148
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
- кәсіби маңызды сапалар болашақ музыка пәні мұғалімінің өзі қызығатын, үнемі
айналысатын мәселелері төңірегінде анық байқалады (компьютер, оны пайдаланып қолданбалы
бағдарламалар құру, кәсіптік мәселелерді шешу және т.б.);
- кәсіби маңызды сапалар болашақ музыка пәні мұғалімінің ғылыми-зерттеу
жұмыстарының нәтижесінен көрінеді (музыка пәнін оқыту әдістемелері пәні бойынша
курстық, дипломдық жұмыстар, конференцияларда, ғылыми семинарда жасалатын
баяндамалар, музыка пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық бағдарламалық
құралдар конкурстарының тапсырмалары және т.б.);
- кәсіптік-педагогикалық міндеттерді шешудің, ақпараттық технология құралдарын
пайдалана отырьга, жаңа, тиімді, басқаша әдістерін іздеу күшейе түседі;
болашақ музыка пәні мұғалімінің, (әсіресе педагогикалық практикадан кейін) басым
көшшлігінде, «болашақ кәсіптік қызметте жетістіктерге жетудің бірден-бір шарты - жоғары
деңгейде қалыптасқан кәсіби маңызды сапаларының болуы» деген біршама тұрақты пікір
қалыптасады;
соңғы кездері, жоғары курс болашақ музыка пәні мұғалімдері биік деңгейде
қалыптасқан кәсіби маңызды сапалар қызметінің нәтижесін іс-жүзінде көрсетіп жүргенін
(мұғалім ретінде, мектептерде жұмыс істеу, теледидардан жастарға арналған танымдық
бағдарламалар жүргізу, оқушылардың шығармашылық ұжымдарында үйірме жұмыстарын
жүргізу және т.б.), айта кетуде жөн.
Сонымен, психологиялық - педагогикалық әдебиеттердегі зерттеулерге, және оларға
жасаған талдауларға, іс-жүзіндегі бақылаулардың нәтижелеріне сүйенсек, болашақ музыка
пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапалары - бұл, болашақ музыка пәні мұғалімі үшін
болашақта кәсіптік маңызы бар және оның өз түйсігіне бағына отырып, алған біліктеріне,
икемділіктері мен дағдыларына және де интеллектуалдық бейімділіктеріне сүйеніп,
өзгелердің көмегінсіз кәсіптік мәселелерді анықтап және оларды шешудің тиімді жолдарын
тауып, оны жүзеге асыра білуімен сипатталатын, жеке тұлғаға тән қасиет
Оқу
орындарың
музыкашы-педагог-үйлестіруші,
музыкашы-педагог-лаборант,
дінтанушы, өлкетанушы, мұражайтанушы, туризм таихы,музыкашы-педагог-хронолог,
музыкашы-педагог-библиограф, т.б. қосарланған мамандық иелерін дайындау, халыққа
қызмет көрсету аясын кеңейту мүмкіндіктері бар. Музыкашы-педагог мамандарды жоғарғы
оқу орнынан кейін және қосымша білім беру сатыларында дайындау мәселесінің де бірлесіп
шешетін өзіндік қырлары бар. Осылайша білім берудің мазмұны мен түрлерін, маман
дайындау ісінің көкжиегін кеңейте берсек, олардың еңбек нарығындағы қызметі мен рөлі
жаңа қырынан таныла бермек. Жастар жайында зерделілік, кәсіптік менталитет
қалыптастыруда,
әлеуметтік-экономикалық
еңсемізді
көтеруде
музыкашы-педагог
мамандарымыздың қосар үлесі мол екеніне сенеміз.
Қазақтың көрнекті жазушысы, белгілі ағартушы Жүсіпбек Аймауытов «Балаларға
сабақ беру, білім үйретумен мұғалімнің қызметі тәмам болмайды. Ол балаларды тәрбиелеуге,
үгіттеуге міндетті, басқаша айтқанда, мұғалім қарапайым қызметкер емес, ол-шәкірттерінің
алдағы өмірін, бір күндерде зарығатын, тарығатын, қауып-қатерге ұшырайтын өмірін көз
алдына келтіріп, өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып, оларға келешекте жазатайым
аяғын шалыс басып, өмірден соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушысы,
қамқоры» [4].
Белсенді кәсіби бағыттылық арқылы мұғалімдік мамандықты меңгеру педагогикалық
қабілеттілікпен ұштаса отырып, балаға деген сүйіспеншілік, олармен оқу – тәрбие
процесінде қарым - қатынасқа түсуге дайындығы, өзінің педагогикалық білімі мен білігі,
дағдысын одан әрі жалғастыру сияқты мотивтермен ұштасады. Кәсіби бағыттылық тек қана
мұғалім болумен пайда болмайды, ол балалармен жұмыс істеуге қойылатын талаптармен
қалыптасады.
Кәсіби бағыттылықтың маңызды аспектісінің бірі -педагогикалық қабілеттілік адам
тұлғасының ерекшелік сипатымен, педагогикалық жұмыстың талаптарына жауап беретін,
149
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
мамандықты жеңіл алып жүру жене меңгеру, соның нәтижесінде жоғары жетістіктерге жете
білу деп түсіндіріледі.
Біз өз зерттеуімізде педагогикалық жұмыстың құрылымына сүйене отырып,
педагогикалық қабілеттіліктің мына компоненттерін жасадық:
- оқушы тұлғасын болжау, яғни оқу-тәрбие процесін оқушының жас және дербес
ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін есепке ала отырып құру;
- оқушыларды іс - әрекеттің әр түрлеріне қарай ұйымдастыру;
- оқушылармен дұрыс қарым - қатынас құру;
- өз іс - әрекетінің нәтижесі мен оқу – тәрбие процесін зерттеп, анықтау.
Педагогикалық
қабілеттіліктің
құрылымына
педагогикалық
байқағыштық,
педагогикалық шығармашылық, педагогикалық ойлау, талап қоюшылық, педагогикалық
такт, үйірсектік, ынтымақтастық, жаңашылдық, т.б компоненттер де кіреді. Педагогикалық
қабілеттіліктің компоненттерін түзуде ең бірінші оқу процесіне қатысты элементтерді таңдап
алу өте маңызды:
- оқушыларға білім, білік, дағдыны қысқа, қызықты, нақты етіп бере білу қабілеті;
- байқағыштықтың көмегімен оқушыларды түсіне білу қабілеті;
- ойлаудың өзіндік және шығармашылық формасы;
- тапқырлық;
- ұйымдастырушылық қабілеті.
И А.Наумченко, А.Е.Әбілқасымова сияқты белгілі ғалымдар болашақ мұғалімінің өзіндік
жұмыстарын ұйымдастыру формасына қарай төмендегідей түрлерге бөледі (ИА.Наумченко,
А.Е.Әбілқасымова):
- болашақ мұғалімінің лекциядағы, семинар және лабораториялық – практикалық
сабақтардағы өзіндік жұмыстары;
- болашақ мұғалімінің өзіндік ғылыми - іздену жұмыстары;
- болашақ мұғалімінің әртүрлі практикалар мен стажировкалардағы өзіндік жұмыстары
[5;6].
Жоғарыда келтірілген өзіндік жұмыстардың түрлері арасынан кәсіби маңызды сапаларды
қалыпатастыруға барынша келіңкірейтін түрін таңдап алу қажет болды.
Біздің пайымдауымызша болашақ музыка пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын
қалыптастырудың компоненттерінің мазмұны белгілі жүйеден тұрады:
1. Кәсіби бағыттылығы компонентінің құрамы музыка пәні мұғалімі ретінде
қызмет етуге ынта- ықыласы; өзінің кәсіби қабілетін жүзеге асыруға қажеттігі; үнемі
шығармашылықты ізденіске талпынуы арқылы көрінеді.
2. Кәсіби құзіреттілігі компонентінің құрамы танымдық белсенділігі. танымдық
белсенділігі; арнаулы құзіреттілігі; коммуникативтік құзіреттілігі; ақпараттық құзіреттілігі;
интеллектуалдық құзіреттілігі; әлеуметтік құзіреттілігі; жеке тұлғалық құзіреттілігі;
бейіндік құзіреттілігімен сипатталады.
3.Кәсіби өзбеттілігі компоненті. Музыка пәні мұғалімінің кәсіби бағыттылығы
ретінде қызмет етуге ынта- ықыласы; өзінің кәсіби қабілетін жүзеге асыруға қажеттігі; үнемі
шығармашылықты ізденіске талпынуы арқылы көрінеді. Педагогикалық бағыттылық - ол
эмоциялық-танымдық, өзінің мамандығына белсенді қарым-қатынас, кейін балалармен де
жұмыс істеуге өз септігін тигізе отырып, мамандықты меңгеруі үшін маңызды элементі
болып табылады.
Кәсіби бағыттылығы. Соңғы жылдары басты назар мұғалім жұмысындағы кәсіби
бағыттылығы мәселесіне, мұғалімді де, оқушыны да дамытуға көбірек көңіл бөлініп,
зерттеулер жүргізіліп, педагогикалық шеберлік, педагогикалық этиканы жетілдіруге
байланысты көптеген ұсыныстар айтылуда.
Жоғарыда талдауға алынған зерттеулер негізінде біздер музыка пәні мұғалімінің
кәсіби бағыттылығы өзіне тиесілі тұғырнамасының тұрақтылығы, өз бетімен білім алуға
ұмтылысынан; өзінің кәсіби маңызды сапаларын мемлекеттік стандарт талаптарымен ара
Достарыңызбен бөлісу: |