200
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
ӘОЖ 001.340
ҚҰҚЫҚТЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ РӨЛІ
Тинистанова С.С.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорган қ.,
Tin_019mail.ru; zhgu.edu.kz
Бұл мақалада құқықтық пәндерді оқытудағы инновациялық әдістердің рөлін
қарастырамыз.
Кілттік сөздер: құқықтық пәндер, инновациялық әдістер, инновациялық білім беру,
тәжірибе, нәтиже.
В этой статье обсуждается роль инновационных подходов в преподавании
юридических предметов.
Ключевые слова: правовых дисциплин, инновационных методов, инновационного
образования, опыта, эффекта.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан
халқына Жолдауында: «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің
озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.
Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және
жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс»,- деп атап көрсетті [1]. Демек, бәсекеге
қабілетті маман дайындау үшін, ең алдымен оның біліміне, білім алу белсенділігіне, білу алу
құштарлығына бағытталуы тиіс.
Университет ректоры Қ.М. Баймырзаев «Инновациялық технологияларды білім беру
үрдісіне ендіру-сапалы білім негізі» атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференцияда
сөйлеген сөзінде жаңартылған бағдарламалардың ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтар
өзінің қызметінде мынадай шарттарды ескеруі қажет: деп атап көрсетті:
1. Білім беруде оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану.
Сабақтарда жаңа инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, білім беруге жаңа
көзқараспен қарауға, жеке тұлғаның қалыптасуының механизмін игеруге, тиімді
нәтижелерге қол жеткізуге болады;
2. Инновациялық білім беру негізінде, Қазақстан Республикасының әлемдік білім
кеңістігіне сәтті шығуы үшін үш тілді меңгерту шартын қою қарастырылған» [2].
Яғни осы талаптарды орындау мен нәтижелі қол жеткізу үшін инновациялық әдістерді білім
беру барысында кеңінен пайдалану заман талабы десек артық болмайды.
Барлық тақырыптарда инновациялық әдістің түр-түрін қолдану мүмкін болмаса да,
құқықтық пәндерді оқытуда тәжірибе жүзінде қолданылып, өз нәтижелерін беріп жатқан әдіс-
тәсілдер аз емес.
Инновациялық әдістерді қолданудың бірден-бір мүмкіншілігі – ол білімгерлердің
белсенділігін арттырады, қызығушылығын тудырады.
Дүниені танып білу үшін адам баласы үнемі сұрақ қойып, сол сауалға жауап беруге
тырысады. Сұрақ арқылы адамның білімі дамиды, ол үнемі ізденісте болады, ойланады, өз іс-
әрекетіне баға бере алады. Демек адам өмірінде маңызды орын алатын сұрақтардың оқыту
мен оқу үдерісінде де қызметі зор.
Тәжірибелі ұстаздардың пікірінше, білімгердің белсенділігі мен оны сөйлету дағдысын
күшейту үшін сұрақтар сабақтың әр кезеңінде пайдаланды жөн көреді. Және кері
байланыстың бірден – бір көрсеткіші болып табылады деп есептейді.
Сұрақ қою арқылы оқытушы:
- білімгерлердің тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.
- білімгерлердің шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.
201
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады.
- білімгерлерге білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.
- білімгерлердің сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
- білімгерлерге сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
- білімгерлердің бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне
және бағалауына ықпал етеді [3].
Диалог арқылы білімгерлер өз идеяларымен бөліседі, дәлелдейді, өзгенің идеясын
құрметпен тыңдауға үйренеді, пікір білдіреді. Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын
алады. Диалогтік идея тәсіліне сәйкес cұрақтар оқушылардың оқуын жақсартуға қабілетті.
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданылатын төмен дәрежелі
және жоғары дәрежелі сұрақтардың түрлері бар. Төмен дәрежелі сұрақтар жаттап алуға
бағытталса, жоғары дәрежелі сұрақтар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға,
кеңейтуге, талдауға және бағалауға бағытталады. Сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өту,
қайта бағыттау сияқты техникасы да белгілі. Түрткі болу - сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді
пысықтауға, сынақтан өту - толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді,"Сіз мысал
келтіре аласыз ба? "деген сұрақтармен бағыттайды.Қайта бағыттау - сұрақты басқа оқушыларға
бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ қойылады. Дұрыс қойылған сұрақ
сабақ берудің тиімді құралына айналады [4].
Б.Блумның бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқытушының кәсіби шеберлігін
арттырып, білімгерлердің білім деңгейі мен шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға
болады.
Б. Блумның бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесінің негізінде, білімгерлермен жеке
жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, рөлдік ойындар ойнау арқылы белсенділік пен үлкен
нәтижеге қол жеткізуге болады.
1. Білу; 2. Түсіну; 3.. Қолдану; 4. Талдау; 5. Жинақтау; 6. Бағалау [5].
Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі.
І. Білу.
Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. (Слайдпен жұмыс)
Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын
тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);
Нақты фактілерді біледі;
Жұмыстың орындалу ретін біледі,
Негізгі ұғымдарды біледі;
Ережелерді, қағидаларды біледі.
Тапсырмалар түрі:
Не? Қашан? Қандай? Қайда? Мысалы, жаза деген не? Жазаның анықтамасын айту. Жаза
қай жастан қолданылады?. Қылмыстық кодекстің қай бөлімінде, қай бабында жаза туралы
қарастырылған?
ІІ. Түсіну.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. (Слайдпен жұмыс)
Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, жаза
туралы сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын,
оны салдары мен нәтижелерін болжау.
Білімгер:
Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;
Сөзбен келтірілген материалды баптарға сүйеніп, өзгертеді;
Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |