- Құбыр диаметрі – 200мм.
- Станцияның өнімділілігі -
225м
3
/сағ
КСС-1 қолданылатын сорғыш жабдықтамалары
ITT Flygt NР 3153 HT453 типті батпалы сорғыш – 3 дана
Өнімділілігі - 75 м3/сағ, қысым – 22м, қуаттылығы – 11кВт, 400В
Сорғыш жабдықтамаларын басқару үстелі. Сорғы жабдықтамасын басқару
мен жұмысын бақылауға арналған. Басқару үстелі орынды таңдау түртігінен,
дабыл арматурасынан, іске қосу және сөндіру батырмасынан тұрады. Параметр
мен орынды бақылау
4.2 Екінші көтермелі канализациялық сорғы станцисы (КСС-2)
Сипаттамасы мен суреттерін көрсету. Үлгі төменде көрсетілген.
Станция КСС-1 ағын суларын қалалық қысым коллекорына жеткізу үшін
салынған. Диаметрі – 400мм.
- Станцияның жалпы аумағы - 62,3м2
- Өнімділілігі - 286 м3/сағ
- Қабылдауыш резервуар - 500м3
- Төтенше жағдай резервуары - 12х18м3
- Биологиялық тоған
Станцияда қолданылатын сорғыш жабдықтамалары
ITT Flygt NT 3202 HT450 типті батпалы сорғыш – 2 дана, өнімділілігі - 125
м3/сағ , қысымы - 50м, қуаттылығы 45кВт; 400В
Резервуар ішіндегі ITT Flygt SXM 3 типті батпалы сорғыш, өнімділілігі - 8
м3/сағ , қысымы - 7, қуаттылығы 0,70; 400В
Ағын су оператор-механигінің лауазымдық нұсқаулығынан үзінді
көшірме.
1.1. Берілген лауазымдық нұсқаулық ағын су қызметінің жылу - техникалық
және санитарлық-техникалық қамтамасыз етуші оператор - механигі
(бұдан әрі –АС ЖТжСТҚ оператор механигі) АҚ "Астана Халықаралық
әуежайы" (бұдан әрі – Қоғам, мекеме) мемлекеттік және орыс тілдерінде
әзірленді.
1.2. ағын су қызметінің ЖТжСТҚ оператор - механигі ЖТжСТҚ қызметі
бастығына, және оның орынбасары – бас инженерге тікелей бағынады.
1.3. ағын су ЖТжСТҚ қызметінің оператор – механигінің негізгі міндеті
1) Сорғы қондырғыларының орналасқан объектілеріндегі канализация
және тазарту жүйесінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету
2) Сорғы қондырғыларының орналасқан объектілеріндегі канализация
және тазарту жүйесіне техникалық қызмет көрсету
1.4. ағын су қызметінің ЖТжСТҚ оператор - механигі лауазымына арнайы
орта білімі бар және жұмыс өтілімі 3 жылға тең тұлға тағайындалады.
1.5. ағын су қызметінің ЖТжСТҚ оператор - механигі білуі тиіс:
1) азаматтық авиация саласындағы заңнамалық және нормативтік-
құқықтық актілерді
2) қауымның саясатын және мақсатын, қызмет көрсетуші персоналдың
психотроптық заттарды пайдалануды қадағалау саясатын
3) кәсіпорында қолданылатын стандарттар мен техникалық шарттарды;
4)су сорғы жабдықтамаларының құрылымы мен қауіпсіз қолданыс
ережелерін
5) еңбек қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы,
өндірістік санитарлық және өртке қарсы қорғау ережелерін
6) ішкі жұмыс тәртіптемесінің ережелерін
7)
Қоғамда қолданыстағы құжаттардың интеграцияланған менеджмент
жүйесін (бұдан әрі – ИМЖ) Қауымның оған қатысты ішкі актілерін,
8) Қауымның оған қатысты ішкі актілерін
9) ҚР № 541-IV "энергия тиімділігін арттыру Туралы" заңының
талаптарын, сондай-ақ өзге де энергия үнемдеу бойынша нормативтік
құқықтық актілерді және оның қызметіне қолданылатын энергия
тиімділігін арттыру;
10) «Астана Халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі – Қауым)
энергетикалық менеджмент (Энергетикалық саясат, энергетикалық
менеджмент мақсаттары мен міндеттері, базалық энергетикалық желі
және т. б.) жүйесі бойынша ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын
11) сыртқы нормативтік-техникалық құжаттарды (ISO 50001:2011 және т.
б.)
1.6. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде ағын су қызметінің ЖТжСТҚ оператор
- механигі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен
және оған қатысты бөлімдеріндегі, кәсіпорынды басқару органдарының
құжаттары мен, сорғы қондырғыларының техникалық пайдалану
жөніндегі нұсқаулықтармен, халықаралық және ұлттық ISO 9001, ISO
50001 стандарттарына сәйкес, ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес
интеграцияланған менеджмент жүйесімен, ЖТжСТҚ қызметі туралы
ережемен, осы лауазымдық нұсқаулықпен және Қоғамның Басқарма
төрағасы жазбаша бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.
1.7. Қоғамның қызметі бастығының ұсынуы бойынша ЖТжСТҚ басқарма
төрағасы бұйрығымен ағын су қызметінің ЖТжСТҚ оператор - механигі
лауазымына тағайындалады және алып отырған лауазымынан
босатылады.
Ағын су қызметінің ЖТжСТҚ оператор - механигі болмаған уақытта оның
міндеттерін Қоғамның қызметі бастығының ұсынуы бойынша ЖТжСТҚ басқарма
төрағасы бұйрығымен тағайындалған тұлға орындайды. осы бұйрықпен