медициналық техниканы клиникалық зерттеу және (немесе) сынау уәкілетті
орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
75-бап. Дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы таңбалау
1. Дәрілік заттар тұтынушылық (бастапқы және қайталама) қаптамасына
мемлекеттік тілде және орыс тілінде жақсы оқылатын қаріппен басылған және Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіптің талаптарына жауап беретін таңбасымен
айналысқа түсуге тиіс.
2. Медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техника тікелей медициналық
мақсаттағы бұйымға және медициналық техникаға және (немесе) тұтынушылық қаптамаға
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сай басылған таңбасымен
айналысқа түседі.
3. Қымбат тұратын, сирек қолданылатын, орфандық препараттардың шектеулі
көлемін әкелу кезінде стикерлерді пайдалануға жол беріледі.
Тұтынушылық қаптамаға стикерлерді жапсыру уәкілетті орган белгілеген
тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 75-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
76-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттарды сатып
алу
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған
дәрілік заттар халықаралық патенттелмеген атауымен сатып алынады. Көп компонентті
дәрілік зат сатып алынған жағдайда оның құрамы көрсетіледі.
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған
дәрілік заттарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді
жұмсау мақсатында дәрілік заттар уәкілетті орган белгілегеннен аспайтын бағалар
бойынша сатып алынады.
77-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету
жөніндегі бірыңғай дистрибьютор
1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен
қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьюторды Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайды.
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен
қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютер қызметінің негізгі нысанасы өнім
берушілерді таңдау және олармен өнім беру шарттарын жасасу, тапсырысшыларды
уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
шеңберінде Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар тізімі бойынша дәрілік
заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ дәрілік
заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және беру жөніндегі қызметтерді
тапсырысшының ұсынуы болып табылады.
2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды
ұйымдастыру және жүргізу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Өнім берушінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
өндіруші не өндірушінің ресми өкілі мәртебесінің болуы дәрілік заттарды,
медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі
бірыңғай дистрибьютердің әлеуетті өнім берушіні таңдауының негізгі критерийі болып
табылады.
4. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алудың
принциптері:
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) сатып алуды жүргізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең
мүмкіндіктер беру;
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
4) сатып алу процесінің жариялылығы және ашықтығы;
5) отандық тауар өндірушілерді қолдау болып табылады.
5. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен
қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор өз міндеттерін орындамағаны және
(немесе) тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жауаптылықта болады.
78-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы сақтау мен тасымалдау
1. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес қауіпсіздігінің,
тиімділігі мен сапасының сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда сақталады және
тасымалданады.
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканы уақытша сақтау қоймаларында техникалық регламенттерде және стандарттау
жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтауға қойылатын талаптардың
сақталуын қамтамасыз ететін үй-жайлар, алаңдар, арнаулы жабдықтар, жиһаз, мүкәммал,
өртке қарсы жабдықтар, аспаптар болуға, сондай-ақ уәкілетті органның рұқсаты болуға
тиіс.
2. Дәрілік препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық
мерзімін ұзартуға тыйым салынады.
Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
79-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы жою
Жарамсыз күйге түскен, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттар,
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника және Қазақстан Республикасы
заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника өткізуге және медициналық қолдануға
жарамсыз деп есептеледі және олар осы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы
бұйымдар мен медициналық техника қарауында тұрған, олардың айналысы саласындағы
субъектілердің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жоюына
жатады.
Ескерту. 79-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
80-бап. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы әкелу тәртiбi
1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Кеден одағының және (немесе)
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкiметi айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Тиісті өндірістік практика жағдайларында өндірілген дәрілік
субстанцияларды, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында, осы Кодекстің 80-2-бабында
көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден
өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат етілмейді.
3. Егер Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар, медициналық
Достарыңызбен бөлісу: |