Жұмыс берушілерге, жеке кәсіпкерлерге, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша жұмыс істейтін
жеке тұлғаларға, нотариустарға, адвокаттарға қатысты
СҰРАҚ-ЖАУАПТАР
№
Сұрақтар
Жауаптар
Жұмыс берушілердің сұрақтары
1.
Мен жұмыс беруші ретінде
міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру
жүйесіне неліктен қатысуым
керек?
Сақтандыру медицинасы сіздің қарамағыңыздағы жұмыскерлердің тапқан
табысына қарамастан медициналық кӛмектің барлық түрлерін алуына мүмкіндік
береді. Оның ішінде жоспарлы стационарлық кӛмек те, дәрі-дәрмекпен қамту да,
жоғары мамандандырылған медициналық қызмет түрлері мен оңалту да,
диагностикалық-консультациялық кӛмек те, медбике күтімі мен паллиативтік кӛмек те
бар.
Мәселен, егер сіздің қарамағыңыздағы жұмыскер ауыр сырқатқа шалдықты делік.
Қымбат ем-дом жасау қажет болғандықтан, ол ұзақ уақыт сырқатына байланысты
демалыс алуға мәжбүр болады. Бағасы шарықтап тұрған медициналық қызмет құнын
ӛтеуге мүмкіндігі болмағандықтан жұмыс беруші мен еңбек ұжымынан кӛмек
сұрайды. Бұл барлық тараптардың шығынын арттыратыны сӛзсіз. Әлеуметтік
медициналық сақтандыру жүйесінде сырқатты емдеу, күту мен оңалтуға кететін
шығындарды Медициналық сақтандыру қоры ӛз мойнына алады.
Сонымен қатар, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің жарналары бірінші кезекте
денсаулық сақтау жүйесіндегі бастапқы бӛлікті (звеноны) кеңейтуге, ауруханаға түсу
фактілерін тӛмендету мақсатындағы профилактикалық шараларды арттыруға
жұмсалады. Нәтижесінде тиімді емханалық-амбулаториялық кӛмек есебінен
жұмыскерлердің жұмыстан қалу уақыты азаяды.
Ӛкінішке орай, қазір нарықтағы жұмыс берушілердің бәрі бірдей жұмысшыларына
әлеуметтік пакет, соның ішінде медициналық сақтандыру қызметін ұсына алмайды.
№
Сұрақ
Жауап
2
Оны тек жоғары білікті мамандарды тартудағы басымдық ретінде пайдаланатын ірі
компаниялар саны шектеулі ғана. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
енгізілгеннен кейін аталған әлеуметтік пакет еңбек нарығына қатысушылардың бәріне
қолжетімді болмақ. Бұл ӛз кезегінде кадр мәселесін шешіп береді.
Мысалы, экономикасы дамыған, еңбек ӛнімділігі жоғары елдер міндетті
медициналық сақтандыру жүйесіне басымдық береді. Себебі, сақтандырудың бұл
үлгісі шығындарды қысқарту арқылы, ӛндіріс кӛлемі мен кәсіпорынның табысын
арттыру арқылы бизнеске экономикалық пайда әкеледі.
Медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі артықшылығы – жұмыскердің еңбекке
уақытша жарамсыздығынан туындайтын ӛндірістік шығындарды қысқартуға
мүмкіндік беретіндігінде.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын 2,6 млн. астам адам
жұмысқа уақытша қабілетсіздігіне байланысты еңбекке жарамсыздық парақтарын
алады екен. Әр жұмыскердің күн сайын 12,6 мың теңгенің ӛнімін ӛндіретінін (немесе
қызметін кӛрсететінін) ескерсек, жұмыс берушілердің жыл сайынғы шығыны 370
млрд. теңгеге жуықтайды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде сапалы алғашқы кӛмек
алу, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, еліміздегі үздік клиникаларда тиімді
емделу және қымбат бағалы операциялар жасату мүмкіндігі жұмыс істейтін әр
азаматтың денсаулығын сақтауға, еңбекке жарамсыздық қағаздарының мерзімін
қысқартуға және жұмыс берушілердің шығындарын азайтуға ықпал етпек.
2.
Медициналық сақтандыру
жүйесіне жұмыс берушілер
аударатын тӛлемдердің кӛлемі
қандай болуы тиіс?
Міндетті медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген түзетулерге сәйкес,
жұмыс берушілердің ай сайын Қорға аударатын жарналарының кӛлемі мынадай
болмақ:
2017 жылғы 1 шілдеден бастап – әр жұмыскердің табысының (еңбекке ақы тӛлеу
қорының қаражатынан) 1 %;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әр жұмыскердің табысының (еңбекке ақы тӛлеу
қорының қаражатынан) 1,5 %;
№
Сұрақ
Жауап
3
2020 жылғы 1қаңтардан бастап – әр жұмыскердің табысының (еңбекке ақы тӛлеу
қорының қаражатынан) 2%;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – әр жұмыскердің табысының (еңбекке ақы тӛлеу
қорының қаражатынан) 3%.
Мамандар болжамынша, 2018 жылы орташа айлық жалақы 152 106 теңгені
құрауы тиіс, 2018 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс беруші Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорына ай сайын 2 281,6 теңге немесе ӛз қаражаты есебінен сол соманың
1,5%-ын аударады.
Жұмыс берушінің жарна тӛлеу тәртібі Зейнетақы қорына жарна аудару тәртібіне
ұқсас. Жұмыс беруші әр есептік айдың 15-іне дейін ӛз қызметкерлеріне аударылған
жарна жӛнінде мәлімет беруі тиіс.
Тӛлемді кез келген екінші деңгейлі банктер немесе Қазпочта бӛлімшелері
арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына
аударуға болады (басқа да әлеуметтік тӛлемдермен қатар). Жұмыс берушілер үшін
тӛлем белгілеу коды (ТБК) – 121.
Одан әрі мемлекеттік корпорация Медициналық сақтандыру қорына тӛлемдерді
ӛзі бӛледі. Кейде жарна аударып жіберген кезде қателіктер болып жатады: ЖСН не
ТӘА қате кӛрсету, мӛлшерлемені қате ұстап қалу, есептеу базасының 15 ең тӛменгі
айлық жалақыдан жоғары асып кетуі мүмкін, тӛлем ӛңделгеннен кейінгі 2-3 жұмыс
күні ішінде тексеру қажет.
Сонымен қатар, жұмыс беруші 2019 жылдан бастап қарамағындағы жұмыскердің
айлық жалақысынан 1 %, 2020 жылдан бастап 2 % ұстап, Қорға аударып отырады.
Аударым/жарна тӛленетін ай сайынғы табыс ең тӛменгі жалақының 15 еселенген
сомасынан аспауы тиіс (2017 жылы – 366 885 теңге).
Табыстың мынадай түрлерінен сақтандыру тӛлемдері мен жарналар алынбайды:
қызмет бабындағы іс-сапарларға тӛленетін ӛтемақы және қызмет бабына қарай
№
Сұрақ
Жауап
4
барып-келіп істейтін жұмыстар үшін тӛленетін жол шығыны;
далалықта жұмыс істейтін жұмыскерлерге тӛленетін қосымша ақы;
жұмыскерлерді жеткізуге, оқу мен оқу құралдарының ақысын тӛлеуге және
бюджет есебінен алынатын ӛтемақыға қатысты шығындар;
еңбек демалысына қосымша сауықтыру үшін тӛленетін жәрдемақы, медициналық
қызмет ақысына арналған тӛлемдер, бала туғанда, (жақыны) қайтыс болғанда
берілетін 8 тӛменгі айлық жалақы шеңберіндегі кӛмек ақша;
стипендия;
сақтандыру сыйақысы.
Жұмыс беруші әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар санатына жататын
жұмыскерлер үшін, сондай-ақ, әскерилер, арнайы мемлекеттік органдар мен құқық
қорғау органдарының қызметкерлері үшін жарна тӛлеуден босатылады.
3.
Жұмыс беруші міндетті
әлеуметтік сақтандыру
жарнасын аудару тетігін қалай
пайдаланады?
Жұмыс беруші қарамағындағы жұмыскерлер үшін жарнаны және/немесе
аударымдарды ай сайын аударып отырады.
Есептелген аударымдарды және/немесе жарналарды заңды тұлғалар Мемлекеттік
корпорация арқылы Қордың шотына әр есептік айдың 25-інен кешіктірмей
аударылады.
4.
2019 жылы табыс салығын
есептеген кезде
жұмыскерлердің жарналары
шегеріле ме?
ҚР Салық кодексінің 100-бабы 14-2 тармағына сәйкес, жұмыс берушінің
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына тӛлеген аударымдары корпоративтік
табыс салығын (КТС) есептеу барысында ӛтеледі.
5.
Жеке кәсіпкерлер жарнаны
қалай тӛлейді?
2015 жылдың 16 қарашадағы № 405-V «Міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (одан әрі - Заң) 14-бабы 1-
тармағына сәйкес, жұмыс беруші міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (одан
әрі - МӘМС) үшін жарна тӛлеуші болып табылады. Жалдамалы жұмыскер, жеке
кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатын
жеке тұлғалар, осы баптың 2-тармағына сәйкес, жарна тӛлеушілер болып табылады.
Егер жеке кәсіпкер болса, онда «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
№
Сұрақ
Жауап
5
денсаулық сақтау мәселелері бойынша ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Республикалық бюджет туралы заңмен
бекітілгендей, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ай сайын ӛзі үшін 2 тӛменгі айлық
жалақының 5 пайызы мӛлшерінде жарна тӛлеуге міндетті. Мысалы, 2017 жылы оның
ай сайын тӛлейтін жарна мӛлшері 2445 теңге 90 тиынды құрайды (формула – 24 459
теңге (айлық жалақының ең тӛменгі мӛлшері) х 2х5%).
Тӛлемді кез келген екінші деңгейлі банктер немесе Қазпочта бӛлімшелері
арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына
аударуға болады (басқа да әлеуметтік тӛлемдермен қатар). Жеке кәсіпкерлер мен
азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша жұмыс істейтін жеке
тұлғалар үшін – тӛлем белгілеу коды (ТБК) – 122.
Одан әрі мемлекеттік корпорация Медициналық сақтандыру қорына тӛлемдерді
ӛзі бӛледі. Кейде жарна аударып жіберген кезде қателіктер болып жатады: ЖСН не
ТӘА қате кӛрсету, мӛлшерлемені қате ұстап қалу, есептеу базасының 15 ең тӛменгі
айлық жалақыдан жоғары асып кетуі мүмкін, тӛлем ӛңделгеннен кейінгі 2-3 жұмыс
күні ішінде тексеру қажет.
6.
Егер жеке кәсіпкердің
қарамағында жұмыс істейтін
жалдамалы жұмыскерлер
болса, олар үшін жарнаны
қалай тӛлейді?
Жұмыскерлер үшін қарастырылған аударым мӛлшері 2017 жылғы 1 шілдеден бастап –
әр жұмыскердің табысының 1 %, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 %, 2020 жылғы
1қаңтардан бастап – 2%, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3%.
Жалдамалы жұмыскер үшін қарастырылған аударым мӛлшері 2019 жылғы 1 қаңтардан
бастап – 1 %, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2%.
Жұмыс беруші еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істейтін әрбір жалдамалы
жұмыскер үшін заң жобасына сәйкес ай сайын былайша жарна есептеп, аударуы тиіс:
- 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, жеке кәсіпкердің табысы есебінен, МӘМС-ға
есептелген табыстың 1% мӛлшерінде жарна аударады. Мысалы: 2017 жылдың шілде
айына жұмыскерге 60 000 теңге сомасында айлық жалақы есептелген, шілде айына
МӘМС-ға аударылатын жарна сомасы 600 теңгені құрайды (формула – 60 000 теңге х
1%).
№
Сұрақ
Жауап
6
- жұмыскер МӘМС-ға 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жалдамалы
жұмыскердің айлық жалақысынан ұстап қалу арқылы, есептелген табыстың 1%
мӛлшерінде жарна аударады. Мысалы: 2019 жылдың қаңтар айынан жұмыскерге
60 000 теңге сомасында айлық жалақы есептелген, оның шілде айына МӘМС-ға
аударатын жарна сомасы 600 теңгені құрайды (формула – 60 000 теңге х 1%).
Әр жұмыскер үшін осылай.
7.
Менің ЖК бар, патент
бойынша жұмыс істеймін, ай
сайын патент тӛлеймін. Егер
30 маусымға дейін жарна
тӛлеу қажет болса, мен
сақтандыру үшін қандай
мӛлшерлеме бойынша тӛлеуім
керек?
Егер Сіз жарнаны қазір аударатын болсаңыз, онда заң бұрынғы редакциясы бойынша
қолданыста, шілде айы үшін табыстың 2% жарна тӛлейсіз. Ал патент бойынша жұмыс
істейтін ЖК әзірге тӛменгі айлық жалақының (ТАЖ) 5% мӛлшерін тӛлейді. Бірақ
тамыз айына жарна тӛлейтін болсаңыз, онда жаңа редакциядағы заң қолданысқа енген
жағдайда жарна сомасы 2 ТАЖ 5% мӛлшерінде болады.
8.
Егер ЖК қызметі ресми түрде
тоқтатылған болса, оның иесі
жарнаны қалай тӛлейді?
Егер ЖК ӛз қызметін тоқтатса, кәсіпкердің басқа кіріс кӛзі болмаса, онда азамат басқа
тұлға (белсенді емес тұрғындар) ретінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТАЖ-ның
5% тӛлейді.
Егер бұрынғы немесе қызмет етіп тұрған кәсіпкер тұрғындардың жеңілдік санатына
кірсе, онда бірінші кезекте, 14 жеңілдік санатына жататын адам ретінде 2018 жылдың
1 қаңтарынан мемлекет есебінен жарна тӛленеді. Мұндай жағдайда жеке кәсіпкердің
ӛзі ешнәрсе тӛлемейді.
9.
Шаруа қожалықтарының
жұмыскерлері, базардағы
саудагерлер жарнаны қалай
тӛлейді?
Шаруашылық басшысы – ЖК. Бұл дегеніңіз, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ол
ӛзі үшін 2 ТАЖ 5% мӛлшерінде жарна тӛлейді деген сӛз.
Егер шаруа қожалығының мүшелері болса, және олар ЖК болмаса, онда олар 2018
жылдың 1 қаңтарынан 5% мӛлшерінде ӛз беттерінше жарна тӛлеулері тиіс.
Егер ШҚ-ның жалдамалы жұмыскерлері болса, онда жұмыс беруші ретінде олар
үшін шаруа қожалықтары 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап есептеу объектісінен –
жұмыскер табысынан, бірақ 15 еселік мӛлшердегі тӛменгі айлық жалақыдан жоғары
№
Сұрақ
Жауап
7
асырмай, ӛз жұмыскерлері үшін жарна тӛлейді.
Маусымдық жұмыскерге жалақы нақты айға тӛленеді, сондықтан да жарнаны сол
ай үшін аударады.
Егер аталған санаттағы азаматтардың одан әрі жұмысы болмаса, олар басқа
санаттағы тұлғаларға жатқызылады және ӛз бетінше сақтандыру жарнасын тӛлеуге
міндеттеледі: 2018 жылдың 1 қаңтарынан ТАЖ-ның 5% мӛлшерінде. Есіңізге
саламыз, оларда, соңғы жарна тӛлеген уақыттан бастап үш ай бойы медициналық
кӛмек алу мүмкіндігі сақталады.
Базарлардағы саудагерлер, егер олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болса,
жарнаны халықтың экономикалық белсенділігі тӛмен бӛлігінің ӛкілі ретінде тӛлейді.
Бұл топтағылардың ай сайынғы жарнасы тӛменгі айлық жалақының 5 пайызын
құрамақ.
Егер саудагер жалданып жұмыс істейтін болса (базардағы саудагерлер) жарна
жұмыс беруші тӛлейтін табыс деңгейінде есептеледі.
10.
Егер жеке кәсіпкер зейнеткер
не мүгедек санатында болса,
медициналық сақтандыру үшін
жарна тӛлеуі тиіс пе?
Егер ӛзі не жалдамалы жұмыскерлері, немесе бухгалтері тӛмендегі санаттардың
біріне жататын болса, жеке кәсіпкер жарна тӛлемейді:
1) Балалар (18 жасқа дейінгі);
2) Зейнетақы алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысы қатысушылары және
мүгедектері;
3) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған, немесе бұрын «Батыр
ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен
марапатталған кӛп балалы аналар;
4) Мүгедектер;
5) Орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында
білім алып жатқан адамдар.
11.
Азаматтық-құқықтық
сипаттағы келісімшарт
Бухгалтерлік қызмет (немесе басқа қызметтер) кӛрсетуге азаматтық-құқықтық
сипаттағы келісімшарт жасасқан жеке тұлға үшін жеке кәсіпкер 2017 жылдың 1
№
Сұрақ
Жауап
8
бойынша (АҚС) жұмыс
істейтін жеке тұлғалар
жарнаны қалай тӛлеуі тиіс?
шілдесінен бастап, келісімшарт сомасының 5% мӛлшерінде есептеп, жарна аударуға
міндетті. Мысалы: шілде айына бухгалтермен 20 000 теңгеге шарт жасалса, тӛленетін
жарна сомасы 1000 теңгені құрайды (формула: 20 000
х
5%).
12.
Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорына
адвокаттар, нотариустар,
медиаторлар жарнаны қалай
тӛлейді?
Тӛлеушілердің аталған санаттары жеке кәсіпкерлер тӛлейтін тӛлем механизмі
бойынша, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ТАЖ 5% мӛлшерінде немесе 2446 теңге
жарна аударады.
13.
Жұмыс беруші міндетті
әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесіне тӛленген
жарналарын қадағалай ала ма?
Қор арнайы сауал негізінде сіздің қарамағыңыздағы қызметкерлердің мәртебесі
(сақтандырылған немесе сақтандырылмаған) мен сұралып отырған уақыт аралығында
тӛленген сома туралы ақпарат береді.
Сонымен қатар, жұмыс беруші Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының
қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу процесіне қатыса алады. Оның мынадай
жолдары бар:
- Қордың қоғамдық кеңесіне мүше болып – оның қызметінің ашықтығын қамтамасыз
етуге атсалысу;
- Кәсіби қауымдастыққа мүше болып – стандарттарды қарауға және тарифтерді
бекітуге қатысу.
14.
Маусымдық жұмыстарда
істейтін тұрақты табысы жоқ
азаматтар ӘМСҚ-на жарнаны
қалай тӛлейді?
Маусымдық жұмыстармен айналысатын азаматтар үшін жарнаны жұмыс беруші
тӛлейді. Ал, табыс тоқтаған кезең үшін Әлеуметтік сақтандыру қорына екінші
деңгейлі банктер немесе Қазпошта бӛлімшелері арқылы ӛз бетінше тӛлеуіне болады.
Жарна мӛлшері – тӛменгі айлық жалақының 5%.
15.
Мен жұмыс беруші ретінде ӛз
қызметкерлеріме қызмет
кӛрсететін медициналық
ұйымды таңдауға хақым бар
ма?
Жоқ, таңдай алмайсыз. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әр
адам қызмет кӛрсететін ұйымды ӛзі таңдайды.
Жұмыс беруші медицина ұйымын ерікті сақтандыру жүйесінде ғана таңдай алады.
№
Сұрақ
Жауап
9
16.
Менің қарамағымда жұмыс
істейтін қызметкерлер ерікті
сақтандыру есебінен жеке
меншік клиникалардың
кӛмегіне жүгінеді. Мен
міндетті медициналық
сақтандыру қорына не үшін
жарна тӛлеуім керек?
Жұмыс берушілер ӛз қарамағында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ерікті
медициналық сақтандыру (ЕМС) келісімшарттарын бекітеді. Жұмыскер ерікті
сақтандыру пакеті шеңберінде медициналық кӛмектің белгілі бір кӛлемін ғана ала
алады. Ол бойынша жұмыс беруші аударған ақшадан (лимиттен) тыс қосымша қызмет
түрлері кӛрсетілмейді. Ал, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде кӛрсетілетін
медициналық кӛмек кӛлемі мен сомасы шектелмейді.
Сонымен қатар, жұмыс беруші мен жұмыскердің келісімі бойынша ЕМС
келісімшартына міндетті әлеуметтік сақтандыру пакетіне кірмейтін қызметтер тізімін
енгізуге болады. Міндетті сақтандыру пакетіне кірмейтін медициналық қызмет
түрлерін ЕМС арқылы алуға болады. Мысалы: ересектерге арналған стоматология,
зиянды ӛндіріс орындарында жұмыс істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық
тексеруден ӛткізу, санаторлық-курорттық ем, косметология, т.б.
Оған қоса, ЕМС жүйесінде жеке меншік клиникалар тарапынан кӛрсетілген қызмет
ақысын ӛсіріп кӛрсету қаупі жоғары. Бұл жұмыс берушінің күтілмеген шығындарын
арттырады. Сондай-ақ, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінде тапсырыс
берушінің (жұмыс берушінің) кӛрсетілген қызмет сапасын бақылау тетігі жоқ.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде Қор медициналық қызмет сапасын
бақылайды, сақтандырылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнаны міндетті тӛлеу және
мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі принципіне
негізделген.
17.
Жұмыс берушілер салықтан
қашып жұмыскерлерінің
санын жасырып қалмай ма?
Ӛкінішке орай, табысын жасыру және «кӛлеңкелі» тәсілмен жалақы беру үрдісі,
салықтан жалтару тәсілі кез-келген экономикада кездеседі. Салық органдары
тарапынан бұл проблеманы шешудің әртүрлі тәсілдері мен жолдары қарастырылған.
Біріншіден, жұмыскер медициналық ұйымға электронды жүйе арқылы хабарласқан
кезде жұмыс беруші жасаған аударымдар (2017 жылдан бастап) мен жұмыскердің ӛз
жарнасы (2019 жылдан бастап) салыстырылады, олардың қаншалықты дер кезінде
аударылғаны тексеріледі. Жұмыскер сол арқылы жұмыс берушінің аударымдарын
№
Сұрақ
Жауап
10
бақылай алады.
Екіншіден, салық органдары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына
аударылған жарналар туралы декларация қабылдайды. Сол декларация негізінде қарыз
(берешек) ӛндіріледі.
Қазіргі таңда экономикалық жағдай едәуір жақсарды. Отандық кәсіпорындарда 6,5
млн. астам адам жұмыс істейді. Жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорына ай сайын 53 млрд. теңге тӛлеп отыр. Ал, Әлеуметтік медициналық сақтандыру
қорына ӛз қызметкерлері үшін 23 млрд. теңге аударады. Осы жерде халықтың
экономикалық белсенділігі тӛмен тобын сақтандыруды мемлекет ӛз мойнына алып
отырғанын атап ӛту қажет. Сол арқылы үкімет енгізіліп отырған медициналық
сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуіне жағдай жасамақ.
18.
ӘМСҚ-на аударымдар мен
жарналарды есептеу кезінде
Республикалық бюджет
туралы заңмен тіисті қаржы
жылына белгіленген тӛменгі
айлық жалақының 15 еселік
мӛлшер деңгейіндегі шектеу
не ұшін енгізілген?
Экономикадағы салық пен алым жинау жүйесі – мемлекеттің ауқаттылардан бастап
ауқаты аздардың кірістерін әділетті бӛлу құралы. Сонымен бірге, ресми табыстарын
қысқартуға және жасыруға деген ұмтылыстарын азайту тетіктері қолданылуда. Бұл
әдетте, табыстардан алынатын алымдардың жоғары мӛлшерін шектеп, табыстың
шамамен 2-3 еселік мӛлшерінде белгіленеді. МӘМС жүйесінде аударымдар мен
жарналар мӛлшерін белгілегенде де осындай тетік қолданылады, ол ел
экономикасындағы орташа айлық жалақының 2,5 еселік мӛлшеріне тең.
19.
Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорына
аударымдар және (немесе)
жарналар аударудан жалтарған
жағдайда қандай шаралар
қолданылады?
Мемлекеттік кірістер (салық комитеті) органдары аударымдар мен жарналардың
уақытылы және толық аударылуына бақылау жүргізеді.
Егер жеке кәсіпкер аударымдар мен (немесе) жарналар тӛлеуден жалтарса, онда
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 92-1 бабына
сәйкес, мынадай тәртіпте әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:
1. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының және "Азаматтарға арналған
үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қазақстан Республикасының мiндеттi
әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде әлеуметтiк
тӛлемдердi тӛлемеуi лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк кӛрсеткiш мӛлшерiнде
№
Сұрақ
Жауап
11
айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әлеуметтік аударымдарды тӛлеушінің:
1) әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне
қатысушылардың тiзiмдерiн мемлекеттік кіріс органына ұсынбауы;
2) әлеуметтiк аударымдарды тӛлемеу (аудармау), уақытылы және (немесе) толық
тӛлемеуі (аудармау);
3) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
заңнамасында кӛзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының ӛкiмiмен касса
бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы
түрiнде жасалған Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру
туралы заңнамасында кӛзделген мiндеттердi орындамауы не тиiсiнше орындамауы
ескерту жасауға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бӛлiгiнде кӛзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер жеке нотариустарға, жеке сот
орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе
коммерциялық емес ұйымдарға – тӛленбеген (аударылмаған), уақытылы және
(немесе) толық тӛленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының
жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу
пайызы мӛлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
20.
Жұмыс беруші және ӛз ӛзіне
Мұндай жағдайларда уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша есептелген
№
Сұрақ
Жауап
12
жарна аударатын жұмыскер
тарапынан, олар сырқаты
немесе еңбекке жарамсыздығы
салдарынан ұзақ уақыт жұмыс
істемесе (еңбекке
жарамсыздық парағы
бойынша) ӘМС Қорына
жарналар тӛлеу тәртібі қандай
болмақ?
әлеуметтік жәрдемақы табыс кӛзі саналады.
21.
Жұмыскерлері жыл бойы
медицина ұйымдарының
кӛмегіне жүгінбеген жұмыс
берушінің тӛлеген
аударымдары қайтарыла ма?
Жоқ, жұмыскерлері медицина ұйымдарының кӛмегіне жүгінбеген жұмыс берушінің
аударған аударымдары қайтарылмайды. Бұл ортақ жауапкершілік пен теңдікке
негізделген әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаттарына (принциптеріне)
қайшы келеді. Тӛленген қаражат осы аралықта сырқаттанып, медициналық кӛмекке
жүгінген сақтандырылған азаматтардың еміне жұмсалады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мемлекет, жұмыс беруші мен
азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген.
22.
МӘМС жүйесіне кешігіп
кірген жағдайда қандай
берешекті ӛтеу қажет?
Заңға сәйкес, сақтандырылған азамат мәртебесін алу үшін ӛткен 12 айдың
берешегін ӛтеу қажет. 3 ай берешегі бар азаматтың МӘМС пакеті аясында
медициналық кӛмек алу құқығы сақталады.
23.
Медициналық кӛмек алмаса да
Қорға жүйелі түрде жарна
аударып отыратын жеке
тұлғалар мен еңбек
ұжымдарын ынталандыратын
қандай да бір шаралар
болашақта қолданылуы
мүмкін бе?
Қолданыстағы заңда ынталандыру тӛлемдерін тӛлеу немесе ынталандыру
шараларын ұсыну нормалары қарастырылмаған.
№
Сұрақ
Жауап
13
24.
Біздің кәсіпорнымызда
ведомствоға қарасты
санитарлық-медициналық
бӛлімше бар. Біз тиісті емді
кәсіпорын есебінен сол жерден
қабылдаймыз. Ендеше
Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорына не үшін
жарна тӛлеуіміз керек?
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға сәйкес, барлық
азаматтар сақтандыру жарнасын тӛлеуге міндетті. Сіздің кәсіпорындағы санитарлық-
медициналық бӛлімшеге келер болсақ, бӛлімше Қор жариялаған емханалық-
амбулаториялық, санитарлық кӛмек кӛрсету жӛніндегі конкурстарға қатысып,
қосымша табыс табуына болады.
25.
ҮЕҰ қызметкерлері жарна
тӛлеушілердің қай санатына
жатады?
Үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметкерлері жалдамалы жұмыскерлер
қатарына жатады, медициналық сақтандыру аударымдары мен жарналарын ҮЕҰ
әкімшілігі аударады. Егер, ҮЕҰ қызметкері мемлекет жарна тӛлейтін тұлғалар
санатына жататын болса, онда ҮЕҰ мұндай жұмыскерлер үшін аударымдар мен
жарналар тӛлеуден босатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |