Microsoft Word История. №3,2010



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет37/66
Дата28.11.2017
өлшемі5,07 Kb.
#2117
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж. 
 
 
73
“Міндетті  экологиялық  сақтандыру  туралы”  Заңы  бекітілді.  Сонымен  қатар  бұл  кезеңде  табиғатты 
пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы суды үнемдеу, шөлейттенуге қарсы күрес, байырғы 
ластануларды  жою,  өнеркəсіп  жəне  тұрмыс  қалдықтарын  басқаруды  жетілдіру,  қоршаған  ортаның 
мониторингі  жөніндегі  бірқатар  бағдарламаны  іске  асыру  көзделген.  ІІ  кезеңде (2008-2010 жылдар) 
қоршаған  ортаны  қорғаудың 2008-2010 жылдарға  арналған  бағдарламасын  іске  асыру  арқылы  орнықты 
дамуды  қамтамасыз  ету  жəне  қоршаған  ортаның  жай-күйі  сапасын  жақсарту  қарастырылған.  ІІІ  кезеңде 
(2011-2015 жылдар) барлық белгіленген бағдарламаларды іске асыруды аяқтап, табиғи ортаның сапасын 
басқару жүйесін қалыптастыру жəне оған тигізілетін зиянды əсерлерді барынша азайту арқылы қоршаған 
орта нысандарының тиісті сапасы мен қоғамның экологиялық орнықты дамуының қажетті деңгейіне қол 
жеткізу көзделген.  
Қоршаған  ортаны  қорғау – əрбір  мемлекет  пен  оның  азаматтары  үшін  келелі  міндет  əрі  кең 
ауқымды  іс.  Бұл  міндетті  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі,  яғни  министрліктер  мен  ведомстволар, 
орталық  жəне  жергілікті  əкімшілік  органдары,  мемлекеттік  мекемелер  мен  кəсіпорындар  бірлесе 
орындауда.  
Билік  органдары  ішінде  экология  мəселелері  жөніндегі  орталық  атқару  органы  Қазақстан 
Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Оның құзырына «Қазгидромет» 
Республикалық  мемлекеттік  кəсіпорны, «Қазаэросервис»  Акционерлік  қоғамы,  Қазақстанның  экология 
жəне климатты ғылыми зерттеу институты, «Ақпараттық-талдау орталығы» ведомстволық мекемелері мен 
кəсіпорындары жатады.  
Жергілікті  деңгейдегі  атқару  органдары  жергілікті  əкімдіктер  мен  Қоршаған  ортаны  қорғау 
министрлігінің  аумақтық  басқармалары  (облыстық  басқармалар  мен  Астана  жəне  Алматы  қалалық 
басқармалары)  болып  табылады.  Сонымен  қатар  экологияға  қатысты  мəселермен  Қазақстан 
Республикасының  Жер  ресур-старын  басқару  жөніндегі  агенттігі,  Ауыл  шаруашылығы  министрлігі, 
Төтенше  жағдайлар  жөніндегі  министрлік,  Денсаулық  сақтау  министрлігі,  Энергетика  жəне  минералды 
ресурстар министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Білім жəне Ғылым министрлігі, Қорғаныс министрлігі, 
Индустрия жəне сауда министрлігі, Экономика жəне бюджетті жоспарлау министрлігі, т. б. айналысады. 
Жоғарыда  аталған  Тұжырымдама  қабылданған  кезден  бастап  Қазақстан  Республикасының 
қоғамдық дамуында елеулі өзгерістер орын алды. Атап айтсақ, Үкіметтің басқаруымен мемлекетті дамыту 
жөніндегі  стратегиялық  құжаттар  əзірленіп, «Қазгидромет»  Республикалық  мемлекеттік  кəсіпорны, 
орталық жəне жергілікті табиғатты қорғау басқармалары қатысуымен табиғатты қорғау заңнамаларының 
негізі қаланды, қоршаған ортаны қорғау мəселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол 
қойылып, табиғатты қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды.  
Тəуелсіздік  алған  кезден  бастап  Қазақстан  Үкіметі  реформаларды  жүзеге  асыру  мен  нарықтық 
экономикаға  көшуде  көптеген  табыстарға  жетті.  Терең  əрі  жылдам  сипатқа  ие  болған  экономикалық 
дағдарыстан  соң  шаруашылық  жəне  қаржылық  қызметті  қатаң  басқару  қолға  алынып, 1996 жылы 
экономикалық  белсенділікті  қалпына  келтіру  басталды. 1997 жылы  ішкі  жалпы  өнімнің  (ІЖӨ)  шекті 
мөлшерінің  өсімі  байқалды. 1998 жылы  сыртқы  əсерлер  ықпалынан,  со-ның  ішінде  Қазақстан  табиғи 
ресурстарының  шикізат  түрлерінің  дүниежүзілік  бағамы  төмендеуі  себебінен  ІЖӨ  мөлшері 2,5 %-ға 
төмендеді. 1999 жылдың аяғында  мемлекеттің  қатаң  салықтық жəне  ақша-несиелік саясаты  нəтижесінде 
инфляцияның төмен деңгейі мен белгілі мөлшерде теңестірілген бюджетті сақтауға мүмкіндік туды.  
Заңнаманы  жетілдіру  мақсатында  Қазақстан  Республикасының  Парламенті  біршама  заңдарды 
əлемнің дамыған елдерінің заңнамаларына сəйкестендіру жəне халықаралық стандарттар енгізу жұмысын 
атқаруда. Экологиялық қауіпсіздік жəне қоршаған ортаны қорғау мəселелеріне қатысты бірқатар маңызды 
заң  құжаттары  мен  нормативтік-құқықтық  құжаттар  қабылданды [3]. Заңнамалық  құжаттарда  табиғи 
ресурстарды  пайдалану  құқығы,  оларды  пайдалану  түрлері  мен  шарттары,  табиғатты  пайдалануды 
лицензиялау,  пайдалану  мерзімдері,  табиғи  ресурстардың  мониторингін  жүргізу  тəртібі,  олардың  кадас-
тры,  құрылымы  жəне  төлем  жүйесі  сияқты  негізгі  мəселелер  реттеледі.  Осы  аталған  құжаттар  негізінде 
экологиялық  сараптама  жасау  жүйесі,  рұқсат  беру  жəне  бақылау-тексеру  жұмысы  жолға  қойылды. 
Сондай-ақ,  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  мемлекеттік  қадағалауды  күшейту  мен  міндетті 
экологиялық сараптаманы енгізу нəтижесінде 1990-шы жылдардың басындағы жағдаймен салыстырғанда, 
қоршаған ортаның ластану қарқындылығы едəуір төмендеді.  
Республика  Парламентінде  талқыланып,  Үкімет  бекіткен  заңдар  мен  қаулы-қарарларды  жəне 
орталық билік органдарының өкімдерін табиғатты қорғау жөніндегі жергілікті аумақтық басқармалар іске 


ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
74
асырады.  Олар  жоба-жоспарларды  іске  асыру  бойынша  нақты  бағыттарды  белгілеп,  тиісті  шешімдер 
қабылдайды,  бағдарламалар  əзірлеп,  олардың  іске  асырылуын  бақылап-қадағалайды.  Орнықты  даму 
жөніндегі  іс-шаралар  қатарында  басты  міндетке  қоршаған  ортаны  қорғау  ғана  емес,  экологиялық 
қауіпсіздік  те  жатады.  Экологиялық  қауіпсіздіктің  бірінші  кезектегі  мəселелері  негізгі  табиғи  қорға  қол 
жеткізу  ғана  емес,  сонымен  қатар  адамзатқа  орасан  зор  əлеуметтік-экономикалық  залал  келтіріп  қана 
қоймай,  болжамды  уақыт  мерзімінде  аймақты  əлеуметтік-экономикалық  тұрақсыздыққа  апарып  соғуы 
ықтимал  экологиялық  қауіптердің  алдын  алу,  яғни    атмосфералық  ауаны,  суды  жəне  топырақты 
ластанудан  қорғау,  су  қорын  ұтымды  пайдалану,  шөлді-шөлейтті  аймақтардың  көлемін  азайту,  егін 
алқаптарының  тозуын  болдырмау,  халықтың  экологиялық  салдарлармен  шартталған  ауру-сырқаулары 
жəне  көші-қонына  тосқауыл  қою,  климаттың  өзгеруіне  жəне  табиғи  апатты  құбылыстарға  қарсы  іс-
шараларды  ұйымдастыру,  экологиялық  арандатулардан  сақтау  халықаралық  орнықты  дамудың 
факторлары болып табылады. Соңғы он-жиырма жыл ішінде елімізде «Таза ауа – жанға дауа», «Таза ауыз 
су», «Жүз  аурухана,  жүз  мектеп», «Жол  картасы»  т.с.с.  сияқты  игі  бағдарламалар  мен  жобалар  іске 
асырылуда.  Бұл  жұмыстардың  барлығына  жергілікті  атқарушы  органдармен  қатар  жергілікті  билік 
өкілдері де белсене араласуда.  
Еліміздегі  құзырлы  органның  орталық  жəне  жергілікті  атқарушы  органдармен  тығыз  өзара 
əрекеттестігі арқылы жер қойнауын пайдаланудың кешенді мониторингін қамтамасыз етуі, соның ішінде 
жер  қойнауын  пайдаланушылардың  əлеуметтік  жəне  инфрақұрылымдық  жобаларға  қаражат  бөлуі 
жөніндегі  міндеттемелердің  орындалуына  бақылау  жасау – бірінші  кезектегі  міндет.  Бюрократтық 
тосқауылдарды  жою  мақсатында  рұқсат  беретін  құжаттар  тізбесін  азайтуға  жəне  жер  қойнауын 
пайдаланушыларға құқық беру тəртібін жеңілдетуге қатысты заңнама жетілдірілмек. Сонымен бірге мұнай 
өндіруші  жəне  жер  қойнауын  игеруші  отандық  жəне  шетелдік  кəсіпорындар  су  қоймаларының  био-
логиялық байлығын сақтауға, табиғат қорғау заңнамасын ұстануға жəне орындауға жеткілікті көңіл бөлуге 
келісім  бермеген, 2005 жылы  ҚР  Парламенті  түзетулер  енгізген  «Мұнай  туралы»  жəне  «Жер  қойнауы 
туралы» заңдарында аталған талаптарды орындамаған жағдайларда олармен жасасқан келісім-шарттарды 
мемлекеттің біржақты негізде бұзуы көзделген. Мемлекетіміздің экологиялық қауіпсіздік саясатын жүзеге 
асырудағы  ең  маңызды  құжат  болып  табылатын  Қазақстан  Республикасының  Экологиялық  кодексіне 
сəйкес елімізде үздіксіз экологиялық мониторинг қағидаты енгізіледі, яғни экологиялық проблемалардың 
халықаралық-құқықтық  тұрғыдан  реттеу  тетігі  жандандырылып,  өндірістік  қызмет  субъектілерінің  өз 
қызметі  барысында  тигізген  экологиялық  зиянды  бағалау  əдістемесі  əзірленуде. 2006 жылы  ҚОҚМ 
Табиғат қорғау комитеті 15 мыңнан астам табиғат пайдаланушы нысандарды тексеріп, 13 мыңнан астам 
табиғатты қорғау заңдарын бұзушылық əрекеттері анықталған. Негізгі заң бұзушылар қатарында шетелдік 
«CNPC-АқтөбеМұнайГаз», «Қазақойл-Ақтөбе», «Қарашығанақ 
Петролеум 
Оперейтинг», 
«ҚаражамбасМұнай», «ПетроҚазақстан  Құмкөл  Ресорсиз»  жəне  «ТорғайПетролеум»  компаниялары  бар 
[4].  Қазақстан  Үкіметі  əзірлеген  «Жасыл  мұнай»  ұлттық  бағдарламасының  тұжырымдамасы  көмірсутегі 
өндіруде  экологиялық  стандарттарды  қатаң  сақтауды  қамтамасыз  ете  алатын  экспорттаушыларға  ғана 
халықаралық сертификат беруге мүмкіндік туғызады.  
Қазіргі кезеңде су тасқындары, су қорының ластануы, орман өрттері, ауа-райының күрт өзгерістері 
проблемалары  аса  маңызды  мəселеге  айналып  отыр.  Осы  орайда  Қазақстанның  Төтенше  жағдайлар 
министрлігі ҚОҚМ жəне энергетика министрліктерімен бірлесе отырып, ғарыштық серіктер арқылы ауа-
райының жай-күйін, су тасқындарын бақылап, су қоймаларының ластануын қадағалауды жүзеге асырмақ. 
Қазірше  бұл  бағытта  Батыс  Қазақстан,  Ақтөбе  жəне  Қарағанды  облыстарының  əкімдіктері  ҚР 
Астрофизикалық зерттеулер орталығымен серіктерден ақпарат алу туралы келісім-шарттар жасасты [5, 12 
б.].  Сонымен  қатар  Ресей  Федерациясымен  бірлесе  отырып  ғарыштық  мониторинг  жүйесін  құру 
жоспарланып отыр. Оған жер сілкінісі, өрттер, су тасқыны, Каспий теңізі алабының ластануы жəне жалпы 
метеорологиялық  жағдайдың  мониторингі  мəліметтері  мен  оларды  бағалау  қорытындыларын  енгізу 
көзделуде.  Қазақстанның  су  кодексі  бойынша  су  объектілерін  экологиялық  талаптарға  сəйкестендіріп 
ұстау  үшін,  жер  бетіндегі  су  көздерін  ластанудан  жəне  жойылудан  сақтау  мақсатында,  сонымен  қатар 
жануарлар  мен  өсімдіктер  əлемінің  тіршілік  ететін  ортасын  сақтау  үшін  су  қорғау  белдемі  белгіленеді. 
«Су  қорғау  белдемі»  ұғымы  қорғалатын  қорғаныс  алқаптарында  табиғи  ресурстарды  арнайы  пайдалану 
жəне басқа да шаруашылық іс-əрекеттерді жүргізуге белгіленген тəртіппен тыйым салуды білдіреді. 
Қазақстанда  БҰҰ  қоршаған  орта  жөніндегі  бағдарламасының  (ЮНЕП)  ұлттық  тұжырымдамасы 
шеңберінде ЖЭҚ-дың Биологиялық əралуандылық жөніндегі рамалық құжатты əзірлеу бойынша қызметі 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау