1 требования к структуре умк дисциплины



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет46/63
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2077
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63

 
 
121 
Мавин Шоудың айтуы бойынша топ дегеніміз -бұл екі немесе одан да кӛп адамдардың‚ әрбір 
басқа  адамдарға  ықпал  етіп  және  ӛздеріде  басқалардың  ықпалында  жүретіндей  бір-бірімен 
қарым-қатынас жасауы. 
Кез  келген  кӛлемдегі  ұйым  бірнеше  топтан  тұрады.  Басшылық  кӛлденең  және  тік  еңбек 
бӛлінісі  болған  жағдайларда  ӛз  еркімен  топтар  құрайды.  Кез  келген  үлкен  ұйымның 
бӛлімдерінде кӛптеген басқару деңгейлері болуы мүмкін. Мысалы‚ ӛнеркәсіп орнын бірнеше 
бӛлімдердің  құрамы  ретінде  қарастыруға  болады‚  соған  сәйкес  оның  бірнеше  басқару 
деңгейлері де бар.Сонымен‚ қорыта келе үлкен ұйым бірнеше жүздеген немесе мыңдаған кіші 
топтардын тұрады деген шешімге келеміз. Ӛндірістік процессті ұйымдастыру үшін басшылық 
еркімен құрылған топтар -ресми топтар деп аталады. Ресми топтардың алғашқы қызметі нақты 
мәселені  шешіп‚  нақты  мақсаттарға  жету  болып  табылады.  Ресми  топтың  кӛлемі‚  оның 
қызметіне ешқандай да ықпалын тигізбейді. 
Жоғарыда атап ӛткеніміздей ұйымдарда ресми топтардың үш негізгі түрі бар. Олар; 
1.  Басшы топтары; 
2.  Ӛндірістік топтар; 
3.  Комитеттер. 
Басшы топтары -басшыдан және оның тікелей бағынушыларынан тұрады‚ ол бағынушылар ӛз 
кезегінде топтың басқа мүшелеріне басшы бола алады. Компания президенті мен оның вице-
президентін басшы тобына  мысал ретінде келтіруге болады. 
Ӛндірістік  топтар  -бұлар  жұмысшы  немесе  мақсаттық  топтар  деп  те  аталынады.  Бұл  топтар 
негізінде  бір  тапсырманы  орындап  жатқан  адамдардан  құралады.  Олар  бір  басшыға 
бағынышты  болғанымен  де  басшы  топтарынан  айырмашылықтары  бар‚  яғни  олардың 
жоспарлау кезінде де және ӛз еңбегін жүзеге асыруда кӛп мӛлшерде дербестіктері бар. 
Комитеттер  -бұл  қандайда  бір  тапсырманы  немесе  тапсырмалар  кешенін  орындауға 
ӛкілеттілігі бар ұйым ішіндегі топ. Кейде оларды кеңестер‚ мақсатты топтар‚ комиссиялар деп 
те  атайды.  Бірақ  олар  қарастырған  жағдайлардың  барлығында  да  шешім  қабылдау  мен  оны 
жүзеге  асыру  іс-әрекеттерін  топ  болып  шешеді.  Ал  ол  -комитеттердің  басқа  ұйымдық 
құрылымдардан айырмашылығы болып табылады. 
Комитеттерді дұрыс қолдана білу -нақты мақсаттарға жетудің тиімді құралы болып табылады. 
Ұйымдарда комитеттердің негізгі екі түрі жұмыс жасайды
-  арнаулы комитет;  
-  тұрақты комитет. 
Арнаулы  комитет  -бұл  нақты‚  белгілі  мақсаттарды  орындау  үшін  құрылған  топ.  Мысалы‚ 
ұйым басшысы ӛнімнің сапалылығын арттыру жолдарын жетілдіру үшін арнаулы комитеттің 
құрамын белгілейді. Мұндай комитеттер сол кӛрсетілген бағыт бойынша қызмет жасайды. 
Тұрақты  комитет  -бұл  ұйым  ішіндегі  нақты  белгіленіп  кӛрсетілген  мақсаты  бар‚  үздіксіз 
қызмет  жасайтын  топ.  Ұйымның  маңызды  сұрақтарын  шешу  процесінде  мәліметтермен 
қамтамасыз  етілуі  -тұрақты  комитеттердің  басты  міндеттерінің  бірі  ретінде  қарастырылады. 
Бұл  комитеттің  түріне  мысал  ретінде  ұйымдардың  басқару  әкімшілігінің  жалпы  жиналысын 
келтіруге болады. 
Комитеттер  ұйымның  тӛменгі  деңгейіндегі  буындарда  ӛзіндік  құнды  тӛмендету‚ 
технологияны  жетілдіру  мен  ӛнім  ӛндіруді  ұйымдастыру‚  әлеуметтік  мәселелерді  шешу 
немесе ұйым бӛлімшелері арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатымен құрылады. 
Осы жоғарыда кӛрсетілген үш топтың қызметі -ұжым жұмысын сипаттайды.  
Ресми ұйымдардың қызмет ету тиімділігі бірқатар ӛндірістік және ӛндірістік емес факторларға 
байланысты болып келеді. 


 
 
122 
Адамдардың ресми ұйымдарға кіруінің негізгі себептері тӛмендегідей; 
-  ұйым мақсатына жету үшін ӛз үлесін қосқысы келеді; 
-  үлкен табыс іздейді; 
-  осы ұйымда жұмыс істеу беделіне қызығады. 
Ресми  ұйымның  құрылымы  мен  түрі  басшы  органдарымен  саналы  түрде  жобалаудың  кӛмегі 
арқылы жасалынады‚ ал бейресми ұйым құрылымы мен түрлері әлеуметтік қарым-қатынастар 
нәтижесінде қалыптасады. 
 
Бейресми қарым-қатынас -бұл бірін-бірі құрметтеуден‚ ортақ мүддеден‚ сыйластықтан 
туындайтын достық‚ бауырластық байланыс.  
 
Басшы  шешім  қабылдарда  ұйымдағы  осындай  бейресми  ұйыммен  санасуына‚ 
ақылдасып-кеңесуіне  тура  келеді.  Басшы  мен  бейресми  топ  арасындағы  қарым-қатынас 
неғұрлым алшақтаған сайын‚ ұжымдағы байланыс соғұрлым күрделене‚ шиеленісе түседі. 
Отандық және шетелдік зерттеулерде‚ топ кӛлемі ұлғайған сайын ондағы мүшелердің қарым-
қатынасы  күрделене  түсетіндігін‚  осыған  орай  топ қызметіне  және  атқарылатын  міндеттерге 
байланысты  мәселелер  қиындай  түсетіндігін  кӛрсетті.  Топ  кӛлемінің  ұлғайуы  бейресми 
топтардың жікке бӛлінуін де арттыра түседі. 
 
Бейресми  ұйым  -ішкі  себептермен  пайда  болған‚  белгілі  бір  мақсаттқа  жету  үшін 
жүйелі түрде ӛзара қарым-қатынаста болатын және ӛзара пайда болған адамдар тобы. Ресми 
ұйымдарға  ұқсас  бұл  мақсаттар  бейресми  ұйымдардың  қалыптасуының  себебі  болып 
табылады.  Үлкен  ұйымдарда  бейресми  ұйымдардың  бір-бірімен  байланысып  жатқан 
тармақталған  жүйесі  болады.  Ресми  ұйымның  қызметкерлері  шешетін  міндеттердің‚ 
тапсырмалардың сипаты оларды әрқашанда бір-бірімен араласып‚ ӛзара іс-әрекеттер жасауға 
итермелейді.  Мұндай  үдемелі  әлеуметтік  қарым-қатынастардың  орынды  нәтижесі  ретінде  ӛз 
еркімен пайда болған бейресми ұйымдарды қарастыруға болады. 
 
Ресми  ұйымдар  мен  бейресми  ұйымдардың  ортақ  кӛрсеткіштері  де  бар  болады;  яғни‚ 
иерархияның  бар  болуы;  лидерлік  және  міндеттер.  Ӛз  еркімен  пайда  болған  ұйымдарда 
жазылмаған  ережелер  болады.  Ал  жазылмаған  ережелерді  -нормалар  деп  атайды‚  оларды 
ұйым  мүшелері  -тәртіптілік  кӛрсеткіші  ретінде  қарастырады.  Бұл  нормалар  марапаттау  мен 
санкциялар жүйесі арқылы нығайтылып отырылады. Ресми ұйымдар алдын-ала жоспарланған 
түрде‚  ал  бейресми  ұйымдар  ішкі  кӛз  қарастарға  байланысты  болып  құрылуы‚  олардың 
ерекшеліктерін кӛрсетеді. 
Адамдарға бейресми ұйымдарға деген тиістілік сезімі еңбек ақы алғаннан да маңыздырақ‚ 
ол психологиялық қорытынды жасап шығаруға мәжбүр етеді. 
Адамдардың бейресми ұйымдарға кіру себептері тӛмендегідей; 
-  тиістілік сезімі; 
-  ӛзара кӛмек;  
-  ӛзара қорғау; 
-  ӛзара тығыз қарым-қатынаспен қызығушылық. 
Тиістілік  сезімі.  Бейресми  ұйымға  кірудің  алғашқы  және  ең  басты  себебі  тиістілік 
сезіміндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру болып саналады. Бұл қажеттіліктер -ең бір күшті‚ 
‖жалынды‖  қажеттіліктер  болып  табылады.  Жұмыс  процесінде  әлеуметтік  ұласуды  орнатып 
және оны қолдап отыру мүмкіндігінің болмауы‚ адамдардың ӛз еңбегіне қанағаттанбау сезімін 
туғызады.  Топқа  тиісті  болу  және  оны  қолдау  мүмкіндігі  қызметкердің  қанағаттану 
деңгейімен ӛте тығыз байланысты екенін зерттеулер тәжірибелерінен кӛруге болады. 
 
Топ  мүшелері  осындай  дәрежеге  жеткен  кезде‚  ӛздерін  сол  ұйыммен  теңестіру 
мүмкіндігіне  ие  болады.  Бұл  кезде‚  барлық  жағдайлар  арасында  тек  қана  кӛрсетілу 
дәрежелерінде айырмашылық болады. Жапондықтарда бұл дәреже кӛрсеткіші ӛте жоғары‚ біз 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау