Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет33/126
Дата17.02.2020
өлшемі11,77 Mb.
#29267
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   126

72
•  оқушыларға өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі;
•  мұғалімдерге  оқушыларды  оқыту  барысында  олардың  оқушылары  қандай  деңгейде 
екендігін түсінуге көмектеседі.
Көп  жағдайда  сыныптағы  талқылау  мұғалімнің  басқаруымен  тақырып  төңірегінде, 
оқушының  дұрыстап  және  орнымен  нені,  қашан  және  қалай  айту  қажеттігі  сипатында 
болады. Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары шамалы. Мәселен, 
мұғалімге:  «Бұл  көзқарас  қызықты  екен»  деп  айтады-ау  деп  оқушылардан  күтуге  болмас. 
Зерттеу көрсетіп отырғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақ қойып, оқушылардың 
жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың 
ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамыта алмайды.
Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын 
дәлелдеп шыққан. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» 
сұхбаты  түріндегі  өзара  іс-қимылға  қарағанда  мейлінше  «симметриялы»  болып  табылатын 
өзара  іс-қимылға  тартылады,  осылайша,  негізделген  дәлелдер  ұсынып,  қадағаланатын 
оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. 
Тіл  –  тәжірибені  ұжымдық  қабылдаудың  негізгі  құралы.  Негізінде,  білім  алу  диалог 
арқылы беріледі де, оқушылардың сабақта түрлі жұмыстарды орындау кезінде өзара байланыс 
пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына 
байланысты болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет 
белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал.
александер (2008)  диалог  түрінде оқыту  оқушыларды ынталандыру  және дамыту  үшін 
әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. александердің пайымдауынша, диалог 
арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «саламатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, 
оқушылардың  дамып  келе  жатқан  идеяларымен  жұмыс  істеуіне  және  түсінбеушілікті  жеңе 
білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға сыныпта әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және 
кеңейтілген диалогтерге қатысуға мүмкіндік берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін 
зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа 
тәсілдерін тәжірибеден өткізуге жол ашады.
александер (2004) оқытудағы әңгіме – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, 
керісінше,  әңгіме  барысында  идеялар  екіжақты  бағытта  жүріп,  соның  негізінде  оқушының 
білім  алу  үдерісі  алға  жылжитын  белсенді  үдеріс  деп  тұжырымдайды.  Диалог  барысында 
оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін 
жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» 
барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бірлесіп ойлау оқушылармен диалог құру 
арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып 
табылады. Ғалым әңгіменің үш түрін ажыратып, сипаттама берген:
•  Әңгіме-дебат;
•  Кумулятивтік әңгіме;
•  Зерттеушілік әңгіме.


73
әңгіме-дебат барысында:
1)  ой-пікірлерде  үлкен  алшақтық  болады  және 
әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
2) ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған 
талпыныс жасалады;
3) қарым-қатынас көбіне «иә, бұл солай», «жоқ, 
олай емес» деген бағытта жүзеге асады;
4)  Орта  бірлесуден  гөрі,  көбіне  бәсекелестікке 
бағытталған. 
Кумулятивтік  әңгіме  барысында  байқалатын 
жайлар:
1)  айтылған  пікірлермен  тыңдаушылардың 
әрқайсысы механикалық түрде келісе береді;
2) әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, 
оған  қатысушылардың  өзгелер  ұсынған  қандай  да 
болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайды;
3) идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі 
мұқият бағалана бермейді. 
Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:
1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
2) әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен, мұқият бағаланады;
3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;
4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»; 
5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге  келуі де, келмеуі де мүмкін, ең 
бастысы –  келісімге ұмтылу).
Көптеген  талқылаулар,  әдетте,  әртүрлі  әңгіме  түрлерінен  құралады.  Мерсердің 
айтуынша,  ұжымдық  түсіну  мен  білім  беруге  қол  жету  аясындағы  табысты  талқылауларда 
әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады.
Зерттеушілік әңгіме
Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі 
арасында  байланыс  бар  екені  анықталды.  Барнс  (1976)  пен  Мерсердің  (2000)  айтуынша, 
зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып 
табылатын  әңгіменің  түрі.  Зерттеушілік  әңгіме  барысында  оқушылар  өз  сыныптастарымен 
шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен 
түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға 
береді;  ұжымдық  білім  мен  түсінікті  қалыптастырады.  Басқаша  айтқанда,  оқушылар  бірге 
ойланады.  Оқушылар  зерттеушілік  әңгімеге  тартылғанда,  өз  ойларын  дауыстап  айтады; 
болжамдар  ұсынып,  талқылайды.  Талқылау  кезінде  олар  «мүмкін»,  «егер»,  «бәлкім»  деген 
сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, 
топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.
Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұлай 
жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. алайда, бұл 
әңгіме олар үшін қалыптағы дүние емес, сол себепті де мұғалімдер бірігіп істеген жұмыстың 
құндылығын түсінулеріне көмектесу керек.
Мұғалімдер үшін маңызы
Балалар зерттеушілік әңгіме жүргізе алатын ортада оқу жетіле бермек. Оқушылар бұндай 
ортада жұмыс істегенде әңгімелеріне қарай олардың ой-пайымдары да айқындала түседі, әрі 
мұғалімдері мен құрдастарының көмегімен олар одан әрі дамытылуы мүмкін. Соған қарамастан, 
бұндай әңгіме жүргізу дағдылары оқушыларға жайдан жай келе салмайды, балалар бірлескен 
әңгіменің мәнін ұғынып, қабылдауы үшін мұғалімдерге оларды бағыттап отыру керек болады.
Сұрақ қою
Сыныпта сұрақ қою негізінен 
«бастама-жауап-кейінгі әрекет» (БЖә) үлгісінде болатыны 
анықталды. Мысалға: 
Бастама (мұғалім): адам денесінде неше сүйек бар?
жауап (оқушы): екі жүз алты.
Кейінгі әрекет (мұғалім): Дұрыс.


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау