси  өмірінде 
«жылымық»  басталады.  1953  жылы  маусымда  құрылған  тергеуге  әрекеттеріне 
көмек  жөніндегі  Комиссияның  нәтижесінде  заңдылықты  қалпына  келтірудің 
алғашқы  белгілері  пайда  бола  бастайды.  Поляк  Жасағының  астыртын 
әрекеттерін  тергеумен  айналысқан  кеңес  полковниктері  Д.Вознесенский, 
А.Скульбашевскийлер  қызметтерінен  босатылады.  Қауіпсіздік  Министрлігінің 
Х  Департаментінің  вице-директоры  полковник  Ю.Святло  Батысқа  қашады. 
Елде  ақтау  порцестері  басталады,  В.Гомулка  тұтқыннан  босатылады  және 
ақталады,  мемлекеттік  қауіпсіздік  Министрлігі  таратылып,  оның  орнына  Ішкі 
істер министрлігі және Мемлекеттік қауіпсіздік Комитеті құрылады [23, б.402]. 
Партия жетекшілігі жұмысшылардың жалақысын 20 %-ға көтеруге шешім 
қабылдайды,  мемлекет  кооперативтере  көмектерін  ұлғайтады.  Польшада 
басталған  экономика  мен  мемлекеттік  қайта  құрылыс  реформалары  КСРО-
дағыдай соңына дейін жеткізілмегенін айта кету керек. 
Осы кезеңге қарай жаппай жазалау машинасы тоқтатылған болатын. 1956 
жылы  30  маусымда  кеңес  басшылығы  жеке  адамға  табыну  ұғымына  өзінің  
бағасын  беруге  тырысқан  «Жеке  адамға  табыну  және  оның  салдары  туралы» 
КОКП ОК Қаулысы қабылдаған болатын [127, б.33]. 
КОКП-ның  ХХ  съезінен  кейінгі  тарихи  кезең  «Хрущев  жылымығы»  деп 
атала  бастайды,  өйткені  елде  саяси  жүйенің  ырықтануы  басталды,  лагерлер 
жабылды,  алғашқы  қуғынға  ұшырағандар  үйлеріне  қайта  бастайды.  Бұл 
жағдайда Н.С. Хрущевке арналған, КСРО Бас прокуроры Н.Руденко, ішкі істер 
министрі С.Круглов және әділет министрі К.Горшенин қол қойған 1954 жылғы 
1 ақпандағы құжаттың танымалдылығын айта кету керек. Құжатта 1921 жылдан 
1954 жылға дейін 3 778 380 адам сотталғаны, солардың ішінде 642 980 адамға 
ең  жоғарғы  жаза  тағайындау  үкімі  шығарылғаны  туралы,  25  жылға  дейін 
мерзімге  түрмелер  мен  лагерлерде  жазаларын  өтеуге  -  2 369 220  адам 
жіберілгені,  765 180  адам  жер  аударылғаны  туралы  мәліметтер  көрсетілген 
болатын  [131].  Бұл  қорқынышты  статистикалық  сандардың  артында 
миллиондаған  кеңес  халқының  тәлкекке  түскен  тағдырлары  жатыр  және  олар 
өзінің  көлемімен  жан  түршіктіреді.  Әлем  тарихында  кеңесі  билігі  кезінде 
болған мемлекеттің өз халқын қырғынға ұшыратуы сияқты жайдайы болмаған, 
және  бүгінгі  күн  үшін  бұл  оқиғаларды  ұмытпағанымыз  жөн,  әрі  біздің 
мемлекетіміз  Қазақстан  Республикасының    демократиялық  және  құқықтық 
негіздерін сақтауға тырысуымыз керек. 
Елде  істердің  қайта  қаралуы  басталып,  лагерлердегі  режим  жұмсарады, 
кеңестік  немістердің  құқықтық  жағдайындағы  шектеулер  алынып  тасталған 
болатын [131, б.11]. Алғаш рет, 1955 жылы 1 тамызда Н.С. Хрущев КСРО-ның 
ғарыш  зерттеулері  саласында  Америкамен  ынтымақтасуға  дайын  екендігін 


89
 
 
айтады,  және  де  кеңес  әскерінің  қатары  640  мың  адамға  қысқарғаны 
хабарланады [131, б.99]. 
Сталиндік жендеттердің тағдыры да ауыр халде болғанын атап өту керек. 
Л.Бериядан  кейінгі  жексұрын  Бас  прокурор,  Мемлекет  және  құқық  тарихы 
институтының Директоры – А.Я. Вышинский болатын. Ол «халық жауларына» 
қатысты  қылмыстық  жария  процестерден  көріністер  қоюдың  шебері  болған. 
1953  жылдың  желтоқсанында  Л.Берия  атылған  кезде  Вышинский  Кеңес 
Олағының өкілі ретінде АҚШ-та болады. Оның тез арада Мәскеуге келуі талап 
етіледі,  алайда  өз  отанында  не  күтіп  тұрғанын  білген  ол  атылып  қалуды  жөн 
көреді [132]. 
Жалпысы,  КОКП-ның  ХХ  съезі  адамдарға  оларға  жетпей  тұрған 
сенімділікті  береді,  Н.С.  Хрущев  күрделі  саяси  реформалар  жүргізбесе  де,  
қарапайым халық өздері және айналасындағы туыстарының қауіпсіздігін көріп, 
тыныш еңбек ете алатын. 
КСРО-ның  жағдайы  өте  ауыр  болатын,  ауыл  еңбекшілері  мен  кәсіпорын 
жұмысшыларына  берілген  жоспарлардың  орындалуы  жаңа  техникалық 
төңкеріссіз мүмкін емес болатын, сондықтан елге жаңа технологиялар мен жаңа 
жабдықтар  қажет  болады.  Жоспарлылық  пен  әкімшіліктендіру  экономика 
дамуындағы  маңызды  мәселелерге  айналды.  Ең  күрделі  жұмыс  бөлігі  ауыл 
шаруашылығында  болатын,  оның  жағдайы  құлдырау  деңгейіне  жетіп,  азық-
түлік  дайындамалары  төмендетілген  бағамен  сатып  алынады  және  олар 
бұрынғыдай бұйрықтық-репресиялық әдістермен өткізіліп отырды. Сондықтан, 
шаруаларда  да,  мемлекетте  де  астық  болмады,  елде  жер  өңдеп,  бидай  өсіру 
үшін  жағдайлар  жасалса  да  кеңес  жетекшілігі  бидайды  шетелден  алтын 
бағасымен сатып алып отырған. 
Сонымен  қатар,  Н. Хрущевтың  барлық  мәселелері  мен  қателіктеріне 
қарамастан,  мемлекетте  жалақыны  арттыру,  зейнетақымен  қамтамасыз  ету 
бойынша  әлеуметтік  бағдарламалар  жүргізіле  бастағанын,  жалпыодақтық 
жұмыс  уақыты  бекітілгенін,  зейнеткерлікке  шығу  жасы  еркектер  үшін  –  60, 
әйелдер  үшін  –  55  жас  болып  анықталғанын  айта  кету  керек.  Ірі  көлемдегі 
қаржы тұрғын үй құрылыстарына жұмсалып, «хрущевка» деп аталып кеткен үй 
құрылыстары  кеңінен  салына  бастайды.  Мысалы,  1956-1960  жылдары 
аралығында жаңа пәтерлерге 54 миллиондай адам қоныстанған [90, б.713]. 
1956  жылы  Варшава  келісімінің  елдері  –  Польша  мен  Венгрияда  жаппай 
көтерілістер  орын  алады.  Осылай,  1956  жылы  ПХР-дағы  Познань  қаласында 
жұмысшы  толқулары  басталып,  кейін  басылады.  Венгрияда  халық  соғысқа 
дейінгі  тәртіптің  қайтарылуын,  елдің  Варшава  келісімінен  шығып,  НАТО-ға 
кіруін  талап  етеді.  1956  жылы  23  қазанда  Будапеште  жаппай  толқулар 
басталады. Мәскеу мұны соцлагердің тұтастығына төнген контрреволюциялық 
қауіп  ретінде  бағалап,  4  қарашада  Венгрия  аумағына  кеңестер  әскерін  енгізу 
арқылы қарудың күшімен қоғамдық қауіпсіздікті қалпына келтіреді [90, б.724]. 
Бұны  «жылымықтың»  аяқталуы  деп  атауға  болады.  Режимнің  әлсіреуінің 
басталуы,  оның  елдегі  және  шетелдегі  саяси  ахуалдың  өзгеруіне  байланысты 
ырықтандырылуы осылай аяқталмай қалады. 


90
 
 
Ғалымдар  Ресей  мемлекетінің  ішінде  Орталық  Азия  мен  Қазақстанға 
әділетсіз  жер  аударылған  халықтардың  ұлттық  автономияларының  –  Шешен-
Ингуш АКСР-ы, Қалмақ АКСР-ы Кабардин-Балқар АКСР-ы, Қарашай-Шеркес 
АО-ның қалпына келтірілгенін айтады. 
1954 жылы 19 ақпанда РКФСР-дің Қырым облысы КСРО Жоғарғы Кеңесі 
Президиумының Жарлығымен Украинаға берілген болатын [90, б.721].  
Түбектің  берілуі  Хрущевтің  өзінің  билікке  келуде  қолдау  көрсеткен 
украина  жетекшілеріне  берген  төлемі  болып  табылғаны  белгілі.  1991  жылы 
Укранина тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, Қырым мен Севастополь күрделі 
мәселеге  айналады  [90,  б.721],  алайда,  ол  бүгінгі  күні  одан  да  үлкен  мәселеге 
айналып отыр. Саяси алауыздық және Ресейдің Қырымды күшпен тартып алу, 
Донецк  және  Луганск  облыстарының  дербес  республика  ретінде  жариялануы, 
бейбіт  тұрғындар  қаза  болып  жатқан  соғыс  әрекеттері  халықаралық 
алаңдатушылықты  күшейте  түсті.  Еуроодаққа  және  НАТО  елдеріне  қосылуды 
көздеген Украина Ресей мемлекетімен тайталасуы өрши түсуде. 
Еуроодақ Ресейден кіргізілетін белгілі бір халық тұтынатын тауарлар мен 
азық-түлік  түрлеріне  эмбарго енгізген болатын.  Жауап ретінде Ресей де  тиісті 
шаралар  қабылдайды.  Осының  барлығы  әлемдегі  саяси  ахуалды  ушықтырып, 
әлемді ІІІ Дүниежүзілік соғысқа итермелеуі мүмкін. 
КОКП-нің  ХХ  съезінен  кейін  КСРО-дағы  қайта  құруларға  оралсақ.  Н.С. 
Хрущев  бірқатар  мемлекеттермен  сыртқы  саясаттағы  қатынастарын  қалпына 
келтіріп,  Араб  елдерімен  өзара  тиімді  ынтымақтастық  жөнінде  келісімдер 
жасайды, Югославиямен қатынас реттеледі. Кеңестер әскерінің саны 4 миллион 
адамға қысқартылады. Сонымен бірге, 1953 жылы Батыс Берлинге байланысты 
бірінші  мәселелер  туындайды.  Кеңестердің  Берлин  мәртебесін  өзгерту  және 
оны  қарусыздандырылған  еркін  қалаға  айналдыру  жөніндегі  ұсынысты 
Батыстың  қабылдамауы,  1961  жылы  қатынастардың  жаңадан  шиеленісуіне 
алып келеді. ГДР басшысы В. Ульбрихтың бастамасы бойынша Батыс Берлин 
бетонды  плиталар  мен  тікенекті  сыммен  бөлінген  болатын.  Н.С.Хрущевтың 
тұсындағы  үлкен  мәселелердің  бірі  ол,  оның  1962  жылдың  көктемінде  Куба 
аумағына кеңестік ядролық ракеталарды орналастыру жөніндегі соқыр тәуекел 
шешім  қабылдауы  еді.  Кубалық  база  АҚШ-тан  бар  болғаны  160  шақырым 
жерде  орналастырылғандықтан,  ол  термоядролық  соғыстың  бастылуына  алып 
келуі мүмкін, жаңа саяси дағдарыс тудырды. Соғыстың басталуына КСРО-ның 
аралдан өз ракеталарын алып кету жөніндегі шешім қабылдауы, ал өз кезегінде 
Кеннеди Кубаға шабуыл жасамауға уәде беруі жүзеге асырылған диалог кедергі 
келтірген [90, б.725-726]. 
Бұл  оқиғалармен  қатар  КСРО-да  экономика  қарқынының  төмендеуі 
болады,  елде  азық-түлік  тауарлары,  бірінші  қажеттілік  тауарлар  жетпей 
жатады.  1964  жылы  14  қазанда  жоғарғы  партия  элиталарының  астыртын 
әрекеттерінің  нәтижесінде  Н.С.  Хрущев  барлық  мемлекеттік  және  саяси 
лауазымдардан  босатылып,  денсаулық  жағдайына  байланысты  зейнеткерлікке 
жіберіледі [90, б.728].  


91
 
 
Хрущевтың  арқасында  оның  кемшіліктеріне  қарамастан,  большевиктер 
билігі  кеңес  халқы  ұзақ  жылдар  бойы  беріп  келген  қолжетпес  даналықтың 
жоғарғы даңқынан айырылады [90, б.730]. 
1964  жылы  қазанда  Хрущев  орнынан  кеткеннен  кейін  мемлекет 
басшысылығына  Л.И.  Брежнев,  Премьер-Министрлікке  А.Н.  Косыгин  келеді. 
Орыс ғалымдары 1965 жылы кеңес басшылығының ел дамуында консервативті 
бағыт ұстануға бет бұрғанын айтады.  Бұл идеологияның Сталин туралы сирек 
еске  алуынан  көрінді  және  КОКП-нің  ХХ  съезі  біртіндеп  ұмытыла  бастайды 
[90, б.732]. 
Бұл  кезде  Кремльде  болған  барлық  оқиғалар  толығымен  Қазақ  КСР-інде 
қайталанып  жатқан  болатын.  «Жылымық»  кезеңі  және  одан  кейінгі  жылдар 
ұлттық  республикаларға  оң  әсер  етеді.  Сондай-ақ,  1957  жылдың  4  шілдесінде 
ҚазКСР  Жоғарғы  Кеңесінің  V  сессиясымен  қабылданған  Заңы  бойынша 
бірқатар  салалық  Министрліктер  ҚазКСР  ауыл  шаруашылық  Министрлігімен 
біріктірілген  болатын.  Республикада  экономиканы  тиімді  басқару  үшін  билік 
органдарын оптимизациалау жүргізіледі [133]. 
КСРО 
Компартиясының 
ХХ 
съезі 
одақтас 
республикалардың 
егеменділіктерінің нығаюында азды көпті рөл атқарған. Мысалы, 1956 жылдың 
4 мамырында КСРО Одақтық министерлер кеңесі «Одақтас республикалардың 
шаруашылықтарын  мемлекеттік  жоспарлау  және  қаржыландыру  тәртібінің 
өзгеруі  туралы»  Қаулы  қабылдайды.  Жаңартпаның  мәні  бұдан  былай  одақтас 
республикалар  министрлер  кеңесі  арқылы  өндірістің  жоспарларын  дербес 
бекітіп, республика кәсіпорындары өндіретін өнімдердің барлығын өздері бөлу 
құқығын алуында жатқан еді [133, б.197]. 
Бұл  шешім  ҚазКСР  мен  бірге  одақтас  республикалардың  бюджеттік 
құқықтарының  кеңеюіндегі  үлкен  бастама  болып  табылды.  Ол  қаражаттарды 
республиканың қажетті өнеркәсіп салаларын дамытуға жұмсауға ықпал етті.  
Тағы бір маңызды заңдардың қатарында Министрлер кеңесінің 1957 жылы 
29  тамызда  қабылдаған  Қаулысын  айтуға  болады.  Бұл  қаулы  бойынша 
республикаларға  өздерінің  өкімдерімен  кварталдық  жоспардан  артық 
өндірілген  өнеркәсіп  және  азық-түлік  тауарларының  негізгі  бөлігін  өздеріне 
қалдыру құқығы беріледі. Республикаларға мемлекеттік, қоғамдық және өзге де 
қажетіліктері үшін жер бөліп алу құқығы берілді [133, б.197-198]. 
Соғыстан  кейін  ҚазКСР-індегі  Халық  Комиссарларының  Кеңесінің  атауы 
ҚазКСР  Министрлер  Кеңесіне  өзгертіледі,  ал  үкіметте  7  министрлік 
анықталады. 1965-1981 жылдары ҚазКСР-і Компартиясының Бірінші Хатшысы 
Д.А.  Қонаев  болады.  Және  де,  ҚазКСР  үшін  одақтас  республикалардың 
заңшығарушылық  өкілеттіктерін  кеңейткен  «Одақтас  республикалардың 
басқаруына  сот  құрылымын  беру,  азаматтық,  қылмыстық  істер  және 
процессуалды  кодекстерді  қабылдауы  туралы»  Заңы  ерекше  мәнге  ие  болды 
[133, б.205]. 
1978  жылы  20  сәуірде  Жоғарғы  Кеңестің  кезектен  тыс  сессиясында  бір 
жыл  бұрын  1977  жылы  қабылданған  жалпыодақ  Конституциясына  толық 
сәйкес  келген  ҚазКСР  Конституциясы  қабылданған  болатын.  Конституцияда 


92
 
 
елде  дамыған  социалистік  қоғам  орнағаны  айтылған.  Жаңа  Конституция 
бұрынғымен  салыстырғанда,  социалистік  жалпыхалықтық  мемлекет,  Халық 
депутаттарының Кеңесі, Коммунистік партиялар, кәсіби одақтар, Бүкілодақтық 
лениншіл  жастардың  комсомол  одағы,  жұмысшылар  ұжымы,  және  өзге  де 
мемлекет  және  қоғамдық  істерді  басқаруға  қатысқан  қоғамдық  ұйымдар 
тұлғасындағы  дамыған  социалистік  қоғамның  саяси  жүйесін  жеке  атап 
көрсеткен [133, б.224-225]. 
Яғни, біріншіден, Коммунистік партия Конституция бойынша социалистік 
қоғам  дамуындағы  анықтаушы  рольді  ойнаған,  ал  саяси  жүйеде  Қазақ 
Социалистік  Республикасы  бірінші  рет  халық,  жұмысшы,  шаруа  және 
зиялылардың  еріктері  мен  мүдделерін  білдірген  социалистік  жалпыхалықтық 
республика ретінде сипатталады. 
Жаңа  Конституцияда  ҚазКСР  егеменді  социалистік  мемлекет  ретінде 
сипатталады.  Онда  халық депутаттары Кеңесінің,  ҚазКСР Жоғарғы  Кеңесінің, 
облыстық,  аудандық,  қалалық  және  ауыл  кеңестерінің  қызметтерінің 
қағидалары  мен  жүйесі  нақты  анықталған.  Олар  Конституция  бойынша  кең 
өкілеттіктер иеленіп, жалпы мемлекеттің іргетасы болып табылды [133, б.224-
225]. 
Конституция  бойынша  Жоғарғы  Кеңес  өкілеттігі  5  жылға,  ал  жергілікті 
Кеңестердікі 2,5 жылға ұзартылған болатын, және де сайлауға қатысу жас цензі 
18 жас болып анықталады [133, б.226]. 
1978  жылғы  ҚазКСР  Конституциясы  халық  депутаттарының  Кеңестерін 
«жандандыруға»  және  солар  арқылы  сол  кезде  кең  ауқымға  ие  болған 
қоғамдағы  дағдарыс  құбылыстарын  шешуге  тырысқанын  атап  өтуге  болады. 
Кеңестерді жандандыру және кеңес мемлекеті ұзақ уақыттар бойы пайдаланып 
келген  революциялық  ынталылықты  ояту  үшін  жасалған  шаралар  ешқандай 
табыстар әкелмеді. 
Еуропаға  жақын  орналасқан  және  халықтың  өмір  сүру  деңгейлеріндегі, 
олардың  саяси  еркіндігіндегі  айырмашылықты  көрген  социалистік  лагер 
елдерінде ХХ ғасырдың 70-жылдарында халықтың бас көтерулері жиі орын ала 
бастайды.  Осылай,  1968  жылы  Чехословакия  халқы  кеңес  билігі  қойған 
қолшоқпарларға  қарсылық  білдіріп,  елде  қалыпты  демократиялық  қоғам 
құруды  талап  етеді  [23,  б.440].  Әскер  көмегімен  прага  көтерілісі  қатаң  түрде 
басылады.  Бұл  көңіл-күй  жаңа  оппозициялық  қозғалыстар  құрылып  жатқан 
барлық Шығыс Еуропаға тарайды. 
Поляк  қоғамының  тұрақсыздануына  Сеймнің  1976  жылы  10  ақпандағы 
Конституцияның  1  бабына  ПХР  социалистік  мемлекет  болып  табылады  деген 
өзгерістер  енгізуі  себеп  болады.  Осылайша,  Польшаның  социалистік  қайта 
құрылуы  заңды  түрде  бекітіледі.  Жетекші  саяси  күш  болып  Польша  біріккен 
жұмысшы  партиясы  жарияланады.  Барлық  жоғарғы  билік  органдарының 
шаруашылық, қаржылық және әкімшілік ұйымдарына бақылау жүргізіп келген 
Польшаның жоғарғы бақылау  палатасы өз  қызметтерін Министрлер  Кеңесінің 
Төрағасына  өткізеді.  Бұл  мемлекеттік  билікті  орталықтандыру  және  оның 
бақылусыздығы үшін жағдай жасайды [23, б.441]. 


93
 
 
Біз  қарастырып  отырған  Қазақстан  мен  Польшаның  даму  кезеңдерінде  ІІ 
Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы үлкен маңызы бар оқиға болғанын айтат кету 
керек.  Барлық  адамдар  бейбітшілікті  армандады,  солардың  жүздеген  мыңы 
жеңіс күнін көрмей кетті. Әлем мықты әрі қаруланған жауды тек күш біріктіру 
арқылы жеңуге болатынын түсінеді. Халық көптен күткен жеңіс тойын тойлап 
жатқанда, жеңуші елдердің Басшылары Еуропаның соғыстан кейінгі тағдырын 
шешіп  жатады.  Әлемде  жердегі  геосаяси  жағдай  бағынышты  болған  екі  ірі 
держава пайда болады. 
Олардың  арасындағы  бәсекелестік  жаңа  қару  түрлерін  жасауға  және 
олардан  қорғануға  үлкен  материалдық  құралдарды  талап  етті.  НАТО  елдері 
АҚШ  басшылығынан  үлкен  инвестицияларды  алып,  экономикаларын  жылдам 
дамытып  жатқан  уақытта,  Мәскеумен  басқарылатын  Варшава  келісімі  елдері 
жоспарлы  және  теңгерімсіз  экономика,  экономиканы  дамытудың  нарықтық 
тетіктерінің  және  жаңа  технологиялардың  болмауына  байланысты  соғыс 
салдарынан зиян шеккен өндірістері мен ауыл шаруашылығын өте баяу көтеріп 
жатқан болатын. 
Социалистік  лагер  мен  капиталистік  елдер  арасында  орнатылған  «темір» 
перде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының маңызды салалары бойынша артта 
қалуын ұлғайтты. 
 1953 жылғы Сталиннің қаза болуы және 1956 жылы ақпанда өткен КОКП-
нің ХХ съезінен кейін әлем жұртшылығы, әсіресе кеңес халықтары олардың пір 
тұтқан адамдары билік үшін күресте өздерінің бәсекелестері мен еш кінәсі жоқ 
халықтарды жойған атаққұмарлар болғандарына көздері жетеді. 
«Хрущев  жылымығы»  кеңес  халқы  өмір  сүрген  тоталитаризм 
атмосферасын  босатып,  лагерлер  мен  түрмелерден  шыққандарға  еркін  дем 
алуына  мүмкіндік  берді.  Жүздеген  мың  әскерилердің  әскери  шендері  қалпына 
келтіріліп,  ғалымдар,  шығармашылық  зиялылары  ақталған  болатын.  Хрущев 
мемлекет  басшысы  ретінде  алғаш  рет  «Америкаға  жол»  ашады,  және  де 
ядролық қаруды қолданбау жөнінде халықаралық Келісімдер жасалып, КСРО-
да  біржақты  тәртіпте  әскер  саны  қысқартылады.  Сонымен  бірге,  1962  жылы 
оның  бастамасы  болған  Кариб  дағдарысы  ІІІ  Дүниежүзілік  соғыстың 
басталуына себеп бола жаздайды. 
Кеңестер  мемлекетінің  Басшысында  экономика  мен  өнеркәсіпті  қайта 
ұйымдастыру  бойынша  көп  жоспарлар  болған,  оның  бастамаларының 
арқасында  одақтас  республикалар,  соның  ішінде  ҚазКСР-і  ұлттық 
мемлекеттілігінің дамуына оң ықпал еткен мол бостандықтар мен бастамаларға 
ие  болады.  Әлеуметтік  және  білім  беру  салаларында  реформалар  жүргізілген 
болатын, Қазақстанда бұл кезеңде миллиондаған гектар тың жерлер игеріледі, 
жаңа  аудандар,  жолдар,  мектептер,  ауруханалар,  мәдени  мекемелер  және  т.б. 
салынады. 
Соғыстан  кейінгі  Польшада  мемлекеттік  билік  басына  Поляк  біріккен 
жұмысшы  партия  келеді.  Польшаның  саяси  және  экономикалық  жүйелерінің 
дамуы  мемлекеттегі  жүздеген  жылдар  бойы  қалыптасып  келген  кейбір 
ерекшеліктермен  бірге  Кеңестік  мемлекеттегі  үлгімен  жүрді.  Осы  уақыттан 


94
 
 
бастап  олар  жоспарлы  экономикаға  көшеді,  барлық  маңызды  мемлекеттік 
сұрақтар  Мәскеу  арқылы  шешілетін  болады.  КОКП-нің  ХХ  съезінен  кейін 
Польшада  да  көптеген  саяси  қайраткерлер  ақталады,  репрессияға  қатысы 
болған  тұлғалар  мемлекеттік  лауазымдарынан  босатылып,  жауапкершілікке 
тартылады.  Варшава  келісімінің  өзге  де  елдеріндегі  сияқты  Польшада  да 
экономиканың  құлдырауы,  бағаның  өсуі  орын  алып,  халықтың  өмір  сүру 
деңгейі  де  төмендеп  кетеді.  КСРО  мен  Варшава  келісімі  елдеріндегі  режимді 
одан  ары  ырықтандыруға  үміт  қалмаған  кезде  оппозициялық  қозғалыстар  мен 
ереуілге  шығушылар  үдей  түседі,  ал  саяси  аренада  елдегі  және  әлемдегі  жаңа 
өзгерістер нышаны ретінде болған «Солидарность» сияқты жаңа күштер пайда 
болады. 
  

жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау