84
ҚАЗАҚСТАНДА
ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
алуға құқығы бар адамдарды мемлекет қаржыландыратын заңгерлік көмек беру жөніндегі
бағдарламаға қатысатын адвокаттарға жібереді. Мұндай жағдайларда адвокаттар өздерінің
есепхатын тексеріп, содан кейін төлеу үшін сотқа ұсынады. Бюджет қаражатынан төлеу нақты
заңгерлік қызмет үшін (мысалы, екі жақты келісім бойынша ажырасу үшін бекітілген сома),
немесе әр сағатына, немесе көрсетілетін қызметтің ұзақтығына қарамастан оның ең жоғары
төлемі есепке алынып жүзеге асырылады
109
. Шетелдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай,
мұндай үлгі адвокат бекітілген еңбекақы алатын үлгіден
әлдеқайда қымбат
110
.
б)
«Кезекші адвокат» (
duty counsel) үлгісінде адвокаттар жартылай мөлшер бойынша жұмыс
істейді және тегін заңгерлік көмек беруді қамтамасыз ету қажет болған жағдайларда, олардың
көрсеткен заңгерлік көмегіне адвокаттың қорғаушы немесе өкіл ретінде қатысқан әр күні
үшін ақы төленеді.
Келісімшарт негізіндегі үлгі заңгерлік емханалармен толықтырылуы мүмкін, сонда жоғары оқу
орындарының студенттері мен жас түлектері аға әріптестерінің жетекшілігімен заңгерлік көмек
көрсетеді. Шет елдерде сондай-ақ сақтандыру сұлбасы да көзделеді. Сақтандыру оқиғасы орын
алғанда, яғни заңға сәйкес сақтандырылған адам заңгерлік көмекке құқық алатын мән-жайлар
басталғанда, оған заңгерлік көмек тегін беріледі. Бұл кезде адвокаттың көрсеткен қызметі үшін
келісім бойынша жұмыс істейтін адвокаттардың қызметіне ақы төлеудің орташа тарифтеріне
негізделген есеппен заңгерлік сақтандыру қорынан ақы төленеді.
2)
«Көпшілік (қоғамдық, мемлекеттік) қорғаушы» үлгісі мемлекеттің немесе заңгерлік көмек жүйесін
басқаратын органның заңгерлік көмек жеткізушіні – аумақтық қағида бойынша кеңестер жүйесін
(бюро, кеңестер, қызметтер, орталықтар, комиссиялар және т.б.) құруымен сипатталады, мұның өзі
халықтың тұрмысы нашар санаттарына заңгерлік көмек көрсетілу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Бұл кеңестердегі жұмыс, әдетте, мынадай сұлба бойынша құрылған: кезекші қызметкер-заңгер
туындаған құқықтық проблеманың сипатын айқындау үшін заңгерлік көмек сұраған клиентпен
алғаш рет сұхбат жүргізеді. Ол күрделі болмаған жағдайда заңгерлік көмек құқықтық ақпарат
беру немесе кеңестеме беру, немесе өтініш иесін аталған проблеманы бюро заңгерлерінің
қатысуынсыз шешуге болатын органға немесе ұйымға жіберу жолымен бірден көрсетілуі мүмкін.
Проблеманы шешу үшін неғұрлым көп уақыт қажет болатын жағдайда, клиент құқықтың белгілі бір
саласы бойынша маманданатын кеңсенің нақты заңгеріне жіберіледі
111
. Мұндай үлгі Ұлыбритания
мен Уэльсте, АҚШ, Израиль, Шотландия, Литва, Ресей, Украинада және басқа елдерде жұмыс
істейді.
3)
«Еx оfficio» үлгісі, бұл жағдайда қылмыстық сот ісін жүргізуші органдар (прокурор, тергеуші, по-
Еx оfficio» үлгісі, бұл жағдайда қылмыстық сот ісін жүргізуші органдар (прокурор, тергеуші, по-
, бұл жағдайда қылмыстық сот ісін жүргізуші органдар (прокурор, тергеуші, по-
лиция, сот) арқылы мемлекет адамға заңгерлік көмек беру үшін адвокаттардың кәсіби ұйымдары
арқылы қорғаушыны немесе өкілді тағайындайды және оның жұмысына мемлекеттік бюджеттің
қаражатынан төлейді. Клиентурасы жоқ немесе адвокаттар қоғамдастығына енді ғана кірген,
немесе адвокаттардың саны заңгерлік көмекке нарықтық сұраныстан асатын аймақтарда
адвокаттық қызметін жүзеге асыратын адвокаттардың белгілі бір бөлігі үшін осындай істерге
109 Ол да сонда.
110 Әділсотқа жету жөніндегі Еуропалық форум. Бесінші бөлім. Будапешт, 2002. 526-бет.
111 Ол да сонда. 9-бет.