Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет32/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58

 
«электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуға құқылы.
 
      Ескерту. 88-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 
бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 
N 64-V
 (2013.01.01 бастап қолданысқа 
енгізіледі); 15.04.2013 
N 89-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 
отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      89-бап. Балалардың құқықтары
 
      1. Әрбір баланың:
 
      1) денсаулық сақтау жүйесінің уақтылы әрі тиімді қызметтерін және ауруды 
емдеу мен денсаулықты қалпына келтіру құралдарын пайдалануға;
 
      2) денсаулық сақтау саласында білім алуға;
 
      3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде 
медициналық тексеріп-қаралуға және динамикалық байқалуға, емделуге, дәрімен 
қамтамасыз етілуге және сауықтырылуға құқығы бар.
 
      2. Балаларды стационарлық емдеу кезінде:
 
      1) үш жасқа дейінгі, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша 
күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге 
асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы 
парақ беріліп, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігі жасалады;
 
      2) бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін медициналық 
ұйымда болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
 
      3. Мектеп жасындағы балалардың стационарлық, қалпына келтіру емін алу 
кезеңінде стационар, оңалту орталығы, санаторий жағдайында үздіксіз білім алуға 
құқығы бар.
 
      Стационарлық балалар бөлімшелерінің және мамандандырылған стационарлық 
медициналық балалар ұйымдарының пациенттеріне ойын ойнау, дем алу және тәрбие 
жұмысын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалады.
 
      4. Мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ АИТВ инфекциясын жұқтырған, ЖИТС-пен 
ауыратын балалардың білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында Қазақстан 
Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқығы бар.
 
      АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың балалар үйлерінде және жалпы мақсаттағы 
өзге де медициналық және оқу-тәрбие ұйымдарында болуға құқығы бар.
 
      5. Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық 
қарсы айғақтар тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
 
      90-бап. Азаматтардың, дара кәсіпкерлер мен заңды
 
               тұлғалардың міндеттері
 
      1. Азаматтар:
 
      1) өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға;
 
      2) денсаулық сақтау ұйымдарының қолданыстағы режимін сақтауға;
 
      3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес 
профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан өтуге;
 
      4) медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының жеке 
және қоғамдық денсаулыққа қатысты нұсқамаларын орындауға;
 
      5) өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау жөніндегі 
сақтық шараларын орындауға, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша зерттеп-
қараудан өтуге және емделуге, инфекциялық аурулар мен айналасындағыларға қауіп 
төндіретін аурулар кезінде өзінің ауруы туралы медициналық персоналға хабарлауға 
міндетті.
 
      Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын азаматтар зерттеп-
қараудан және емделуден жалтарған жағдайда, осы Кодекске және Қазақстан 


 
Республикасының өзге де заңдарына сәйкес куәландырылуға және мәжбүрлеу тәртібімен 
емделуге тартылады.
 
      Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегетін азаматтарды 
мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негіздері мен тәртібі осы Кодекспен реттеледі;
 
      6) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтауға 
міндетті.
 
      2. Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде медициналық 
есепке тұруға міндетті.
 
      3. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ 
адамдар денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей 
міндеттілікте болады.
 
      4. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне 
сәйкес:
 
      1) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуге;
 
      2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы 
нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің, сондай-ақ 
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды 
адамдардың актілері мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының талаптарын 
орындауға;
 
      3) орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және өнімді өндіру, 
тасымалдау, сақтау және халыққа өткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сапасын 
қамтамасыз етуге;
 
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге 
асыруға;
 
      5) жаппай және топтық инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улану 
пайда болған жағдайда, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына 
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауіп төндіретін авариялық 
жағдайлар, өндірістің тоқтауы туралы, технологиялық процестердің бұзылуы туралы 
уақтылы хабарлауға;
 
      6) дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жанама әсерлері 
анықталған жағдайда, уәкілетті органға уақтылы хабарлауға;
 
      7) айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік ауруларын жұқтыру қаупі бар 
қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді гигиеналық оқытуды 
қамтамасыз етуге;
 
      8) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының лауазымды 
адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізу үшін 
өнімдердің, шикізаттың, тауарлардың, өндірістік ортаның сынамаларын іріктеп алуға 
мүмкіндік жасауға;
 
      9) медициналық тексеріп-қараудан өткендігін куәландыратын құжаты жоқ 
адамдарды жұмысқа жібермеуге, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары анықтаған 
инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарды және инфекциялық аурулардың 
қоздырғыштарын таратушыларды жұмыстан шеттетуге;
 
      10) тауарлардың, өнімдердің, шикізаттың халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің 
талаптарына және гигиеналық нормативтерге сәйкес еместігі анықталған жағдайда, 
оларды өткізуге жол бермеуге, сондай-ақ оларды пайдалану немесе кәдеге жарату 
мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға;
 
       11) 
алып тасталды - ҚР 2011.07.15 
N 461-IV
 (2012.01.30 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңымен;
 
      12) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына халықтың 
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелеріне қатысты есепке алу және 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау