204
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
Екінші кезеңде туристік картамен жұмыс істеу әдістері, интербелсенді тапсырмалар
жүйесі, бағалау тетіктері дайындалады.
Үшінші кезеңде жиналған мәліметтер «Macromedia flash» бағдарласының көмегімен
түрлендіріліп, виртуальды шындық жүйесінде жұмыс істейтін интербелсенді туристік карта
құрылады.
Оның қағаз карталардан айырмашылығы біріншіден, көп мөлшерде ақпарат енгізуге
беолады. Екіншіден, заман талабына сәйкес «Macromedia flash» бағдарласымен жмыс істеуге
арналған интерфейсі білімгерлердің өз беттерімен интербелсенді тапсырмаларды орындауға,
бейне мамериалдар ұсынуға, оларды көзбен көріп шолу арқылы талдауға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, бағалау тетіктері білімгерлердің картамен жұмыс істеу барысында орындаған
тапсырмаларының нәтижесін біліп өзін-өзі бағалауды қамтамасыз етеді [1;2].
Картаны пайдаланушылар оқу материалдарын беру мерзімін, қайталаудың санын,
бейне фильмдерді, басқада өлшемдерін белгілей алуы интербелсенді картаның
артықшылықтарын көрсетеді. Олардың қатарына компьютердің көмегімен түрлендіріп
ұсынылатын карталар, ұзақтығы 1-2 минуттан аспайтын туристік нысандардың жеке түрлері,
енгізілген қысқа бейнефильмдері, аннимациялар мен анимациялық иммитациялар жатады.
Интербелсенді туристік картаға енгізілген нысандардың танрымдық маңызын ашатын
дыбыстық нәтижелер берілген қазақ, орыс ағылшын тілдерінде түсіндіретін анықтама
мәліметтер арқылы білімгерлердің танымдық қызығушылықтарын арттыруға шет елдік және
отандық туристерді таруға, жарнамалауға, болады.
Электронды өнімнің жаңа сапалық артықшылығы мен мүмкіндіктеріне бейне
көрністерді тікелей көздерімен шолып көру барысында кескінді бейнені қозғалысқа келтіріп,
сөзбен көркемдеуді жатқызуға болады. Сандық артықшылығын мультимедиалық ортаның
ақпараттық тығыздығы біршама жоғары болуы айқындайды [3].
Көптеген адамдар естіген сөздерінің 15 % және көргендерінің 25 % есте сақтай
алатындықтан ақпараттқа қаныққан интербелсенді керталарды көру білімгерлердің назарын
аудартуға және көрген танымдық немесе туристік инфрақұрылым нысандарын белсенді
түрде талдау арқылы өтілетін оқу материалдарын есте сақтауға, терең меңгерулеріне
мүмкіндік береді [4].
2015-2016 жылдар аралығында Corel DRAW бағдарламасының «Macromedia flash»
бағдарласының көмегімен Алматы облсының интербелсенді туристік картасы құрылды.
Оған Жетісу өңірінің танымдық, экологиялық және емдік сауықтыру туризмдерін дамытуға
мүмкіндік беретін нысандары енгізілді.
Интербелсенді туристік картаның бірінші ерекшелігі ұзындығы , ұзақтығы, танысатын
нысандары үш тілде енгізілген түристік бағыттар тізбесінің болуы. Оның қажеттісін таңдау
арқылы отандық және шет елдік туристер бағыт бойындағы әр тоқтайтын нүктедегі
танысатын танымдық, қонатын, тамақтанатын инфрақұрылым нысандары туралы толық
ақпарат ала алады.
Екінші ерекшелігі пайдаланушы интербелсенді туристік картадағы арнейы электронды
нүктелердің бірін басқанда Ешкіөлмнес, Бянжүрек тауларының, Алтынемел, Шарын, Көлсай
көлдері, Іле Алатауы ұлттық бағының тарихи-археологиялық және бірегей табиғат
ескерткіштері, Қапал арасан, Қаратал, Жаркент арасан, Керімағаш т.б шипажайлардың
инфрақұрылым нысандары туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазбаша және
көркем бейнелі ақпараттар шығады. Олардың көмегімен сайтқа енгізілген интербелсенді
карта арқылы білімгерлер, отандық және шетелдік туристерқажетті ақпараттар алып,
Алматы облсы аумағындағы демалатын орындар мен танымсатын нысаандарды таңдай
алады.
Үшінші ерекшелігі пайдаланушы электронды түймені басу арқылы туристік саяхаттық
бағыт бойындағы Жетісу өңірінің тарихи-археологиялық және бірегей табиғат ескерткіштері
туралы «Macromedia flash» форматына түрлендірілген ұзақтығы 1-2 минеттық қысқа
бейнефильмдеді көріп үш тілде таныса алады.
Алматы облсының туристік картасындағы виртуалды шындық жүйесінде құрылған
205
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
динамикалық күйдегі көренкі құралдарымен жұмыс істеу арқылы білімгерлер әріптестерімен
бірлесе отырып білім алу үрдісіне белсене араласа алады.
Интербелсенді туристік карта білімгерледің, сенсорлық жүйелеріне әсер етіп, ,
танымдық белсенділіктерін арттыру арқылы «туристік картография», «туризмнің белсенді
түрлерінің техникасы мен тактикасының негіздері», «саяхаттану», «туристік өлкетену
негіздері» пәндерінен оқу материалдарын терең меңгеруге мүмкіндік береді.
Туризм мамандығының 1 курс білімгерлері «Туризмология негіздері»
пәнін өту барысында Алматы облысының интербелсенді туристік картасын пайдалану
арқылы «туристік ресурс», аумақтың туристік-рекреациялық әлеуеті», «турисік кеңістік»,
«аумақтық туристік-рекреациялық жүйе», «туристік-рекреациялық аудандастыру» т.б.
түсініктерді түсіндіру барысында қолданған тиімді. Жоғарыда аталған түсініктерді бекіту
үшін белгілі бір тақырыптарды өту барысында сәйкес келетін танымдық нысандарды, бейне
фильмдерді картадан көрсетіп, оларға талдау жасау қажет. Сонда білімгерлердің сипаттау,
талдау, жинақтау сыяқты ой әрекетінің тәсілдерін меңгеріп, өз беттерімен білім алу
дағдылары қалыптасады.
Туристік карталарға енгізілген сапалы мульримедиа-құралдарды пайдалану оқу
үрдісінің бір қатар астарына жағымды әсерете алады деген қорытынды шығаруға мүмкіндік
берді. Оқу үрдісінде интербелсенді туристік картларды пайдалану тәжірибесі білімгерлердің
төменде көрсетілген іскерлік-дағдыларын қалыптастырады деген қорытынды шығардық:
1. ақпараттарды қабылдап оларды түсіну сыяқты оқытудың когнитивтік астарын
меңгеру;
2. білімгерлердің ұжымдық танымын қалыптастыруға мүмкіндік беретін бірлесе оқу
жұмыстарын атқару;
3. оқу материалдарын талдау, жинақтау ой қорытындылары шығару.
Сонымен қатар, интербелсенді мультимедиа-құралдарды пайдаланудың төменде
көрсетілген артықшылықтары бар:
- оқу үрдісінің барысында бірнеше сезім мүшелеріне әсерететін құрамдасқан
ақпараттарды ұсыну есебінен бірден білімгерлерді бірнеше қабылдау арналарын пайдалану
мүмкіндігінің болуы;
- туристік нысандарды шынайы уақыт жағдайында үлгілеу мүмкіндігі;
- нысандарды динамикалық күйде ұсынудың есебінен абстрактілі ақпараттарды көбен
көру арқылы есте сақтау мүмкіндігінің болуы
Қазіргі кезеңде білімгерлердің танымдық белсенділіктерін арттыратын Алматы
облсының интербелсенді туристік карталарын одан ары жетілдіру электронды оқулықтар
құру,оларды тиімді пайдалану әдістерін жасау жұмыстары жүргізілуде.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Сенаторова Т.П. Мультимедиа. Возможности использования в учебном
процессе. Информационно-методический материал. Казань: издательство КГУ, 2001. – 46 б.
2.
Гриншкун В.В., Макаров С.И. Методико-технологические основы создания
электронных средств обучения. // Научное издание. / Самара: Издательство Самарской
государственной экономической академии. - 2002. 110с.
3.
Крейдер О.А. Информационная среда использования ГИС-технологий //
Геоинформатика, 2005, - №4, - 49-52 с.
4.
Христочевский С.А. Мультимедиа в образовании. Проблемы
разработки и использования. Системы и средства информатики. Вып.8. М.:
5.
Наука. Физматлит, 1996.С- 166-176.
Достарыңызбен бөлісу: |