115
Талаптану (побуждение) - ол белгiлi бiр бағыты бар, бiр нәрсеге деген жетiспеушiлiктi сезiну.
Егерде қажеттіліктер адамда оларды қанағаттандыруға талпынысты тудыратын болса‚ онда
менеджерлер ұйым мақсаттарына жетуге әкелетін мінез-құлық типі ретінде ӛзінің қажеттілігін
қанағаттандыра алатындығын сезінетіндей‚ адамға жағдай туғызуы қажет.
Марапаттау дегенiмiз - адам ӛзiне құнды санайтын барлық нәрсе. Марапаттау
iшкi және
сыртқы марапаттау болып бӛлiнедi.
Iшкi мараппаттау дегенiмiз - жұмыстың ӛзiнен пайда болатын марапаттауды айтады.
Мысалы, жұмыстың нәтижесiне жету сезiмi, орындалған жұмыстың мазмұндылығы мен
маңыздылығы, ӛзiн-ӛзi қадiрлеу.
Сыртқы марапаттау дегенiмiз - ол жұмыстың ӛзiнен емес, сол жұмыс iстейтiн ұйымға
байланысты марапаттауды айтады. Сыртқы марапаттаудың мысалы болып жалақы қызметте
жылжу, мақтау, қадiрлеу және қосалқы демалыс‚ қызмет бабындағы кӛлік және т.б.
2.Мотивацияның мазмҧндық теориясы және процессуалдық теориясы
Ең алдымен адамдарды әсіресе жұмыстың мазмұнын және кӛлемiн анықтау кезінде iс-
әрекетке оятатын тұтынуды анықтайды. Ынталандырудың мазмұндық теориялары бiрiншi
кезекте адамдарды әрекетке итермелейтiн қажеттiлiктердi анықтауға бағытталған.
А) Маслоу бойынша қажеттіліктер иерархиясы
Ең бiрiншi бихевиорист болып, оның жұмысынан басқарушылар адам тұтынуының
күрделiлiгi және оның ынталандандыруға байланысын таныған Абрахам Маслоу болды.
Бихевиоризм - ағылшын сӛзiнде мiнез-құлық деген мағынада, ол ХХ ғасырда пайда болған
американ психологиясының бiр бағыты. Басқа теориядан айырмашылығы психологияның пәнi
ойлау, немесе сана-сезiм емес, мiнез-құлық деп санады.
40 жылдары ӛзiнiң ынталандыру теориясын жасағанда, Маслоудың мойындағаны, ол
адамдарда кӛптеген және әртүрлi тұтынулар болады және бұл тұтынуды бес негiзгi
категорияға бӛлуге болады. Адамның барлық қажеттіліктерін‚ қатаң иерархиялық құрылым
түрінде орналастырады.
1. Физиологиялық қажеттіліктер - тiрi қалу үшiн керек қажеттіліктер. Олар тағам, су,
баспана, демалыс және т.б.
2. Қауiпсiздiк және келешекке сенiммен қарау қажеттіліктері. Оған қоршаған ортадан
келетiн күштеу және келешекте физиологиялық тұтынулар қанағаттандандыру деген сезiмнен
туындайды. Мысалы. Негіздеме беретін және жеткілікті жақсы тӛленетін жұмыс есебінен.
3. Әлеуметтiк қажеттіліктер , немесе оны
қатыстық тұтыну деп те атайды. Бұл түсiнiкке
бiреуге, не бiр нәрсеге әлеуметтік қатысы бар сезiм кiредi, әлеуметтiк бiр-бiрiне байланысты
iс-әрекеттен туындалған сезiм, құштарлық және қолдау (Жанұя‚ туысқандар‚ достар‚
жұмыстағы әріптестер және құштарлық).
4. Құрметтеу қажеттілігі - ӛзiн-ӛзi құрметтеу және ӛзінің жетiстiктері, терең бiліктілік,
айналадағылардың сыйлауы, қадiрлеуi жатады.
5. Ӛзiн-ӛзi кӛрсету қажеттілігі - ӛзiнiң бойындағы мүмкiншiлiктердi жұмсай бiлуi және
тұлға ретiнде ӛсуі.
Маслоу теориясы бойынша барлық қажеттіліктердің алғашқы екеуі бірінші‚ соңғы үшеуі
екінші қажеттіліктер болып бӛлуге болады.