«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет6/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

жабдықтар  мен  тоқ  ӛткізгіш  бӛліктеріне  жақындамауларын  және  басқа  да  қауіпті 

ӛндірістік факторларды кӛрсетуі; 

3)  бригаданың  жұмыс  орындарында  жерге  тұйықтаудың  кӛрінбей  қалған  кезде 

кернеудің  жоқтығына  кӛздерін  жеткізуі  керек,  ал  35  кВ  электр  қондырғыларында  тоқ 

ӛткізгіш бӛліктерінде қолмен жанасу арқылы тексеріледі. 

60. Жұмыс ӛндіруші жұмысқа жіберу барысында бригаданы технология жұмыстарына 

байланысты  бригаданың  қорғау  құралдарын,  құрал-саймандарды,  механизмдер  мен 

машиналарды  пайдалану  арқылы  қауіпсіздік  шаралары  бойынша  нұсқаунамадан  ӛткізуі 

керек. 

61.  Жұмысқа  жіберу  нарядтың  екі  данасында  және  нарядтар  мен  нұсқаулар  (осы 



Қағидалардағы 

3-қосымша

) бойынша жұмыстарды есепке алу журналында толтырылады. 

Жұмыс  жетекшісі  (ӛндіруші)  жіберушінің  міндетін  қоса  атқару  кезінде  жұмысқа  жіберу 

нарядтың бір данасында толтырылады. 

Жұмысқа  нұсқау  бойынша  жіберу  жедел  немесе  нарядтар  мен  нұсқаулар  жӛніндегі 

жұмыстарды есепке алу журналына жазылады. 

62. Жұмысқа жібергеннен кейін бригаданың электр қауіпсіздік талаптарын  сақтауын 

қадағалау жұмысы (жұмыс жетекшісі тағайындалмаған кезде) ӛндіруші мен жетекшісіне, 

ал  технология  жұмыстарына  байланысты,  бригаданың  қорғау  құралдарын,  құрал-

саймандарды,  механизмдер  мен  машиналарды  пайдалану  қауіпсіздіктері  -  жұмыс 

ӛндірушіге жүктеледі. 

63.  Жұмыс  жетекшісі  мен  жұмыс  ӛндіруші  (бақылаушы)  ұдайы  жұмыс  орындарына 

қатысып  тұрады.  Жоғары  аталғандардың  біреуі  жұмыс  орнынан  уақытша  кетуі  керек 

болған  жағдайда  жұмыс  орнынан  бригаданы  шығарып  (ТҚ  шығарып,  ӘЖ  тірегінен 

жұмыскерді түсіруі қажет) жібереді. 

64.  Жұмыс  жетекшісінің,  ӛндірушінің  рұқсатымен  жұмыс  орындарынан  уақытша 

бригаданың бір немесе бірнеше мүшесінің кетуіне болады. 

65.  Бригаданы  басқа  жұмыс  орындарына  ауыстыруды  жіберуші  ғана  немесе  оның 

рұқсатымен  жұмыс  ӛндіруші  мен  жетекші  ғана  жүзеге  асырады.  Ауыстыру  (осы 

Қағидалардың 2-қосымшасы) 

3-кестеде

 ресімделеді. 

Нұсқау  бойынша  жұмыс  істеу  барысында  басқа  жұмыс  орнына  ауыстыру  ресімдеу 

талап етіледі. 

66.  Жұмыс  күндерінде  жұмыстағы  үзілістер  кезінде  бригада  жұмыс  орындарынан 

кетеді.  Бұл  уақытта  наряд  жұмыс  жетекшісінде,  жұмыс  ӛндірушіге  (бақылаушыға) 

қалады. Бригада мүшелері үзілістен кейін жұмыс орындарына жұмыс жетекшісіз, жұмыс 

ӛндірушісіз (бақылаушысыз) қайтып келулеріне құқылары жоқ. Осындай үзілістен кейін 

жіберуді  рұқсатсыз  және  нарядқа  ресімдемей-ақ  жұмыс  жетекшісі,  ӛндірушісі 

(бақылаушысы) орындайды. 

67.  Жұмыс  уақыты  аяқталған  соң  бригада  мүшелері  жұмыс  орындарынан  кетулері 

тиіс. Қауіпсіздіктің техникалық шараларының күйі ӛзгертілмейді. 

Сонымен  бірге,  егер  де  жедел  тапсырыста  кӛрсетілген  апаттық  дайындық  уақыты 

жұмыс орындау  уақытымен сәйкес келсе наряд жұмыс жетекшісінде, жұмыс ӛндірушіде 

(бақылаушыда)  қалады.  Келесі  күндерге  жіберуді  нарядқа  жазбай  және  рұқсат  алмай-ақ 

жұмыс жетекшісі, ӛндіруші (бақылаушы) орындайды. 

Егер  де  апаттық  дайындық  уақыты  жұмыс  орындау  уақытынан  аз  болса,  жұмыс 

жетекшісі,  жұмыс  ӛндіруші  (бақылаушы)  нарядтың  ӛзіндегі  данасына  жұмыстың 

аяқталған  уақытын  кӛрсетіп,  нарядты  жіберушіге  тапсырады.  Кейінгі  күндерге 

дайындалған  жұмыс  орындарына  қайтадан  жіберуді  рұқсат  алмай-ақ,  нарядта  ғана 

кӛрсетіп жіберуші жүзеге асырады. 

68.  Жұмыс  уақыты  толық  аяқталған  соң  жұмыс  жетекшісі,  жұмыс  ӛндіруші 

(бақылаушы)  бригада  жұмыс  орындарынан  шығарады,  бригада  жасаған  жерге 

тұйықтауды,  қоршауларды,  плакаттарды,  туларды  алып,  нарядта  жұмыс  уақытының 

толық аяқталғанын кӛрсетеді. 




69.  Жұмыстың  толық  аяқталғанын  ресімдеген  соң  жұмыс  жетекшісі,  ӛндірушісі 

(бақылаушы) нарядты жіберушіге тапсырады. 

70.  Жіберуші  нұсқау  бойынша  жұмыстың  аяқталуы  туралы  хабарлама  немесе  наряд 

алғаннан  кейін,  осы  ауысымда  жұмысқа  жіберуге  рұқсат  етілген  жұмыскердің  жұмыс 

орнын толық тексеріп, оған электр қондырғыларын тұйықтауды хабарлайды. 

71.  Кернеуді  алуды  талап  ететін  жұмыс  орындарын  жұмысқа  дайындау  үшін 

кӛрсетілген тәртіпте мынадай іс-шаралар орындалады: 

1)  қажетті  ажырату  жүргізіліп  және  коммутациялық  аппаратураларды  ӛз  еркімен 

немесе қате қосылып кету себептеріне шаралар қолданылуы; 

2) коммутациялық аппаратуралардың жетектерінің қолмен  немесе қашықтан басқару 

кілттеріне тыйым салу плакаттарын ілуі; 

3)  тоқ  ӛткізгіш  бӛліктерде  кернеудің  жоқтығы  тексеріліп,  адамдарды  тоқ  ұрудан 

қорғау үшін олардың жерге тұйықтау; 

4)  жерге  тұйықтау  жасалғаны  (жерге  тұйықтау  пышақтарының  қосылып  тұруы, 

тасымалды жерге тұйықтау орнатылған); 

5)  тоқ  ӛткізгіш  бӛліктерінің  кернеу  қатысында  қалған  немесе  қажетті  жағдайларда 

жұмыс орнының қоршалуы және қоршаулардағы қауіпсіздік плакаттарының ілініп тұруы. 

Жергілікті шарттарға байланысты тоқ ӛткізгіш бӛліктер жерге тұйықтауға дейін де және 

кейін де қоршалуға тиіс. 

72.  Кернеу  алу  талап  етілетін  тоқ  ӛткізгіш  бӛліктердегі  жұмыстар  үшін  мыналар 

ажыратылуы тиіс: 

1) жұмыс жүргізілетін тоқ ӛткізгіш бӛліктер; 

2) осы Қағидалардың 

4-қосымшасының 

1-кестесінде кӛрсетілген ара қашықтықта жүк 

кӛтеретін  машиналар,  механизмдер  және  адамдар  жақындауы  мүмкін  қоршалмаған  тоқ 

ӛткізгіш бӛліктер. 

Ажыратылған  ӘЖ  жұмыс  істеу  барысында,  егер  де  осы  Қағидалардың 

4-

қосымшасының 



1-кестесінің  үшінші  бағанында  кӛрсетілген  ара  қашықтықты  сақтамай 

осы  ӘЖ  басқа  элементтердің  жақындау  мүмкіндігі  болған  кезде  соңғысы  ажыратылады 

және ілулі тұрған және жӛнделіп жатқан ӘЖ-де ажыратылады. 

73.  1000  В-тан  жоғары  электр  қондырғыларының  жұмыс  орнына  коммутациялық 

аппараттан  кернеу  берілген  кезде  барлық  жақтарында  сымдар  мен  шиналардың 

ажыратылуынан, айырғыштардың ажыратуынан, сақтандырғыштардың алынып кетуінен, 

сонымен  қатар  аппараттардағы  серіппе  арқылы  автоматты  түрде  тұйықталатын 

ажыратқыштарды  есептемегенде,  жүктеме  ажыратқыштарының  алынып  кетуінен  немесе 

үзіліп  кетуінен  пайда  болған  кӛрінетін  үзіктердің  болмауына  рұқсат  етіледі.  Аралас 

ажыратқыштар  тізбегіндегі  байланыстың  кепілдендірілген  ажыратылған  жағдайының 

сенімді  механикалық  кӛрсеткіші  болған  кезде,  кӛрінетін  ажыратудың  болуы 

ажыратқыштарды  итеру  блоктарындағы  КРУ-да  элегазбен  толтырылған  КРУ-да  рұқсат 

етіледі. 

Жұмыс  учаскелеріндегі  кернеу  трансформаторлары  мен  күштік  трансформаторлар 

ажыратылады және кері  трансформациялауға жол бермеу үшін 1000 В-қа дейінгі  кернеу 

тараптарынан да электр қондырғылары ажыратылады. 

74.  Ажыратқыштарды  және  қолмен  басқаратын  жүктеме  ажыратқыштарын 

ӛшіргеннен  кейін  жұмыс  орындарын  дайындау  барысында  олардың  ӛшіріліп  тұрғанына 

шунттаушы мойнақтың жоқтығына кӛз жеткізеді. 

75.  1000  В-тан  жоғары  электр  қондырғыларында  жұмыс  орындарына  кернеу  беретін 

коммутациялық  аппаратураларының  ӛздігінен  немесе  қате  қосылып  кетуіне  жол  бермеу 

үшін, мынадай шаралар қолданылады: 

1)  ажыратқыштардың,  бӛлушілердің  жүктеме  ажыратқыштардың  қол  жетектері 

ӛшірілген  уақытта  механикалық  құлыппен  жабылуы  керек,  ал  бір  полюсті 

ажыратқыштардың аяқтарына диэлектр қалпақтары кигізіледі; 



жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау