Microsoft Word История. №3,2010



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет40/66
Дата28.11.2017
өлшемі5,07 Kb.
#2117
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж. 
 
 
79
түрлері  шаруашылық  ыңғайына  қарай  қарастырылатындығы,жер  ең  алдымен  бұрыннан  тұратындарға 
берілетіндігі келтіріледі. 
Ж.Сұлтанбекұлы Кеңес үкіметінің мақсаты патшалық билік кезіндегідей жерді өлшеп,артығын алу 
емес,қашаннан  орныға  алмай  жүрген  қазақтарды  жерге  орналастыру  екендігін  түйіп  айтады [13,17б.].   
Автор қазақ үшін отырықшылықтың пайдасы болатындығын ашып көрсетеді. 
Кітап  партия  комитеті  тапсырмасымен  жазылғандықтан,партия  мен  үкіметтің  жер  мəселесіндегі 
ұстанымдарына  баса  назар  аударылады.  Дегенмен,автор  патшалық  кезеңдегі  қайшылықтарды  барынша 
көрсете отырып,алда солардың қайталанбауын ескерткендей болады. 
Т.Темірəлиев  «Қазақтарды  жерге  орналастыру  жөнінде»  атты  мақаласында  Қазақстандағы  жерге 
орналастыру  ісі  осындағы  жер  жағдайын  ескермей  Орталық  Ресейдегі  осы  шараны  жүргізу  тəжірибесі 
негізінде жүргізіліп жатқан сияқты ой тудырып отырғандығын,қазақтар пайдалануындағы жерлердің 80-
90%  құм,тастақ,сортаң  болып  келетін  жарамсыз  жерлер  екендігін,сондықтан  жерге  орналастыру 
жұмысынан еш нəтиже күтуге болмайтындығын ескертіп,осы мəселеге аса назар аудару қажеттігін айтады 
жəне оны оң шешу үшін кулактар қолында қалып отырған шұрайлы жерлерді қазақтарға тең бөліп беруді 
ұсынады. Оның ойынша кулактарға өтем есебінде жарамсыз жерден жер кесуге болатындығын,себебі ол 
жерді өңдеуге күш-көлігі,қаржысы жететін болды [14].  
Қазақстанда 
дамуы 
тиіс 
шаруашылық 
төңірегіндегі 
ой-пікірлерін 
ұлт 
өкілдері 
сьезд,конференция,бас қосуларда да кеңінен жеткізе білді. 1925 жылы ақпан айында өткен Қазақстанның 
1-ші жерге орналастыру сьезінде РК(б)П облыстық комитетінің хатшысы С.Қожанов Қазақстан 99% ауыл 
шаруашылықты  ел  екендігін,  халықтың  тұрмыс-тіршілігі  жерге  байланыстығын,  сол  себепті  осы  бас 
қосудан жалаң ұран, даурықпа ақылгөйліктен нақты ұсыныстар, нақты істер күту керектігін айтады.  
С.Қожанов бұрын отар болған Қазақстанның қазіргі таңда да сол қалпынан ұзап кете қоймағанын, 
жер мəселесінде əлі де теңсіздік жойылмай отырғанын көрсете келіп, пікірін одан əрі былайша дамытады: 
«... Бұрынғы Қазақстанда егіншілікке  жарамды жерлер келімсектер иелігіне кетті. Бірақ, бұдан біреулерін 
қуып, келесілерін (қазақтарды) орналастыру керек деген ой тумау қажет. Бұл əрекет біздің саясатымызға 
қайшы  келер  еді.  Алайда  езілген  қазақ  қауымын  бұғанасы  бекіп,  буыны  қатайған  европалықтармен 
теңестіру  шарасын  жүзеге  асыру  керек.Қазақстанда  мал  шаруашылығы-шаруашылықтың  жабайы, 
ескерген  түрі  деген  пікір  бар.  Ол  дұрыс  емес.  Шаруашылық  түрін  табиғи  жағдай  белгілеп  береді. 
Түркістанға  ағылшынды  кіргізіп  көр,  ол  да  малшы  боп  кетеді.  Мұнда  орыс  келімсектердің  егіншілігін 
тастап,  мал  шаруашылығына  көшкені  жалған  емес  қой.  Сонда  олар  «кері  қарай  кеткен  бе?».  Малшы 
қазақтар  неліктен  көшеді?  Ол  əуестенгендік  емес,  мал  мүддесіне  байланысты  туындаған  қажеттілік.  ... 
Қазақтардың 88% мал  шаруашылығымен  айналысатыны  ескеріліп,  осы  шаруашылықты  дамытудың 
перспективалық жоспары жасақталуы тиіс»[15].    
1925  жылы  тамыз  айында  Қазақ  өлкелік  партия  комитетінің  жиналысы  болады.  Онда 
Қазақстанның  шаруашылықта  қай  бағытта  дамуы  керектігі  жөнінде  айтылады.  Осы  жиналыста 
О.Жандосов мал шаруашылығының дамытылуы жөнінде тұшымды пікір айтады. 
Жалпы, Қазақстанда  бұрынғы  территориясы  аумағында  барлығы 200 млн.  дес.  жер  болып,  оның 
38.170.000 дес. жарамды, 169.729.345 дес. жарамсыз есебінде саналады. Осының орасан зор жер көлемінің 
шамамен 120 млн. дес. ылғалдылығы 250 мм. төмен зонада жатты. Оның 1.200.000 дес. жарамды, қалғаны 
жарамсыз  деп  есептелді.  Міне,  осы  цифрлардан-ақ  республика  экономикасында  мал  шаруашылығының 
қандай дəрежеде болғандығын көруге болатын еді.  
Қазақстандағы жерді ауыл шаруашылығы салаларына бөліп қарар болсақ, оның 80 % мал немесе 
жартылай мал шаруашылығына келетін болды. Осы кезде мал өсірумен айналысатын шаруашылық саны 
400.000, ал егін салумен айналысатын шаруашылық саны 450.000 құралған.  
Мал  бағумен  айналысатындар 7.200.000, егіншілер 6.000.000 бас  мал  ұстаған.  Қазақ 
шаруашылықтарының 43 % егін  салған.  Осы  дəн  себетін  шаруашылықтарға  орташа  алғанда 2,55 дес. 
егістік келген. Ал отырықшы орыстардың бір шаруашылығына 7,70 дес. тиген.  
1910  жылдары  Қазақстанда 16.000.000 бас  мал, 3.000.000 дес.  егістік  болған. 1924 жылдары  мал 
басы саны 10.000.000, егістік 1.800.000 дес. көрсеткен. О.Жандосовтың пікірінше бұл цифрлар өте ауыр 
тиген    соңғы 10 жылдағы  мал  шаруашылығы  егіншілікке  қарағанда  беріктеу,  тұрақтылау  болып  келген. 
Сол себепті де республиканың жалпы экономикасында мал шаруашылығының маңызды рол атқаратынын, 
олай  болса  осы  шаруашылықты  одан  əрі  зерттеу,  реттеу  керектігі  үлкен  міндет  болып  табылатындығын 
көрсетеді. 


ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
80
О.Жандосов  жерге  орналастыру  жұмысы  барысында  ең  алдымен  мал  шаруашылығымен 
айналысатындар  мүддесі  ескерілуі,  яғни  қыстақты  территориялар  мəселесіне  көңіл  аударылуы  қажет 
екендігін  ескертеді.  Себебі,  енді  таза  бір  жақты  көшпелі  мал  шаруашылығы  болмауы  мүмкін  деп 
есептеледі. 
Қыстақты территорияда азық-түліктік жəне жем-шөптік егістігі бар, бірақ мал өсіру басты орында 
тұратын 
шаруашылықтар, 
яғни 
аралас 
түрдегі 
шаруашылықтар 
мал 
шаруашылығын 
рационализациялаудың алғашқы қадамы ретінде жан-жақты қолдау табатындығын келтіріп, О.Жандосов 
жерге  орналастыру  кезінде  осындай  шаруашылықтар  барлық  қажеттіліктерімен  қоса  қыстақты 
территориямен  қамтамасыз  етілуі  тиіс  екендігін,  осы  əрекеттің      жерге  орналастыру  саясатында  басты 
көзір болуы керектігін айтады [16].    
Қазақстандағы жерге қатысты мəселелерде кезінде республика басшылығы орындарында қызмет 
істеген Н.Нұрмақов та өз ұстанымын көрсете білген еді. 
Н.Нұрмақов  индустрияландыру  саясатына  байланысты  таяу  арада  Қазақстанды  ауыл 
шаруашылығы  елінен  өндірістік  елге  айналдыру  əрекеті  қарастырылып  отырғанын,бірақ  республика 
алдына  ондай  міндет  қоюға  болмайтындығын,оған  табиғи-тарихи  жағдай  келмейтіндігін,сондықтан 
Одақтық  дəрежеде  ауыл  шаруашылығында  жетекші  орында  мал  шаруашылығы  қала  беруі  керектігін 
айтады. 
Қазақстанның  орасан  зор  территориясының 2/3 егіншілікке  келмейтіндігіне,ол  кеңістікті тек  мал 
шаруашылығын  өркендету  арқылы  игеруге  болатынына,оны  жер  жағдайының  көрсетіп  отырғанын,сол 
себепті  де  қазіргі  таңда  мал  шаруашылығының  жалпы  шаруашылықта  бірінші  орында  жəне  оның 
тұрғындардың  күнкөріс  көзі  екендігіне  назар  аударта  отырып,Одақ  мүддесі,тұрғындар  мүддесі  үшін 
осынау  кең  территорияны  пайдаға  жаратуда  шаруашылық  саясат  төбесіне  мал  шаруашылығын  қою 
қажеттігін  келтіреді [17]. Н.Нұрмақовтың  Қазақстанға  сырттан  қоныстандыру  мəселелеріне  де  өзіндік 
пікірі  болды  жəне  оны  Орталық  алдында,қалың  көпшілік  алдында  тайсалмай  айта  білді.  Оны 
Бүкілресейлік ОАК 3-сессиясында (1928 жыл 24-26 қараша) жасаған баяндамасынан көруге болады. 
Баяндамада ол қазақ жеріне қоныс аудару ісіне жалпы қарсылық жоқтығын,бірақ осы жұмыстың 
жедел  жүргізілмеуі  тиістігін  ескертіп,ең  əуелі  ішкі  жер  қатынастарын  реттеп  алу,артық  жер 
мөлшерін,қанша жердің егін салуға қолайлы екендігін анықтау ісі жүргізілуі керектігін келтіреді. 
Н.Нұрмақов  Қазақстанда  жер  көп,тез  арада  қоныс  аударуға  рұқсат  беріп,сол  арқылы  астық 
шаруашылығын  дамыту  керек  деушілер  пікірлерін  көрегендікке  санамайтындығын  білдіреді.Бұрынғы 
Қоныстандыру Басқармасының осы шараға осылай атүсті қарауынан тек қазақтардың ғана емес,сондай-ақ 
орыс  шаруаларына  да  зиян  əкелгенін,Торғай  жəне  Қарқаралы  аудандарына  орналасқан  мұжықтардың 
көпшілігі кейін шұбырғанын, сондықтан мəселеге жан-жақты зерттеу, анықтап алу жұмыстарын жүргізіп 
алмайынша бет бұрудың жөні жоқтығын айтады. 
Н.Нұрмақов  Қазақстан  тұрғындарының  көпшілігінің  орталық  бөлікте,  Адай,  Бөкей  жəне  Балқаш 
далалықтарында  көшіп  жүргендіктерін,олардың  да  жағдайы  шешілуі  керектігін  ескертіп,Қазақстанды 
қоныстандыруға  тартуға  ниетті  мамандарға  «Егер  сіздер  тез  арада  Қазақстанға  қоныстандыруға 
болатындығын 
ғылыми 
жүйеленген 
объективті 
мəліметтермен 
дəлелдеп 
бере 
алсаңыздар(шүкір,қарапайым  мəселелерді  түсіне  алмайтындар  қатарында  емеспіз),егер  Қазақстан 
тұрғындарының  жермен  қамтамасыз  етіліп  болғандығын,тіпті  белгілі  бір  аудан  көлемінде  қамтамасыз 
етіліп  болғандығын,кезкелген  ауданда  қандай  да  болмасын  көлемде  артық  жер  барлығын  дəлелдеп 
берсеңіз,онда біз Қазақстанға сырттан қоныстануға қарсылық білдірмейміз»-дейді [18]. 
Қорыта келгенде,ұлт өкілдері кеңестік жер саясатының қазақ халқының  тұрмыс-тіршілігіне кері 
ықпал  ететіндігн    айқын  түсінді  жəне  оны  жеке  бастарының  қамын  ойламай-ақ  билік  алдында  еш 
қаймықпай айта алды. 
    
1. 
Рыскулов Т. Собр. соч. -Т.2. –Алматы, 1997. - С.7-21. 
2. 
Асфендияров С. Партия и землеустройство // Спутник коммуниста. – 1923. - № 2-3. - С. 
33-36. 
3.   Жұртбаев Т.Талқы.-Алматы:Қазақстан,1997.-368б. 
4.  Жұртбаев Т.Талқы.-Алматы:Қазақстан,1997.-368б. 
5.  Жұртбаев Т.Талқы.-Алматы:Қазақстан,1997.-368б. 
6. 
Садуақасов С. Шығармалар жинағы. 2 т.-Алматы: Алаш,2003.-360 б. 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау