Microsoft Word История. №3,2010



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет38/66
Дата28.11.2017
өлшемі5,07 Kb.
#2117
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж. 
 
 
75
жүзеге  асырылуда.  Жобаны  ҚР  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі,  ҚР  Экономика  министрлігі  жəне  
ЮНЕП/ЖЭҚ  бекітті.  Осы  құжатты  əзірлеуге  бағытталған  мақсатты  жұмысты  ұйымдастыру  үшін, 2003 
жылдың  көктемінде  биологиялық  қауіпсіздік  жөніндегі  Ұлттық  Үйлестіру  Комитеті  құрылды.  Оның 
құрамына  ҚР  Парламент  Мəжілісінің  Экология  жəне  табиғатты  пайдалану  комитетінің,  Сыртқы  істер 
министрлігінің,  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігінің,  Денсаулық  сақтау  министрлігінің,  Білім  жəне 
ғылым  министрлігінің,  Ауыл  шаруашылығы  министрлігі,  Ғылым,  өсімдіктерді  қорғау  жəне  карантині 
департаментінің,  ҚР  Кеденді  бақылау  агенттігінің,  М.Айтқожин  атындағы  Молекулалық  биология  жəне 
биохимия институтының, Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы жəне биоинженериясы институтының, ҚР 
Білім  жəне  ғылым  министрлігі  Тамақтану  институтының,  сонымен  қатар «Greenwomen» Экологиялық 
хабарлар агенттігі» үкіметтік ұйым өкілдері кіреді. 
Алайда  экологиялық  тұрғыдан  əлі  де  əлсіз  Қазақстанда  экологиялық  мəселелердің  түбегейлі 
шешімі табылмаған. Қазіргі жағдайда елдің стратегиялық басымдықтарына сай экологиялық қауіпсіздікті 
қамтамасыз  ету  міндеттерін  қайта  қарау,  нақтылау  жəне  кеңейту  көзделуде. «Стратегиялық  нұсқаулар 
экономикалық,  əлеуметтік  жəне  табиғатты  қорғау  саясатын  үйлестіре  жүргізу  негізінде  өндірістік  жəне 
ғылыми-техникалық байланыстарды қайта құру жəне бекіту, еркін экономикалық аймақ пен баршаға тең 
пайдалы демократиялық басқарылатын нарықты, заңдар мен құқықтық актілердің үйлесімді жүйесін құру 
сияқты мəселелерді шешуге бағыттауы тиіс» [6]. Бұл орайда экономиканы экологияландыру саясатының 
рөлі  зор  маңызға  ие  болып  отыр.  Оған  өндірістік  күштерді  экологиялық  тұрғыдан  негіздей  отырып 
орналастыру, жаңғыртылатын жəне жаңғыртылмайтын табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қоршаған 
ортаны  қорғау  жəне  табиғатты  пайдалану  саласындағы  басқару  жүйесін  жетілдіру,  ауа  жəне  су 
бассейндерінің,  топырақ  қабатының  ластануын  болдырмау  жəне  ластану  деңгейін  төмендету  жатады. 
Шаруашылық қызмет нəтижесінде табиғатқа келтірілген залалдар салдарынан қоршаған табиғи ортаның 
күннен-күнге тозуы мен ластануы табиғатты қорғау қызметін қаржыландыру мəселесін алдыңғы қатарға 
шығаруда. Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіне сəйкес қоршаған табиғи ортаны қорғау жəне 
қалпына  келтіруге  арналған  қаражаттарды  мемлекет  республикалық  жəне  жергілікті  бюджеттер  арқылы 
бөледі.  Мысалы, «республикалық  бюджеттің  шығын  бөлігіне  қатысты  табиғатты  қорғау  қызметіне 
жұмсалған қаражат мөлшері 2000 жылы 1,9 %-ды, 2001 жылы  1,2 %-ды, 2002 жылы 1,5 %-ды, 2003 жылы 
2 %-ды, 2004 жылы 2,9 %-ды құрады. Табиғатты қорғауға арналған қаражаттың 62,3 %-ы – мемлекеттің 
қоршаған  ортаны  қорғау  жəне  жер  мен  жер  қойнауын,  су  қорын,  атмосфералық  ауаны,  жануарлар  мен 
өсімдіктер əлемін ұтымды пайдалануға жəне табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, 28,8 %-ы  – тазарту 
имараттарының,  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету  объектілерінің  құрылысы  мен  оларды  жаңадан  тұрғызуға, 
6,7%-ы – əкімшілік шараларға, 1,6 %-ы – тиісті салалардағы автоматтандырылған ақпараттық мəліметтер 
қорын құруға жəне 0,7 %-ы ғана ғылыми зерттеулерге жұмсалған» [7, 78]. Бұл жағдайда ұлттық экономика 
дамуының жаңа сапасы прогрессивті фактор рөлін атқарады.  
Жалпы,  Қазақстан  БҰҰ-ның  толыққанды  мүшесі  ретінде  жаһандық  серіктестікке  қатысып, 
экологиялық саясатты тиімді жүргізудің дүниежүзілік жүйесіне қосылып отырғаны мəлім. Атап айтқанда, 
халықаралық келісімдердің ережелерін практикалық тұрғыда іске асырылып, қоршаған ортаның жай-күйін 
бақылау,  сапасын  бағалаудың  жалпы  əдіс-тəсілдерін,  өлшем-рəсімдерін  пайдалану  жəне  əзірлеу,  осы 
саладағы  халықаралық  тəжірибені  пайдалану;  нақты  бағдарламалар  мен  жобаларды  шешу  үшін 
халықаралық ұйымдардан қаражат тартуды жандандыру; іргелі жəне қолданбалы экологиялық зерттеулер 
жүргізу іске асырылып отыр, жəне осы іс-шараларды келешекте де қарқынды пайдалану қарастырылуда. 
Табиғатты  қорғау  қызметіне  неғұрлым  кеңірек  қатысу  мақсатында  экологиялық  қауіпсіздік  жəне 
тұрақтылық саласындағы бағдарламаларда халықаралық ынтымақтастықтың басымдығы ескеріліп, тиісті 
іс-шаралар  жүзеге  асырылуда.  Дегенмен,  техникалық  жəне  өзге  де  көмек  түрлерін  алу  оны  тиімді 
пайдалануды  талдаумен  үйлестірілуі  тиіс.  Жергілікті  жағдайлар  туралы  неғұрлым  толық  ақпаратқа  ие 
болып  отырған  мекемелер  мен  сарапшылар  табиғатты  қорғау  жөніндегі  бірлескен  жобаларға  белсенді 
араласуы  қажет.  Еліміздегі  əлі  де  шешімі  табылмаған  экологиялық  мəселелерге  назар  аударып, 
қабылданған заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін əкімшілік, құқықтық жəне экономикалық басқару 
тетіктерін  іске  қосу  қажет,  өндірістік  кəсіпорындарға  қойылатын  талаптарды  күшейту  жолында  нақты 
шаралар қолданылуы тиіс, ол үшін орталық билік органдарының шешімдері мен өкімдерінің, үкімет пен 
билік  заңдары  мен  қаулы-қарарларының  жергілікті  деңгейде  уақтылы  əрі  дұрыс  орындалуын  бақылау 
жəне қадағалау жүйесінің жұмысын жолға қою керек.  
 


ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
76
 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.  Назарбаев Н.Ə. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның 
əлемдегі  бəсекеге  барынша  қабілетті 50 елдің  қатарына  кіру  стратегиясы.  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Алматы ақшамы. – 2006. – 4 наурыз.  
2. Қазақстан  Республикасының 2004-2015 жылдарға  арналған  экологиялық  қауіпсіздік 
тұжырымдамасы. – Астана, 2003. – 30 б.  
3.  Джолдыбаева 
У.М. 
Орталық 
Азия 
мемлекеттерінің 
экология 
саласындағы 
ынтымақтастығы – аймақтық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  факторы. – Тарих  ғыл.канд... 
диссертация. – Алматы, 2007. – 179 б. – 74-78 бб. 
4.  Шетелдік инвесторлармен жасалған «қисық» контрактіні түзететін уақыт келді // Айқын. 
– 2007. – 20 ақпан. 
5.  Все  как  на  ладони?  Глава  МЧС  предлагает  использовать  космический  мониторинг  для 
предупреждения чрезвычайных ситуаций // Республика. – 2007. – 16 марта. 
6.  Сидоров  Г.,  Шевелев  С.  Стратегические  установки  устойчивого  развития  Казахстана // 
Саясат. – 2005. – № 8. – С. 51-55. 
7.  Станбаева С. Анализ природоохранных затрат в Республике Казахстан // Саясат. – 2005. – 
№ 3. – С. 78-81.  
 
Резюме 
Данная  статья  посвящена  вопросу  участия  государственных  органов  Республики  Казахстан  в 
решении проблем экологической безопасности. 
 
Summary 
This article dedicated to the question about the participation of station organs Republic of Kazakhstan in 
makes decision ecological security problems.  
 
 
  
 
 
ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ ЖƏНЕ КЕҢЕСТІК ЖЕР МƏСЕЛЕСІ  
(ХХ ғ.20-30 жж.) 
 
Ұ.Ш. Исмағұлов -   
т.ғ.к., Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті 
 
ХХ  ғ.20-30  жылдарында  Қазақстанда  жүргізілген  кеңестік  жер  саясатының  мəн-
мазмұны,бағыты,нəтижелері  жайында  ұлт  өкілдері  де  өз  ой-пікірлерін,  тұжырымдарын,ұстанымдарын 
көрсете  білді.  Əрине,кеңестік  кезеңдегі  зерттеулерде  осы  мəселеге  біржақты  баға  беру  үстем  болғаны 
белгілі жəне оның түп-төркіні де түсінікті еді. 
Ұлт  өкілдері  жүргізілген  жер  саясатына  қатысты  барлық  мəселелерді  жанарларынан  тыс 
қалдырған жоқ,саралап отырды,талдау жасады. 
Жетісу  өңіріндегі  жүргізілген  жер-су  реформасы  жөнінде  Т.Рысқұлов  өзінің  «Джетысуйские 
вопросы»  атты  мақаласында  жан-жақты  талдайды.  Автор 1921-1922 ж.ж.  реформаның  келімсек 
тұрғындардың  қазақтарға  көрсеткен  зорлық-зомбылығын  ауыздықтауға  зор  саяси  маңызы  болғандығын 
айта  келіп,  экономикалық  жағынан  алғанда  оның  (реформаның – Ұ.И.) «нəтижесі  мардымсыз» 
болғандығын, «бастапқыда белгіленген жоспардың аяғына дейін жүзеге асырылмағандығын» айтады жəне 
оның айғағы ретінде казак, кулактардан жəне байлардан алынған жер мөлшері аз болғандығын, сол жер 
телімдеріне  орналастырылған  батырақ  жəне  кедейлер  отбасының 10 мыңға  жетпейтіндігін  (жоспар 
бойынша 80 мың отбасы орнығуы керек болған еді) келтіреді [1,11-12бб.]. 
С.Аспендияров  жер  мəселесіне  байланысты  жазған  мақаласында  партияның  жер  мəселесіне 
қатысты    міндеттерін  жан-жақты  көрсете  келіп,  сол  жер  мəселесінің  Түркістан  өңірінде  шешілуі 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау