Суды сорғылау станциясының механигінің лауазымдық нұсқаулығынан
үзінді көшірме.
1.1. Берілген лауазымдық нұсқаулық суды сорғылау станциясының
қызметінің жылу - техникалық және санитарлық-техникалық қамтамасыз
етуші механигі (бұдан әрі –суды сорғылау станциясының ЖТжСТҚ
механигі) АҚ "Астана Халықаралық әуежайы" (бұдан әрі – Қоғам,
мекеме) мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленді.
1.2. суды сорғылау станциясының ЖТжСТҚ механигі ЖТжСТҚ қызметі
бастығына және орынбасары – бас инженерге тікелей бағынады.
1.3. суды сорғылау станциясының ЖТжСТҚ механигінің негізгі міндеті
қызмет көрсету қондырғыларының сорғы станциясының және оларды
пайдалану байланысты жұмыстарды орындау.
1.4. суды сорғылау станциясының ЖТжСТҚ механигі лауазымына 18 жастан
кем емес, арнайы орта білімі бар және жұмыс өтілімі 1 жыл және
медициналық куәландыру бойынша тағылымдамадан өткен, суды
сорғылау станциясының агрегаттарын қолданудан тәжірибесі бар, өрт
қауіпсіздігі ережелерінен емтихан тапсырған тұлға тағайындалады.
1.5. суды сорғылау станциясының ЖТжСТҚ механигі білуі тиіс:
1) айдау су, сұйық отын және басқа да сұйықтықтарды соратын поршенді
қондырғы және ортадан тепкіш сораптарды
2) жабдықтардың жұмысындағы ақауларды және апаттарды жою
тәсілдерін
3) орналастыру және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын;
4) қондырғылардың жұмыс тәртібі және есебін жүргізу ережесін;
5) азаматтық авиация саласындағы заңнамалық және нормативтік-
құқықтық актілерді
6) орындалатын жұмыстардың мамандануы мен ерекшеліктерін, әрі
олардың арасындағы өндірістік байланыс;
7) қауымның саясатын және мақсатын, қызмет көрсетуші персоналдың
психотроптық заттарды пайдалануды қадағалау саясатын
8) кәсіпорында қолданылатын стандарттар мен техникалық шарттарды;
9) ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы, өндірістік
санитарлық және өртке қарсы қорғау ережелерін;
10) ҚР № 541-IV "энергия тиімділігін арттыру Туралы" заңының
талаптарын, сондай-ақ өзге де энергия үнемдеу бойынша нормативтік
құқықтық актілерді және оның қызметіне қолданылатын энергия
тиімділігін арттыру;
11) «Астана Халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі – Қауым)
энергетикалық менеджмент (Энергетикалық саясат, энергетикалық
менеджмент мақсаттары мен міндеттері, базалық энергетикалық желі
және т. б.) жүйесі бойынша ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын
12) сыртқы нормативтік-техникалық құжаттарды (ISO 50001:2011 және т.
б.)
1.6. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде суды сорғылау станциясының
ЖТжСТҚ механигі Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасымен және оған қатысты бөлімдеріндегі, кәсіпорынды басқару
органдарының құжаттары мен, сорғы қондырғыларының техникалық
пайдалану жөніндегі нұсқаулықтармен, халықаралық және ұлттық ISO
9001, ISO 50001 стандарттарына сәйкес, ішкі нормативтік құжаттарына
сәйкес интеграцияланған менеджмент жүйесімен, ЖТжСТҚ қызметі
туралы ережемен, осы лауазымдық нұсқаулықпен және Қоғамның
Басқарма төрағасы жазбаша бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа
алады.
1.7. Қоғамның қызметі бастығының ұсынуы бойынша ЖТжСТҚ басқарма
төрағасы бұйрығымен суды сорғылау станциясының ЖТжСТҚ механигі
лауазымға тағайындалады және алып отырған лауазымынан босатылады.
1.8. суды сорғылау станциясының ЖТжСТҚ механигі болмаған уақытта
оның міндеттерін Қоғамның қызметі бастығының ұсынуы бойынша
ЖТжСТҚ басқарма төрағасы бұйрығымен тағайындалған тұлға
орындайды. осы бұйрықпен тағайындалған Қызметкер,тиісті құқықтарға
ие және ол жүктелген міндеттерін уақтылы және сапалы орындау үшін
жауапкершілік алады.
ЖТжСТҚ қызметі қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, суды
сорғылау станциясының механигінің ағымдағы пайдалану тәртібімен
жұмыстарды өткізу режимі:
- ауысым алдыңғы дәрігерлік ревизиядан өту;
- ауысым басына 15 мин. бұрын ауысымды қабылдау-тапсыру
- ауысымды қабылдау кезінде ауысым тапсырушы машинисттен станцияның
резервтік агрегаттарының жұмыс жағдайын және станция резервуарларының
аузында пломбалардың қадағалау
- құралдарды қабылдау, оларды болуын және санитарлық жағдайын тексеру
- үнемі сорғы станциясында болу
- сорғы станциясының жабдықтарының техникалық пайдалану ережесін қатаң
сақтау
- өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау
- сорғының ілмекті арматурасының құбыр технологиялық сызбасын білу
- Жабдықтамалардың ағымдағы және сақтау жөндеу жұмыстарын жүргізу
- су тазалығын қадағалау, резервуарларды үнемі тазалау.
- өрт сызбасын және шаруашылық ауыз сумен жабдықтау сызбасын білу.
- екінші көтергішті сорғы станциясының және санитарлық аймақтың үнемі
тазалығын сақтау
- ауысымды қабылдау және тапсыру журналын жүргізу, онда тиісті
жазбаларды уақытында істеу керек
- судың шығынын және агрегаттардың жұмысын есепке алу
- сорғыларды пайдалану және жөндеу, ілмекті арматуранынң пайдаланысы
кезіндегі өрттен сақтау қауіпсіздік ережелері мен еңбекті қорғау ережелін
білуге және орындауға міндетті
3.1 ССС-2 де қолданылатын жабдықтамалар құралдар
Жабдықтар мен құралдардың фотосы мен сипаттамасын көрсету. Үлгісі
төменде көрсетілген.
Ультракүлгін стерилизаторлар. UV -19-01; 19-02 позициясы
Ультракүлгін сәуле деп электромагниттік сәулеленудің толқын ұзындығы 10-
400нм тең және тиісті 12,4-3,1 электрон-вольт фотондар энергиясы аталады. Суды
залалсыздандыру үшін су дайындау технологиясында биологиялық белсенді
спектрлі аймағы бар УК – сәулесінің толқын ұзындығы 205-тен 315 дейін нм бар ,
бактерицидті сәуле пайдаланылады. Ультракүлгін сәулелер бактериялар,
вирустармен қоса әр түрлі микроорганизмдерге қатысты айқын биоцидты
әрекетке ие. УК - зарарсыздандыру жабдықтамасы кең спектрлі өнеркәсіп
объектілерін сумен жабдықтау сатысында су дайындау және суды тазарту кезінде
қолданылады. Ультракүлгін су стерилизаторы микробиологиялық ластануларды
жою үшін ультракүлгін сәуле энергиясын пайдаланады. Шамдарды басқару
блогы жекелеген тораб түрінде жасалған және залалсыздандыру камерасы
кабелімен байланысқан. Басқару және сигнал беру блогында әрбір сәулелендіру
құралының ақаулығы немесе істен шыққандығын көрсететін жарық және/немесе
дыбыстық сигнал беру, жиілігі 254 нм сәулелену шамдарын қарқындылығы
деңгейін бақылайтын шамдардың жұмыс уақыты және бақылау электронды
есептегіш құрылғысы орнатылған.
сәулелену қарқындылығы төмендеген кезде, камераға ластанған су өтіп кеткен
кезді, кварц қабының ластануы кезінде, шамдарды ескіруі құрылғы жарықтық
және дыбыстық сигнал береді, бұл шамдарды неғұрлым ұзақ, 10 000 сағаттан
астам уақыт ішінде пайдалануға, өткзілетін судың сапасын бақылауға және
құрылғыны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.