146
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
Жоғарыда аталған зерттеушілердің пікір, көз-қарастарын талдау бүгінгі ЖОО-да
болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыруға қажетті білім беру мен
оқыту әдістемесінің мазмұны жекткілікті деңгейде әлі де қамтамассыз ете алмай
отрығандығына көз жеткізеді. Міне, сондықтан да болашақ маманның кәсіби іс-әрекетін
жүзеге асыруға деген теориялық және практикалық жетілдіру бағытындағы ЖОО–ның
негізгі бағыты олардың кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру болып саналады.
Психологиялық - педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдаулар, болашақ
мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру мәселесінің көкейтестілігіне
қарамастан, бұл мәселе төңірегіндегі зерттеулердің әлі де болса жеткіліксіздігін,
жүйеленбегендігін көрсетеді.
О.А.Абдуллина педагогикалық жоғары білім беру жүйесіндегі мұғалімнің
жалпыпедагогикалық даярлығы проблемасын педагогикалық іскерліктерлікті қалыптастырумен
байланыстыра қарастырады. Оның тұжырымдауынша, «педагогикалық іскерліктер мен дағды -
мұғалімнің кәсіби мінездемесінің маңызды компоненті, ал оларды қалыптастыру - кәсіби
педагогикалық даярлық жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналады» [1].
Педагогикалық іскерліктер теориялық білімнің жүзеге асыру формасы болып
саналады. Автор педагогикалық іскерліктер-теориялық білімді жүзеге асыру формасы екенін
атап көрсетеді. Педагогикалық білімдерде ең алдымен, тәрбие мен білімнің мақсаты,
міндеттері, принциптері, мәні, әдіс - тәсілдері, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері
жөншдеп психологиялық - педагогикалық білімдер көрініс тапқан [2].
Музыка мұғалімінің кәсіби маңызды сапалары проблемасын егжей-тегжейлі зерттеген
Р.Р. Жәрдемәлиеваның тұжырымы біздің зерттеуімізге біршама тірек болды [
2]:
Оның пікірінше, мұғалімнің әдістемелік даярылғы, ең алдымен, іс-әрекетіндегі
дербестілік пен шығармашылықты белсендіруде, талдаушылык, қабілеттерін дамытудагы
рөлімен анықталатын әдістемелік білім, іскерліктерінін жиынтығынан құралады. Олар
мыналар:
- педагогикалық құбылыстың қалыптасып, дамуындағы жетекші тенденцияларды,
олардың қазіргі жағдайын, оқушылардың музыкалық іс-әрекеттерінің барлық саласындағы
тәрбие мен оқыту проблемасының көкейкестілігін білу;
- оқыту процесінің мазмұны мен мәнін, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай
сынып пен сыныптан тыс мерзімде оқытылатын пәндердің өзіндік ерекшеліктерін білу;
- тексерістен өткен оқытуәдістерін ескере отырып сабақ беру әдістемесін меңгеру;
- оқушылардың тәрбиесі әдістемесіне сай келетін педагогикалық техниканың
негіздерін білу;
- сыныптан тыс іс-әрекеттерде балалардың музыкалық ұжымының(хор, оркестр,
ансамбль, т.б.) жұмысына қажетті әдістемелікпринциптерді меңгеру;
- оқушылардың музыканы қабылдау мен музыкалыққызығушылығын дамытудағы
әдістемелік заңдылықтардыбілу;
- музыкалық педагогика проблемасы бойынша әдістемеліксеминарлар мен
үйірмелерді
ұйымдастыру дағдысын меңгеру,т.б.
Зерттеушінің атап көрсетуінше, мұғалімді кәсіби маңызды сапаларды қалыптастыру
келесі зандылықтарға бағынады:
-теориялық және практикалық жүйені қамтамасыздандырудың оқушылардың
тәрбиесі мен білімі саласындағы әлеуметтік және рухани даму сұранысына
байланыстылығы;
- педагогикалық ғылым мен мектеп практикасының формалары мен әдістері
мазмұнының мұғалімнің педагогикалық еңбегінің сипаты
мен бағытына сай болуы;
- жоғарғы оқу орны болашақ музыка пәні мұғалімдерінің әдістемелік даярлығының
мақсаты
мен мазмұнының өзара байланысы;
- мамандарды әдістемелік даярлау процесіндегі теория мен практиканың
біртұтастығы.